"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 369 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 8 ақпанда № 13011 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2021 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 369 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 18 қазанда № 8828 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 43 (27664) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және білім алушыларға білім мен тәрбие беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар болып табылады.";

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жоғары колледж;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны (бұдан әрі – Колледж);

      2) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған колледж - I және II топтағы мүгедек, бала кезінен мүгедек, мүгедек балалар қатарынан, мүмкіндігі шектеулі балаларға жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      3) жоғары колледж (бұдан әрі – ЖК) – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульді білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      4) училище – мәдениет және өнер саласындағы негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жеке адамның сұраныстары мен мүмкіндіктерін, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алудың қолжетімділігіне жағдайлар жасауды есепке ала отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай нысандарда жүзеге асырылады (кешкі және сырттай нысанда білім алуға рұқсат етілмейтін жекелеген кәсіптер мен мамандықтардан басқа).";

      2-параграф мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Жоғары колледж";

      38, 39, 40, 41, 42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. ЖК өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен нормативтік актілеріне, сондай-ақ осы Үлгілік қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

      39. ЖК оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, кадрларды іріктеу мен орналастыруды, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Үлгілік қағидалар мен ЖК жарғыларында белгіленген шектерде дербес жүзеге асырады.

      40. ЖК жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі болып табылады.

      41. ЖК-да оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің кестесін және теориялық, практикалық сабақтардың кестесін бекіту жолымен жүзеге асырылады.

      Оқу-тәрбие процесінің кестесі мен оқу сабақтарының кестесін ЖК басшысы бекітеді.

      ЖК-да оқу және тәрбие жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытуды есепке алу журналдарын (еркін нысанда) және оқу бағдарламаларын оқыту сағаты бойынша орындауды есепке алу табельдерін жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      42. ЖК оқу жұмыс жоспарларын және оқу жұмыс бағдарламаларын тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірлейді және жұмыс берушілермен келіседі.

      43. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Қызметтің үлгілік қағидалары) сәйкес ЖК-да оқыту жеке адамның сұраныстары мен мүмкіндіктерін, білім алудың қол жетімділігіне жағдайлар жасауды есепке алғанда білім бағдарламаларының мазмұнына қарай күндізгі, кешкі, сырттай нысандарда жүзеге асырылады.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. ЖК-да меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы оқу процесінің кестесіне сәйкес басталады және аяқталады.

      ЖК-да оқу кестесі оқу процесі кестесіне және оқу бағдарламасына сәйкес жасалады.";

      47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. ЖК-да оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, жұмыстар және оқу сабақтарының басқа нысандары түрінде өткізіледі.";

      48. Білім алушылармен оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін ЖК-да оқу топтары құрылады.

      ЖК-да оқу топтары мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөлімінде саны 25 адамнан аспайтын, сырттай, кешкі оқыту бөлімдерінде кемінде 15 адамнан құралады.

      Мамандық немесе кәсіп бейінінің ерекшелігіне қарай ЖК-да жекелеген білім алушылармен жеке сабақтар өткізіледі.";

      50, 51, 52, 53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. ЖК-ның білім беру процесіне қатысушылар: білім алушылар мен ата-аналар, педагогикалық қызметкерлер мен кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері, жұмыс берушілер болып табылады.

      51. ЖК-ның білім алушыларына студенттер, курсанттар, тыңдаушылар жатады.

      52. Мемлекеттік ЖК-дағы педагогикалық қызметкерлер лауазымдарының саны мен тізбесі Үлгілік штаттар негізінде, жеке меншік ЖК Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе оған уәкілетті адам айқындайды.

      53. ЖК-ның педагогикалық қызметкерлеріне білім алушыларды оқытумен және тәрбиелеумен байланысты білім беру қызметімен айналысатын тұлғалар жатады.

      54. ЖК-ның педагогикалық қызметкерлер лауазымдарын ауыстыру меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      55-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Қызметтің үлгілік қағидаларына сәйкес мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай оқу-тәрбие процесін басқару үшін ЖК-да мамандықтар (кәсіптер) топтары бойынша бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.";

      56-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Бөлімді ЖК басшысы тағайындайтын меңгеруші басқарады.";

      57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. ЖК-да бөлімдер:

      1) оқытудың күндізгі нысаны кезінде бір немесе бірнеше мәндес мамандықтар мен кәсіптер бойынша кемінде 150 білім алушы болғанда;

      2) оқытудың кешкі, сырттай нысандары кезінде кемінде 100 білім алушы болғанда құрылады.

      58. Білім алушыларды өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, ЖК-ның оқу шаруашылықтарында, шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын оқушы орындарында немесе жұмыс орындарында жүзеге асырылады.";

      60-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. ЖК-ның кәсіптік практикасын өткізу үшін шарттық негізде өндірістік оқу және кәсіптік практика базалары ретінде ұйымдар белгіленеді, олармен келісілген оқу бағдарламалары және практикадан өтудің күнтізбелік кестесі бекітіледі.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары ЖК-ның құрылымдық бөлімшелері мамандықтар бойынша өндірістік оқыту шеберлерінің басшылығымен кадрлар даярлау бейініне қарай өндірістік оқытудың оқу бағдарламаларының мазмұнын және кәсіптік практиканы іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.";

      63-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оқу шеберханаларындағы, оқу шаруашылықтарындағы оқу-өндірістік жұмыстардың тізбесін, мазмұнын және оларды орындау бойынша талаптарды кадрлар даярлауды жүзеге асыру үшін жұмыс берушілермен келісу бойынша тікелей ЖК айқындайды.";

      65, 66 және 67-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. ЖК-да басқару Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына, осы Қағидаларға және дара басшылық және алқалық қағидаттарға арналған оқу орнының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      ЖК басқаруды тікелей басшы жүзеге асырады.

      ЖК-ның басшысы лауазымға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тағайындалады және босатылады.

      66. Білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу сапасын, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында ЖК-да алқалық басқару органдары құрылады.

      67. ЖК-ның алқалық басқару нысандары педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық, консультативтік кеңестер болып табылады.";

      7-параграф алынып тасталсын.

      2. Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті (Д.Ж. Қаленова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты білім беру ұйымдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің


міндетін атқарушы

Т. Балықбаев


О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 сентября 2013 года № 369 "Об утверждении Типовых правил деятельности видов организаций технического и профессионального, послесреднего образования"

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 января 2016 года № 12. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 февраля 2016 года № 13011. Утратил силу приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 декабря 2021 года № 614.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра образования и науки РК от 29.12.2021 № 614 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 сентября 2013 года № 369 "Об утверждении Типовых правил деятельности видов организаций технического и профессионального, послесреднего образования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан от 18 октября 2013 года под № 8828, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 4 марта 2014 года № 43 (27664)), следующие изменения:

      в Типовых правилах деятельности видов организаций технического и профессионального, послесреднего образования, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Организациями технического и профессионального, послесреднего образования являются юридические лица, которые реализуют одну или несколько образовательных программ и обеспечивают образование и воспитание обучающихся.";

      подпункт 2) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "2) высший колледж;";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      1) колледж – учебное заведение, реализующее образовательные программы общего среднего и технического и профессионального или послесреднего образования (далее - Колледж);

      2) колледж для детей с ограниченными возможностями – это учебное заведение, реализующее учебные программы общего среднего и технического и профессионального образования или послесреднего образования для детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов I и II групп, инвалидов с детства, детей-инвалидов;

      3) высший колледж (далее - ВК) - учебное заведение, реализующее интегрированные модульные образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования;

      4) училище – учебное заведение, реализующее образовательные программы основного среднего, общего среднего, технического и профессионального или послесреднего образования в области культуры и искусства.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. В зависимости от содержания образовательных программ с учетом потребностей и возможностей личности, создания условий доступности получения образования в организациях технического и профессионального образования обучение осуществляется в очной, вечерней, заочной форме (кроме отдельных профессий и специальностей, получение которых в заочной, вечерней форме не допускается).";

      наименование параграфа 2 изложить в следующей редакции:

      "Параграф 2. Высший колледж";

      пункты 38, 39, 40, 41, 42 и 43 изложить в следующей редакции:

      "38. ВК осуществляют свою деятельность в соответствии с Конституцией, законами и нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящими Типовыми правилами.

      39. ВК самостоятельны в организации учебно-воспитательного процесса, подборе и расстановке кадров, учебно-методической, финансово–хозяйственной деятельности в пределах, установленных законодательством Республики Казахстан, настоящими Типовыми правилами и уставами ВК.";

      40. Основой организации учебного и воспитательного процесса являются планирование и учет учебной, учебно-методической и воспитательной работы, осуществляемой ВК.

      41. Планирование учебной и воспитательной работы в ВК осуществляется путем утверждения графика учебно-воспитательного процесса на учебный год и расписания теоретических и практических занятий.

      График учебно-воспитательного процесса и расписание учебных занятий утверждается руководителем ВК.

      Учет учебной и воспитательной работы в ВК осуществляется путем ведения журналов учета (в произвольной форме) теоретического и производственного обучения и табелей учета выполнения учебных программ в учебных часах.

      42. Рабочие учебные планы и рабочие учебные программы разрабатываются ВК на основе соответствующих типовых учебных планов и типовых учебных программ и согласовываются с работодателями.

      43. В зависимости от содержания образовательных программ с учетом потребностей и возможностей личности, создания условий доступности получения образования в ВК обучение осуществляется в очной, вечерней, заочной форме в соответствии с Типовыми правилами деятельности организаций образования, реализующих образовательные учебные программы технического и профессионального образования, послесреднего образования, утвержденными постановлением Правительством Республики Казахстан от 17 мая 2013 года № 499 (далее - Типовые правила деятельности).";

      пункт 45 изложить в следующей редакции:

      "45. В ВК независимо от форм собственности и ведомственной подчиненности учебный год начинается и заканчивается согласно графику учебного процесса.

      Расписание занятий в ВК составляется в соответствии с графиком учебного процесса и учебными планами.";

      пункты 47 и 48 изложить в следующей редакции:

      "47. В ВК учебные занятия проводятся в виде уроков, лекций, семинаров, практических занятий, лабораторных, контрольных и самостоятельных работ, консультаций, бесед, факультативных занятий, курсовых и дипломных проектов, работ и других форм учебных занятий.

      48. Для организации и проведения учебных занятий с обучающимися в ВКах создаются учебные группы.

      Учебные группы в ВК комплектуются по специальностям численностью не более 25 человек при очной форме обучения, не менее 15 человек при заочной, вечерней формам обучения.

      Исходя из специфики профиля профессии или специальности, в ВК с отдельными обучающимися проводятся индивидуальные занятия.";

      пункты 50, 51, 52, 53 и 54 изложить в следующей редакции:

      "50. Участниками образовательного процесса ВК являются: обучающиеся и родители, педагогические работники и законные представители несовершеннолетних обучающихся, работодатели.

      51. К обучающимся в ВК относятся студенты, курсанты, слушатели.

      52. Количество и перечень должностей педагогических работников в государственных ВК определяется на основе Типовых штатов, а частных ВК определяется их учредителями или уполномоченным на то лицом в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      53. К педагогическим работникам ВК относятся лица, занимающиеся образовательной деятельностью, связанной с обучением и воспитанием обучающихся.

      54. Замещение должностей педагогических работников ВК независимо от форм собственности и ведомственной подчиненности осуществляется в порядке, установленном Трудовым кодексом Республики Казахстан.";

      часть первую пункта 55 изложить в следующей редакции:

      "55. Для управления учебно-воспитательным процессом в зависимости от профиля подготовки кадров по специальностям в ВК создаются отделения по группам специальностей (профессий) и другие структурные подразделения в соответствии с Типовыми правилами деятельности.";

      часть первую пункта 56 изложить в следующей редакции:

      "56. Руководство отделением осуществляется заведующим, назначаемым директором ВК.";

      пункты 57 и 58 изложить в следующей редакции:

      "57. Отделения в ВК создаются при наличии:

      1) не менее 150 обучающихся по одной или нескольким родственным специальностям и профессиям при очной форме обучения;

      2) не менее 100 обучающихся при вечерней, заочной формах обучения.

      58. Производственное обучение обучающихся осуществляется в учебно-производственных мастерских, лабораториях, на полигонах, в учебных хозяйствах ВК, на ученических местах или рабочих местах, предоставляемых работодателями на основе договоров.";

      часть первую пункта 60 изложить в следующей редакции:

      "60. Для проведения профессиональной практики ВК на договорной основе определяют организации в качестве баз производственного обучения и профессиональной практики, утверждают согласованные с ними учебные программы и календарные графики прохождения практики.";

      пункт 61 изложить в следующей редакции:

      "61. Учебно-производственные мастерские, учебные хозяйства, учебные полигоны ВК создаются в целях обеспечения реализации содержания учебных программ производственного обучения и профессиональной практики в зависимости от профиля подготовки кадров по специальностям.";

      часть третью пункта 63 изложить в следующей редакции:

      "Перечень, содержание и требования по выполнению учебно-производственных работ в учебных мастерских, учебных хозяйствах под руководством мастера производственного обучения определяются непосредственно ВК по согласованию с работодателями, для которых осуществляется подготовка кадров.";

      пункты 65, 66 и 67 изложить в следующей редакции:

      "65. Управление в ВК осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области образования, настоящими Типовыми правилами и уставом учебного заведения на принципах единоначалия и коллегиальности.

      Непосредственное управление ВК осуществляет руководитель.

      Руководитель ВК назначается и освобождается от должности в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      66. В целях повышения качества обучения и воспитания обучающих, педагогического мастерства преподавателей и совершенствования методической работы в ВК создаются коллегиальные органы управления.

      67. Формами коллегиального управления ВК являются педагогический, учебно-методический, попечительский, консультативный советы.";

      параграф 7. исключить.

      2. Департаменту модернизации профессионально-технического и послесреднего образования (Каленова Д.Ж.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на Интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;

      4) довести настоящий приказ до сведения организаций образования;

      5) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан Имангалиева Е.Н.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра образования и науки


Республики Казахстан

Т. Балыкбаев