"Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 ақпанда № 13010 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6111 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы 12 шілдеде № 11 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 15)15-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М.Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрінің
      міндетін атқарушы                          Т. Балықбаев

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің м.а.
2016 жылғы 5 қаңтардағы    
№ 1 бұйрығына қосымша     

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің  
2010 жылғы 8 ақпандағы     
№ 40 бұйрығына 2-қосымша   

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру
қағидалары

      1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және экстернат нысанында оқытуға рұқсат беруді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
      Осы Қағиданың әрекеті ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында қолданылады.

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру
тәртібі

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) төмендегі білім алушылардың санаттарына экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді:
      1) даму мүмкіндігі шектеулі және денсаулығына байланысты білім беру ұйымына ұзақ уақыт бойы келе алмайтын мүгедек білім алушыларға;
      2) екінші және одан жоғары курстардың «үздік» оқитын (А, А- бағасына балама) білім алушыларына:
      3) күндізгі оқу нысанында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерінен басқа бір жылға дейінгі ауысу бағдарламасы бойынша шетелде оқитын білім алушыларға;
      4) сырттай оқу нысанында, ұзақтығы бір жылға дейінгі қызметтік іссапардағы білім алушыларға.
      3. Экстернат:
      оқытудың барлық кезеңінде осы Қағиданың 2-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін білім алушыларға;
      бір академиялық кезеңде, бірақ бір оқу жылынан аспайтын кезеңде осы Қағиданың 2-тармағы 2) тармақшасының талабына сәйкес білім алушыларға ұсынылады.
      4. Экстернат нысанында оқуға рұқсат алу үшін білім алушы білім беру ұйымының бірінші басшысының атына экстернат нысанына ауысу туралы ерікті нысандағы өтінішті білім алушы академиялық кезеңнің немесе оқу жылының басталуына дейін бір ай бұрын береді. Егер өтініш беруші тұлға кәмелет жасқа толмаған болса, өтінішті оның ата-анасы немесе заңды өкілі береді.
      5. Өтінішке:
      1) Осы Қағиданың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес:
      білім алушы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытынды анықтамасын немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органы берген мүгедектік туралы қорытынды анықтаманы (даму мүмкіндігі шектеулі және мүгедек білім алушылар) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес;
      2) Осы Қағиданың 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес:
      күндізгі оқыту нысанында білім алушы ауысу бағдарламасы бойынша шетелде оқу үшін іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесін;
      білім алушының оқу ісі жөніндегі проректор растаған сынақ кітапшасының көшірмесін;
      3) Осы Қағиданың 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес:
      сырттай оқыту нысанында білім алушы ұзақтығы бір жылға дейінгі қызметтік іссапарға жіберу туралы бұйрықтың көшірмесін;
      білім алушының оқу ісі жөніндегі проректор растаған сынақ кітапшасының көшірмесін тіркейді.
      6. Экстернат нысанында оқытуға ауысу туралы білім алушының ерікті нысандағы өтініші жоғары оқу орнының (бұдан әрі - ЖОО) құрылымдық бөлімшесі басшысының ұсынысы негізінде ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің отырысында қаралады.
      Өтінішті қарау мерзімі өтініш берген күннен бастап он төрт жұмыс күнінен аспауы керек.
      7. ЖОО-ның Ғылыми кеңесі қарау нәтижелері бойынша білім алушыны экстернат нысанында оқытуға ауыстыру туралы немесе ауыстырудан бас тарту туралы негізделген ұсыным шығарады.
      8. Білім алушыны экстернат нысанында оқытуға ауыстыру туралы ұсыным шығарылған жағдайда осы Қағиданың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің мөрмен бекітілген хаттамасынан үзіндімен қоса Министрліктің қарауына жіберіледі.
      9. Экстернат нысанында оқытуға ауысу туралы құжаттар Министрлікке экстернат нысанында оқытуға ауысу жоспарланған академиялық кезеңнің немесе оқу жылының басталуына дейін екі аптадан кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.
      10. Министрлік экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы білім алушының құжаттарын он төрт жұмыс күнінің ішінде қарайды, қарау қорытындылары бойынша экстернат нысанында оқытуға рұқсатты оқу кезеңі мен ұзақтығын көрсете отырып жазбаша түрде береді не дәлелді түрде бас тартуға шешім шығарады.
      11. Осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда білім беру ұйымына рұқсатты беруден дәлелді түрде бас тарту туралы хат жіберіледі.
      12. Министрліктің білім алушыны экстернат нысанында оқытуға ауыстыру туралы рұқсаты ЖОО-ның бұйрық шығаруы үшін негіз болып табылады.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 февраля 2010 года № 40 "Об утверждении Перечня профессий и специальностей, получение которых в заочной, вечерней формах и в форме экстерната не допускается и Инструкции по выдаче разрешения на обучение в форме экстерната в организациях образования, дающих высшее образование"

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 5 января 2016 года № 1. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 февраля 2016 года № 13010

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 февраля 2010 года № 40 «Об утверждении Перечня профессий и специальностей, получение которых в заочной, вечерней формах и в форме экстерната не допускается и Инструкции по выдаче разрешения на обучение в форме экстерната в организациях образования, дающих высшее образование» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6111, опубликованный в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан от 12 июля 2010 года № 11) следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении Перечня профессий и специальностей, получение которых в заочной, вечерней формах и в форме экстерната не допускается и Правил выдачи разрешения на обучение в форме экстерната в организациях образования, реализующих образовательные программы высшего образования»;
      преамбулу изложить в следующей редакции:
      «В соответствии с подпунктами 15), 15-1) статьи 5 Закона Республики от 27 июля 2007 года «Об образовании» ПРИКАЗЫВАЮ:»;
      подпункт 2) пункта 1 изложить в следующей редакции:
      «2) Правила выдачи разрешения на обучение в форме экстерната в организациях образования, реализующих образовательные программы высшего образование.»;
      приложение 2 к указанному приказу изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Департаменту высшего, послевузовского образования и международного сотрудничества (С.М. Омирбаев) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Информационно-правовой системе «Әділет», а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан» для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на Интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан (Балыкбаева Т.О.).
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
   Министра образования и науки
      Республики Казахстан                       Т. Балыкбаев

Приложение            
к приказу и.о. Министра образования и
науки Республики Казахстан    
от 5 января 2016 года № 1    

Приложение 2         
к приказу Министра образования и
науки Республики Казахстан  
от 8 февраля 2010 года № 40 

Правила выдачи разрешения на обучение в форме экстерната в
организациях образования, реализующих образовательные программы
высшего образования

      1. Настоящие Правила выдачи разрешения на обучение в форме экстерната в организациях образования, реализующих образовательные программы высшего образования (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 15-1) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании» и определяет порядок организации выдачи разрешения на обучение в форме экстерната.
      Действие настоящих Правил распространяется на организации образования независимо от ведомственной подчиненности и форм собственности.

2. Порядок выдачи разрешения на обучение в форме экстерната в
организациях образования, реализующих образовательные программы
высшего образования

      2. Министерство образования и науки Республики Казахстан (далее - Министерство) выдает разрешения на обучение в форме экстерната следующим категориям обучающихся:
      1) с ограниченными возможностями в развитии и инвалидам, которые по состоянию здоровья в течение длительного времени не могут посещать организации образования;
      2) второго и старших курсов, успевающих на «отлично» (эквивалент оценки A, A-);
      3) очной формы обучения, находящихся на обучении за рубежом по программам обмена до одного года, за исключением обладателей международной стипендии Президента Республики Казахстан «Болашак»;
      4) заочной формы обучения, находящихся в служебной командировке длительностью до одного года.
      3. Экстернат предоставляется:
      обучающимся, соответствующим требованиям подпункта 1) пункта 2 настоящих Правил на весь период обучения;
      обучающимся, соответствующим требованиям подпункта 2) пункта 2 настоящих Правил на один академический период, но не более чем на один учебный год.
      4. Для получения разрешения на обучение в форме экстерната обучающийся подает заявление (в произвольной форме) на имя первого руководителя организации образования за месяц до начала академического периода или учебного года. Если лицо, подающее заявление, не достигло совершеннолетия, то заявление подают его родители или иные законные представители.
      5. К заявлению прилагают:
      1) обучающиеся, соответствующие подпункту 1) пункта 2 настоящих Правил:
      справку-заключение врачебно-консультационной комиссии или справку-заключение об инвалидности согласно форме первичной медицинской документации организаций здравоохранения, утвержденной приказом и.о. Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6697), выданную территориальным органом Комитета труда социальной защиты и миграции Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан (обучающиеся с ограниченными возможностями в развитии и инвалиды);
      2) обучающиеся, очной формы обучения, соответствующие подпункту 2) пункта 2 настоящих Правил:
      копию приказа о командировании студента на обучение за рубеж по программам обмена;
      копию зачетной книжки обучающегося, заверенную проректором по учебной работе;
      3) обучающиеся, заочной формы обучения соответствующие подпункту 2) пункта 2 настоящих Правил:
      копию приказа о командировании лица, длительностью служебной командировки до одного года;
      копию зачетной книжки обучающегося, заверенную проректором по учебной работе.
      6. Заявление в произвольной форме обучающегося о переводе на обучение в форме экстерната рассматривается на заседании Ученого совета высшего учебного заведения (далее - вуз) на основании представления руководителя структурного подразделения вуза.
      Срок рассмотрения заявления со дня подачи не превышает четырнадцать рабочих дней.
      7. Ученый совет вуза по результатам рассмотрения выносит обоснованную рекомендацию о переводе или об отказе на перевод обучающегося на обучение в форме экстерната.
      8. В случае рекомендации о переводе обучающегося на обучение в форме экстерната документы, указанные в пунктах 4 и 5 настоящих Правил вместе с выпиской из протокола заседания ученого совета вуза, скрепленной печатью, направляются для рассмотрения в Министерство.
      9. Документы о переводе на обучение в форме экстерната представляются в Министерство не позднее, чем за четырнадцать дней до начала академического периода или учебного года, на который планируется перевод на обучение в форме экстерната.
      10. Министерство рассматривает в течение четырнадцати рабочих дней документы обучающегося о разрешении на обучение в форме экстерната, по итогам рассмотрения, в письменной форме дает разрешение на обучение в форме экстерната с указанием периода и продолжительности, либо выносит мотивированный отказ.
      11. В случае несоответствия требованиям, указанным в пункте 2 настоящих Правил, в организацию образования направляется письмо об отказе в выдаче разрешения с мотивированным обоснованием.
      12. Разрешение Министерства о переводе обучающегося на обучение в форме экстерната является основанием для издания приказа вузом.