"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 30 наурыздағы № 53 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 мамырда № 13696 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 9 наурыздағы № 24 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас прокурорының 09.03.2017 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күн тізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін оны алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің Төрағасы С.М. Айтпаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

А. Дауылбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      12 сәуір 2016 жыл



  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 30 наурыздағы
№ 53 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны
туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармалары (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру қызмет берушінің кеңсесі арқылы іске асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер болмаған кезде құжаттар топтамасын өткізу уақытынан бастап - 10 (он) минут;

      әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер болған жағдайда – 3 (үш) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 61-бабының талаптарына сәйкес ескіру мерзімін ескере отырып, осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы анықтаманы беру.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет алушы).

      8. Қызмет берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет көрсету алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Қызмет алушы болмаса сенімхат бойынша оның өкілі жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтерді беру туралы өтініш;

      жеке куәлік (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет).

      мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға ұсынған кезде - нотариуспен расталған сенімхат;

      10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес, толық емес құжаттар пакеті көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет
берушінің немесе оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша қызмет берушінің немесе оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жолданады.

      Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы не қызмет берушінің кеңсесі арқылы қолма қол қабылданады.

      Қызмет берушінің мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиісті. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызмет алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі болмаса қызмет берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Қызмет алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиісті.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері есебімен өзге де талаптар

      13. Заңмен белгіленген тәртіпте өзіне өзі қызмет ету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілеттілігінен немесе мүмкіндігінен толық/жартылай айырылған қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдау Бірыңғай байланыс орталығына: 1414; 8 800 080 7777 жүгіну арқылы жүргізіледі.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының: www.prokuror.kz және қызмет берушінің: www.pravstat.prokuror.kz интернет-ресурстарында орналасқан.

      15. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414 және 8 800 080 7777 арқылы қызмет алушы қашықтықтан қолжеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты ала алады.

      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары қызмет берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414 және 8 800 080 7777.

  "Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің есептері бойынша тұлғаның
әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны
туралы мәлімет беру" мемлекеттік
қызмет көрсету стандартының
1-қосымшасы

      Нысан

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитетінің

      ________________________________

      (Комитеттің аумақтық басқармасын

      көрсету)

      басқармасының бастығына

      ________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты,

      әкесінің аты (болған жағдайда),

      мекенжайы)

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық
жасағаны туралы мәлімет беру туралы
ӨТІНІШ

      Сізден Комитеттің есептері бойынша мен жасаған әкімшілік құқық

      бұзушылықтар туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы

      анықтама беруіңізді сұраймын:

      _____________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын

      мәліметтерді қолдануға келісемін.

      Қолы________________ Күні "__"_________ ______

  "Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің есептері бойынша тұлғаның
әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны
туралы мәлімет беру" мемлекеттік
қызмет көрсету стандартының
2-қосымшасы

      Нысан

АНЫҚТАМА

      Азамат (ша)__________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты,

      _____________________________________________________________________

      күні (күнді, айды және жылды көрсетумен)

      _____________________________________________________________________

      және туған жері

      20___ жылғы "____" _____________ жағдайына "Әкімшілік құқық бұзушылық

      туралы" Кодексінің 61-бабының талаптарына сәйкес ескіру мерзімін

      ескере отырып, әкімшілік құқық бұзушылықтары жоқ (бар).

      Басқарма басшысы ______________________________________________

       (Комитеттің аумақтық органының, құрылымдық

       бөлімшесінің атауы, қолы, Т.А.Ә.)

Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача сведений по учетам Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан о совершении лицом административного правонарушения"

Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 30 марта 2016 года № 53. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 мая 2016 года № 13696. Утратил силу приказом Генерального прокурора Республики Казахстан от 9 марта 2017 года № 24 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Генерального прокурора РК от 09.03.2017 № 24 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый стандарт государственной услуги "Выдача сведений по учетам Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан о совершении лицом административного правонарушения".

      2. Комитету по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее – Комитет) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационную-правовую систему "Әділет";

      3) направление копии настоящего приказа в течение пяти календарных дней со дня его получения в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Председателя Комитета Айтпаеву С.М.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Генеральный Прокурор



Республики Казахстан


А. Даулбаев



      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ______________ Е. Досаев

      12 апреля 2016 года




  Утвержден
  приказом Генерального Прокурора
  Республики Казахстан
  от 30 марта 2016 года № 53

Стандарт государственной услуги
"Выдача сведений по учетам Комитета по правовой статистике и
специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан
о совершении лицом административного правонарушения"
1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Выдача сведений по учетам Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан о совершении лицом административного правонарушения" (далее – государственная услуга).

      2. Стандарт государственной услуги разработан Генеральной прокуратурой Республики Казахстан.

      3. Государственная услуга оказывается Комитетом по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан и его территориальными управлениями (далее – услугодатель).

      Прием документов и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через канцелярию услугодателя.

2. Порядок оказания государственной услуги

      4. Срок оказания государственной услуги:

      1) с момента сдачи пакета документов при отсутствии сведений о совершении административного правонарушения - 10 (десять) минут;

      в случае наличия сведений о совершении административного правонарушения – 3 (три) рабочих дня;

      2) максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов – 15 (пятнадцать) минут;

      3) максимально допустимое время обслуживания – 15 (пятнадцать) минут.

      5. Форма оказания государственной услуги: бумажная.

      6. Результат оказания государственной услуги – выдача справки по учетам Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан о совершении лицом административного правонарушения, с учетом срока давности в соответствии с требованиями статьи 61 Кодекса "Об административных правонарушениях" по форме согласно приложению 2 к настоящему стандарту.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

      7. Государственная услуга оказывается бесплатно физическим лицам (далее – услугополучатель).

      8. График работы услугодателя – с понедельника по пятницу с 9.00 до 18.30 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудового кодекса Республики Казахстан. Прием документов и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется с 9.00 часов до 17.30 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов.

      Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.

      9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги при обращении услугополучателя, либо его представителя по доверенности:

      заявление о выдаче сведений о совершении лицом административного правонарушения по форме согласно приложению 1 к настоящему стандарту;

       документ, удостоверяющий личность удостоверение личности (для идентификации личности);

      доверенность, удостоверенная нотариально – при представлении интересов услугополучателя государственной услуги третьим лицом.

      10. Основанием для отказа в оказании государственной услуги является неполный пакет документов, согласно перечню, предусмотренного пунктом 9 настоящего стандарта государственной услуги.

3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия)
услугодателей или его должностных лиц по вопросам
оказания государственных услуг

      11. Обжалование решений, действий (бездействия) услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг осуществляется по адресам, указанным в пункте 13 настоящего стандарта государственной услуги.

      Жалоба подается в письменной форме по почте или в электронном виде в случаях, предусмотренных действующим законодательством, либо нарочно через канцелярию услугодателя.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации. Мотивированный ответ о результатах рассмотрения жалобы направляется услугополучателю посредством почтовой связи либо выдается нарочно в канцелярии.

      В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги услугополучатель может обратиться с жалобой в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      12. В случаях несогласия с результатами оказанной государственной услуги услугополучатель имеет право обратиться в суд в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

4. Иные требования с учетом особенностей оказания
государственной услуги

      13. Услугополучателям, имеющим в установленном законодательством порядке полную/частичную утрату способности или возможности осуществлять самообслуживание, самостоятельно передвигаться, ориентироваться, прием документов, для оказания государственной услуги, производится посредством обращения через Единый контакт-центр: 1414; 8 800 080 7777.

      14. Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсах Генеральной прокуратуры Республики Казахстан: www.prokuror.kz и услугодателя: www.pravstat.prokuror.kz.

      15. Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством Единого контакт-центра: 1414 и 8 800 080 7777.

      16. Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги указаны на интернет-ресурсе услугодателя. Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 1414 и 8 800 080 7777.


  Приложение 1
  к стандарту государственной услуги
  "Выдача сведений по учетам Комитета
  по правовой статистике и специальным
  учетам Генеральной прокуратуры
  Республики Казахстан о совершении
  лицом административного правонарушения"

      Форма

      Начальнику управления

      Комитета по правовой статистике

      и специальным учетам

      Генеральной прокуратуры

      Республики Казахстан

      по ___________________________

      (указать территориальное управление Комитета)

      от _____________________________

      (фамилия, имя, отчество (при наличии),

      адрес услугополучателя)

ЗАЯВЛЕНИЕ

      о выдаче справки по учетам Комитета по правовой статистике и

      специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан о

      совершении лицом административного правонарушения.

      Прошу Вас предоставить справку о наличии либо отсутствии

      сведений по учетам Комитета о совершении мной административного

      правонарушения_______________________________________________________

      Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую

      законом тайну, содержащихся в информационных системах.

      Подпись___________

      Дата "___"________


  Приложение 2
  к стандарту государственной услуги
  "Выдача сведений по учетам Комитета
  по правовой статистике и специальным
  учетам Генеральной прокуратуры
  Республики Казахстан о совершении
  лицом административного правонарушения"

СПРАВКА

      Гражданин (ка)_________________________________________________

       (фамилия, имя, отчество (при наличии) _____________________________________________________________________

      дата (с указанием числа, месяца и года)

      _____________________________________________________________________

      место рождения

      По состоянию на "____"____________________20____года

      административного правонарушений не имеет (имеет), с учетом срока

      давности в соответствии с требованиями статьи 61 Кодекса "Об

      административных правонарушениях"

      Начальник управления

      _____________________________________________________________________

      (наименование территориального управления, структурного подразделения

      Комитета), _____________ подпись, ФИО (при наличии)___________