"Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 наурызда № 13490 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 362 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 07.04.2020 № 362 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11483 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) (көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша) арқылы;

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу процессін және оның ұзақтығын сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасауы;

      2) Мемлекеттік корпорация операторларының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және тексеруі – 15 минут;

      3) 1-процесс – қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның операторы Мемлекеттік корпорацияның біріктірілген жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация АЖ АЖО) өзінің логині мен паролін енгізу (авторизациялау процесі) - 30 секунд – 1 минут;

      4) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сауал нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің деректерін енгізуі (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша, басқаша куәландырылған сенімхат бойынша – сенімхат деректері толтырылмайды) - 1,5 минут;

      5) 3-процесс – "электрондық үкімет" шлюзы (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы www.gosreestr.kz "мемлекеттік мүлік тізілімі" веб-порталына (бұдан әрі – мемтізілім) сауалды жолдау - 30 секунд;

      6) 4-процесс – мемлекеттік тізілімде сауалды тексеру (өңдеу) - 0 секунд - 1 минут;

      7) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы мемтізіліммен қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу - 30 секунд;

      8) 6-процесс – Мемлекеттік корпорация АЖ-да қызмет берушінің электрондық құжатын тіркеу - 30 секунд – 1 минут.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында ұсынылған.";

      1 және 2-қосымшалары осы бұйрыққа 1 және 2-ші қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) күнтізбелік бес күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 74 бұйрығына
1-қосымша
  "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен
(сенімгерлік басқарушылармен) жасалған
жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары
бойынша оларға мемлекеттік мүлік
тізілімінен шарт бойынша есептеулер,
өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен
төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын
анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

      Мемлекеттік корпорация арқылы "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



      Шартты белгілер:



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 74 бұйрығына
2-қосымша
  "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен
(сенімгерлік басқарушылармен) жасалған
жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары
бойынша оларға мемлекеттік мүлік
тізілімінен шарт бойынша есептеулер,
өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен
төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын
анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша

      www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


Шартты белгілер:



О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 333 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере учета государственного имущества"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 февраля 2016 года № 74. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 марта 2016 года № 13490. Утратил силу приказом Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 7 апреля 2020 года № 362.

      Сноска. Утратил силу приказом Первого заместителя Премьер-Министра РК – Министра финансов РК от 07.04.2020 № 362 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Приказ утрачивает силу приказом Министра финансов РК от 21.06.2018 № 617 (вводится в действие с 01.01.2020).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 333 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере учета государственного имущества" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11483, опубликованный в информационно–правовой системе "Әділет" 25 августа 2015 года) следующие изменения:

      в регламенте государственной услуги "Выдача из реестра государственного имущества справки арендаторам (доверительным управляющим) государственного имущества по заключенным с ними договорам аренды (доверительного управления), содержащей сведения о начислениях по договору, пени и поступившим платежам в государственный бюджет", утвержденном указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Государственная услуга оказывается Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан (далее – услугодатель).

      Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется через:

      1) Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) (по выбору услугополучателя);

      2) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Описание порядка взаимодействия с Государственной корпорацией и (или) иными услугодателями, а также порядка использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Описание процесса получения результата оказания государственной услуги через Государственную корпорацию и его длительность:

      1) обращение услугополучателя в Государственную корпорацию;

      2) прием и проверка документов услугополучателя операторами Государственной корпорации - 15 минут;

      3) процесс 1 - ввод оператором Государственной корпорации в автоматизированное рабочее место интегрированной системы Государственной корпорации (далее – АРМ ИС Государственная корпорация) своего логина и пароля (процесс авторизации) для оказания услуги - 30 секунд - 1 минута;

      4) процесс 2 - выбор оператором Государственной корпорации, вывод на экран формы запроса для оказания услуги и ввод оператором Государственной корпорации данных услугополучателя, а также данных по доверенности представителя услугополучателя (при нотариально удостоверенной доверенности, при ином удостоверении доверенности – данные доверенности не заполняются)-1,5 минуты;

      5) процесс 3 – направление запроса через шлюз "электронного правительства" (далее – ШЭП) в веб-портал "реестр государственного имущества" www.gosreestr.kz (далее – госреестр) - 30 секунд;

      6) процесс 4 – проверка (обработка) запроса в госреестре - 30 секунд – 1 минута;

      7) процесс 5 – получение услугополучателем через оператора Государственной корпорации результата оказания государственной услуги, сформированного госреестром (не более 30 сек);

      8) процесс 6 – регистрация электронного документа услугодателя в АРМ ИС Государственная корпорация - 30 секунд – 1 минута.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги, а также описание порядка взаимодействия с иными услугодателями и (или) Государственной корпорацией отражается в справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги, согласно приложениям 1 и 2 к настоящему регламенту.";

      приложения 1 и 2 изложить в редакции согласно приложениям 1 и 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан (Утепов Э.К.) обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) в течение пяти рабочих дней со дня получения настоящего приказа от Министерства юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правововой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для размещения в Эталлоном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования.

Министр финансов


Республики Казахстан

Б. Султанов


  Приложение 1
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 19 февраля 2016 года № 74
Приложение 1
к регламенту государственной
услуги "Выдача из реестра
государственного имущества
справки арендаторам
(доверительным управляющим)
государственного имущества
по заключенным с ними
договорам аренды
(доверительного управления),
содержащей сведения о
начислениях по договору,
пене и поступившим платежам
в государственный бюджет"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги "Выдача из Реестра государственного имущества справки
арендаторам (доверительным управляющим) государственного
имущества по заключенным с ними договорам аренды
(доверительного управления), содержащей сведения о начислениях
по договору, пене и поступившим платежам в государственный
бюджет" через Государственную корпорацию





  Приложение 2
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 19 февраля 2016 года № 74
Приложение 2
к регламенту государственной
услуги "Выдача из реестра
государственного имущества
справки арендаторам
(доверительным управляющим)
государственного имущества
по заключенным с ними
договорам аренды
(доверительного управления),
содержащей сведения о
начислениях по договору,
пене и поступившим платежам
в государственный бюджет"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги
"Выдача из Реестра государственного имущества справки
арендаторам (доверительным управляющим) государственного
имущества по заключенным с ними договорам аренды
(доверительного управления), содержащей сведения о начислениях
по договору, пене и поступившим платежам в государственный
бюджет" посредством веб-портала "электронного правительства"
www.egov.kz