Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.10.2019 № 567 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.10.2019 № 798 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Ведомствоаралық комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
Ведомствоаралық комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың
қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион
айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы
экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын
орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға
берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық
аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас
мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін
қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының
тізбесін айқындау қағидалары
Жалпы ережелер
1. Осы Ведомствоаралық комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және ведомствоаралық комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін (бұдан әрі – Шетелдік жұмыскерлер санаттары мен санының тізбесі) айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) еңбек жөніндегі уәкілетті орган – еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
2) арнайы экономикалық аймақтың басқару органы – басқарушы компания, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі немесе дербес кластерлік қор;
3) ведомствоаралық комиссия – арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобаларға тартатын, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау мәселесін қарау жөніндегі комиссия;
4) уәкілетті орган – арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) шетелдік жұмыскер – арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы еңбек шарты бойынша тартқан шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
6) арнайы экономикалық аймақтың шетелдік жұмыс күшін квотадан тыс тартуға үміткер қатысушысы (бұдан әрі – арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы) – арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен жұмыс істейтін арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдар.
Шетелдік жұмыскерлер санаттары мен санының тізбесін
айқындаудың тәртібі
3. Шетелдік жұмыскерлер санаттары мен санының тізбесін айқындау үшін арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының өтініштерін (еркін нысанда) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес негіздемесімен қоса тіркеу мен қабалдауды арнайы экономикалық аймақтың басқару органы жүзеге асырады.
4. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды ведомствоаралық комиссияның қарауына жолдайды.
5. Заңның 11-бабы 1-тармағына сәйкес ведомствоаралық комиссияны уәкілетті орган құрады, оның құрамына уәкілетті органның, еңбек жөніндегі уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының және мүдделі орталық мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
6. Ведомствоаралық комиссия отырысы арнайы экономикалық аймақтың басқару органынан құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктерілмей тағайындалуға тиіс.
7. Ведомствоаралық комиссия арнайы экономикалық аймақтың басқару органы құжаттарды ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шешім қабылдау арқылы шетелдік жұмыскерлер санаттары мен санының тізбесін айқындайды. Ведомствоаралық комиссия шешімі әрбір арнайы экономикалық аймақ қатысушысына жеке қабылданады, хаттамамен ресімделіп, оған отырысқа қатысушы ведомствоаралық комиссияның мүшелері қол қояды.
Шетелдік жұмыскерлер санаттары мен санының тізбесіне енгізуден бас тартуға негіздеме шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейінің (кәсіби даярлығының) және практикалық жұмыс тәжірибесінің (өтілінің) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес жұмысшы кәсіптері мен басшылар, мамандар және қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.
Ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы отырыс күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жолданады.
8. Шетелдік жұмыскерлер санаттары мен санының тізбесі мынадай санаттар бөлінісінде айқындалады:
1) бірінші санат – бірінші басшылар және олардың орынбасарлары;
2) екінші санат – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелердің басшылары;
3) үшінші санат – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар;
4) төртінші санат – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар.
9. Уәкілетті орган ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ведомствоаралық комиссия қабылдаған шешімді тиісті арнайы экономикалық аймақтық басқару органына жолдайды.
10. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органдары шетелдік жұмыскерлер санаттары мен санының тізбесін айқындау бойынша ведомствоаралық комиссия қабылдаған шешімді оны алған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде арнайы экономикалық аймақтардың қатысушысына жібереді.
нысан
Жұмыс берушілердің іске асырылу мерзіміне шетелдік
жұмыскерлерді тарту негіздемесі
р/с № | Ұйым (толық атауы, заңды мекенжайы) | Қызмет түрі | Тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер | Олар бар болса, жобаларды, келісімшарттарды, жоспарларды көрсете отырып, қажеттіліктің негіздемесі | |
Тартылатын шетелдік жұмыскерлердің Т.А.Ә. (бар болса) | Тартылатын шетелдік жұмыскердің санаты, кәсібі (мамандығы), жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Басшы
____________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)
"___" ___________ 20__ж.
М.О