"Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 наурызда № 13557 болып тіркелді

      «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарымен жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша қозғалыс кестесi келiсiлген кезде маршрут бойынша деректер осы Қағидалардың
21-тармағына сәйкес тиiстi тiзiлiмге енгiзiледi.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетiлген салмақ  және көлем өлшемдерінен асатын қол жүгiн автобустардың топталу алаңшаларында ғана және белгіленген тарифке сәйкес қосымша ақы үшiн алып жүруге рұқсат етiледi.»;
      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «75. Багаж автомобилiмен тасымалдауға қабылданған багаждың жоғалуын, жетiспеуiн және зақымдануын (бүлiнуiн) анықтау осы Қағидалардың 143-тармағына сәйкес белгiленедi және тасымалдаушының залалды өтеуі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген тәртіпте шешіледі.»;
      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «94. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган өтiнiм тiркелген күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде, осы Қағидалардың 92-тармағында көрсетілген барлық құжаттар болған жағдайда, аумағы бойынша маршрут өтетiн мемлекеттердiң құзыреттi органдарына, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Қағидалардың 92-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды қоса бере отырып маршрут ашуға рұқсат алу туралы өтiнiштi жiбередi.»;
      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «96. Осы Қағидалардың 92-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмесi бiр данада автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органда тiзiлiм жүргiзу үшiн қалдырылады.»;
      101-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Қағидалардың 92-тармағына сәйкес өтiнiмге қоса берiлген құжаттар толық көлемде емес немесе жалған мәлiметтер болса немесе халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттардың уақытын ұзарту үшін өтінімді осы қағидалардың 93-тармағында көрсетілген уақыттарда  ұсынбаған жағдайда;»;
      104-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiгi жасасатын шарттардың көшiрмелерiн осы Қағидалардың 97-тармағында белгiленген мерзiмде ұсынбаған;»;
      104-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) егер маршрутта жолаушылар тасымалдауды тасымалдаушы рұқсат құжаттарының қолданылу кезеңiнде күнтiзбелiк 15 күн бойы орындамаған жағдайда тоқтатылады.»;
      130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «130. Осы Қағидалардың 122-129-тармақтарының шартын орындамаған немесе бұзған жағдайда жол жүру құнын өтеу бойынша даулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген тәртіпте шешіледі.»;
      169-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «169. Конкурсқа қатысушылар үшiн дайындалған конкурстық құжаттама жиынтығының осы Қағидалардың 160-тармағының 1) және
4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттары жергiлiктi атқарушы органның мөрiмен расталады.
      Конкурсқа қатысушыларды тіркеу Конкурс туралы хабарландыру жарияланған күнінен кейінгі күні басталады және оның басталу күнінің алдындағы күнге дейінгі он жұмыс күн ерте аяқталады.»;
      172-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «172. Өтiнiмдердi қабылдау осы Қағидалардың 170-тармағында көзделген өтінімге қосымша толық құжаттар пакеті болған кезде жүргiзiледi. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың 170-тармағына сәйкес келмеген кезде комиссия хатшысы беру күні мен уақытынан бастап 5 жұмыс сағатының ішінде сәйкессіздіктерді көрсете отырып, құжаттарды берген тұлғаны жазбаша хабарландырады.»;
      176-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 170-тармағына сәйкес келмеуі және (немесе) толық еместігі;»;
      194-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «194. Осы Қағидалардың 191-тармағында көрсетілген мерзімдерде тасымалдаушы айқындалмаған жағдайда, маршрутты ұйымдастырушы тасымалдаушы айқындалғанға дейін маршрутқа қызмет көрсетуден бұрын осы маршрутқа қызмет көрсеткен тасымалдаушыға оның келісімімен береді.»;
      280-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «280. Жиналу орнына келген бойдан жүргiзушi тапсырыс берушiнiң осы Қағидалардың 244 және 245-тармақтарында көрсетiлген тасымалдау шарттарын нақты қамтамасыз етуiн тексередi. Егер автобус бойынша ерiп жүрушiлер жоқ болса немесе ерiп жүрушiлер мен балалардың нақты саны автобустағы отырғызу орны санынан асып кетсе, балаларды тасымалдау жүзеге асырылмайды.»;
      351-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «351. Автовокзалдар мен автостанцияларда:
      1) ғимараттарды, ғимаратқа кірер жолдарды, баспалдақтарды, ғимарат ішіндегі қозғалу жолдарын мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қозғалуы үшін ыңғайластыру;
      2) есту мен көру қабілеті бойынша мүгедектерге арналған қолжетімді ақпараттық сигнал беру құрылғыларымен және байланыс құралдарымен жабдықтау;
      3) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың баяу қимылдайтын басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;
      4) жалпы күту залдарында мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдар үшін орындар жабдықталу;
      5) қоғамдық дәретханаларды мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықтау;
      6) мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға қызмет көрсету үшін арнайы бейімделген билет кассаларымен жабдықтау;
      7) мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдар үшін мамандандырылған таксофондар (телефондар) орнату;
      8) өзге автокөлік құралдары қойылмайтын мүгедектердің автокөлік құралдарын қоюға арналған арнайы жол белгілері орнатылған тегін тұрақ орындарын бөлу қамтамасыз етіледі.
      Егер тұрақ орындарының саны:
      онға дейін қоса алғанда болса – мүгедектің арнайы автокөлік құралын қою үшін бір орын;
      оннан астам болса мүгедектің арнайы автокөлік құралын қою үшін тұрақ орындарының жалпы санының кемінде он пайызы бөлінеді.
      Бұл ретте, егер есептеу қорытындылары бойынша тұрақ орындарының саны 0,5-тен бастап және жоғары бөлшек мәнді құраса, мұндай мән бүтін бірліктерге дейін дөңгелетіледі.»;
      мынадай редакцияда 351-1-тармақпен толықтырылсын:
      «351-1. Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде осы Келісімнің 351-тармағының 2) тармақшасы талабы қамтамасыз етіледі.».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы                          Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі
      ________________ Т. Дүйсенова
      2016 жылғы 26 ақпан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ____________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы «___» _______

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2016 жылғы 29 ақпан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ______________ Қ. Қасымов
      2016 жылғы 18 ақпан

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом"

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 115. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 марта 2016 года № 13557

      В соответствии с пунктом 1 статьи 43-1 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11550, опубликованный 15 июля 2015 года в информационно-правовой системе «Әділет») следующие изменения и дополнение:
      в Правилах перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом, утвержденных указанным приказом:
      пункт 20 изложить в следующей редакции:
      «20. При согласовании местными исполнительными органами области расписаний движений по маршрутам регулярных межрайонных (междугородных внутриобластных) и пригородных автомобильных перевозок пассажиров и багажа, данные по маршруту включаются в соответствующий реестр, согласно пункту 21 настоящих Правил.»;
      пункт 34 изложить в следующей редакции:
      «34. Провоз ручной клади, превышающего весовые и габаритные размеры, указанные в пункте 33 настоящих Правил, разрешается только на накопительных площадках автобусов и за дополнительную плату, в соответствии с установленным тарифом.»;
      пункт 75 изложить в следующей редакции:
      «75. Определение утраты, недостачи и повреждения (порчи) багажа, принятого к перевозке багажным автомобилем, определяется согласно пункту 143 настоящих Правил и размеры возмещения перевозчиком ущерба разрешаются в порядке, установленном гражданским законодательством Республики Казахстан.»;
      пункт 94 изложить в следующей редакции:
      «94. Уполномоченный орган в области автомобильного транспорта в течение 15 рабочих дней со дня регистрации заявки, при условии наличия всех документов предусмотренных в пункте 92 настоящих Правил, направляет компетентным органам государств, по территории которых пролегает маршрут, ходатайство о получении Разрешения на открытие маршрута с приложением к нему документов, указанных в подпунктах 7), 8) и 9) пункта 92 настоящих Правил, если иное не предусмотрено международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.»;
      пункт 96 изложить в следующей редакции:
      «96. Копии документов, предусмотренных в подпунктах 7), 8) и 9)  пункта 92 настоящих Правил, в одном экземпляре остаются в уполномоченном органе в области автомобильного транспорта для ведения реестра.»;
      подпункт 1) пункта 101 изложить в следующей редакции:
      «1) документы, прилагаемые к заявке в соответствии с пунктом 92 настоящих Правил, представлены не в полном объеме или содержат недостоверные данные или непредставления заявки на продление срока действия разрешительных документов на международные перевозки с необходимыми документами, в сроки установленные пунктом 93 настоящих Правил;»;
      подпункт 4) пункта 104 изложить в следующей редакции:
      «4) непредставления в сроки, установленные пунктом 97 настоящих Правил, копий договоров, заключаемых между перевозчиком и администрацией автовокзалов, автостанций, пунктов обслуживания пассажиров;»;
      пункт 130 изложить в следующей редакции:
      «130. В случае не выполнения или нарушения условий пунктов 122-129 настоящих Правил, споры по возмещению стоимости проезда разрешаются в порядке, установленном гражданским законодательством Республики Казахстан.»;
      пункт 169 изложить в следующей редакции:
      «169. Документы, указанные в подпунктах 1) и 4) пункта 160 настоящих Правил, комплекта конкурсной документации, подготовленного для участников Конкурса, заверяются печатью местного исполнительного органа.
      Регистрация участников Конкурса начинается после дня публикации объявления о Конкурсе и завершается за десять рабочих дней до дня его начала.»;
      пункт 172 изложить в следующей редакции:
      «172. Прием заявок производится при наличии полного пакета документов прилагаемого к заявке, предусмотренного пунктом 170 настоящих Правил. При несоответствии заявки и прилагаемых к ним документов согласно пункту 170 настоящих Правил,
      секретарем комиссии в течение 5 рабочих часов со времени и даты подачи, письменно уведомляется лицо, подавшее документы, с указанием несоответствий.»;
      подпункт 1) пункта 176 изложить в следующей редакции:
      «1) неполноты и (или) несоответствия пункту 170 настоящих Правил представленных документов;»;
      пункт 194 изложить в следующей редакции:
      «194. При неопределении перевозчика в сроки, указанные в пункте 191 настоящих Правил, до определения перевозчика, обслуживание маршрута передается организатором маршрута перевозчику, обслуживавшему ранее данный маршрут с его согласия.»;
      пункт 280 изложить в следующей редакции:
      «280. По прибытии на место сбора, водитель проверяет фактическое обеспечение заказчиком условий перевозки, указанных в пунктах 244 и 245 настоящих Правил. В случае, если сопровождающий по автобусу отсутствуют или фактическое количество детей вместе с сопровождающими превышает количество посадочных мест в автобусе, перевозка детей не осуществляется.»;
      пункт 351 изложить в следующей редакции:
      «351. В автовокзалах и автостанциях обеспечиваются:
      1) приспособление зданий, входа в здание, лестниц, путей движения внутри здания для передвижения лиц, перемещающихся инвалидными кресло-колясками;
      2) оборудование информационными сигнальными устройствами и средствами связи, доступными для инвалидов по слуху и зрению;
      3) наличие дежурной инвалидной кресло-коляски для обслуживания инвалидов с нарушениями опорно-двигательного аппарата и других маломобильных групп населения;
      4) оборудование мест для лиц, перемещающихся на инвалидных кресло-колясках в общем зале ожидания;
      5) оборудование общественных туалетов кабинами для лиц, перемещающихся инвалидными кресло-колясками;
      6) оборудование специализированных билетных касс для обслуживания лиц, перемещающихся на инвалидных кресло-колясках;
      7) установления специализированных таксофонов (телефонов) для лиц, перемещающихся на инвалидных кресло-колясках;
      8) выделение бесплатных стояночных мест для парковки автотранспортных средств инвалидов, с установкой специальных дорожных знаков, которые не должны занимать иные автотранспортные средства.
      В случаях, если количество стояночных мест составляет:
      до десяти включительно - выделяется одно место для парковки специального автотранспортного средства инвалида;
      более десяти - не менее десяти процентов для парковки специального автотранспортного средства инвалида от общего количества стояночных мест.
      При этом, если по итогам расчета количество стояночных мест составит дробное значение от 0,5 и выше, такое значение округляется до целых единиц.»;
      дополнить пунктом 351-1 в следующей редакции:
      «351-1. В пунктах обслуживания пассажиров обеспечивается соблюдения требования подпункта 2) пункта 351 настоящих Правил.».
      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Асавбаев А.А.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2)направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему «Әділет» в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение десяти календарных дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на
курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики
Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      Министра по инвестициям и развитию
      Республики Казахстан                       Ж. Касымбек

«СОГЛАСОВАН»
Министр здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан
_____________ Т. Дуйсенова
26 февраля 2016 года

«СОГЛАСОВАН»
Министр финансов
Республики Казахстан
_____________ Б. Султанов
«__»________ 2016 год

«СОГЛАСОВАН»
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
_____________ Е. Досаев
29 февраля 2016 год

«СОГЛАСОВАН»
Министр внутренних дел
Республики Казахстан
_____________ К. Касымов
18 февраля 2016 год