РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 27 ақпан № 10348 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы дипломның (жай) нысаны;»;
«19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы дипломның (үздік) нысаны;»;
22) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;»;
«23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес іскерлік әкімшілік жүргізу докторы дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дипломының нысаны;»;
33) және 34) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін дипломның нысаны;»;
«34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін дипломның нысаны;»;
көрсетілген бұйрыққа 18, 19, 22, 23, 27, 28, 33, 34 және 35-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық:
1) 2015 жылғы 29 қарашадан бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданысқа енгізілетін осы бұйрыққа 9-қосымшаның 1-тармағын;
2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданысқа енгізілетін осы бұйрыққа 9-қосымшаның 2-тармағын;
3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрыққа 9-қосымшаның 3-тармағын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 104 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
18-қосымша
Нысан
Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім бойынша диплом (жай)
__________________________________ Мемлекеттік аттестаттау БАКАЛАВРЫ Мемлекеттік аттестаттау |
Решением Государственной аттестационной комиссии присуждена степень _________________________________ By the decision of the State Attestation Committee of Date «____» ______________ ________ |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 104 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
19-қосымша
Нысан
Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім бойынша диплом (үздік)
__________________________________ Мемлекеттік аттестаттау БАКАЛАВРЫ Мемлекеттік аттестаттау |
Решением Государственной аттестационной комиссии присуждена степень _________________________________ By the decision of the State Attestation Commission of |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 104 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
22-қосымша
Нысан
Магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім
дипломы
____________________________________ МАГИСТРІ Мемлекеттік аттестаттау |
Решением Государственной присуждена степень ________________________________ By the decision of the State |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 104 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
23-қосымша
Нысан
Іскерлік әкімшілік жүргізу докторы дәрежесі берілетін жоғары
оқу орнынан кейінгі білім дипломы
__________________________________ Мемлекеттік аттестаттау Іскерлік әкімшілік жүргізу Диссертациялық кеңестің |
Решением Государственной присуждена степень _________________________________ |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 104 бұйрығына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
27-қосымша
Нысан
Үш тілде дипломға қосымша (транскрипт)
БЕЗ ДИПЛОМА НЕДЕЙСТВИТЕЛЬНО |
1. Фамилия |
________________ ПРИЛОЖЕНИЕ К ДИПЛОМУ № ______________ Ректор Декан факультета Секретарь М.П. |
БЕЗ ДИПЛОМА НЕДЕЙСТВИТЕЛЬНО |
|||||
Вид практики |
Число кредитов |
ECTS |
Оценка |
|||||
буквенная |
в баллах |
|||||||
10. Итоговая аттестация |
||||||||
Наименование дисциплин государственных экзаменов |
Число кредитов |
ECTS |
Оценка |
|||||
буквенная |
в баллах |
|||||||
11. Выполнение и защита |
||||||||
Тема дипломного проекта (работы) или диссертации |
Число кредитов |
ECTS |
Оценка |
|||||
буквенная |
в баллах |
|||||||
12. Общее число кредитов/ кредитов ECTS теоретического обучения |
15. За время обучения изучил (а) и сдал (а) экзамены по следующим дисциплинам:
БЕЗ ДИПЛОМА |
№ |
Код дисциплины |
Наименование дисциплин |
Число кредитов |
ECTS |
Оценка |
БЕЗ ДИПЛОМА |
|
Буквен ная |
в баллах |
|||||||
Примечание: Приложение к диплому (транскрипт) снабжается степенями защиты
ДИПЛОМСЫЗ ЖАРАМСЫЗ |
1. Тегі |
_____________ ДИПЛОМҒА № ___________ Ректор Факультет деканы Хатшы М.О. |
ДИПЛОМСЫЗ ЖАРАМСЫЗ |
|||||
Практиканың түрі |
Кредит саны |
ECTS |
Баға |
|||||
әріптік |
балдық |
|||||||
10. Қорытынды аттестаттау |
||||||||
Мемлекеттік емтихан тапсыратын пәндердің атауы |
Кредит саны |
ECTS |
Баға |
|||||
әріптік |
балдық |
|||||||
11. ____________________________________________ |
||||||||
Диплом жобасының (жұмысының) немесе диссертацияның тақырыбы |
Кредит саны |
ECTS |
Баға |
|||||
ріптік |
балдық |
|||||||
12.Жалпы кредит саны/ теориялық білім алу ECTS кредиттерінің саны |
ДИПЛОМСЫЗ ЖАРАМСЫЗ |
№ р/с |
Пән коды |
Пән атауы |
Кредит саны |
ECTS |
Баға |
ДИПЛОМСЫЗ ЖАРАМСЫЗ |
|
әріптік |
балдық |
|||||||
15. Оқу уақытында мынадай пәндерді оқыды және емтихан тапсырды:
Ескертпе: Дипломға қосымша (транскрипт) қорғау дәрежелерімен жабдықталады.
NOT VALID WITHOUT DIPLOMA |
1. Last Name |
______________ ADDENDUM № ____________ Rector Dean of the Faculty Secretary Stamp |
NOT VALID WITHOUT DIPLOMA |
|||||
Practice type |
Number of credits |
ECTS |
Grade |
|||||
Letter equivalence |
Points |
|||||||
10. Final attestation |
||||||||
State examinations |
Number of credits |
ECTS |
Grade |
|||||
Letter equivalence |
Points |
|||||||
11. Fulfillment and defense________________________________________ |
||||||||
Theme of diploma project (work) or dissertation |
Number of credits |
ECTS |
Grade |
|||||
Letter equivalence |
Points |
|||||||
12. Total number of credits/Number of ECTS credits on theoretical studies |
15. Taken courses and passed examinations during the study period:
NOT VALID WITHOUT DIPLOMA |
№ |
Course code |
Course |
Number of credits |
ECTS |
Grade |
NOT VALID WITHOUT DIPLOMA |
|
Letter equivalence |
Points |
|||||||
Note: Diploma supplement (transcript) is has security features
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 104 бұйрығына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
28-қосымша
Нысан
Магистр дипломына куәлік
ЖООК-М № _______________ Осы куәлік
және практикадан өтті:
Осы куәлік ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысуға құқық береді. |
СВИДЕТЕЛЬСТВО Настоящее свидетельство выдано
и прошел (-а) практику:
Данное свидетельство дает право на занятие научной и педагогической деятельностью. |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 104 бұйрығына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
33-қосымша
Нысан
Философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан
кейінгі білім дипломы
Қазақстан Республикасы Төраға ҒД № Астана қаласы |
Решением |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 104 бұйрығына
8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
34-қосымша
Нысан
Бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан
кейінгі білім дипломы
Қазақстан Республикасы Төраға ҒД № Астана қаласы |
Решением |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 104 бұйрығына
9-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
35-қосымша
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидалары
1. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестатаудан өткен, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.
2. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды:
1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;
2) әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.
3. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды:
1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;
2) әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.
4. «Қауымдастырылған профессор (доцент)» немесе «профессор» ғылыми атағы берілген адамдарға аттестат беріледі.
5. Негізгі орта немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында білім алғандарға құжатты кәсіби даярлық туралы куәлік беру үшін тиісті (біліктілік, емтихан, аттестаттау, диссертациялық) комиссияның шешімі негіздеме болып табылады.
Интернатураны немесе резидентураны бітіргені туралы құжат беру үшін аттестаттау комиссиясының шешімі негіздеме болып табылады.
Түзету білім беру ұйымында білім алушыға құжат беру үшін білім беру ұйымы басшысының шешімі негіздеме болып табылады.
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру жөніндегі бұйрығы негіздеме болып табылады.
Қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор аттестатын беру үшін Комитеттің қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру жөніндегі бұйрығы негіздеме болып табылады.
Білім алушылар «Алтын белгі» белгісімен қорытынды аттестаттау нәтижелерін және облыстардың, Алматы және Астана қалалары білім басқармаларының ұсынған актілерін ескеретін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімі негізінде» марапатталады.
6. Білім беру ұйымдарында білім алушыға негізгі орта білім туралы үздік куәлік, жалпы орта білім туралы үздік аттестат, үздік диплом куәлікке, аттестатқа, дипломға қосымшаға енгізілетін бағалардың негізінде беріледі.
7. Білім алушыға құжатты тиісті шешім қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей білім беру ұйымы салтанатты жағдайда, жеке өзіне береді. Құжатты жеке өзі алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ол басқа адамға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделген сенімхат бойынша беріледі.
8. Құжаттардың телнұсқалары және оларға қосымшалар жоғалған немесе бүлінген құжаттардың орнына беріледі.
Құжаттың телнұсқасын беру үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) құжатты жоғалтқан немесе бүлдірген азаматтың немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына оның жоғалуының немесе бүлінуінің мән-жайы баяндалған еркін түрде жазған өтініші;
2) туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің (паспорттың) көшірмесі.
Құжаттың телнұсқасы өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей беріледі.
Құжаттардың телнұсқалары телнұсқа беру туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болған үлгідегі бланкілерде беріледі және оларға білім беру ұйымының басшысы және оның оқу ісі жөніндегі орынбасары және факультет деканы қол қояды.
Берілетін құжаттың бланкісінде жоғары оң жақ бұрышында «Түпнұсқаның орнына берілген № ______ телнұсқа» деген мөртаңба қойылады.
Жоғалған немесе бүлінген «ғылым кандидаты», «ғылым докторы», философия докторы (PhD), «бейін бойынша доктор» дипломдарының, «қауымдастырылған профессор (доцент), «профессор» аттестаттарының телнұсқаларын беру үшін аталған тұлғаларға ғылыми дәрежелер немесе ғылыми атақтар беру туралы Комитеттің бұйрықтары негіздеме болып табылады.
9. Өзінің тегін (атын, әкесінің атын) өзгерткен азаматтар өздерінде бар құжаттарды жаңа тегі (аты, әкесінің аты) жазылған құжатқа айырбастай алады.
Айырбастау білім беру ұйымы басшысының немесе оны алмастыратын адамның шешімі бойынша тегін (атын, әкесінің атын) өзгерткенін растайтын құжаттармен бірге өзінің тегін (атын, әкесінің атын) өзгерткен азаматтың өтініші негізінде жүргізіледі.