Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 сәуірде № 13656 болып тіркелді.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары бекітілсін.

      2. Академияның Ректоры Ұ.С. Байжанов:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 59 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары
академиясында ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-1-бабы 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) магистратурасы және докторантурасында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Академияда білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, Академиядан басқа жоғары оқу орындарына (бұдан әрі – ЖОО), басқа ЖОО-дан Академияға ауыстыру жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Ауыстыру және қайта қабылдаудың міндетті талабы болып алдыңғы академиялық кезеңнің жұмыс оқу жоспарының барлық талаптарының орындалуы және аралық аттестауды тапсыру табылады.

      5. Білім алушыларды курстан-курсқа ауыстыру оқу жылының қорытындысы бойынша (аралық аттестаттау) үлгерімінің орташа балы Академияның Ғылыми кеңесімен ағымдағы оқу жылына белгіленген (GPA) ауысу балынан кем емес және жазғы семестр нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

      6. Білім алушыларды Академиядан басқа ЖОО-на ауыстыру, қабылдаушы білім беру ұйымының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Академияда қайта қабылдау Академияда бұрын білім алған, сондай-ақ басқа ЖОО-да білім алған тұлғалар қатарынан жүзеге асырылады.

      Академиядан немесе басқа ЖОО-дан төмен үлгерімі немесе теріс себептер бойынша бұрын оқудан шығарылған тұлғалар Академияға қайта қабылдауға жатпайды.

      8. Академияға шетелдік білім беру ұйымынан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт);

      2) білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат, ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте, нострификациялау рәсімінен өтеді;

      3) шетелдік білім беру ұйымына түсу кезінде түсу сынақтарының нәтижесі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Академияға ауыстыру және қайта қабылдау тиісті курста бос орын болған жағдайда жүзеге асырылады.

      10. Ауыстыру және қайта қабылдау туралы сұрақ Академия ректорымен кезекті академиялық кезеңнің басталуына дейін, күнтізбелік бес күн аралығында жазғы және қысқы демалыс кезеңінде қаралады.

      11. Ауыстыру және қайта қабылдау кезінде білім алушының және/немесе білім алуға кандидаттың алдыңғы академиялық кезеңде оқыған жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылықтары анықталады.

      Оқу пәндері бойынша айырмашылықты анықтаған кезде қорытынды бақылау нысанындағы айырмашылық ескерілмейді.

      12. Бір бос орынға ауыстыру немесе қайта қабылдауға бірнеше кандидат болған жағдайда, артықшылық үлгерімінің орташа балы (GPA) ең жоғары болған тұлғада болады.

      13. Жұмыс оқу жоспарларының пәндері бойынша академиялық айырмашылықты Академия транскриптте көрсетілген зерделенген пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары және академиялық сағат немесе кредитпен көрсетілген көлемі негізінде айқындайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою білім алушымен Академияның Жоғары оқу орнынан кейін білім беру институтының (бұдан әрі - ЖОКБИ) оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесімен әзірленетін және Академияның жетекшілік ететін проректорымен бекітілген жеке кесте бойынша жүзеге асырылады.

      Білім алушы ағымдағы академиялық кезеңде бақылаудың барлық түрлерін тапсырады және қорытынды бақылауға рұқсат алады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Пән бойынша академиялық айырмашылықты жою кезінде білім алушы қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда қайта тапсыруға жол берілмейді және Академиядан академиялық үлгермегені үшін оқудан шығарылуға жатады.

      16. Академида бос қабылдау орындары туралы ақпарат Академияның интернет-ресурстарында жарияланады.

2. Ауыстыру тәртібі

      17. Академияға басқа ЖОО-нан ауыстыру кезінде білім алушы өзі білім алған ЖОО-ның оқу ісі жөніндегі проректор және офис-тіркеуші қол қойған транскрипттің, ЖОО-ның басшысының атына ауыстыру туралы жазылған өтініштің (басшының қолы қойылып, мөр басылған) көшірмесін қоса ұсынып Академия ректорының атына еркін жазбаша нысанда ауыстыру туралы баянат жазады.

      Білім алушыны ауыстырған кезде даярлық бағытын, білім беру бағдарламасының бейіні, оқу жетістіктері, сондай-ақ білім алушының академиялық адалдықты бұзу жағдайлары ескеріледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Академияның оқу-әдістемелік бөлімшесі күнтізбелік үш күн аралығында ұсынылған транскрипт көшірмесінің негізінде жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық айырмашылығын және меңгерілген пререквезиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді.

      19. Академияға ауыстыру тәртібі бойынша оқуға қабылдау Академияның бірінші проректорымен, ЖОКБИ директорымен және ЖОКБИ оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесінің басшысымен алдын ала келісілгеннен кейін Академия ректорының бұйрығымен ресімделеді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Қабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін үш жұмыс күн ішінде оның көшірмесі білім алушының бұрын оқыған ЖОО-на жіберіледі.

      21. Академияда білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне ауыстыру, Академияға басқа ЖОО-нан ауыстыру тәртібіне ұқсас жүзеге асырылады.

      Академияда бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне ауыстыру туралы өтініш болғанда, басқа ЖОО-ның атына жазылған өтініштің болуы талап етілмейді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Қайта қабылдау тәртібі

      22. Академияға оқуға қайта қабылдану үшін кандидат транскрипті қоса ұсынып, еркін жазбаша нысанда Академия ректорының атына қайта қабылдау туралы баянат жазады

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. ЖОКБИ-дың оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесі кандидаттың баянаты түскеннен кейін күнтізбелік үш күн аралығында ұсынылған транскриптің негізінде жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық айырмашылығы, пәннің мазмұны мен көлеміне сәйкес келген жағдайда меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 08.06.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Академияға қайта қабылдау тәртібі бойынша оқуға қабылдау жетекшілік ететін проректормен, ЖОКБИ директорымен, ЖОКБИ-дың оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесі басшысымен алдын ала келісілгеннен кейін Академия ректорының бұйрығымен ресімделеді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Об утверждении Правил перевода и восстановления в Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан

Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 31 марта 2016 года № 59. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 апреля 2016 года № 13656.

      В соответствии с подпунктом 12) статьи 5-1 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила перевода и восстановления в Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан (далее – Академия).

      2. Ректору Академии Байжанову У.С. обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) в течение пяти рабочих дней со дня получения настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Генерального Прокурора Республики Казахстан Меркеля И.Д.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Генеральный Прокурор


Республики Казахстан

А. Даулбаев


  Утверждены
приказом Генерального Прокурора
Республики Казахстан
от 31 марта 2016 года № 59

Правила
перевода и восстановления в Академии правоохранительных органов
при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила перевода и восстановления в Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан (далее –Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 12) статьи 5-1 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании".

      2. Правила определяют порядок перевода и восстановления обучающихся в магистратуре и докторантуре Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан (далее – Академия).

      Сноска. Пункт 2 – в редакции приказа Генерального Прокурора РК от 08.06.2022 № 123 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Перевод обучающихся осуществляется с курса на курс, с одной образовательной программы на другую в Академии, из Академии в другие высшие учебные заведения (далее – ВУЗ), из других ВУЗов в Академию,.

      Сноска. Пункт 3 – в редакции приказа Генерального Прокурора РК от 08.06.2022 № 123 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Обязательным условием перевода и восстановления в Академии является выполнение всех требований рабочего учебного плана, изученных за предыдущие академические периоды и сдача промежуточной аттестации.

      5. Перевод обучающихся с курса на курс осуществляется по итогам учебного года (промежуточных аттестаций) с учетом результатов летнего семестра и набранного среднего балла успеваемости (GPA), не ниже установленного Ученым советом Академии переводного балла на текущий учебный год.

      6. Перевод обучающихся из Академии в другие ВУЗы осуществляется в соответствии с требованиями принимающей организации образования.

      7. Восстановление в Академии осуществляется из числа лиц, ранее обучавшихся в Академии, а также обучавшихся в других ВУЗах.

      Восстановлению в Академию не подлежат лица, ранее отчисленные из Академии или других ВУЗов за неуспеваемость или по отрицательным мотивам.

      8. При переводе или восстановлении обучающегося из зарубежной организации образования представляются следующие документы:

      1) документ об освоенных учебных программах (академическая справка или транскрипт);

      2) документ о завершении предыдущего уровня образования, который проходит процедуру нострификации в Республике Казахстан в порядке, установленном Правилами признания и нострификации документов об образовании, утвержденными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 января 2008 года № 8 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5135);

      3) результаты вступительных испытаний при поступлении в зарубежные организации образования.

      Сноска. Пункт 8 в редакции приказа Генерального Прокурора РК от 04.12.2018 № 134 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Перевод и восстановление в Академию осуществляется при наличии вакантных мест на соответствующем курсе.

      10. Вопрос о переводе и восстановлении рассматривается ректором Академии в период зимних и летних каникул в течение пяти календарных дней до начала очередного академического периода.

      11. При переводе и восстановлении определяется академическая разница в дисциплинах рабочих учебных планов, изученных обучающимися и/или кандидатами на учебу за предыдущие академические периоды.

      При определении разницы в дисциплинах различие в формах итогового контроля не учитывается.

      12. При наличии на перевод или восстановление нескольких кандидатов на одно вакантное место преимуществом обладает лицо, имеющее наибольший средний балл успеваемости (GPA).

      13. Академическая разница в дисциплинах рабочих учебных планов определяется Академией на основе перечня изученных дисциплин, их программ и объемов в академических часах или кредитах, отраженных в транскрипте.

      Сноска. Пункт 13 – в редакции приказа Генерального Прокурора РК от 08.06.2022 № 123 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Ликвидация академической разницы в дисциплинах рабочих учебных планов осуществляется обучающимся по индивидуальному графику, разрабатываемому подразделением учебно-методической работы Института послевузовского образования Академии (далее – ИПВО) и утвержденному курирующим проректором Академии.

      Обучающийся в течение текущего академического периода сдает все виды текущего контроля, получает допуск к итоговому контролю.

      Сноска. Пункт 14 с изменениями, внесенными приказом Генерального Прокурора РК от 04.12.2018 № 134 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. В случае получения неудовлетворительной оценки при ликвидации академической разницы по дисциплине, повторная сдача не допускается и обучающийся подлежит отчислению за академическую неуспеваемость из Академии.

      16. Информация о наличии вакантных мест в Академии публикуется на интернет-ресурсе Академии.

2. Порядок перевода

      17. При переводе из другого ВУЗа в Академию обучающийся подает рапорт о переводе в произвольной письменной форме на имя ректора Академии с приложением копии транскрипта, подписанного проректором по учебной работе и офис-регистратором, заявления о переводе на имя руководителя ВУЗа, где он обучался (с подписью руководителя и печатью).

      При переводе обучающегося учитываются направление подготовки, профиль образовательной программы, учебные достижения, а также случаи нарушения академической честности обучающимся.

      Сноска. Пункт 17 – в редакции приказа Генерального Прокурора РК от 08.06.2022 № 123 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. Учебно-методическое подразделение Академии в течение трех календарных дней на основании предоставленной копии транскрипта определяет академическую разницу дисциплин в рабочих учебных планах, проводит перезачет освоенных кредитов при условии их соответствия содержанию и объему дисциплины и устанавливает курс обучения в соответствии с освоенными пререквизитами.

      19. Зачисление на учебу в Академию в порядке перевода оформляется приказом ректора Академии, предварительно согласованным с курирующим проректором, директором ИПВО и руководителем подразделения учебно-методической работы ИПВО.

      Сноска. Пункт 19 в редакции приказа Генерального Прокурора РК от 04.12.2018 № 134 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      20. В течение трех рабочих дней после издания приказа о зачислении, его копия направляется в ВУЗ по прежнему месту обучения обучающегося.

      21. Перевод обучающегося с одной образовательной программы на другую в Академии осуществляется в порядке, аналогичном переводу обучающегося из другого ВУЗа в Академию.

      При обращении обучающегося о переводе с одной образовательной программы на другую, наличие заявления, адресованного руководителю другого ВУЗа, не требуется.

      Сноска. Пункт 21 – в редакции приказа Генерального Прокурора РК от 08.06.2022 № 123 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Порядок восстановления

      22. Для восстановления на учебу в Академию кандидат подает рапорт о восстановлении в произвольной письменной форме на имя ректора Академии с приложением транскрипта.

      Сноска. Пункт 22 – в редакции приказа Генерального Прокурора РК от 08.06.2022 № 123 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      23. Подразделение учебно-методической работы ИПВО после поступления рапорта кандидата в течение трех календарных дней на основании предоставленной транскрипта определяет академическую разницу дисциплин в рабочих учебных планах, проводит перезачет освоенных кредитов при условии их соответствия содержанию и объему дисциплины и устанавливает курс обучения в соответствии с освоенными пререквизитами.

      Сноска. Пункт 23 – в редакции приказа Генерального Прокурора РК от 08.06.2022 № 123 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      24. Зачисление на учебу в Академию в порядке восстановления оформляется приказом ректора Академии, предварительно согласованным с курирующим проректором, директором ИПВО и руководителем учебно-методического подразделения ИПВО.

      Сноска. Пункт 24 в редакции приказа Генерального Прокурора РК от 04.12.2018 № 134 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).