Тасқала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 206 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қыркүйекте № 4035 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 271 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 20.10.2015 № 271 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тасқала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы бекітілсін.
      2. Тасқала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қағидалары бекітілсін.
      3. "Тасқала аудандық білім бөлімі" және "Тасқала ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемелері қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы (А. Ибраева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Әлиев

  2015 жылғы 18 тамыздағы
№ 206
Тасқала ауданы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Тасқала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды
жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы

  №  

Қозғалыс бағыты

Аралықтығы

1

Амангелді ауылы – 1-Шежін ауылы

7 км

2

1-Шежін ауылы – Амангелді ауылы

7 км

3

Мереке ауылы – Қалмақ ауылы

3 км

4

Қалмақ ауылы – Мереке ауылы

3 км

5

"Сәулет" шағын ауданы – "Сәулет" мектеп-лицейі" мемлекеттік мекемесі

5 км

6

"Сәулет" мектеп-лицейі" мемлекеттік мекемесі – "Сәулет" шағын ауданы

5 км

      Аббревиатураның толық жазылуы:
      км – километр.

  2015 жылғы 18 тамыздағы
№ 206
Тасқала ауданы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Тасқала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды
жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Тасқала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 Қаулысына (бұдан әрі – тасымалдау қағидалары) сәйкес әзірленген және Тасқала ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібін айқындайды.

2. Балаларды тасымалдау тәртібі

      2. Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кемінде екі есігі бар, техникалық жай-күйі тасымалдау қағидаларында белгіленген талаптарға жауап беретін автобустармен жүзеге асырылады.
      Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталады. Бұл автобустардың алдына және артына "Балалар тасымалы" деген төрт бұрыш айыратын белгісі орнатылады.
      Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде жасы кемінде жиырма бесте, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар жүргізушілердің тасымалдауына рұқсат етіледі.
      Автобуста тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс.
      3. Оқу орындарында тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы Тасқала ауданы әкімдігімен және оқу орындарының әкімшілігімен бірлесіп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсірудің ұтымды орындарын белгілейді.
      4. Автобусты күтіп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүріс бөлігіне шығуын болдырмайтындай жеткілікті үлкен болуы тиіс.
      Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерінен бөлек орналасуы тиіс.
      Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.
      Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
      5. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
      6. Балалар топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) жол берілмейді.
      Тасымалдау қауіпсіздігіне қатер төндіретін жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруі кезінде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейсті алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушіге дереу хабарлауы керек.
      7. Автобустардың қозғалыс кестесін тасымалдаушы мен тапсырыс беруші келіседі.
      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруі кезінде, басқа жағдайлар кезінде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергілердің көрінуі, бұл жағдайда жүргізуші кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетіледі. Кестенің өзгеруі туралы тасымалдаушы тапсырыс берушіге хабарлайды, ол балаларды дер кезінде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
      8. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезінде тасымалдаушы тапсырыс берушімен бірлесіп балалардың жиналу пунктінде және келу пунктінде автобустардың аялдауы үшін алаңшалардың болуын, отырғызу алаңшаларының болуын тексереді. Отырғызу және түсіру орындары автобус тұрағынан кемінде 30 метр қашықтықта орналасады.
      9. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бір ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкін.
      10. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жеті жастан кіші емес балалар рұқсат етіледі.
      Жеті жасқа толмаған балалар білім беру мекемесі жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруі кезінде ғана жол жүруге рұқсат етілуі мүмкін.
      11. Балаларды тасымалдау кезінде автобустың жүргізушісіне мыналар рұқсат етілмейді:
      1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;
      2) жүру маршрутын өзгертуге;
      3) балалар бар автобус салонында қол жүгі мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүкті, багажды немесе құрал жабдықтарды тасымалдауға;
      4) автобуста балалар болған кезінде, соның ішінде балаларды отырғызу және түсіру кезінде автобус салонынан шығуға;
      5) автомобиль легінде жүру кезінде алда жүрген автобусты басып озуға;
      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
      7) егер ол көлік құралының өздігінен қозғалуын немесе оны жүргізуші жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлік құралын қалдыруға.

Об утверждении схемы и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Таскалинского района

Постановление акимата Таскалинского района Западно-Казахстанской области от 18 августа 2015 года № 206. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 16 сентября 2015 года № 4035. Утратило силу постановлением акимата Таскалинского района Западно-Казахстанской области от 20 октября 2015 года № 271

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Таскалинского района Западно-Казахстанской области от 20.10.2015 № 271.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2011 года № 767 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить схему перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Таскалинского района.
      2. Утвердить Правила перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Таскалинского района.
      3. Государственным учреждениям "Таскалинский районный отдел образования" и "Отдел экономики и финансов Таскалинского района" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления в соответствии с действующим законодательством.
      4. Исполняющему обязанности руководителя аппарата акима района (А. Ибраева) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      5. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Л. Жубанышкалиеву.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким района С. Алиев

  Утвержден
постановлением акимата
Таскалинского района
от 18 августа 2015 года № 206

Схема перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих
в отдаленных населенных пунктах Таскалинского района

  №  

Маршруты движения

Расстояние

1

Село Амангельды – село 1-Чижа

7 км

2

Село 1-Чижа – село Амангельды

7 км

3

Село Мереке – село Калмак

3 км

4

Село Калмак – село Мереке

3 км

5

Микрорайон "Саулет" – государственное учреждение "Школа-лицей "Саулет"

5 км

6

Государственное учреждение "Школа-лицей "Саулет" – микрорайон "Саулет"

5 км

      Расшифровка аббревиатуры:
      км – километр.

  Утвержден
постановлением акимата
Таскалинского района
от 18 августа 2015 года № 206

Правила перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих
в отдаленных населенных пунктах Таскалинского района

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Таскалинского района (далее – Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 1196 "Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2011 года № 767 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" (далее – Правила перевозок) и определяет порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Таскалинского района.

2. Порядок перевозок детей

      2. Перевозка организованных групп детей осуществляется автобусами, имеющими не менее двух дверей, техническое состояние которых отвечает требованиям, установленными Правилами перевозок.
      Автобусы, предназначенные для перевозки организованных групп детей, оборудуются проблесковым маячком желтого цвета. На этих автобусах спереди и сзади устанавливаются квадратные опознавательные знаки "Перевозка детей".
      К перевозкам организованных групп детей допускаются водители в возрасте не менее двадцати пяти лет, имеющие водительское удостоверение соответствующей категории и стаж работы водителем не менее пяти лет.
      Количество перевозимых детей в автобусе не должно превышать количества посадочных мест.
      3. При организации перевозок в учебные заведения перевозчик совместно с акиматом Таскалинского района и администрацией учебных заведений, определяют маршруты и рациональные места посадки и высадки детей.
      4. Площадки, отводимые для ожидающих автобус детей, должны быть достаточно большими, чтобы не допускать выхода детей на проезжую часть.
      Площадки имеют благоустроенные подходы и располагаются отдельно от остановочных пунктов маршрутов регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа.
      Если перевозки детей осуществляются в темное время суток, то площадки должны иметь искусственное освещение.
      В осенне-зимний период времени площадки должны очищаться от снега, льда, грязи.
      5. Заказчик перевозок детей в учебные заведения регулярно (не реже одного раза в месяц) проверяет состояние мест посадки и высадки детей.
      6. Перевозка групп детей автобусами в период с 22.00 до 06.00 часов, а также в условиях недостаточной видимости (туман, снегопад, дождь и другие) не допускается.
      При неблагоприятных изменениях дорожных или метеорологических условий, создающих угрозу безопасности перевозок, в случаях, предусмотренных действующими нормативными документами о временном прекращении движения автобусов, перевозчик отменяет рейс и немедленно проинформирует об этом заказчика.
      7. Расписание движения автобусов согласовывается перевозчиком и заказчиком.
      При неблагоприятных изменениях дорожных условий, при иных обстоятельствах (ограничение движения, появление временных препятствий, при которых водитель не может ехать в соответствии с расписанием, не повышая скорости), расписание корректируется в сторону снижения скорости (увеличения времени движения). Об изменении расписания перевозчик оповещает заказчика, который принимает меры по своевременному оповещению детей.
      8. При подготовке к массовым перевозкам детей и перевозке детей на дальние расстояния перевозчик совместно с заказчиком проверяет наличие площадки для стоянки автобусов в пункте сбора детей и в пункте прибытия, наличие посадочной площадки. Места посадки и высадки располагаются на расстоянии не менее 30 метров от места стоянки автобуса.
      9. Массовые перевозки организованных групп детей и перевозки организованных групп детей на дальние расстояния выполняются перевозчиком только при условии сопровождения детей преподавателями или специально назначенными взрослыми (один взрослый не более чем на 15 детей).
      10. К перевозкам организованных групп детей допускаются дети не младше семи лет.
      Дети, не достигшие семилетнего возраста, могут быть допущены к поездке только при индивидуальном сопровождении работниками учреждения образования, а также родителями и лицами, их заменяющими в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      11. Водителю автобуса при перевозке детей не разрешается:
      1) следовать со скоростью более 60 километров в час;
      2) изменять маршрут следования;
      3) перевозить в салоне автобуса, в котором находятся дети, любой груз, багаж или инвентарь, кроме ручной клади и личных вещей детей;
      4) выходить из салона автобуса при наличии детей в автобусе, в том числе при посадке и высадке детей;
      5) при следовании в автомобильной колонне производить обгон впереди идущего автобуса;
      6) осуществлять движение автобуса задним ходом;
      7) покидать свое место или оставлять транспортное средство, если им не приняты меры, исключающие самопроизвольное движение транспортного средства или использование его в отсутствие водителя.