Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 сәуірде № 13613 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 29.03.2023 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағын, 3-тармағының 10-1), 11) тармақшаларын іске асыру мақсатында және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының, "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының талаптарын орындау үшін, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 22) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 29.03.2023 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 29.03.2023 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жариялануын;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 24 наурыздағы
№ 49 бұйрығымен
бекітілген

Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 29.03.2023 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 10-1) және 11) тармақшаларында (бұдан әрі – арнайы есепке алу) көзделген арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық және оларға теңестірілген органдарының (бұдан әрі – аумақтық органдар) бастықтары арнайы есепке алу мәліметтерінің уақтылы енгізілуін, толықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді.

2-тарау. Арнайы есепке алуды жүргізу тәртібі

      3. Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны және экстремизм жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды арнайы есепке алу үшін соттың заңды күшіне енген үкімдері (бұдан әрі – адамдарды арнайы есепке алу) негізінде жүзеге асырылады.

      4. Адамдарды арнайы есепке алу осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны және экстремизм жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдардың (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 30) және 39) тармақтары) Комитеттің ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – электрондық журнал) жүргізеді.

      5. Электрондық журнал Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдардың, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық алфавиттік есепке алу карточкалары негізінде қалыптастырылады.

      6. "Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" (бұдан әрі – 1-ЭТ есебі) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 12 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31687 болып тіркелген) бекітілген, адамдарды арнайы есепке алудың толықтығын және олардың мәліметтерін уақтылы енгізуді қамтамасыз ету мақсатында Комитеттің аумақтық органдары тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін электрондық журналдың мәліметтерін "Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ нысанды есептің көрсеткіштерімен салыстырып тексеруді жүргізеді.

      Салыстыру нәтижелері адамдардың арнайы есебін жүргізуге және № 1-ЭТ есебін қалыптастыруға жауапты бөлімшелерінің бастықтары бекітетін актімен рәсімделеді.

      Қылмыстық қудалау органдарының орталық аппараттың іс жүргізуіндегі қылмыстық істері бар адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін салыстырып тексеруді Комитеттің қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жердегі аумақтық органы жүргізеді.

      7. Сот экстремистік және террористік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдарды арнайы есепке алу үшін (бұдан әрі – ұйымдар мен материалдарды арнайы есепке алу) соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болып табылады.

      8. Арнайы есепке алуды Комитет сот террористік және экстремистік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдарды электрондық тізімдері (бұдан әрі – электрондық тізім) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      9. Электрондық тізімді Комитет соттардың заңды күшіне енген шешімдері мен осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар негізінде қалыптастырады.

      10. Комитеттің аумақтық органдары сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комитетке PDF форматында мынадай материалдарды жібереді:

      1) ақпараттық материалдарды экстремистік және террористік деп тану, оларды Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, онда басып шығаруға және таратуға тыйым салу туралы арыз;

      2) осы ақпараттық материалдар бойынша сараптамалық қорытынды;

      3) сот шешімі.

      11. Комитет сот шешімі мен осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген материалдар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың кескінінің анықтығы мен оқылуының жеңілдігіне тексеру жүргізеді.

      Осы тармақтың талаптары бұзылған жағдайда Комитет бұзушылықтарды жою үшін оларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде аумақтық органдарына қайтарылады.

      12. Комитет тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін электрондық тізімнің мәліметтерін № 1-ЭТ есептің көрсеткіштерімен салыстырып тексереді.

      Салыстыру нәтижелері ұйымдардың арнайы есебін жүргізуге және 1-ЭТ есебін қалыптастыруға жауапты бөлімшелердің бастықтары бекітетін актімен рәсімделеді.

3-тарау. Арнайы есепке алу мәліметтерін пайдалану және сақтау

      13. Электрондық тізімдер Комитеттің ресми сайтында орналастырылады және Комитет осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген тексеру аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде толықтырылады.

      14. Арнайы есепке алу мәліметтері сұрау салынатын адамдарға (бұдан әрі – сұрау салудың бастамашысы) қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдарға, мекемелерге және өзге де ұйымдарға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету кезінде пайдаланылады.

      15. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларының (бұдан әрі – № 29 Қағида) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) бекітілген, сұрау салудың бастамашысы өтеусіз негізде жүргізу Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес "Жеке тұлғаға электрондық нысанда мәлімет алу үшін пайдаланушының нұсқаулығын" пайдалана отырып, Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен және (немесе) Комитеттің ақпараттық сервисі арқылы электрондық форматтағы арнайы есепке алу мәліметтерін талап етеді.

      16. Талапты сұрау салудың бастамашысы тексерілетін адамдардың тізімі қоса беріле отырып, электрондық құжат нысанында болмаса бірыңғай транспорттық орта болмаған жағдайда қағаз тасымалдағышта басшысының немесе оның орнын алмастырушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен жіберіледі.

      Ілеспе хатта оларға тексеру құқығын беретін нормативтік құқықтық актіге сілтеме көрсетіледі.

      Осы ереже жедел-іздестіру қызметін, тергеуді (анықтауды), жазаның орындалуын, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының соттарына, көші-қон полициясының бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының рұқсатнама жүйесіне және қорғаныс істері органдарына қолданылмайды.

      17. Талап әрбір тексерілетін адамға бөлек құрастырылады. Тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), туған күнін өзгерткен адамға талапты толтырған кезде бұрынғы және өзгертілген сауалнамалық деректері көрсетіледі.

      18. Электрондық құжат нысанындағы талаптар (бұдан әрі – электрондық талаптар) "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімделеді.

      Талапта барлық деректемелер толтырылуға жатады, тексерілетін адамның сауалнамалық деректерінің біреуі болмаған жағдайда тиісті деректеме толтырылмайды. Туған жылы, күні, айы және туылған жері толық көрсетілуге жатады. Егер туған күні, айы белгісіз болса, онда тиісті бағанға "00" жазбасы жазылады.

      Тексерілетін адамның жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда мәліметтер "Жеке тұлға" Мемлекеттік деректер банкі арқылы толтырылады.

      19. № 29 Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағыштағы талапта барлық деректемелер толтырылуға жатады. Тексеруші адамға қатысты сауалнамалық деректемелердің бірі болмаған жағдайда, тиісті деректемеде "жоқ" жазбасы жазылады.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) анық, баспа, біріншісі бас әріппен жазылады. Туған күні мен туған жері толық көрсетілеуі тиіс. Егер туған күні немесе айы белгісіз болса, тиісті бағанға "00" жазбасы жазылады.

      20. Комитетке және оның аумақтық органдарына осы Қағидалардың 16, 17, 19-тармақтары бұзылып рәсімделген талаптарды ұсыну, одан бас тартуға және сұрау салған бастамашыға орындаусыз қайтаруға негіз болып табылады.

      Факс байланысы арналары арқылы келіп түскен сұрау салулар, сондай-ақ халықаралық келісім шарттармен белгіленген тәртіпті бұзған шетел мемлекеттерінің сұрау салулары орындалмайды.

      Азаматтардың, сондай-ақ тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға уәкілетті емес мекемелер мен ұйымдардың талаптар бланкілерінде рәсімделген сұрау салулары тексерілмейді және орындаудан бас тарту себептері мен есепке алуға жүгіну тәртібі түсіндіріле отырып, бастамашыға орындаусыз кері қайтарылады.

      21. Сұрау салудың бастамашысына тексеру күніне Комитетте және оның аумақтық органдарында бар тексерілетін тұлғаға қатысты арнайы есепке алу мәліметтері беріледі.

      22. Қағаз тасымалдағыштағы талаптар 5 (бес) жұмыс күні ішінде орындалады. Электрондық талаптар 3 (үш) жұмыс күні ішінде, ал қосымша тексеру жүргізу қажет еткен жағдайда, 5 (бес) жұмыс күні ішінде орындалады.

      Жергілікті әскери басқару органдарының Қағаз тасымалдағыштағы талаптар мемлекеттік ақпараттық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындалады.

      Талаптардың Комитетке және оның аумақтық органдарына келіп түскен күні оны орындаудың мерзіміне кірмейді.

      Егер электрондық талаптарды өңдеу барысында тиісті мемлекеттік органдарға немесе мекемелерге қосымша сұрау салулар жібере отырып, қабылданған процестік шешім туралы мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда, сұрау салудың бастамашысына аралық жауап жіберіледі, онда 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін электрондық талапты қайта рәсімдеу қажеттігі туралы хабарланады.

      23. Тексеру нәтижелері № 29 Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мөр қоя отырып талаптарда көрсетіледі. Электрондық цифрлық қолтаңба қойылған, ақпараттық жүйелер арқылы жіберілген электрондық талаптар бұларға қосылмайды.

      24. Тексерілетін адам арнайы есепке алуда тұрған адам болып табылатынына және сауалнамалық деректердің бұрмалануы қатенің немесе терудің салдарынан орын алды деп пайымдауға негіз беретін арнайы есепке алуда тексерілетін адаммен ұқсас сауалнамалық деректері бар адам анықталған кезде (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күнінде сәйкессіздіктер болған кезде) мәліметтер "... мәліметтер бар" белгімен беріледі.

      Тексерілушінің арнайы есепке алуда тұрған адамның іс-әрекетіне қатыстылығын сұрау салған бастамашысы анықтайды.

      25. Комитет және оның аумақтық органдары ұсынған мәліметтерді сұрау салулардың бастамашылары қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолдануы тиіс.

      26. Комитет мәліметтерді тұлғалардың арнайы есебіне қойған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      27. Растайтын құжаттары бар ақпараттық оқу құжаттарын, журналды сақтау мерзімдері № 29 Қағидалардың 11-қосымшасында көзделген.

      Растайтын құжаттары бар электрондық тізімдер тұрақты сақтау мерзіміне жатады.

  Террористік іс-әрекетті жүзеге
асырғаны үшін жауаптылыққа
тартылған адамдарды, сондай-ақ
cот террористік деп таныған
ұйымдарды және ақпараттық
материалдарды және
экстремизмді жасағаны үшін
жауаптылыққа тартылған
адамдарды, сондай-ақ cот
экстремистік деп таныған
ұйымдарды және ақпараттық
материалдарды арнайы есепке
алуды жүргізу, пайдалану және
сақтау қағидаларына
қосымша

      нысан

Террористік іс-әрекетті және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдардың электрондық журналы

Тегі

Аты

Әкесінің аты (ол бол-ған кезде)

Туған күні

Жеке сәйкес-тендіру нөмірі

Жеке басын куәландыра-тын құжаттың серия-сы, нөмірі

Қыл-мыс-тық істің нөмірі

Сот атауы

Үкім (қау-лы) шығарылған күн

Соттау бабы

Жазаның негіз-гі шара-сы

Үкімнің (қау-лы-ның) заң-ды күші-не ену күні

Облыс коды

Облыс атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


Об утверждении Правил ведения, использования и хранения специальных учетов лиц, привлеченных к ответственности за осуществление террористической деятельности, а также организаций и информационных материалов, признанных судом террористическими, и лиц, привлеченных к ответственности за совершение экстремизма, а также организаций и информационных материалов, признанных судом экстремистскими

Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 24 марта 2016 года № 49. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 апреля 2016 года № 13613.

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа Генерального Прокурора РК от 29.03.2023 № 78 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации подпунктов 10-1), 11) пункта 3, пункта 4 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О государственной правовой статистике и специальных учетах" и во исполнение требований статьи 12-1 Закона Республики Казахстан "О противодействии терроризму", статьи 9 Закона Республики Казахстан "О противодействии экстремизму", статьи 12 Закона Республики Казахстан "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма", руководствуясь подпунктом 22) статьи 9 Конституционного закона Республики Казахстан "О прокуратуре" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Генерального Прокурора РК от 29.03.2023 № 78 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения, использования и хранения специальных учетов лиц, привлеченных к ответственности за осуществление террористической деятельности, а также организаций и информационных материалов, признанных судом террористическими, и лиц, привлеченных к ответственности за совершение экстремизма, а также организаций и информационных материалов, признанных судом экстремистскими.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Генерального Прокурора РК от 29.03.2023 № 78 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      2. Комитету по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее - Комитет) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканском государственном предприятии на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для размещения в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Председателя Комитета.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа и.о. Генерального Прокурора РК от 02.07.2020 № 82 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Генеральный Прокурор


Республики Казахстан

А. Даулбаев


  Утверждены приказом
Генерального Прокурора
Республики Казахстан
от 24 марта 2016 года № 49

Правила ведения, использования и хранения специальных учетов лиц, привлеченных к ответственности за осуществление террористической деятельности, а также организаций и информационных материалов, признанных судом террористическими, и лиц, привлеченных к ответственности за совершение экстремизма, а также организаций и информационных материалов, признанных судом экстремистскими

      Сноска. Правила - в редакции приказа Генерального Прокурора РК от 29.03.2023 № 78 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения, использования и хранения специальных учетов лиц, привлеченных к ответственности за осуществление террористической деятельности, а также организаций и информационных материалов, признанных судом террористическими, и лиц, привлеченных к ответственности за совершение экстремизма, а также организаций и информационных материалов, признанных судом экстремистскими (далее - Правила) определяют порядок ведения, использования и хранения сведений специальных учетов, предусмотренных подпунктами 10-1) и 11) пункта 3 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О государственной правовой статистике и специальных учетах" (далее – специальные учеты).

      2. Начальники территориальных и приравненных к ним органов (далее – территориальные органы) Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее – Комитет) обеспечивают своевременность ввода, полноту и достоверность сведений специальных учетов.

Глава 2. Порядок ведения специальных учетов

      3. Основанием для постановки на специальный учет лиц, привлеченных к ответственности за осуществление террористической деятельности и за совершение экстремизма, является вступивший в законную силу приговор суда (далее – специальный учет лиц).

      4. Специальный учет лиц осуществляется Комитетом и его территориальными органами путем ведения электронного журнала лиц, привлеченных к ответственности за осуществление террористической деятельности и совершение экстремизма (пункты 30) и 39) статьи 3 Уголовного кодекса Республики Казахстан) по форме согласно приложения к настоящим Правилам (далее – электронный журнал) в информационной системе Комитета.

      5. Электронный журнал формируется на основании электронных алфавитных учетных карточек по форме согласно приложению 1 к Правилам ведения, использования и хранения специальных учетов лиц, совершивших уголовные правонарушения, привлеченных и привлекаемых к уголовной ответственности и дактилоскопического учета задержанных, содержащихся под стражей и осужденных лиц, утвержденных приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 29 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 16667).

      6. В целях обеспечения полноты специального учета лиц и своевременности ввода их сведений территориальные органы Комитета ежеквартально до 10 числа месяца, следующего за отчетным периодом, проводит сверку сведений электронного журнала с показателями отчета формы № 1-ЭТ "О правонарушениях, связанных с экстремизмом и терроризмом и о состоянии прокурорского надзора", утвержденного приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 9 января 2023 года № 12 "Об утверждении формы отчета № 1-ЭТ "О правонарушениях, связанных с экстремизмом и терроризмом и о состоянии прокурорского надзора" и Инструкции по его формированию" (далее – отчет 1-ЭТ) (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 31687).

      Результаты сверки оформляются актом, который утверждается начальниками подразделений, ответственных за ведение специальных учетов лиц, и формирование отчета № 1-ЭТ.

      Сверки сведений специальных учетов лиц, уголовные дела, в отношении которых находятся в производстве центрального аппарата органов уголовного преследования, проводит территориальный орган Комитета по месту совершения уголовного правонарушения.

      7. Основанием для постановки на специальный учет организаций и информационных материалов, признанных судом экстремистскими и террористическими (далее – специальный учет организаций и материалов), является вступившее в законную силу решение суда.

      8. Специальный учет организаций и материалов осуществляется Комитетом путем ведения электронных списков организаций и информационных материалов, признанных судом террористическими и экстремистскими (далее – электронный список).

      9. Электронный список формируется Комитетом на основании вступивших в законную силу решений судов и документов, предусмотренных пунктом 10 настоящих Правил.

      10. Территориальные органы Комитета в течение 3 (трех) рабочих дней с момента вступления в законную силу решения суда направляют в Комитет следующие материалы в формате PDF:

      1) заявление о признании информационных материалов экстремистскими и террористическими, запрете их ввоза, издания и распространения на территории Республики Казахстан;

      2) экспертное заключение по данным информационным материалам;

      3) судебное решение.

      11. Комитет в течение 3 (трех) рабочих дней с момента поступления судебного решения и материалов, перечисленных в пункте 10 настоящих Правил, проводит их проверку на четкость изображения и легкость читаемости.

      В случае нарушения требований настоящего пункта Комитет возвращает их в территориальные органы для устранения нарушений в течение 5 (пяти) рабочих дней.

      12. Комитет ежеквартально до 10 числа месяца, следующего за отчетным периодом, проводит сверку сведений электронного списка с показателями отчета № 1-ЭТ.

      Результаты сверки оформляются актом, который утверждается начальниками подразделений, ответственных за ведение специального учета организаций, и формирование отчета 1-ЭТ.

Глава 3. Использование и хранение сведений специальных учетов

      13. Электронные списки размещаются на официальном сайте Комитета и пополняются в течение 3 (трех) рабочих дней с момента завершения Комитетом проверки, предусмотренной пунктом 11 настоящих Правил.

      14. Сведения специального учета используются при информационно-справочном обслуживании государственных органов, учреждений и иных организаций, уполномоченных на осуществление проверочных мероприятий в отношении запрашиваемых лиц (далее – инициатор запроса).

      15. Инициатор запроса на безвозмездной основе истребует сведения специального учета в электронном формате посредством Системы информационного обмена правоохранительных, специальных государственных и иных органов и (или) информационного сервиса Комитета с использованием "Руководства пользователя для получения сведений на физическое лицо в электронном формате" согласно приложению 15 к Правилам ведения, использования и хранения специальных учетов лиц, совершивших уголовные правонарушения, привлеченных и привлекаемых к уголовной ответственности и дактилоскопического учета задержанных, содержащихся под стражей и осужденных лиц, утвержденных приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 февраля 2018 года № 29 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 16667) (далее – Правила № 29).

      16. Инициатор запроса требования направляет в форме электронного документа либо в случае отсутствия единой транспортной среды на бумажном носителе с сопроводительным письмом за подписью его руководителя либо лица его замещающего, с приложением списка проверяемых лиц.

      В сопроводительном письме указывается ссылка на нормативный правовой акт, наделяющий их правом проверки.

      Данное положение не распространяется на государственные органы, осуществляющие оперативно-розыскную деятельность, следствие (дознание), исполнение наказания, контрразведывательную деятельность, суды Республики Казахстан, подразделения миграционной службы, разрешительной системы органов внутренних дел Республики Казахстан и органы по делам обороны.

      17. Требование составляется отдельно на каждое проверяемое лицо. При заполнении требования на лицо, изменившее фамилию, имя, отчество (при его наличии), дату рождения, указываются прежние и измененные анкетные данные.

      18. Требования в форме электронного документа (далее – электронные требования) оформляются в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об электронном документе и электронной цифровой подписи".

      В требовании подлежат заполнению все реквизиты, в случае отсутствия у проверяемого лица одного из анкетных данных соответствующий реквизит не заполняется. Полному указанию подлежат дата и место рождения. Если неизвестно число или месяц рождения, то в соответствующие графы вносится запись "00".

      В случае наличия у проверяемого лица индивидуального идентификационного номера сведения заполняются через Государственный банк данных "Физические лица".

      19. В требовании на бумажном носителе по форме согласно приложению 16 к Правилам № 29 подлежат заполнению все реквизиты. В случае отсутствия у проверяемого лица одного из анкетных данных в соответствующем реквизите вносится запись "не имеет".

      Фамилия, имя, отчество (при его наличии) пишутся разборчиво, печатными буквами, с первой заглавной буквы. Полному указанию подлежат дата и место рождения. Если неизвестно число или месяц рождения, то в соответствующие графы вносится запись "00".

      20. Предоставление в Комитет и его территориальные органы требований на бумажных носителях, оформленных в нарушение пунктов 16, 17, 19 настоящих Правил, является основанием для отказа и возвращения без исполнения инициатору запроса.

      Запросы, поступившие по каналам факсимильной связи, а также запросы иностранных государств, представленные с нарушением установленного международными договорами порядка, не подлежат исполнению.

      Запросы граждан, а также учреждений и организаций, не уполномоченных на осуществление проверочных мероприятий, оформленные на бланках требований, проверке не подлежат и возвращаются инициаторам без исполнения, с разъяснением причин отказа в исполнении и порядка обращения к учетам.

      21. Инициатору запроса предоставляются все имеющиеся в Комитете и его территориальных органах на день проверки сведения специального учета в отношении проверяемого лица.

      22. Требования на бумажных носителях исполняются в течение 5 (пяти) рабочих дней. Электронные требования исполняются в течение 3 (трех) рабочих дней, в случае необходимости проведения дополнительной проверки в течение 5 (пяти) рабочих дней.

      Требования на бумажных носителях местных органов военного управления при отсутствии взаимодействия между государственными информационными системами, исполняются в течение 3 (трех) рабочих дней.

      День поступления требований в Комитет и его территориальные органы не входит в срок их исполнения.

      Если, в ходе обработки электронных требований, потребуется уточнение сведений о принятом процессуальном решении, с направлением дополнительных запросов в соответствующие государственные органы или учреждения, инициатору запроса направляется промежуточный ответ, где сообщается о необходимости повторного оформления электронного требования по истечении 10 (десяти) рабочих дней.

      23. Результаты проверки отражаются на требовании с проставлением штампов по форме согласно приложению 17 к Правилам № 29. Исключением являются электронные требования, направленные посредством информационных систем, подписанные электронной цифровой подписью.

      24. При обнаружении на специальном учете лица, имеющего схожие анкетные данные с проверяемым лицом (расхождения в фамилии, имени и отчества (при его наличии), дате рождения), дающих основание полагать, что проверяемое лицо является лицом, состоящим на специальном учете, и искажение анкетных данных произошло вследствие ошибки или опечатки, сведения выдаются с отметкой "имеются сведения на …".

      Причастность проверяемого к деянию лица, состоящего на специальном учете, устанавливается инициатором запроса.

      25. Сведения, представленные Комитетом и его территориальными органами, подлежат использованию инициаторами запросов в соответствии с действующим законодательством.

      26. Комитет в течение 3 (трех) рабочих дней с момента постановки сведений на специальный учет лиц направляет их в уполномоченный орган по финансовому мониторингу.

      27. Сроки хранения информационных учетных документов с подтверждающими документами, журнала предусмотрены в приложение 11 к Правилам № 29.

      Электронные списки с подтверждающими документами подлежат постоянному сроку хранению.

  Приложение
к Правилам ведения, использования
и хранения специальных учетов лиц,
привлеченных к ответственности
за осуществление террористической
деятельности, а также организаций
и информационных материалов,
признанных судом террористическими,
и лиц, привлеченных к ответственности
за совершение экстремизма, а также
организаций и информационных
материалов, признанных судом
экстремистскими
  форма

            Электронный журнал лиц, привлеченных к ответственности за
            осуществление террористической деятельности и экстремизма

Фа
ми
лия
Имя От
чест
во
(при
его
нали
чии)
Да
та
рож
де
ния
И инди
видуаль
ный иденти
фика
ционный номер
Серия,
номер
до
кумен
та
удосто
веряю
щего
лич
ность
Номер уго
лов
ного
дела
Наи
ме
нова
ние
суда
Дата
выне
сения
приго
вора
(поста
нов
ления)
Статья
осужде
ния
Основ
ная
мера
наказа
ния
Дата
вступ
ления
при
говора
(поста
новле
ния) в
закон
ную силу
Код
облас
ти
Наиме
нова
ние
облас
ти

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14