"Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 549 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13251 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 549 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10192 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 83 (27959) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Студенттер лигасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушыларының топ-командаларынан қалыптастырылады (бұдан әрі - топ-командалары).»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Топ-командалары дене шынықтыру пәні оқытушысының өтінімі бойынша техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушыларынан қалыптастырылады. Топ-командасына білім беру ұйымдарының бір топ білім алушылары енгізіледі.
      2. Жастар саясаты департаменті (Р. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                  А. Сәрінжіпов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және спорт министрі
      ____________ А. Мұхамедиұлы
      2016 жылғы 27 қаңтар

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 549 "Об утверждении Правил формирования студенческих и школьных лиг, организации и проведения спортивных мероприятий среди студенческих и школьных лиг"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 января 2016 года № 78. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 февраля 2016 года № 13251

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 549 «Об утверждении Правил формирования студенческих и школьных лиг, организации и проведения спортивных мероприятий среди студенческих и школьных лиг» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10192, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 5 мая 2015 года № 83 (27959)) следующие изменения:
      в Правилах формирования студенческих и школьных лиг, организации и проведения спортивных мероприятий среди студенческих и школьных лиг», утвержденных указанным приказом:
      пункт 8 изложить в следующей редакции:
      «8. Студенческая лига формируется из групп-команд обучающихся организаций образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего и высшего образования (далее - групп-команды).»;
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      «10. Групп-команды формируются из числа обучающихся организации образования, реализующей образовательные программы технического профессионального, послесреднего и высшего образования по заявке преподавателя физической культуры. В групп-команду включаются обучающиеся одной группы организации образования».
      2. Департаменту молодежной политики (Р. Карибжанова) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Информационно-правовой системе «Әділет», а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан» для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на Интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;
      4) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан Балыкбаева Т.О.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
      образования и науки
      Республики Казахстан                       А. Саринжипов

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр культуры и спорта
      Республики Казахстан
      ____________ А. Мухамедиулы
      27 января 2016 года