Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Мыналар бекітілсін:
1) осы қаулаға 1-қосымшаға сәйкес Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптар;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалары.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сарсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысына 1-қосымша |
Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптар
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес әзірленді және көлік құралына (бұдан әрі - КҚ) келтірілген зиянның мөлшерін айқындау кезінде сақтандырушы пайдаланатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға (бұдан әрі - МБҚ) қойылатын талаптарды айқындайды.
2-тарау. Мамандандырылған бағдарламалық қамтылымға қойылатын негізгі талаптар
2. Сақтандырушы МБҚ-ны сақтандырушының үлестес тұлғасы болып табылмайтын МБҚ-ның құқық иеленушісі қол қойған лицензиялық шарт негізінде пайдаланады.
3. МБҚ-да КҚ қалпына келтіру жөндеу құнының калькуляциясы (есебі) Қазақстан Республикасының Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген әдістемеге және сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсында орналастырылатын, КҚ иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру ерекшеліктерін ескере отырып, пайдаланылатын әдістеменің жекелеген ережелерін қолдану жөніндегі сақтандыру омбудсманының шешімдеріне сәйкес жасалады.
4. МБҚ КҚ қалпына келтіру жөндеуінің құнын есептеу үшін жұмыстардың еңбек сыйымдылығының нормативтері туралы калькуляция жасау сәтінде КҚ дайындаушы кәсіпорындарынан және уәкілеттік өндіруші зауыт берген ұйымдардан өзекті және шынайы ақпаратты пайдаланады және КҚ өндіруші құрастырған КҚ нақты маркасы (моделі, түрлендірулері) үшін бөлшектердің каталогтық нөмірлері мен қосалқы бөлшектердің каталогтарынан тұрады.
5. МБҚ қамтамасыз етеді:
1) калькуляцияны құрайтын пайдаланушыны және калькуляцияны бекіткен тұлғаны сәйкестендіру;
2) калькуляцияға кез келген өзгеріс енгізетін тұлғаны, сондай-ақ өзгерістерді енгізу күнін, уақытын сәйкестендіру;
3) есептеу жүргізілген сәттен бастап 3 жыл ішінде калькуляцияны сақтау, сондай-ақ редакциялау және калькуляцияға енгізілген өзгерістердің хронологиясын 1 жыл бойы сақтау;
4) калькуляцияда пайдаланушы лицензиясының нөмірін жасау сәтіндегі оның қолданылуын растай отырып көрсету;
5) электрондық форматтағы калькуляцияны шығару және калькуляцияны сақтандыру ұйымының ақпараттық базасына беру;
6) дерекқорды автоматты түрде жаңаруды;
7) Қазақстан Республикасының нарығында ұсынылған және бөлшектерді (материалдарды) өткізуге мамандандырылған интернет желісіндегі сыртқы көздерден алынған ақпарат негізінде бөлшектердің (материалдардың) нарықтық құнын айқындау мүмкіндігі;
8) калькуляцияны құрастырған тұлға бөлшектің (материалдың) бағасын көрсеткені туралы белгі қою;
9) МБҚ серверіндегі ақпараттың Талаптардың 5-тармағының 3) тармақшасында белгіленген мерзім ішінде сақталуы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысына 2- қосымша |
Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалары
Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді және көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін анықтау тәртібін айқындайды.
2-тарау. Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау тәртібі
2. Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін есептеуді (бұдан әрі – зиянның мөлшерін есептеу) сақтандырушы немесе бағалаушы лицензияланған мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды (бұдан әрі – МБҚ) қолдана отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мәліметтерді қамтитын мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініш негізінде жүзеге асырады.
Зақымдалған көлік құралын қарап-тексеру Қағидаларға 2-қосымшада көзделген, қарап-тексеру нәтижелері бойынша айқындалуы мүмкін ықтимал ақаулар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтерді қамтитын қарап-тексеру актісін жасау жолымен ресімделеді.
Қарап-тексеру жәбірленушінің (пайда алушының) талабы бойынша техникалық қызмет көрсету станцияларында жүргізіледі.
Көлік құралына қосымша тексеру жүргізу, оның ішінде, жасырын ақаулар болған жағдайда, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мәліметтерді қамтитын, мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініш негізінде де жүзеге асырылады. Бұл ретте бүлінген көлік құралын қарап-тексеруді сақтандырушы жүзеге асырады және Қағидаларға 2-қосымшада көзделген мәліметтерді қамтитын қарап-тексеру актісін жасау арқылы ресімделеді. Жасырын ақаулар болған кезде зиян мөлшерінің есебін түзету зиянның мөлшері туралы есепке толықтыру түрінде ресімделеді.
Көлік құралына зиян келтірілген зардап шегуші (пайда алушы) немесе олардың өкілі ол немесе сақтанушы (сақтандырылушы) Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініш берген күннен бастап зақымданған мүлікті ол көлік оқиғасынан кейін болған жағдайда сақтайды және сақтандырушыға зиянның мөлшерін есептеуге мүмкіндік береді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.08.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Сақтандырушының қарап-тексеруді жүзеге асыру және қарап-тексеру актісін жасау, мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау мерзімдері Заңның 22-бабының 3-тармағымен реттеледі.
Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін есептеу рәсімі аяқталғаннан кейін сақтандырушы зиянның мөлшері туралы есепті зардап шегушіге (пайда алушыға) немесе олардың өкілдеріне танысу үшін ұсынады.
Зардап шегуші (пайда алушы) немесе олардың өкілі зиянның мөлшері туралы есепті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде алған есепте келіспеу себептерін көрсете отырып, зиянның мөлшеріне жүргізілген есептің нәтижелерімен келісетіні не келіспейтіні туралы белгіні көрсетеді.
Сақтандырушы зиян мөлшерінің жүргізілген есебінің нәтижелерімен келіспеу туралы белгі алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде зиянның мөлшері туралы есепке толықтыру түрінде есепті түзетуді ұсынады не түсіндірмелері бар зиянның мөлшері туралы есептің дұрыстығы туралы жазбаша жауап жібереді.
Зиянның мөлшері туралы есепті сақтандырушы жасайды және МБҚ-да қалыптастырылатын көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау калькуляциясын қамтиды. Зиянның мөлшері туралы есепті ресімдеу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Сақтандырушы зардап шеккен көлік құралын тексерген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде зардап шегушіге (пайда алушыға) немесе олардың өкіліне зиянның мөлшері туралы есеп бермеген жағдайда, зардап шегуші (пайда алушы) немесе олардың өкілі Заңның 22-бабының 3-1-тармағына сәйкес анықталған мөлшерде сақтандыру төлемін алады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.08.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-1. Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген сақтандырушының қарап-тексеруді жүзеге асыру және қарап-тексеру актісін жасау, зиянның мөлшерін айқындау мерзімдері Заңның 22-2-бабына сәйкес көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу кезінде қолданылмайды.
Ескерту. Қағидалар 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.08.2023 № 69 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көзделген көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау тәртібі сақтандырушы қызмет көрсету туралы шарт негізінде тартқан бағалаушыға да қатысты қолданылады.
4-1. Сақтандырушы қызмет көрсету туралы шарт негізінде өзі тартқан бағалаушының зиянның мөлшерін айқындауы кезінде жәбірленушіге немесе оның өкіліне таңдауға кемінде екі бағалаушыны ұсынады.
Ескерту. Қағида 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.08.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Зардап шегушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің зиянның мөлшерін есептеу нәтижелерін даулауы Заңның 29-1-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Келтірілген зиянның мөлшерін есептеуді ұйымдастыруға мынадай кезеңдер кіреді:
1) сақтанушымен (сақтандырылушымен) не зардап шегушімен (пайда алушымен) немесе олардың өкілдерімен және сақтандырушымен келісім бойынша зақымданған көлік құралын қарап-тексеру орны мен уақытын айқындау;
2) зақымданған көлік құралын қарап-тексеру және қарап-тексеру актісін жасау;
3) МБҚ-ны пайдаланып, зақымданған көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерінің есебін жасау.
7. Көлік құралын қарап-тексеру мүмкін болған жағдайда, жүзеге асырылады:
көлік құралына кедергісіз қол жеткізу;
көлік құралын сәйкестендіру;
одометр көрсеткіші бойынша көлік құралы жүру жолының шамасын белгілеу;
көлік құралының жинақтылығы мен жинақталуын, қосымша жабдықтың болуын анықтау;
осы нақты жол-көлік оқиғасынан туындаған ақаулар мен зақымданулардың тізбесі мен көлемін анықтау;
белгіленген талаптарға сәйкес зақымдануларды фото суретке түсіру;
осы көлік құралына бұрын жүргізілген жөндеу белгілерін анықтау, агрегаттарды, тораптарды және қымбат тұратын жинақтаушы бұйымдарын ауыстыру (көлік құралын бөлшектемей).
Көлік құралын қалпына келтіру үшін жөндеу құнын айқындау кезінде тексеру осы жол-көлік оқиғасында зақымданғанын растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.
Зақымданған көлік құралын қарап-тексеру нәтижелерін сақтандырушы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған, қарап тексеру актісінде тіркейді.
Тексеру актісіне қосымша ақпарат көздері зақымдалған көлік құралының фотоматериалдары болып табылады.
8. Зардап шегуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдерінің келісімі бойынша сақтандырушы сақтандыру төлемінің есебіне зақымданған көлік құралын жөндеу ақысын ұйымдастырады және жүзеге асырады.
9. Егер көлік құралы техникалық тұрғыдан алғанда қалпына келтіруге мүмкін болмаса немесе экономикалық тұрғыдан алғанда орынды болмаса, ол жойылған болып саналады. Егер көлік құралын қалпына келтіру үшін күтілетін шығыстар зиян мөлшері туралы есепті қалыптастырған күнгі нарықтық бағасының 80 (сексен) пайызынан асатын болса, көлік құралын қалпына келтіру экономикалық тұрғыдан алғанда орынсыз болып саналады.
Көлік құралы істен шыққан жағдайда сақтандырушы сақтандыру төлемін зақымданған көлік құралының зиян мөлшері туралы есепті жасаған күнгі нарықтық құны мөлшерінде жүзеге, бұл ретте зардап шегуші (пайда алушы) немесе олардың өкілі зақымданған көлік құралының қалдығын сақтандырушының меншігіне өткізеді не өткізуге жарамды тетіктердің, тораптардың, агрегаттардың, материалдардың құнын шегере отырып, сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
10. Сақтандырушы көлік құралына келтірілген зиян мөлшерінің калькуляциясын жасау кезінде бөлшекті ауыстыру қажет болған жағдайда тозуды есепке алмай, жаңа бөлшектің нарықтық құнын келесі жағдайларда қолданады:
1) иесі жеке тұлға болып табылатын көлік құралы бойынша бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:
көлік құралы міндетті техникалық қарап-тексеруге жатпайды;
көлік құралының орташа жылдық жүрісі 15 мың шақырымнан аспайды;
көлік құралының ауыстырылатын бөлігі бұрын бүлінбеген және жөндеуден өтпеген;
2) иесі заңды тұлға болып табылатын көлік құралы бойынша бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
көлік құралы кепілдік қызметінде;
көлік құралының орташа жылдық жүрісі 20 мың шақырымнан аспайды;
көлік құралының ауыстырылатын бөлігі бұрын бүлінбеген және жөндеуден өтпеген.
Бұл жағдайда пайда алушы ауыстырылатын бөлшекті сақтандырушының талабы бойынша сақтандырушының меншігіне береді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.08.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Сақтандыру омбудсманы және сақтандырушылар көлік құралына келтірілген зиян мөлшерінің құнын айқындау кезінде өзінің интернет-ресурсында амортизациялық тозуды есептеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Ескерту. Қағида 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.08.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін айқындау қағидаларына 1-қосымша |
Зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.08.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініш мына мәліметтерді қамтиды:
1) өтініштің келіп түскен күні мен уақыты туралы;
2) мүлік/көлік құралы туралы (маркасы, моделі), мемлекеттік тіркеу нөмірі (кадастрлық нөмірі, сәйкестендіру нөмірі).
Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидаларына 2-қосымша |
Қарап-тексеру акті
1. Зақымданған көлік құралын қарап-тексеру актісін жүргізу және жасау күні, уақыты.
2. Жеке тұлға көлік құралының иесі туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның толық атауы).
3. Көлік құралын қарап-тексеруге ұсынған адам туралы мәлімет:
3.1. тегі, аты, әкесінің аты;
3.2. ЖСН және жеке куәлігінің нөмірі;
3.3. көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат (көлік құралын тіркеу туралы куәлік).
4. Көлік құралы туралы мәлімет:
4.1. VIN;
4.2. көлік құралының маркасы, моделі;
4.3. көлік құралының мемлекеттік нөмірі;
4.4. көлік құралының шығарылған жылы;
4.5. жүрген жолы;
4.6. қосымша жабдық;
4.7. көлік құралында көрсетілген көлік құралының сәйкестендіру нөмірінің (VIN, ол болмаған кезде шанақ немесе рама нөмірінің) суреті;
4.8. одометр суреті (бар болса).
5. Көлік құралының зақымданған элементтері туралы мәліметтер:
5.1. зақымданған бөлшектердің (тораптардың, агрегаттардың) атауы;
5.2. зақымданған жерінің суреті;
5.3. ықтимал жасырын зақымданулар туралы ақпарат (зақымданулардың болжамды жерін және сипатын көрсете отырып).
6. Көлік құралын қарап-тексеруді жүзеге асырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін айқындау қағидаларына 3-қосымша |
Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшері туралы есепті ресімдеу
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.08.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшері туралы есеп мына мәліметтерді қамтиды:
1) титул парағы:
есеп нөмірін;
жасалған күнін;
көлік құралының маркасын, моделін және мемлекеттік тіркеу нөмірін көрсетуді;
объектіні қарап-тексеру күнін;
өтініш берушінің (пайда алушының) толық атауын немесе тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
зиянның мөлшерін анықтайтын сақтандырушы туралы мәліметтерді: толық атауын, БСН, банктік деректемелерін, заңды мекенжайын;
тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, мөрмен (бар болса) және есепті бекітетін тұлғаның қолымен расталады;
жалпы ақпарат және объектінің сипаттамасын қамтиды;
2) есептеу бөлігі:
амортизациялық тозуды есептеуді;
3) тозуды* ескере отырып, ауыстырылатын бөлшектердің құнын көрсетуді, қалпына келтіру жұмыстарының көлемі мен құнын көрсетуді, материалдардың құнын көрсетуді, қалпына келтіру үшін жөндеудің қорытынды құнын көрсетуді;
4) есепке қосымшалар мыналарды қамтиды:
МБҚ-да жасалған калькуляцияны;
объектінің фотосуреттерін;
калькуляция жасау үшін бастапқы деректерді: есептеу жүргізуге арналған өтініш, қарап-тексеру актісі, олардың негізінде есеп жасалған өзге де құжаттар.
2. Құнның жиынтық шамасы Қазақстан Республикасының валютасында (теңгемен) көрсетіледі және жақшаның ішінде соманың жазбаша толық жазылуы бар, теңгеге дейін дөңгелектенген цифр түрінде көрсетіледі.
3. Зиян мөлшері туралы есепте мынадай белгілердің қойылуы көзделеді:
1) зиян мөлшерін есептеудің жүргізілген нәтижелерімен келісу не келіспеу туралы;
2) сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын орындауы кезінде шағымдар мен наразылықтардың болмауы туралы.
4. Зиянның мөлшері туралы есепті сақтандыру ұйымының басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға бекітеді.
5. Есеп қандай да бір өзгерістер енгізуге мүмкіндік бермейтін форматта, қағазда немесе электронды түрде жасалады және пайда алушыға ұсынылады.
*- тозу Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда қолданылмайды.