"Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 55 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13219 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.04.2019 № 49 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9801 тіркелген, 2014 жылғы 12 қарашада "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде (бұдан әрі – "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларында:

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Айырбастау пунктінің үй-жайында мынадай құжаттар міндетті түрде сақталады:

      1) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлға (оның филиалы) басшысының тиісті тұлғаны кассир қызметіне қабылдау және (немесе) тағайындау туралы бұйрығының көшірмесі;

      2) айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс істеу бойынша арнайы даярлықтан өткенін куәландыратын құжаттың көшірмесі не айырбастау пункті кассирінің қолма-қол шетел валютасымен кемінде 6 (алты) ай жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттың көшірмесі;

      3) айырбастау пункті кассирінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) уәкілетті ұйымдар үшін – сатып алу, сату бағамдарын және кросс-бағамдарды белгілеу туралы өкімдер шығаруға құқығы бар басшының және өзге тұлғалардың қол қою үлгілері бар, мөр таңбасы (ол бар болса) қойылған құжат;

      5) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасының көшірмесі;

      6) айырбастау пункті кассирінің осы құжатпен танысу туралы белгісі бар, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленген және қабылданған, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның ішкі бақылау қағидаларының көшірмесі;

      7) уәкілетті ұйымдар үшін – Қағидалардың 43-1-тармағында көрсетілген уәкілетті банкпен шарттың (шарттардың) көшірмесі.";

      мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:

      "43-1. Уәкілетті ұйымның айырбастау пунктін қолма-қол ұлттық және (немесе) шетел валютасымен толықтыру жеке тұлғалармен операциялар есебінен және уәкілетті банкпен шарт негізінде жүзеге асырылады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Айырбастау операциясын жүргізу бағамы бойынша бір миллион теңге баламасынан асатын сомаға айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында мыналар көрсетіледі:

      клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса). Бұл ретте аты мен әкесінің атын әріппен көрсетуге жол берілмейді;

      оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (құжаттың түрі, құжаттың нөмірі, кім және қашан берді);

      клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса).

      Автоматтандырылған айырбастау пункті үшін бір рет жүргізілген айырбастау операциясының сомасы айырбастау операциясын жүргізу бағамы бойынша бір миллион теңге баламасынан аспауға тиіс.";

      11-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      12-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      13-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9801 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларының 40-тармағы үшінші бөлігінің қолданылуы 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) тоқтатыла тұрсын.

      3. Уәкілетті ұйымдар осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін бір ай ішінде өздерінің қызметін осы қаулының 1-тармағының он бірінші абзацының талаптарына сәйкес келтірсін.

      4. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Боранбаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы, осы қаулының 1-тармағының 2016 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтарын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрлігі

      Министр_________ Ә. Исекешев

      2016 жылғы 11 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      Министр _________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 03 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Министр __________ Е. Досаев

      2016 жылғы 18 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 55 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру қағидаларына
11-қосымша

      Нысан

Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел
валютасы тізілімдерінің
ЖУРНАЛЫ

      Айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар заңды тұлғаның немесе оның филиалының атауы

      _______________________________________________________________

      Уәкілетті ұйымның лицензиясына қосымшаның/уәкілетті банктің

      айырбастау пункті куәлігінің (уәкілетті банк осындай куәлікті

      алғаннан кейін) нөмірі

      _______________________________________________________________

      20___ жылғы "_____" ______________

      Айырбастау пунктінің операциялық кассасындағы

      күннің басындағы қалдық*_________________________________ теңге

      _______________________________________________________________

      (валюталардың барлық түрлері бойынша)

      Айырбастау пунктінің операциялық кассасындағы күннің соңындағы

      қалдық*__________________________________________________ теңге

      _______________________________________________________________

      (валюталардың барлық түрлері бойынша)

      * Айырбастау операцияларын өзге де банк операцияларымен қоса жүргізген кезде толтырылмайды

Өкімнің қолданыла бастаған күні мен уақыты

Басшы өкімінің нөмірі мен күні

USD

EUR

Сатып алу

Сату

Сатып алу

Сату

Сатып алу

Сату










      20___ жылғы "___" ___________

      сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімі

р/с №

Резиденттік белгісі*

Клиенттің

тегі, аты,

әкесінің аты (ол болған жағдайда), ЖСН (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы, оны кім және қашан берген

Шетел валютасының атауы

Валюта сомасы

Операцияны жүргізу уақыты (сағатпен және минутпен) ****

Сатып алынды

Сатылды

шетел валютасымен

теңгемен **

шетел валютасымен

теңгемен ***

1

2

3

4

5

6

7

8

9













Жиынтығы:
















      Кассир ____________________

      (аты-жөні)

      Ескерту:

      * - айырбастау операцияларын жүргізген кезде клиент берген құжаттарға сәйкес көрсетіледі: 1 – резиденттер (Қазақстан Республикасының азаматтары) үшін, 2 – резидент еместер үшін, 0 – оларды жүргізген кезде жеке басын куәландыратын құжат ұсынылмаған, бір миллион теңгеден (қоса алғанда) кем операциялар үшін;

      ** - сатып алу бағамы бойынша есептеледі;

      *** - сату бағамы бойынша есептеледі;

      **** - бақылау чегінде көрсетілген операцияны жүргізу уақыты.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 55 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру қағидаларына
12-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
"Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген
айырбастау операциялары туралы есеп"
әкімшілік деректер жинау үшін арналған нысан

      Есепті кезең: 20__ жылғы __________

      Индексі: NIV_UB

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынады: уәкілетті банк (оның филиалы)

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

      аумақтық филиалы

      Ұсыну мерзімі – ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 7-не дейін (қоса алғанда).

      Нысан

      ___________________________________________________________

      уәкілетті банктің (оның филиалының) атауы

Көрсеткіштің атауы

Жол коды

Барлық валюта

оның ішінде валюталар түрі бойынша

USD

EUR

RUB

CNY

GBP

Басқа да валюталар (шетел валютасының түрін көрсетіңіз)

А

Б

1

2

3

4

5

6

(…)

1-бөлім. Жеке тұлғалардан қолма-қол шетел валютасын сатып алу бойынша операциялар

Сатып алынған қолма-қол шетел валютасы, барлығы

110








оның ішінде

резидент еместер

111








Шетел валютасын сатып алу бойынша операциялардың саны

210








оның ішінде сомаға:









бір миллион теңгеге (қоса алғанда) дейін

211








екі миллион теңгеден астам

212








Ең төменгі сатып алу бағамы

311

Х






Х

Ең жоғарғы сатып алу бағамы

312

Х






Х

2-бөлім. Жеке тұлғаларға қолма-қол шетел валютасын сату бойынша операциялар

Сатылған қолма-қол шетел валютасы, барлығы

120








оның ішінде резидент еместер

121








Шетел валютасын сату бойынша операциялардың саны

220








оның ішінде сомаға:









бір миллион теңгеге (қоса алғанда) дейін

221








екі миллион теңгеден астам

222








Ең төменгі сату бағамы

321

Х






Х

Ең жоғарғы сату бағамы

322

Х






Х


      20___ жылғы "____" _____________________

      Басшы __________________________________

      (аты-жөні, қолы)

      Орындаушы ______________________________

      (аты-жөні, қолы)

  Мөр орны
(ол болған жағдайда)
"Айырбастау пункттері арқылы
жүргізілген айырбастау операциялары
туралы есеп" әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған
нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау
операциялары туралы есеп"
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Уәкілетті банк (оның филиалы) Нысанды есепті ай үшін берілген Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес толтырылатын сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімдерінің деректері бойынша ай сайын жасайды. Уәкілетті банктің филиалы дербес Нысанды жасайды.

      4. Нысан жасау кезінде теңгемен берілген есеп айырысуларда Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасының тізілімінің 6 және 8-бағандарына сәйкес көрсетілген теңгедегі айырбастау операциясының сомасы пайдаланылады.

2. Нысанды толтыру

      5. Есептің 1-бағанында уәкілетті банктің (оның филиалының) айырбастау пунктері есепті кезеңдегі айырбастау операцияларын жүзеге асырған шетел валюталарының барлық түрлері бойынша деректер беріледі. Айырбастау операцияларының көлемі бойынша жиынтық деректер теңгемен есептелінеді.

      6. 1-бағанда 110, 111, 120, 121-жолдар бойынша деректер бүтін мәнге дейін дөңгелектеніп, мың теңгемен толтырылады (бес жүз теңгеден кем деректер нөлге дейін, бес жүзден бір мыңға теңгеге дейін - бірге дейін дөңгелектенеді).

      7. 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда деректер АҚШ доллары (USD), еуро (EUR), Ресей рублі (RUB), Қытай юані (CNY), ағылшын фунт стерлингі (GBP) бойынша беріледі, ал одан әрі нөмірленген бағандарда уәкілетті банктің (оның филиалының) айырбастау пунктері есепті кезеңде айырбастау операцияларын жүзеге асырған валюталардың қалған түрлері бойынша деректер беріледі.

      8. 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда 110, 111, 120, 121-жолдар бойынша деректер тиісті валютаның бірлігінде ұсынылады.

      Егер айырбастау пунктері есепті кезеңде 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда көрсетілген қандай да бір валюталармен айырбастау операцияларын жүргізбесе, онда тиісті баған толтырылмайды.

      9. 210, 211, 212, 220, 221, 222-жолдар есептеу бірлігінде толтырылады.

      10. 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда 311, 312, 321 және 322-жолдар бойынша тиісті шетел валютасының бағамы көрсетіледі. 311 (321) жол бойынша тиісті бағанда уәкілетті банктің (оның филиалының) айырбастау пункттері үшін есепті айда теңгемен сатып алу (сату) үшін белгіленген осы шетел валютасы бағамдарының ең төменгісі көрсетіледі, 312 (322) жол бойынша - уәкілетті банктің (оның филиалының) айырбастау пункттері үшін есепті айда теңгемен сатып алу (сату) үшін белгіленген осы шетел валютасының бағамдарының ең жоғарғысы көрсетіледі.

      11. Осы есепті толтыру кезінде барлық бағандар бойынша мынадай талаптарды орындау қамтамасыз етіледі:

      коды 111-жол <= коды 110-жол;

      коды 121-жол <= коды 120-жол;

      коды 210-жол <=коды 211-жол + коды 212-жол;

      коды 220-жол <=коды 221-жол + коды 222-жол.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 55 қаулысына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасында
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларын
ұйымдастыру қағидаларына
13-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
"Шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы
жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп"

      Есепті кезең: 20__ жылғы __________

      Индексі: NIV_UО

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынады: уәкілетті ұйым (оның филиалы)

      Нысан қайда ұсынылады: уәкілетті ұйымның (оның филиалының) орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы

      Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 7-не дейін (қоса алғанда).

      Нысан

      _____________________________________________________________

      уәкілетті ұйымның (оның филиалының) атауы

      Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияның нөмірі және күні

      _____________________________________________________________

      пошталық мекенжайы, телефоны, факсы

      _____________________________________________________________

Көрсеткіштің атауы

Жол коды

Барлық валюталар

оның ішінде валюталар түрлері бойынша

USD

EUR

RUB

CNY

GBP

Басқа да валюталар (шетел валютасының түрін көрсетіңіз)

А

Б

1

2

3

4

5

6

(...)

1-бөлім. Жеке тұлғалардан қолма-қол шетел валютасын сатып алу бойынша операциялар

Сатып алынған қолма-қол шетел валютасы, барлығы

110








оның ішінде

резидент еместер

111








Қолма-қол шетел валютасын сатып алу бойынша операциялардың саны

210








оның ішінде сомаға:









бір миллион теңгеге (қоса алғанда) дейін

211








екі миллион теңгеден астам

212








Ең төменгі сатып алу бағамы

311

X











X

Ең жоғарғы сатып алу бағамы

312

X











X

2-бөлім. Жеке тұлғаларға қолма-қол шетел валютасын сату бойынша операциялар

Сатылған қолма-қол шетел валютасы, барлығы,

120








оның ішінде

резидент еместер

121








Қолма-қол шетел валютасын сату бойынша операциялардың саны

220








оның ішінде сомаға:









бір миллион теңгеге (қоса алғанда) дейін

221








екі миллион теңгеден астам

222








Ең төменгі сату бағамы

321

X











X

Ең жоғарғы сату бағамы

322

X











X

3-бөлім. Шетел валютасының қозғалысы туралы есеп

Есепті кезеңнің басындағы шетел валютасының қалдығы (410 = 411 + 412)

410








оның ішінде:









кассадағы қолма-қол шетел валютасы (айырбастау пункттерінің кассасын қоса алғанда)

411








уәкілетті банктердегі (уәкілетті банктерді көрсету) валюталық шоттардағы шетел валютасы

___________________

___________________

412








Есепті кезеңде түскен шетел валютасы

(420 > = 421 + 422 + 423 + 424)

420








оның ішінде:









уәкілетті банктерден сатып алынған шетел валютасы

421








уәкілетті банктерден қарыздар (уәкілетті банктерді көрсетіңіз) ___________________

___________________

422








айырбастау пункттері арқылы жеке тұлғалардан сатып алынғаны

423








басқа да түсімдер

424








Жұмсалған шетел валютасы (430 > = 431 + 432 + 433 + 434)

430








оның ішінде:









уәкілетті банкке (уәкілетті банктің атауын көрсету) сатылған шетел валютасы

___________________

431








уәкілетті банктердің (уәкілетті банктің атауын көрсету) қарыздары өтелді

___________________

432








айырбастау пункттері арқылы жеке тұлғаларға сатылған қолма-қол шетел валютасы

433








басқа да шығыстар

434








Есепті кезеңнің соңындағы шетел валютасының қалдығы

(440 = 441 + 442)

440








оның ішінде:









кассадағы қолма-қол шетел валютасы (айырбастау пункттерінің кассасын қоса алғанда)

441








уәкілетті банктердегі (уәкілетті банктерді көрсету) валюталық шоттардағы шетел валютасы

___________________

___________________

442









      20___ жылғы "____" ___________

      Басшы _____________________________________

      (аты-жөні, қолы)

      Орындаушы ________________________________

      (аты-жөні, қолы)

  Мөр орны
(ол болған жағдайда)
"Шетел валютасының
қозғалысы және айырбастау
пункттері арқылы жүргізілген
айырбастау операциялары
туралы есеп" әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға қосымша

"Шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы
жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп"
Әкімшілік деректерді жинауға арналған
нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Шетел валютасының қозғалысы және айырбастау пункттері арқылы жүргізілген айырбастау операциялары туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Уәкілетті ұйым (оның филиалы) Нысанды Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес толтырылатын сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімдерінің есепті ай үшін берілген деректері бойынша ай сайын жасайды. Уәкілетті ұйымның филиалы дербес Нысанды жасайды.

      4. Теңгемен берілген деректер үшін есептеулердегі Нысанды жасау кезінде Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімінің 6 және 8-бағандарына сәйкес көрсетілген айырбастау операциясының теңгемен сомасы пайдаланылады.

2. Нысанды толтыру
1 және 2-бөлімдер бойынша

      5. Теңгемен берілген деректер үшін есептеулердегі есепті қалыптастыру кезінде Сатып алынған және сатылған қолма-қол шетел валютасы тізілімінің тиісінше 6 және 8-бағандарында көрсетілген теңгемен жүргізілген айырбастау операциясы сомасының баламасы пайдаланылады.

      6. Есептің 1-бағанында ("Х" белгісімен белгіленген жолдарды қоспағанда) уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері есепті кезеңде айырбастау операцияларын жүзеге асырған шетел валюталарының барлық түрлері бойынша деректер беріледі. Айырбастау операцияларының көлемдері бойынша жиынтық деректер теңгемен есептеледі.

      7. 1-бағанда кодтары 110, 111, 120, 121-жолдар бойынша деректер бүтін мәнге дейін дөңгелектеніп, мың теңгемен толтырылады (бес жүз теңгеден кем деректер нөлге дейін, бес жүзден бастап бір мыңға дейінгі - бірге дейін дөңгелектенеді).

      8. 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда деректер АҚШ доллары (USD), еуро (EUR), Ресей рублі (RUB), Қытай юані (CNY), ағылшын фунт стерлингі (GBP) бойынша беріледі, ал одан әрі нөмірленген бағандарда уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері есепті кезеңде айырбастау операцияларын жүзеге асырған валюталардың қалған түрлері бойынша деректер келтіріледі.

      9. 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда 110, 111, 120, 121-жолдар бойынша деректер тиісті валютаның бірлігінде беріледі.

      Егер айырбастау пунктері есепті кезеңде 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда көрсетілген қандай да бір валютамен айырбастау операцияларын жүргізбесе, онда тиісті баған толтырылмайды.

      10. 210, 211, 212, 220, 221, 222-жолдар шоттың бірлігімен толтырылады.

      11. 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда және 311, 312, 321 және 322-жолдар бойынша одан әрі нөмірленген бағандарда тиісті шетел валютасының бағамы көрсетіледі. 311 (321)-жол бойынша тиісті бағанда уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері үшін есепті кезеңде теңгемен сатып алу (сату) үшін белгіленген осы шетел валютасы бағамдарының ең төменгісі көрсетіледі; 312 (322)-жол бойынша - уәкілетті ұйымның (оның филиалының) айырбастау пункттері үшін есепті кезеңде теңгемен сатып алу (сату) үшін белгіленген осы шетел валютасы бағамдарының ең жоғарғысы көрсетіледі.

      12. Есептің 1 және 2-бөлімдерін толтыру кезінде барлық бағандар бойынша мына талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі:

      коды 111-жол <= коды 110-жол;

      коды 121-жол <= коды 120-жол;

      коды 210-жол <=коды 211-жол + коды 212-жол;

      коды 220-жол <=коды 221-жол + коды 222-жол.

3-бөлім бойынша

      13. Есептің 3-бөлімінде 1-баған толтырылмайды.

      14. 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда жолдар бойынша деректер тиісті валютаның мың бірлігімен беріледі.

      15. 2, 3, 4, 5, 6-бағандарда және одан әрі нөмірленген бағандарда 423 және 433-жолдар бойынша деректер мың бірлікке айналдырылған тиісінше 110 және 120-бағандардағы деректерге тең болуға тиіс.

      16. Есептің 3-бөлімін толтырған кезде 2, 3, 4, 5, 6-бағандар және 410, 420, 430, 440-жолдар бойынша одан әрі нөмірленген бағандар бойынша тиісті көрсеткіштердің атауында көрсетілген талаптарды орындау қамтамасыз етіледі.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 144 "Об утверждении Правил организации обменных операций с наличной иностранной валютой в Республике Казахстан"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 55. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 февраля 2016 года № 13219. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 4 апреля 2019 года № 49 (вводится в действие с 01.07.2019)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 04.04.2019 № 49 (вводится в действие с 01.07.2019).
      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие см. п.7

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" и от 13 июня 2005 года "О валютном регулировании и валютном контроле" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 144 "Об утверждении Правил организации обменных операций с наличной иностранной валютой в Республике Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9801, опубликованное 12 ноября 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" (далее – информационно-правовая система "Әділет")) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах организации обменных операций с наличной иностранной валютой в Республике Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 36 изложить в следующей редакции:

      "36. В помещении обменного пункта в обязательном порядке хранятся следующие документы:

      1) копия приказа руководителя юридического лица, имеющего право на организацию обменных операций с наличной иностранной валютой, (его филиала) о принятии и (или) назначении соответствующего лица на должность кассира;

      2) копия документа, свидетельствующего о прохождении кассиром обменного пункта специальной подготовки по работе с наличной иностранной валютой, либо копия документа, подтверждающего опыт работы кассира обменного пункта с наличной иностранной валютой не менее 6 (шести) месяцев;

      3) копия документа, удостоверяющего личность кассира обменного пункта;

      4) для уполномоченных организаций – документ с образцами подписей руководителя и иных лиц, имеющих право на издание распоряжений об установлении курсов покупки, продажи и кросс-курсов, с оттиском печати (при ее наличии);

      5) копия регистрационной карточки контрольно-кассовой машины;

      6) копия правил внутреннего контроля юридического лица, имеющего право на организацию обменных операций с наличной иностранной валютой, разработанных и принятых в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан от 28 августа 2009 года "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма", с отметкой об ознакомлении кассира обменного пункта с данным документом;

      7) для уполномоченных организаций – копия договора (договоров) с уполномоченным банком, указанного (указанных) в пункте 43-1 Правил.";

      дополнить пунктом 43-1 следующего содержания:

      "43-1. Пополнение кассы обменного пункта уполномоченной организации наличной национальной и (или) иностранной валютой осуществляется за счет операций с физическими лицами и на основании договора с уполномоченным банком.";

      пункт 53 изложить в следующей редакции:

      "53. По обменным операциям на сумму, превышающую эквивалент одного миллиона тенге по курсу проведения обменной операции, в журнале реестров фиксируются:

      фамилия, имя, отчество (при наличии) клиента. При этом указание инициалов имени и отчества не допускается;

      данные документа, удостоверяющего его личность, (вид документа, номер документа, кем и когда выдан);

      индивидуальный идентификационный номер клиента (при наличии).

      Для автоматизированного обменного пункта сумма однократно проведенной обменной операции не должна превышать эквивалент одного миллиона тенге по курсу проведения обменной операции.";

      приложение 11 изложить в редакции согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      приложение 12 изложить в редакции согласно приложению 2 к настоящему постановлению;

      приложение 13 изложить в редакции согласно приложению 3 к настоящему постановлению.

      2. Приостановить со дня введения в действие настоящего постановления действие части третьей пункта 40 Правил организации обменных операций с наличной иностранной валютой в Республике Казахстан, утвержденных постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 144 "Об утверждении Правил организации обменных операций с наличной иностранной валютой в Республике Казахстан" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9801), до 31 декабря 2016 года (включительно).

      3. Уполномоченным организациям в течение одного месяца после дня первого официального опубликования настоящего постановления привести свою деятельность в соответствие с требованиями абзаца одиннадцатого пункта 1 настоящего постановления.

      4. Департаменту платежного баланса, валютного регулирования и статистики (Буранбаева А.М.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Департаментом правового обеспечения (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан":

      на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      для включения в Государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в течение десяти календарных дней со дня его получения Национальным Банком Республики Казахстан после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      5. Департаменту международных отношений и связей с общественностью (Казыбаев А.К.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодические печатные издания в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Смолякова О.А.

      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования за исключением абзацев двадцатого, двадцать первого, двадцать второго пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 1 июня 2016 года.

Председатель


Национального Банка

Д. Акишев

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство по инвестициям и развитию

      Республики Казахстан

      Министр ____________ А. Исекешев

      11 февраля 2016 года

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство финансов

      Республики Казахстан

      Министр ____________ Б. Султанов

      3 февраля 2016 года

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министерство национальной экономики

      Республики Казахстан

      Министр ____________ Е. Досаев

      18 февраля 2016 года



  Приложение 1
к постановлению Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 28 января 2016 года № 55
Приложение 11
к Правилам организации обменных
операций с наличной иностранной
валютой в Республике Казахстан

      Форма

      ЖУРНАЛ

      реестров купленной и проданной наличной иностранной валюты

      Наименование юридического лица, имеющего право на организацию

      обменных операций, или его филиала

      _____________________________________________________________________

      Номер приложения к лицензии уполномоченной

      организации/свидетельства обменного пункта уполномоченного банка

      (после получения уполномоченным банком такого свидетельства)

      _____________________________________________________________________

      "____" ______________ 20____ г.

Остаток в операционной кассе


обменного пункта на начало дня*

__________________тенге


_______________________


(по всем видам валют)


Остаток в операционной кассе


обменного пункта на конец дня*

__________________тенге


_______________________


(по всем видам валют)


      * Не заполняется при совмещении обменных операций с иными

      банковскими операциями

Дата и время начала действия распоряжения

Номер и дата распоряжения руководителя

USD

EUR

Покупка

Продажа

Покупка

Продажа

Покупка

Продажа









      Реестр

      купленной и проданной наличной иностранной валюты за

      "____" _________________ 20____ г.

№ п/п

Признак резидентства*

Фамилия, имя, отчество (при его наличии), ИИН (при его наличии), номер и серия документа, удостоверяющего личность клиента, кем и когда он выдан

Наименование иностранной валюты

Сумма валюты

Время проведения операции (в часах и минутах)****

Куплено

Продано

в иностранной валюте

в тенге**

в иностранной валюте

в тенге***

1

2

3

4

5

6

7

8

9













Итого по:















      Кассир ____________________

      (фамилия и инициалы)

      Примечание:

      * - указывается в соответствии с документом, представленным

      клиентом при проведении обменной операции: 1 – для резидентов

      (граждан Республики Казахстан), 2 – для нерезидентов, 0 – для

      операций менее одного миллиона тенге (включительно), при проведении

      которых не представлен документ, удостоверяющий личность;

      ** - исчисляется по курсу покупки;

      *** - исчисляется по курсу продажи;

      **** - время проведения операции, указанное в контрольном чеке.

  Приложение 2
к постановлению Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 28 января 2016 года № 55
Приложение 12
к Правилам организации обменных
операций с наличной иностранной
валютой в Республике Казахстан

      Форма, предназначенная для сбора административных данных

      "Отчет об обменных операциях, проведенных через обменные пункты"

      Отчетный период: за _________________ 20____ года

      Индекс: NIV_UB

      Периодичность: ежемесячная

      Представляет: уполномоченный банк (его филиал)

      Куда представляется форма: территориальный филиал Национального

      Банка Республики Казахстан

      Срок представления – ежемесячно до 7 числа (включительно)

      месяца, следующего за отчетным.

      Форма

      ____________________________________________________________

      наименование уполномоченного банка (его филиала)

Наименование показателя

Код строки

Все валюты

в том числе по видам валют

USD

EUR

RUB

CNY

GBP

Прочие валюты (указать вид иностранной валюты)

А

Б

1

2

3

4

5

6

(...)

Раздел 1. Операции по покупке наличной иностранной валюты у физических лиц

Куплено наличной иностранной валюты, всего

110








в том числе нерезидентами

111








Количество операций по покупке наличной иностранной валюты

210








в том числе на сумму:









до одного миллиона тенге (включительно)

211








свыше двух миллионов тенге

212








Наименьший курс покупки

311

X






X

Наибольший курс покупки

312

X






X

Раздел 2. Операции по продаже наличной иностранной валюты физическим лицам

Продано наличной иностранной валюты, всего

120








в том числе нерезидентам

121








Количество операций по продаже наличной иностранной валюты

220








в том числе на сумму:









до одного миллиона тенге (включительно)

221








свыше двух миллионов тенге

222








Наименьший курс продажи

321

X






X

Наибольший курс продажи

322

X






X


      "____" _______________ 20____ года

      ______________________________________ руководитель

      (фамилия и инициалы, подпись)

      ______________________________________ исполнитель

      (фамилия и инициалы, подпись)

      Место печати

      (при ее наличии)

  Приложение
к форме, предназначенной
для сбора административных
данных "Отчет об обменных
операциях, проведенных
через обменные пункты"

      Пояснение по заполнению формы,

      предназначенной для сбора административных данных

      "Отчет об обменных операциях, проведенных через обменные пункты"

      1. Общие положения

      1. Настоящее пояснение определяет требования по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных "Отчет об обменных операциях, проведенных через обменные пункты", (далее – Форма).

      2. Форма разработана в соответствии с подпунктом 11) статьи 56 Закона Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан".

      3. Форма составляется ежемесячно уполномоченным банком (его филиалом) по данным за отчетный месяц реестров купленной и проданной наличной иностранной валюты, заполняемым в соответствии с приложением 11 к Правилам. Филиал уполномоченного банка составляет самостоятельную форму.

      4. При составлении Формы в расчетах для данных в тенге используется сумма обменной операции в тенге, указанная соответственно в графах 6 и 8 Реестра купленной и проданной наличной иностранной валюты.

      2. Заполнение Формы

      5. В графе 1 отчета предоставляются данные по всем видам иностранных валют, с которыми обменные пункты уполномоченного банка (его филиала) осуществляли обменные операции в отчетном периоде. Суммарные данные по объемам обменных операций рассчитываются в тенге.

      6. В графе 1 данные по строкам с кодами 110, 111, 120, 121 заполняются в тысячах тенге с округлением до целого значения (данные менее пятисот тенге округляются до нуля, от пятисот до тысячи тенге – до единицы).

      7. В графах 2, 3, 4, 5, 6 данные предоставляются по доллару США (USD), евро (EUR), российскому рублю (RUB), китайскому юаню (CNY), английскому фунту стерлингов (GBP), а в графах с последующей нумерацией приводятся данные по остальным видам валют, с которыми обменные пункты уполномоченного банка (его филиала) осуществляли обменные операции в отчетном периоде.

      8. В графах 2, 3, 4, 5, 6 и далее пронумерованных графах данные по строкам 110, 111, 120, 121 представляются в единицах соответствующей валюты.

      Если обменные пункты не проводили в отчетном периоде обменных операций с какой-либо из указанных в графах 2, 3, 4, 5, 6 валют, то соответствующая графа не заполняется.

      9. Строки 210, 211, 212, 220, 221, 222 заполняются в единицах счета.

      10. В графах 2, 3, 4, 5, 6 и далее пронумерованных графах по строкам 311, 312, 321 и 322 указывается курс соответствующей иностранной валюты. По строке 311 (321) в соответствующей графе указывается наименьший из курсов данной иностранной валюты, установленный для обменных пунктов уполномоченного банка (его филиала) в отчетном месяце для покупки (продажи) за тенге, по строке 312 (322) – наибольший из курсов данной иностранной валюты, установленный для обменных пунктов уполномоченного банка (его филиала) в отчетном месяце для покупки (продажи) за тенге.

      11. При заполнении данного отчета по всем графам обеспечивается выполнение следующих условий:

      строка с кодом 111 <= строка с кодом 110;

      строка с кодом 121 <= строка с кодом 120;

      строка с кодом 210 <= строка с кодом 211 + строка с кодом 212;

      строка с кодом 220 <= строка с кодом 221 + строка с кодом 222.

  Приложение 3
к постановлению Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 28 января 2016 года № 55
Приложение 13
к Правилам организации обменных
операций с наличной иностранной
валютой в Республике Казахстан

      Форма, предназначенная для сбора административных данных

      "Отчет о движении иностранной валюты и обменных операциях,

      проведенных через обменные пункты"

      Отчетный, период: за__________ 20___года

      Индекс: NIV_UO

      Периодичность: ежемесячная

      Представляет: уполномоченная организация (ее филиал)

      Куда представляется форма: территориальный филиал Национального Банка Республики Казахстан по месту нахождения уполномоченной организации (ее филиала)

      Срок представления: ежемесячно до 7 числа (включительно) месяца, следующего за отчетным

      Форма

      ____________________________________________________________

      наименование уполномоченного банка (его филиала)

      Номер и дата лицензии на организацию обменных операций с

      наличной иностранной валютой

      __________________________________________________________

      почтовый адрес, телефон, факс

      __________________________________________________________

Наименование показателя

Код строки

Все валюты

в том числе по видам валют

USD

EUR

RUB

CNY

GBP

Прочие валюты (указать вид иностранной валюты)

А

Б

1

2

3

4

5

6

(...)

Раздел 1. Операции по покупке наличной иностранной валюты у физических лиц

Куплено наличной' иностранной валюты, всего

110








в том числе нерезидентами

111








Количество операций по покупке наличной иностранной валюты

210








в том числе на сумму:









до одного миллиона тенге (включительно)

211








свыше двух миллионов тенге

212








Наименьший курс покупки

311

Х






Х

Наибольший курс покупки

312

Х






Х

Раздел 2. Операции по продаже наличной иностранной валюты физическим лицам

Продано наличной иностранной валюты, всего

120








в том числе нерезидентам

121








Количество операций по продаже наличной иностранной валюты

220








в том числе на сумму:









до одного миллиона тенге (включительно)

221








свыше двух миллионов тенге

224








Наименьший курс продажи

321

X






X

Наибольший курс продажи

322

X






X

Раздел 3. Отчет о движении иностранной валюты

Остаток иностранной валюты на начало отчетного периода (410 = 411 + 412)

410








в том числе:









наличная иностранная валюта в кассе (включая кассу обменных пунктов)

411








иностранная валюта на валютных счетах в уполномоченных банках (указать уполномоченные банки)___________

_________________

412








Поступило иностранной валюты за отчетный период (420 > = 421 + 422 + 423 + 424).

420








в том числе:









куплено иностранной валюты у уполномоченных банков

421








займы от уполномоченных банков (указать уполномоченные банки)___________

_________________

422








куплено у физических лиц через обменные пункты

423








прочие поступления

424








Израсходовано иностранной валюты (430 > = 431+432 + 433 + 434)









из них:









продано иностранной валюты уполномоченному банку (указать наименование уполномоченного банка)___________

_________________

431








погашено займов уполномоченных банков (указать наименование уполномоченного банка)___________

_________________

432








продано наличной иностранной валюты физическим лицам через обменные пункты

433








прочие расходы

434








Остаток иностранной валюты на конец отчетного периода (440 = 441 +442)

440








в том числе:









наличная иностранная валюта в кассе (включая кассу обменных пунктов)

441








иностранная валюта на валютных счетах в уполномоченных банках (указать уполномоченные банки)___________

________________

442



























      "____" _______________ 20____ года

      _____________________________________ руководитель

      (фамилия и инициалы, подпись)

      _____________________________________ исполнитель

      (фамилия и инициалы, подпись)

      Место печати

      (при ее наличии)

  Приложение
к форме, предназначенной
для сбора административных
данных "Отчет о движении
иностранной валюты и
обменных операциях,
проведенных через
обменные пункты"

      Пояснение по заполнению формы,

      предназначенной для сбора административных данных

      "Отчет о движении иностранной валюты и обменных операциях,

      проведенных, через обменные пункты"

      1. Общие положения

      1. Настоящее пояснение определяет требования по заполнению формы, предназначенной для сбора административных данных "Отчет о движении иностранной валюты и обменных операциях, проведенных через обменные пункты", (далее – Форма).

      2. Форма разработана в соответствии с подпунктом 11) статьи 56 Закона Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан".

      3. Форма составляется ежемесячно уполномоченной организацией (ее филиалом) по данным за отчетный месяц реестров купленной и проданной наличной иностранной валюты, заполняемым в соответствии с приложением 11 к Правилам. Филиал уполномоченной организации составляет самостоятельную Форму.

      4. При составлений Формы в расчетах для данных в тенге используется сумма обменной операции в тенге, указанная соответственно в графах 6 и 8 Реестра купленной и проданной наличной иностранной валюты.

      2. Заполнение Формы

      По разделам 1 и 2

      5. При формировании отчета в расчетах для данных в тенге используется эквивалент суммы обменной операции в тенге, указанный соответственно в графах 6 и 8 Реестра купленной и проданной наличной иностранной валюты.

      6. В графе 1 отчета (за исключением строк, отмеченных знаком "Х") представляются данные по всем видам иностранных валют, с которыми обменные пункты уполномоченной организации (ее филиала) осуществляли обменные операции в отчетном периоде. Суммарные данные по объемам обменных операций рассчитываются в тенге.

      7. В графе 1 данные по строкам с кодами 110, 111, 120, 121 заполняются в тысячах тенге с округлением до целого значения (данные менее пятисот тенге округляются до нуля, от пятисот до тысячи тенге – до единицы).

      8. В графах 2, 3, 4, 5, 6 данные представляются по доллару США (USD), евро (EUR), российскому рублю (RUB), китайскому юаню (CNY), английскому фунту стерлингов (GBP), а в графах с последующей нумерацией приводятся данные по остальным видам валют, с которыми обменные пункты уполномоченной организации (ее филиала) осуществляли обменные операции в отчетном периоде.

      9. В графах 2, 3, 4, 5, 6 и далее пронумерованных графах данные по строкам 110, 111, 120, 121 представляются в единицах соответствующей валюты.

      Если обменные пункты не проводили в отчетном периоде обменных операций с какой-либо из указанных в графах 2, 3, 4, 5, 6 валют, то соответствующая графа не заполняется.

      10. Строки 210, 211, 212, 220, 221, 222 заполняются в единицах счета.

      11. В графах 2, 3, 4, 5, 6 и далее пронумерованных графах по строкам 311, 312, 321 и 322 указывается курс соответствующей иностранной валюты. По строке 311 (321) в соответствующей графе указывается наименьший из курсов данной иностранной валюты, установленный для обменных пунктов уполномоченной организации (ее филиала) в отчетном месяце для покупки (продажи) за тенге; по строке 312 (322) – наибольший из курсов данной иностранной валюты, установленный для обменных пунктов уполномоченной организации (ее филиала) в отчетном месяце для покупки (продажи) за тенге.

      12. При заполнении разделов 1 и 2 отчета по всем графам обеспечивается выполнение следующих условий:

      строка с кодом 111 <= строка с кодом 110;

      отрока с кодом 121 <= строка с кодом 120;

      строка с кодом 210 <= строка с кодом 211 + строка с кодом 212;

      строка с кодом 220 <= строка е кодом 221 + строка с кодом 222.

      По разделу 3

      13. В разделе 3 отчета графа 1 не заполняется.

      14. В графах 2, 3, 4, 5, 6 и далее пронумерованных графах данные по строкам представляются в тысячах единиц соответствующей валюты.

      15. В графах 2, 3, 4, 5, 6 и далее пронумерованных графах данные по строкам 423 и 433 должны быть равны данным в строках 110 и 120 соответственно, переведенным в тысячи единиц.

      16. При заполнении раздела 3 отчета по графам 2, 3, 4, 5, 6 и далее пронумерованным графам по строкам 410, 420, 430, 440 обеспечивается выполнение условий, указанных в наименовании соответствующих показателей.