Қазақстан Республикасы ревматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 наурызда № 13474 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 45 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.03.2023 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ревматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 126 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында ревматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында ревмотологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысанына және ведомствалық тиістілігіне қарамастан амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде пациенттерге ревматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Осы Стандартта пайдаланылатын анықтамалар:

      1) ревматикалық аурулар – оның негізінде дәнекер тіннің жүйелі немесе жергілікті зақымдануы бар аурулар;

      2) ревматологиялық көмек – ревматикалық аурулары бар пациенттерді уақтылы анықтау, емдеу және медициналық оңалту;

      3) пациент – медициналық қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;

      4) бейінді маман – "ревматология" мамандығы бойынша (ересектер, балалар) сертификаты бар жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкері;

      5) медициналық ұйым (бұдан әрі - МҰ) – оның негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

      6) медициналық көмектің сапасы – кәсіби маманның біліктілігіне негізделген дәрігер мен пациенттің өзара әрекеттесу қасиеті;

      7) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) – бұл организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына (соның ішінде еңбек қызметіне қабілеттілігінің шектелу дәрежесі) қажеттіліктерін айқындайтын сарапшылар тобы ;

      8) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) - Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі;

      9) Емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі - Портал) - ТМККК шеңберінде пациенттерді стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесі;

      10) гендік-инженерлік терапия – ревматикалық ауруларды емдеу мақсатында адамның соматикалық жасушаларының генетикалық аппаратына өзгерістер енгізуге бағытталған гендік-инженерлік (биотехнологиялық) (бұдан әрі - ГИБТ) және медициналық әдістердің жиынтығы;

      11) профилактика – аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;

      12) скрининг – ауруларды ерте анықтау мақсатында халықтың нысаналы тобын медициналық қарап-тексеру.

2. Ревматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру

      3. Қазақстан Республикасында ревматикалық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек ТМККК шеңберінде айқындалатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға көрсетілетін медициналық көмек көлемінің медициналық қызметтер тізбесі бойынша көрсетіледі.

      4. Ревматологиялық көмек көрсететін ұйымдардың штаттары "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттарының және штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) бекітілген штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.

      5. Халыққа (ересектер мен балалар) ревматологиялық көмек "Қазақстан Республикасының халқына ревматологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 132 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына ревматологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережеге сәйкес консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6869 болып тіркелген).

      6. Ревматикалық аурулары бар пациенттерге (ересектер, балалар) консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығымен бекітілген Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11958 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 626 бұйрық).

      7. Ревматикалық аурулары бар пациенттерге (ересектер, балалар) стационарлық медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен бекітілген Стационарлық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген).

      8. Пациент МСАК ұйымына алғаш жүгінген кезде МСАК ұйымының тіркеу орнында "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) 025/е нысаны бойынша медициналық бастапқы есепке алу құжаттамасы және 112/е нысаны бойынша баланың даму тарихы ресімделеді.

      9. Ревматикалық ауруы бар пациентке КДК көрсету МСАК дәрігерінің немесе басқа бейінді маманның жолдамасы бойынша ТМККК шеңберінде жүзеге асырылады.

      10. Ревматикалық ауруы бар пациентке КДК-ны "ревматология" мамандығы бойынша дәрігерлер:

      1) аудандық немесе қалалық емханада;

      2) қалалық немесе облыстық консультациялық-диагностикалық орталықта;

      3) республикалық диагностикалық орталықта көрсетеді.

      11. Ревматикалық ауруы бар пациентті КДК көрсетуге жіберу № 626 бұйрықпен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      12. КДК көрсету үшін ревматолог дәрігерге жіберген кезде МСАК дәрігері зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері бар № 907 бұйрықпен бекітілген № 001-4/е нысаны бойынша жолдама ресімдейді.

      13. Көрсетілімдер бойынша ревматикалық аурулардың алғашқы диагностикасы үшін: өзіндік аутоанти денелерді анықтай отырып, тікелей емес иммунофлюоресценция реакциясы, иммунологиялық және молекулярлық-генетикалық тестілер, иммуногистохимиялық зерттеулер жүргізіле отырып, ағзалар мен тіндердің биопсиясы, қос энергетикалы абсорбциялық денситометрия, кеңістіктік жиілігі жоғары магниттік-резонансты және компьютерлік томография, позитрондық-эмиссиялық томография, ангиография, радиоизотоптық сцинтиграфия, инемен электромиография жүргізіледі.

      14. Ревматолог дәрігер КДК көрсеткен кезде пациентті консультацияға жіберген МСАК дәрігеріне жүргізілген зерттеулер мен емдеудің нәтижелері, сондай-ақ № 907 бұйрықпен бекітілген № 071/е нысаны бойынша ревматикалық ауруы бар пациентті одан әрі емдеу жөніндегі ұсынымдар көрсетілген № 086/е нысаны бойынша консультациялық-диагностикалық қорытынды береді.

      15. КДК көрсететін МҰ-ның ревматолог дәрігері № 907 бұйрықпен белгіленген тәртіпте бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді, есептерді ұсынуды қамтамасыз етеді.

      16. МСАК дәрігері консультациялық–диагностикалық қорытынды алғаннан кейін ревматолог дәрігердің ұсынымдары бойынша пациентке одан әрі бақылау жүргізуді жүзеге асырады.

      17. Ревматикалық ауруы бар пациенттерді амбулаториялық деңгейде дәрілік препараттармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Ревматикалық аурулары бар, соның ішінде ГИБТ алатын пациентті стационарлық емдеу үшін медициналық көрсетілімдер болмаған жағдайда диспансерді ревматолог дәрігер, ал ол болмаған кезде учаскелік терапевт, жалпы практика дәрігері, педиатр дәрігер жүзеге асырады.

      19. Стационарда емдеу үшін медициналық көрсетілімдер болған жағдайда ревматикалық ауруы бар пациентті қаланың (облыстың) денсаулық сақтау басқармасы емдеудің жаңа технологияларын пайдалана отырып, мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ММК) жүргізу үшін бейінді денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді.

      20. ММК-ны ревматолог дәрігерлер көп бейінді стационарларда КДК нысанында, ал қажет болған жағдайда - диагностика мен емдеудің арнайы әдістерін талап ететін стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетеді.

      21. Пациенттерді ММК көрсету үшін жолдама беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 986 бұйрығымен бекітілген Мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6711 болып тіркелген) жүргізіледі.

      22. Ревматикалық ауруы бар пациентті стационарлық медициналық көмекті көрсету үшін жоспарлы емдеуге жатқызу пациенттің ТМККК шеңберінде денсаулық сақтау ұйымын еркін таңдау құқығы ескеріліп, Портал арқылы жүзеге асырылады.

      23. ТМККК шеңберінде ревматикалық аурулары бар пациентті стационарға емдеуге жатқызуды тәулік бойғы медициналық байқауға медициналық көрсетілімдер болған кезде:

      1) ревматолог дәрігердің, терапевт дәрігердің, жалпы практика дәрігерінің, педиатр дәрігердің жолдамасы бойынша;

      2) жолдаманың болу-болмауына қарамастан шұғыл көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады.

      24. Пациентті ТМККК шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу үшін МСАК ұйымы:

      1) нозологияға сәйкес клиникалық-диагностикалық, зертханалық, инвазивті емес аспаптық зерттеулердің қажетті тізбесін, қажет болған жағдайда бейінді мамандардың консультациясын жүргізеді;

      2) № 907 бұйрықпен бекітілген № 001-3/е нысаны бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін көрсете отырып, стационарға емдеуге жатқызу жолдамасын ресімдейді;

      3) Портал немесе телефон арқылы Күту парағымен стационарға емдеуге жатқызу күні туралы пациентті хабардар етеді. Емдеуге жатқызу коды бойынша пациент www.bg.eisz.kz сайтында республика стационарларындағы бос төсектер және стационарға өзінің кезегін және қайда емдеуге жатқызу жоспарланып отырғаны туралы ақпаратты қарайды.

      25. Жоспарлы емдеуге жатқызу көрсетілімдері:

      1) диагнозды нақтылау және базалық терапияны таңдау;

      2) ревматикалық аурудың жоғары белсенділігі;

      3) ревматикалық аурудан және жүргізілген дәрілік терапиядан болған асқынулар;

      4) биотехнологиялық препаратты енгізу бастамасы (бастапқы).

      26. Шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызу ревматолог дәрігердің, терапевт дәрігердің, жалпы практика дәрігерінің, педиатр дәрігердің жолдамасы бойынша жедел медициналық жәрдем жолдамасы бойынша, өз бетімен жүгінген кезде және пациентті жеткізудің кез келген тәсілі кезінде тұрғылықты жеріне және бекітілген жеріне қарамастан ТМККК шеңберінде жүзеге асырылады.

      27. Шұғыл емдеуге жатқызу көрсетілімдері:

      1) ревматикалық ауру белсенділігінің жоғары дәрежесі;

      2) базалық терапияны, соның ішінде ГИБТ қабылдап жүрген пациентте ауыр интеркурренттік инфекцияның дамуы;

      3) жүргізілген дәрілік терапиядан ішкі ағзалары мен жүйелердің ауыр зақымдалып ревматикалық аурудың асқынуы.

      28. Ревматикалық ауруы бар пациентке стационарлық деңгейде ревматологиялық көмек көрсету мыналарды қамтиды:

      1) оның жай-күйін анықтау және диагноз қою мақсатында дәрігердің пациентті тексеріп-қарауы;

      2) № 907 бұйрыққа сәйкес медициналық құжаттаманы ресімдеу;

      3) емдік-диагностикалық іс-шараларды жүргізу;

      4) бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкес терапияны таңдау және тағайындау;

      5) көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың консультациясы.

      29. Стационардың қабылдау бөлімшесінде дәрігер қарап-тексергеннен кейін пациенттің немесе оның заңды өкілінің оған медициналық көмек көрсетуге жазбаша келісімі болған кезде, пациент № 907 бұйрықпен бекітілген 003/е нысаны бойынша стационар науқастың картасы толтырылып, ревматологиялық бөлімшеге/төсекке емдеуге жатқызылады.

      30. Алдын ала қойылған ревматикалық ауру бойынша диагноз клиникалық зерттеу деректерінің, аспаптық және зертханалық зерттеу нәтижелерінің негізінде келіп түскен кезден бастап бір тәулік ішінде қойылады.

      31. Ревматикалық аурудың клиникалық диагнозы клиникалық-аспаптық зерттеулердің, зертханалық зерттеу әдістерінің және динамикалық байқау нәтижелерінің негізінде пациент келіп түскен кезден бастап үш тәулік ішінде қойылады.

      32. Өмірлік маңызды функцияларының бұзылуына қауіп төнген жағдайда ревматикалық ауруы бар пациент шұғыл түрде қарқынды терапия палатасына (бөліміне) немесе реанимациялық бөлімшеге емдеуге жатқызылады.

      33. Ревматикалық ауру бар пациентке коморбидтік жай-күй кезінде медициналық көмек көрсету бейінді мамандардың қосымша консультациясын қамтиды.

      34. ГИБТ денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас ревматологынан, бас дәрігердің клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасарынан, пациент бақыланып және емделіп жүрген МҰ емдеуші дәрігерінен құрылған денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен бекітілген медициналық комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.

      35. ГИБТ-ға мұқтаж пациент вирустық гепатитке, адамның иммун тапшылығы вирусына және латенттік туберкулезге зерттеліп-қаралады.

      36. ГИБТ-ға мұқтаж 18 жасқа дейінгі пациент желшешек және пневмококк инфекциясына қарсы вакцина алады.

      37. ГИБТ терапиясына жоспарлы дайындықты ревматолог дәрігер, ал ол болмаған жағдайда учаскелік терапевт, жалпы практика дәрігері, педиатр дәрігер жүргізеді.

      38. Шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызылған кезде, пациент медицина қызметкерінің алып жүруімен стационарға жедел медициналық жәрдем қызметімен немесе амбулаториялық-емханалық ұйымның санитариялық автокөлігімен жеткізіледі.

      39. Ревматикалық ауруы бар жүкті әйелді ММК көрсетуге жіберу қажеттілігі туралы шешімді міндетті түрде ревматолог дәрігердің, акушер гинекологтың қатысуымен дәрігерлердің консилиумы қабылдайды.

      40. Ерте жастағы балаларда ММК көрсетуді қажет ететін ревматикалық ауру белгісі анықталған жағдайда, оның құрылымында балалар ревматологиялық бөлімшесі (ревматологиялық төсектері) және балалар ревматолог дәрігері бар бейінді МҰ-ға жіберіледі.

      41. Стационарлық жағдайда ММК көрсету аяқталғаннан кейін, пациентке жүргізілген зерттеулер мен емдеудің нәтижелері бар стационар науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме № 907 бұйрықпен бекітілген № 027/е нысаны бойынша науқасты қадағалап қараудың одан арғы тактикасы бойынша ұсынымдары бар шығару эпикризі беріледі.

      42. Ревматикалық ауруы бар пациентке ауылдық елді мекендерде ревматологиялық көмекті медициналық пункттерде, дәрігерлік амбулаторияларда, фельдшерлік-акушерлік пункттерде, ауылдық және аудандық емханаларда ревматолог дәрігердің ұсынымдарына сәйкес медицина қызметкерлері көрсетеді.

      43. Уақытша еңбекке жарамсыздық белгілері болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу үшін ревматикалық ауруы бар пациент Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығымен бекітілген Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережеге сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 болып тіркелген) дәрігерлік-консультациялық комиссияға жіберіледі.

      44. Ревматолог дәрігер, ал ол болмаған кезде - терапевт дәрігер, жалпы практика дәрігері, педиатр дәрігер еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын береді және қажет болған жағдайда оны ұзартады, ал еңбекке қабілеттіліктен тұрақты айырылған кезде - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 44 бұйрық) медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі - МӘС) жіберу үшін құжаттарды ресімдеуге қорытынды береді.

      45. Еңбекке қабілеттіліктен тұрақты айырылу дәрежесін белгілеу, куәландыру (қайта куәландыру), сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін белгілеу МӘС жүргізу арқылы № 44 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Об утверждении Стандарта организации оказания ревматологической помощи в Республике Казахстан

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 18 февраля 2016 года № 126. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 марта 2016 года № 13474. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 марта 2023 года № 45

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 28.03.2023 № 45 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 6) пункта 1 статьи 7 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Стандарт организации оказания ревматологической помощи в Республике Казахстан.

      2. Департаменту стандартизации медицинских услуг Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканский центр правовой информации для внесения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного настоящего приказа направление его копии в печатном и электронном виде в одном экземпляре на государственном и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3), и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Биртанова Е.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр здравоохранения


и социального развития


Республики Казахстан

Т. Дуйсенова


  Утвержден
приказом Министра здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан
от 18 февраля 2016 года № 126

CТАНДАРТ
организации оказания ревматологической помощи
в Республике Казахстан
1. Общие положения

      1. Стандарт организации оказания ревматологической помощи в Республике Казахстан (далее – Стандарт) разработан в соответствии с подпунктом 6) пункта 1 статьи 7 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и устанавливает требования организации оказания ревматологической помощи пациентам на амбулаторно-поликлиническом и стационарном уровнях вне зависимости от формы собственности и ведомственной принадлежности.

      2. Определения, используемые в настоящем Стандарте:

      1) ревматические болезни – заболевания, в основе которых лежит системное или локальное поражение соединительной ткани;

      2) ревматологическая помощь – своевременное выявление, лечение и медицинская реабилитация пациентов с ревматической болезнью;

      3) пациент – физическое лицо, являющееся (являвшееся) потребителем медицинских услуг;

      4) профильный специалист – медицинский работник с высшим медицинским образованием, имеющий сертификат по специальности "ревматология" (взрослая, детская);

      5) медицинская организация (далее - МО) – организация здравоохранения, основной деятельностью которой является оказание медицинской помощи;

      6) качество медицинской помощи – свойство взаимодействия врача и пациента, обусловленное квалификацией профессионала;

      7) медико-социальная экспертиза (далее – МСЭ) - группа экспертов, определяющая потребности освидетельствуемого лица в мерах социальной защиты (в том числе степени ограничения способности к трудовой деятельности), включая реабилитацию, на основе оценки ограничений жизнедеятельности, вызванных стойким расстройством функций организма;

      8) гарантированный объем бесплатной медицинской помощи (далее – ГОБМП) – единый по перечню медицинских услуг объем медицинской помощи, оказываемой гражданам Республики Казахстан и оралманам;

      9) Портал Бюро госпитализации (далее – Портал) - единая система электронной регистрации, учета, обработки и хранения направления пациента на плановую госпитализацию в стационар в рамках ГОБМП;

      10) генно-инженерная терапия – совокупность генно-инженерных (биотехнологических) (далее – ГИБТ) и медицинских методов, направленных на внесение изменений в генетический аппарат соматических клеток человека в целях лечения ревматических болезней;

      11) профилактика – комплекс медицинских и немедицинских мероприятий, направленных на предупреждение возникновения заболеваний, прогрессирования на ранних стадиях болезней и контролирование уже развившихся осложнений, повреждений органов и тканей;

      12) скрининг – медицинские осмотры целевых групп населения с целью раннего выявления заболеваний.

2. Организация оказания ревматологической помощи

      3. Медицинская помощь пациентам с ревматической болезнью в Республике Казахстан оказывается в рамках ГОБМП, по перечню медицинских услуг объема медицинской помощи, оказываемой гражданам Республики Казахстан и оралманам.

      4. Штаты организаций, оказывающих ревматологическую помощь, устанавливаются в соответствии со штатными нормативами, утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 апреля 2010 года № 238 "Об утверждении типовых штатов и штатных нормативов организаций здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6173).

      5. Ревматологическая помощь (взрослому и детскому) населению оказывается в форме консультативно-диагностической и (или) стационарной медицинской помощи, в соответствии с Положением о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих ревматологическую помощь населению Республики Казахстан, утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 14 марта 2011 года № 132 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6869).

      6. Консультативно-диагностическая помощь (далее – КДП) пациентам (взрослые, дети) с ревматической болезнью осуществляется в соответствии Правилами оказания консультативно-диагностической помощи, утвержденными приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 июля 2015 года № 626 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11958) (далее – Приказ № 626).

      7. Стационарная медицинская помощь пациентам (взрослые, дети) с ревматической болезнью осуществляется в соответствии с Правилами оказания стационарной помощи, утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 сентября 2015 года № 761 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12204).

      8. При первичном обращении пациента в организацию ПМСП в регистратуре оформляется первичная учетная медицинская документация - медицинская карта амбулаторного больного по форме 025/у и история развития ребенка по форме 112/у, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных и правовых актов за № 6697) (далее – Приказ № 907).

      9. Оказание КДП пациенту с ревматической болезнью осуществляется по направлению врача ПМСП или другого профильного специалиста в рамках ГОБМП.

      10. КДП пациенту с ревматической болезнью оказывается врачами по специальности "ревматология" в:

      1) районной или городской поликлинике;

      2) городском или областном консультативно-диагностическом центре;

      3) республиканском диагностическом центре.

      11. Направление пациента с ревматической болезнью для оказания КДП осуществляется в порядке, определенном Приказом № 626.

      12. При направлении к врачу-ревматологу для оказания КДП врач ПМСП оформляет направление по форме № 001-4/е с результатами лабораторных и инструментальных исследований, утвержденной Приказом № 907.

      13. Для первичной диагностики ревматической болезни по показаниям проводятся: реакция непрямой иммунофлюоресценции с определением специфических аутоантител, иммунологические и молекулярно-генетические тесты, биопсия органов и тканей с проведением иммуногистохимических исследований, двухэнергетическая абсорбционная денситометрия, магнитно-резонансная и компьютерная томография высокого разрешения, позиционно-эмиссионная томография, ангиография, радиоизотопная сцинтиграфия, игольчатая электромиография.

      14. Врач-ревматолог при оказании КДП предоставляет врачу ПМСП, направившему пациента на консультацию, консультативно-диагностическое заключение по форме № 086/у, в котором указывает результаты проведенного обследования и лечения, а также рекомендации по дальнейшему лечению пациента с ревматической болезнью по форме № 071/у, утвержденными Приказом № 907.

      15. Врач-ревматолог, оказывающий КДП, обеспечивает ведение первичных медицинских документов, представление отчетов, в порядке определенном Приказом № 907.

      16. Врач ПМСП осуществляет дальнейшее наблюдение за пациентом после получения консультативно-диагностического заключения по рекомендации врача - ревматолога.

      17. На амбулаторном уровне обеспечение лекарственными препаратами пациентов с ревматической болезнью осуществляется в соответствии с Перечнем лекарственных средств и изделий медицинского назначения для бесплатного обеспечения населения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи на амбулаторном уровне с определенными заболеваниями (состояниями) и специализированными лечебными продуктами, утвержденным приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 ноября 2011 года № 786 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7306).

      18. В случае отсутствия медицинских показаний для стационарного лечения, диспансеризацию пациента с ревматической болезнью, в том числе получающего ГИБТ, осуществляет врач - ревматолог, а при его отсутствии участковый терапевт, врач общей практики, врач педиатр.

      19. При наличии медицинских показаний для стационарного лечения пациент с ревматической болезнью направляется управлением здравоохранения города (области) в профильные организации здравоохранения для проведения специализированной медицинской помощи (далее - СМП) с использованием новейших технологий лечения.

      20. СМП оказывается врачами-ревматологами в многопрофильных стационарах в форме КДП, а при необходимости – стационарной медицинской помощи, требующих специальных методов диагностики и лечения.

      21. Направление пациентов для оказания СМП проводится в соответствии с Правилами оказания специализированной и высокоспециализированной медицинской помощи, утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 20 декабря 2010 года № 986 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6711).

      22. Плановая госпитализация пациента с ревматической болезнью для проведения стационарной медицинской помощи осуществляется с учетом права пациента на свободный выбор организации здравоохранения в рамках ГОБМП через Портал.

      23. Госпитализация пациента с ревматической болезнью в стационар в рамках ГОБМП осуществляется при наличии медицинских показаний для круглосуточного медицинского наблюдения:

      1) по направлению врача-ревматолога, врача-терапевта, врача общей практики, врача педиатра;

      2) по экстренным показаниям вне зависимости от наличия направления.

      24. Для плановой госпитализации пациента в стационар в рамках ГОБМП организация ПМСП:

      1) проводит необходимый перечень клинико-диагностических, лабораторных, инструментальных неинвазивных исследований в соответствии с нозологией, при необходимости консультации профильных специалистов;

      2) оформляет направление по форме 001-3/у, утвержденной Приказом № 907 на госпитализацию в стационар с указанием результатов проведенных исследований;

      3) информирует пациента о дате госпитализации в стационар посредством Листа ожидания через Портал или по телефону. По коду госпитализации пациент просматривает на сайте www.bg.eisz.kz информацию о свободных койках в стационарах республики и свою очередность в стационар, куда планируется его госпитализация.

      25. Показания для плановой госпитализации:

      1) уточнение диагноза и подбор базисной терапии;

      2) высокая активность ревматической болезни;

      3) осложнения, вызванные ревматической болезнью и проводимой лекарственной терапией;

      4) инициация (первое) введение биотехнологического препарата.

      26. Госпитализация по экстренным показаниям осуществляется по направлению врача-ревматолога, врача-терапевта, врача общей практики, врача педиатра, по направлению скорой медицинской помощи, самообращению и при любых других способах доставки пациента, независимо от места жительства и места прикрепления в рамках ГОБМП.

      27. Показания для экстренной госпитализации:

      1) высокая степень активности ревматической болезни;

      2) развитие тяжелой интеркуррентной инфекции у пациента, получающего базисную терапию, в том числе ГИБТ;

      3) осложнения ревматической болезни, проводимой лекарственной терапии с тяжелым поражением внутренних органов и систем.

      28. Ревматологическая помощь пациенту с ревматической болезнью на стационарном уровне включает в себя:

      1) осмотр врачом пациента с целью определения его состояния и установления диагноза;

      2) оформление медицинской документации в соответствии с Приказом № 907;

      3) проведение лечебно-диагностических мероприятий;

      4) подбор и назначение терапии в соответствии с утвержденными клиническими протоколами;

      5) консультацию по показаниям профильных специалистов.

      29. После осмотра врачом в приемном отделении стационара, пациент госпитализируется в ревматологическое отделение/койки с заполнением карты стационарного больного по форме 003/у, утвержденной Приказом № 907, при наличии письменного согласия пациента или его законного представителя на предоставление ему медицинской помощи.

      30. Предварительный диагноз ревматической болезни устанавливается в течение первых суток с момента поступления на основании данных клинического обследования, результатов инструментальных и лабораторных методов исследования.

      31. Клинический диагноз ревматической болезни устанавливается в течение трех суток с момента поступления пациента на основании клинико-инструментального обследования, результатов лабораторных методов исследования и динамического наблюдения.

      32. При угрозе возникновения нарушений жизненно важных функций пациент с ревматической болезнью в экстренном порядке госпитализируется в палату (отделение) интенсивной терапии или реанимационное отделение.

      33. Оказание медицинской помощи пациенту с ревматической болезнью при коморбидных состояниях включает в себя дополнительную консультацию профильных специалистов.

      34. ГИБТ проводится по решению медицинской комиссии в составе: главного внештатного специалиста ревматолога управления здравоохранения, заместителя главного врача по клинической работе, лечащего врача МО, где наблюдается и лечится пациент, утвержденный приказом управления здравоохранения.

      35. Пациент, нуждающийся в ГИБТ, обследуется на вирусные гепатиты, вирус иммунодефицита человека и латентный туберкулез.

      36. Пациент до 18 лет, нуждающийся в ГИБТ, вакцинируется против ветряной оспы и пневмококковой инфекции.

      37. Плановую подготовку к терапии ГИБТ проводит врач-ревматолог, а при его отсутствии участковый терапевт, врач общей практики, врач педиатр.

      38. При госпитализации по экстренным показаниям, пациента доставляют в стационар службой скорой медицинской помощи или санитарным автотранспортом амбулаторно-поликлинической организации в сопровождении медицинского работника.

      39. Решение о необходимости направления беременной женщины с ревматической болезнью для оказания СМП принимает консилиум врачей, с обязательным участием врача-ревматолога, акушера-гинеколога.

      40. У детей раннего возраста при установлении ревматической болезни, при которой необходимо оказание СМП, ребенок направляется в профильную МО, имеющую в своей структуре детское ревматологическое отделение (ревматологические койки) и детского врача - ревматолога.

      41. После завершения оказания СМП в стационарных условиях, пациенту выдается выписной эпикриз из медицинской карты стационарного больного с результатами проведенного обследования и лечения, рекомендациями по дальнейшей тактике ведения больного по форме № 027/у, утвержденной Приказом № 907.

      42. Ревматологическая помощь пациенту с ревматической болезнью в сельских населенных пунктах оказывается медицинскими работниками медицинских пунктов, врачебных амбулаторий, фельдшерско-акушерских пунктов, сельской и районной поликлиниках, в соответствии с рекомендациями врача-ревматолога.

      43. При наличии признаков временной нетрудоспособности пациент с ревматической болезнью направляется для проведения экспертизы временной нетрудоспособности во врачебно-консультативную комиссию в соответствии с Положением о деятельности врачебно-консультативной комиссии, утвержденным приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 5 мая 2015 года № 321 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11310).

      44. Врач-ревматолог, а при его отсутствии, врач-терапевт, врач общей практики, врач педиатр выдает и при необходимости продлевает лист временной нетрудоспособности или справку о временной нетрудоспособности, а при стойкой утрате трудоспособности - дает заключение на оформление документов для направления на медико-социальную экспертизу (далее – МСЭ), в соответствии с Правилами проведения медико-социальной экспертизы, утвержденными приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 44 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных и правовых актов за № 10589) (далее – Приказ № 44).

      45. Установление степени стойкой утраты трудоспособности, освидетельствование (переосвидетельствование), а также определение потребностей освидетельствуемого лица в мерах социальной защиты проводятся путем проведения МСЭ в соответствии с Приказом № 44.