"Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 303 бұйрығымен бекітілген |
Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің атауы | БСН | Орналасу орны | Байланыс телефоны | Электрондық поштасы, факс | Технологиялық операциялардың түрлері | Құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының түрлері |
1 | "Казцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 970140000211 | Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Промышленная көшесі, 1 үй. | 8 (7232) 291001 | kazzinc@kazzinc.com, 8 (7232) 291355 | қайта өңдеу (байыту, алу); аффинаждау |
өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металдар), мырыш шөгінділері; |
2 | "Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 110440001807 |
Қазақстан Республикасы, Карағанды облысы, Балқаш қаласы, Ленин көшесі, | 8 (71036) 62255 | Dinara.Bo@kazakhmys.kz 8 (71036) 63478 |
қайта өңдеу (байыту, алу); |
өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металдар), мырыш шөгінділері; |
3 | "Тау-Кен Алтын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 091240012920 | Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, А194 көшесі, 1-үй. | 8 (7172) 30 94 24 | info@taukenaltyn.kz 8 (7172) 30 94 24 | аффинаждау |
өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металдар), мырыш шөгінділері; |