Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.02.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ашық деректер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғаммен байланыс басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген |
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ашық
деректер тізбесі
№ | Ашық деректердің атауы | Жаңартып отыру кезеңі | Ашық деректерді орналастыру үшін жауапты құрылымдылық бөлімшелер |
1. | Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы ақпарат | тамыз – қараша | АӨК МИК |
2. | Қазақстан Республикасына өсімдіктерді қорғау құралдарын әкелумен айналысатын фирмалар мен ұйымдар тізімі | жыл сайын | АӨК МИК |
3. | Оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлер тізбесі | жыл сайын | АӨК МИК |
4. | Карантинге жатқызылған өнім тізбесі | жыл сайын | АӨК МИК |
5. | Аса қауіпті зиянды организмдер тізбесі | жыл сайын | АӨК МИК |
6. | Бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы ақпарат | жыл сайын | АӨК МИК |
7. | Барлық санаттағы шаруашылықтардағы асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімі | жыл сайын | МШӨӨҚӨД |
8. | Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген мал шаруашылығындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі | тоқсан сайын | АӨК МИК |
9. | Астық пен ұнды экспортқа тиеп-жөнелту бойынша ақпарат | тоқсан сайын | ӨШӨӨҚӨД |
10. | Өнімділіктің сүтті, сүтті-етті және етті бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың импорты | тоқсан сайын | АӨК МИК |
11. | "Асыл түлік" республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы" акционерлік қоғамында күтіп-бағылатын асыл тұқымды малдар саны | тоқсан сайын | СЖТД |
12. | "Қазақ тұлпары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде күтіп-бағылатын асыл тұқымды малдар саны | тоқсан сайын | СЖТД |
13. | Ауыл шаруашылығындағы зерттеулердің түрлері | жыл сайын | СЖТД |
14. | Жемшөп қоспаларына арналған тіркеу куәліктерінің тізілімі | тоқсан сайын | ВБҚК |
15. | Ветеринариялық препараттарға арналған тіркеу куәліктерінің тізілімі | тоқсан сайын | ВБҚК |
16. | Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің тізілімі | тоқсан сайын | ВБҚК |
17. | Жануарларға арналған виварийлері бар салынған біртипті модульдік аудандық ветеринариялық зертханалардың саны | тоқсан сайын | ВБҚК |
18. | Сатып алынатын шетелдік селекциядағы асыл тұқымды ірі қара мал төлдерінің саны | тоқсан сайын | ВБҚК |
19. | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесі | тоқсан сайын | ОШЖДК |
20. | Аң және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесі | тоқсан сайын | ОШЖДК |
21. | Жануарлар дүниесін пайдалану түрлері | тоқсан сайын | ОШЖДК |
22. | Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі | тоқсан сайын | ОШЖДК |
23. | Балық аулау құралдары мен тәсілдерінің қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес түрлерінің тізбесі | тоқсан сайын | ОШЖДК |
24. | Балық өңдеумен айналысатын кәсіпорындар туралы ақпарат | тоқсан сайын | ОШЖДК |
25. | Пайдаланушылардың балық аулау квотасын игеруі туралы мәліметтер | тоқсан сайын | ОШЖДК |
26. | Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген тұяқты жануарлар түрлерінің, оның ішінде киіктің саны | тоқсан сайын | ОШЖДК |
27. | Жануарлар дүниесінің сақталған түрлерінің саны | тоқсан сайын | ОШЖДК |
28. | Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген тұяқты жануарлар түрлері, оның ішінде киік (киіктер, тоғай кермаралдары, құландар, қарақұйрықтар, арқарлар) санының өсу пайызы | тоқсан сайын | ОШЖДК |
29. | Аңшылық шаруашылықтарының тізбесі | тоқсан сайын | ОШЖДК |
30. | Су қоймаларының тізбесі | тоқсан сайын | СРК |
31. | Гидротехникалық құрылыстардың тізбесі | тоқсан сайын | СРК |
32. | Органикалық өнім өндірушілердің тізілімі | жыл сайын | СЖТД |
33. | Органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізімі | жыл сайын | ӨШӨӨҚӨД |
34. | Сумен жабдықтайтын бекітулі қондырғыларда немесе шарбақтарда тауарлық балық өсірумен айналысатын кәсіпорындар туралы ақпарат | жыл сайын | МШӨӨҚӨД |
35. | Балық отырғызу материалдарын өсірумен айналысатын кәсіпорындар туралы ақпарат | жыл сайын | МШӨӨҚӨД |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АӨК МИК – Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті;
МШӨӨҚӨД – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті;
ӨШӨӨҚӨД – Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті;
СЖТД – Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті;
ВБҚК – Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
ОШЖДК – Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
СРК – Су ресурстары комитеті.