Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасына біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 ақпанда № 13054 болып тіркелді.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 15-бабының 1-тармағының 13-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3 Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрінің


міндетін атқарушы

Б. Нұрымбетов


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 13 қаңтардағы № 13
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.08.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарайды және куәландырады.

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) өтініш беруші - шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін өтініш білдіретін Қазақстан Республикасының азаматы;

      2) туыстар - үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін ортақ ата-бабалары бар туыстық қатынастағы адамдар;

      3) этникалық қазақ - ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.08.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландырудың тәртібі мен мерзімі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.08.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Өтініш беруші шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Бұл ретте аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарыда отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстану үшін шақыруларын қабылдайды және бұл шақыруларды республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

      Өтінішке:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шақыру;

      2) шақырушы адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.08.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шақыруды куәландырады және өтініш берушіге хабарлайды.

      Шақыру жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тегі мен аты-жөні көрсетілген және оның қолымен мөртаңба белгісі қойылған бір данада куәландырылады.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша негіздеме (ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып) жібереді.

  Қазақстан Республикасы
азаматтарының шетелдерде тұратын
этникалық қазақтардың арасынан
туыстарын Қазақстан Республикасына
отбасын біріктіру мақсатында
қоныстандыру үшін шақыруларын
қарау және куәландыру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      _____________

      (кімге)

      ____________________________________

      (жергілікті атқарушы органның атауы)

      _____________

      (кімнен)

      ӨТІНІШ

      Шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарды Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін менің шақыруымды қарауды және куәландыруды сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттарды:

      1) шақыруды;

      2) шақырушы адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса беремін.

      ________________ ________________

      (қолы) (күні)

  Қазақстан Республикасы
азаматтарының шетелдерде тұратын
этникалық қазақтардың арасынан
туыстарын Қазақстан Республикасына
отбасын біріктіру мақсатында
қоныстандыру үшін шақыруларын
қарау және куәландыру
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      _____________

      (кімге)

      ____________________________________

      (жергілікті атқарушы органның атауы)

      _____________

      (кімнен)

      ШАҚЫРУ

      Шақырушы:Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________

      Туған жылы: _________________________________________________________

      Азаматтығы: _________________________________________________________

      Мекенжайы: __________________________________________________________

      Шақыру мақсаты: _____________________________________________________

      Қазақстан Республикасында болу мерзімі: _____________________________

Шақырылып отырған адамдардың тізімі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Азаматтығы

Туылған күні

Тұрғылықты жерінің мекен-жайы

















      ______________________

      (қолы)

      "Куәландырылды"

      Жергілікті атқарушы органның

      лауазымды адамы ______ __________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты(бар болса)

      _____________________________________

      (Мөр орны)

Об утверждении Правил рассмотрения и заверения приглашений граждан Республики Казахстан для переселения в Республику Казахстан родственников из числа этнических казахов, проживающих за рубежом, в целях воссоединения семьи

Приказ и.о. Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 января 2016 года № 13. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 февраля 2016 года № 13054.

      В соответствии с подпунктом 13-1) пункта 1 статьи 15 Закона Республики Казахстан от 22 июля 2011 года "О миграции населения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила рассмотрения и заверения приглашений граждан Республики Казахстан для переселения в Республику Казахстан родственников из числа этнических казахов, проживающих за рубежом, в целях воссоединения семьи.

      2. Комитету труда, социальной защиты и миграции Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление для опубликования в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Нурымбетова Б.Б.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра здравоохранения


и социального развития


Республики Казахстан

Б. Нурымбетов


  Утверждены
приказом исполняющего
обязанности Министра
здравоохранения и социального
развития Республики Казахстан
от 13 января 2016 года № 13

Правила рассмотрения и заверения приглашений граждан
Республики Казахстан для переселения в Республику Казахстан
родственников из числа этнических казахов, проживающих за
рубежом, в целях воссоединения семьи

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 04.08.2020 № 286 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила рассмотрения и заверения приглашений граждан Республики Казахстан для переселения в Республику Казахстан родственников, из числа этнических казахов, проживающих за рубежом, в целях воссоединения семьи (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 22 июля 2011 года "О миграции населения" (далее – Закон) и определяют порядок рассмотрения и заверения приглашений граждан Республики Казахстан для переселения в Республику Казахстан родственников из числа этнических казахов, проживающих за рубежом, в целях воссоединения семьи".

      2. В соответствии с настоящими Правилами местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы (далее – местные исполнительные органы) рассматривают и заверяют приглашения граждан Республики Казахстан для переселения в Республику Казахстан родственников из числа этнических казахов, проживающих за рубежом, в целях воссоединения семьи.

      3. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) заявитель – гражданин Республики Казахстан, ходатайствующий о переселении в Республику Казахстан родственников из числа этнических казахов, проживающих за рубежом, в целях воссоединения семьи;

      2) родственники – лица, находящиеся в родственной связи, имеющие общих предков до прадедушки и прабабушки;

      3) этнический казах – иностранец или лицо без гражданства казахской национальности.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 04.08.2020 № 286 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок и сроки рассмотрения и заверения приглашений граждан Республики Казахстан для переселения в Республику Казахстан родственников из числа этнических казахов, проживающих за рубежом, в целях воссоединения семьи

      Сноска. Заголовок главы 2 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 04.08.2020 № 286 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Заявитель для переселения в Республику Казахстан родственников из числа этнических казахов, проживающих за рубежом, в целях воссоединения семьи подает заявление в местный исполнительный орган по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      При этом, местные исполнительные органы районов, городов областного значения также в целях воссоединения семьи принимают приглашения граждан Республики Казахстан для переселения в Республику Казахстан родственников из числа этнических казахов, проживающих за рубежом, и направляют эти приглашения в местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы.

      К заявлению прилагаются:

      1) приглашение по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      2) копия документа, удостоверяющего личность, приглашающего лица.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра труда и социальной защиты населения РК от 04.08.2020 № 286 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Местный исполнительный орган в течение пяти рабочих дней со дня принятия заявления заверяет приглашение и уведомляет заявителя.

      Приглашение заверяется в единственном экземпляре с указанием фамилии и инициалов должностного лица местного исполнительного органа и его подписью с проставлением оттиска печати.

      6. В случае представления в неполном объеме и (или) незаполнения по установленной форме документов, предусмотренных пунктом 4 настоящих Правил, местный исполнительный орган в течение 3-х рабочих дней направляет заявителю письменное обоснование (с указанием не представленных и (или) не заполненных по установленной форме документов).

  Приложение 1
к Правилам рассмотрения и
заверения приглашений граждан
Республики Казахстан для переселения
в Республику Казахстан родственников,
из числа этнических казахов,
проживающих за рубежом,
в целях воссоединения семьи

      Форма

      _______________

      (кому)

      ____________________________________________

      (название местного исполнительного органа)

      _______________

      (от кого)

      ЗАЯВЛЕНИЕ

      Прошу рассмотреть и заверить мое приглашение для переселения в

      Республику Казахстан родственников, из числа этнических казахов,

      проживающих за рубежом, в целях воссоединения семьи.

      К заявлению прилагаю следующие документы:

      1) приглашение;

      2) копию документа, удостоверяющего личность, приглашающего лица.

      ___________________ ______________________

      (подпись) (дата)

  Приложение 2
к Правилам рассмотрения и
заверения приглашений граждан
Республики Казахстан для переселения
в Республику Казахстан родственников,
из числа этнических казахов,
проживающих за рубежом,
в целях воссоединения семьи

      Форма

      _______________

      (кому)

      ____________________________________________

      (название местного исполнительного органа)

      _______________

      (от кого)

      ПРИГЛАШЕНИЕ

      Приглашающий: Фамилия, имя, отчество (при его наличии): _____________

      _____________________________________________________________________

      Дата рождения: ______________________________________________________

      Гражданство: ________________________________________________________

      Адрес: ______________________________________________________________

      Цель приглашения: ___________________________________________________

      Cpoк пребывания в Республике Казахстан: _____________________________

Список приглашаемых лиц

(Фамилия, имя, отчество

(при его наличии))

Степень родства

Гражданство

Дата рождения

Адрес место жительство






















      ________________________

      (Подпись)

      "Заверено"

      Должностное лицо

      местного исполнительного

      органа __________ _______________________________

      (подпись) (Фамилия, имя и отчество

      (при его наличии))

      ________________________________________

      (Место печати)