"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13203 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 309/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 05.09.2022 № 309/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 133 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10501 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылы 9 шілдеде № 129 (28607), "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларында:

      15-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) мемлекеттік қызметтерді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету.";

      1-қосымшада:

      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "қалай болады" қызметін көрсету процесінің сипаттамасы.

      Кіші бөлімде оңтайландыруды және автоматтандыруды ескере отырып, қызмет көрсетудің нұсқалары "қалай болады" қызметін көрсету процестерінің схемалары және олардың мәтіндік түсіндірмелері түрінде сипатталады. Қызметті көрсетудің бірнеше баламалы нұсқалары ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы, мемлекеттік органның кеңсесі, ЭЛП немесе ЭҮП арқылы) болған жағдайда, схемалар мен олардың сипаттамасы әр нұсқа үшін жеке құрылады.

      "Қалай болады" қызметін көрсету процесінің схемасын сипаттау және құру қағидаттары "қазіргі таңда" процесін сипаттауға ұқсас.

      "Қалай болады" процесін сипаттауда мыналар көрініс табады:

      ішкі және сыртқы порталдарға бөле отырып, ЭҮП пен ЭЛП-тің қатысуы;

      басқа ақпараттық жүйелермен немесе деректер қорларымен өзара іс-қимыл;

      процеске барлық қатысушылардың ЭҮП-пен немесе ЭЛП-пен өзара іс-қимылы;

      барлық мүмкін болатын кіру мен шығулар (өтінішті қабылдау, нәтижесін беру).

      2-қосымшада:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын ақпараттық жүйелерді (мемлекеттік қызметті көрсету процесін автоматтандырған жағдайда) өзара және "электрондық үкіметтің" веб-порталымен немесе "электрондық лицензиялау" веб-порталымен және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қоса алғандағы мерзімдері мен орындалу тәртібі.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың

      2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев


О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 февраля 2015 года № 133 "Об утверждении Правил оптимизации и автоматизации государственных услуг"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 49. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 февраля 2016 года № 13203. Утратил силу приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 5 сентября 2022 года № 309/НҚ.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 05.09.2022 № 309/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 13) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 февраля 2015 года № 133 "Об утверждении Правил оптимизации и автоматизации государственных услуг" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10501, опубликованный 9 июля 2015 года в газете "Казахстанская правда" № 129 (28005), 9 июля 2015 года информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменения:

      в Правилах оптимизации и автоматизации государственных услуг, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 9) пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "9) оказание государственных услуг через Государственную корпорацию "Правительство для граждан".";

      в приложении 1:

      подпункт 6) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "6) описание процесса оказания услуги "как будет".

      В подразделе описываются варианты оказания услуги с учетом оптимизации и автоматизации в виде схем процессов оказания услуги "как будет" и их текстового пояснения. В случае наличия нескольких альтернативных вариантов оказания услуги (через Государственную корпорацию "Правительство для граждан", через канцелярию государственного органа, ПЭЛ или ПЭП), схемы и их описание составляются отдельно для каждого варианта.

      Принципы описания и построения схемы процесса оказания услуги "как будет" аналогичны с описанием процесса "как есть".

      В описании процесса "как будет" отражаются:

      участие ПЭП или ПЭЛ с разделением на внешний и внутренний порталы;

      взаимодействие с другими информационными системами или базами данных;

      взаимодействие всех участников процесса с ПЭП или ПЭЛ;

      все возможные входы и выходы (прием заявки, выдача результата).";

      в приложении 2:

      подпункт 2) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "2) интеграцию информационных систем, задействованных в процессе оказания государственной услуги (в случае автоматизации процесса оказания государственной услуги) между собой и с веб-порталом "электронного правительства" или веб-порталом "электронное лицензирование" и (или) информационной системой мониторинга оказания государственных услуг.".

      2. Комитету связи, информатизации и информации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Қазанғап Т.Б.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение десяти календарных дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на

      курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, но не ранее 1 марта 2016 года.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев