Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне және «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7630 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2012 жылы 31 қазанда, 2012 жылы 6 қарашадағы, 2012 жылы 7 қарашадағы № 375-376, 383-384 (27194-27195, 27202-27203, 27204-27206) сандарында, 2012 жылы 8 қарашадағы № 388-389 (27207-27208) сандарында; «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылы 31 қазандағы № 710-716 (27788) сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне және «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторындағы адамдарды күзету мен қадағалауды жүзеге асыру қағидасында:
115-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 535 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9770 болып тіркелген) бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару қағидаларымен белгіленген біржолғы рұқсаттамаларды беру журналын жүргізеді және рұқсаттамаларға арналған мөрді сақтайды;»;
259-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен бекітілген Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақпен қамтамасыз етудің заттай нормаларына сәйкес айдауылданушы адамдар тамақ өнімдерімен (құрғақ үлеспен) жүру жолында бірінші алмастыру пунктіне дейін, ал егер олар ауысып отырмайтын жағдайда соңғы пункке дейін қамтамасыз етіледі.»;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторларының ішкі тәртіп қағидасында:
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) басқа да қылмыстық iстер бойынша жауапқа тартылып, бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған сотталғандар;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтейді.
Қауіпсіздігі аралас мекемелерге бас бостандығынан айыруға сотталған не шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚАК) 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес мекемелерден келген адамдарды ұстау үшін пайдаланылатын тергеу изоляторлары жатады.
Көрсетілген санаттағы сотталғандарды тергеу изоляторларында ұстау тәртібі ҚР ҚАК, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 536 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9757 болып тіркелген) реттеледі.»;
12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Судьяның ҚР ҚПК сәйкес шығарылған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулысы күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны тергеу изоляторына қабылдау үшін негіз болып табылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Тергеу изоляторына қабылдау үшін негіз болатын құжаттар тиісті лауазымды адамдардың қолымен және елтаңбалы мөрмен куәландырылуы тиіс.
Тергеу изоляторына судьяның немесе соттың күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулысынан көшірме ұсынылған жағдайларда, онда осы бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты толық анықтама деректері көрсетілед. Көшірме лауазымды адамның қолымен куәландырылып, елтаңбалы мөрмен бекітіледі және үш жұмыс күннен кешіктірілмей қаулының көшірмесін ауыстырылуға жатады.»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен бекітілген Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларына (бұдан әрі - Үкіметтің № 1255 қаулысы) сәйкес және ондағы адамдардың санына қарай есеппен камераларға жалпы пайдалану үшін:
1) кір, иіс сабын;
2) дәретхана қағазы;
3) гигиеналық қажеттіліктер (әйелдерге арналған);
4) тіс пастасы, тіс щеткасы;
5) үй-жайларды жинауға арналған қаптық мата мен жуу құралдары;
6) газеттер, үстел ойындары: шашка, шахмат, домино, нардалар беріледі.»;
144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«144. Тергеу изоляторының медициналық бөлімдерінің жанында стационарлық бөлімшелер ұйымдастырылады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11206 болып тіркелген) бекітілген, Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес тергеу изоляторында ұсталатын науқастар арнайы медициналық көмек көрсету қажет ететін жағдайларда, денсаулық сақтаудың мемлекеттік жергілікті басқару органының медициналық ұйымдарына жіберіледі, ол үшін жинамалы күзет құралдарымен жабдықталған оқшауланған палаталар бөлінеді.»;
186-190-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«186. Тергеу изоляторының бастығы күдіктіні немесе айыпталушыны күзетпен ұстау мерзімі өткенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей бұл туралы қылмыстық істі жүргізуші органды немесе адамды, сондай-ақ прокурорды жазбаша хабардар етеді.
187. Бұлтартпау шаралары ретінде күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тергеу судьяның қаулысын факсимильдік байланыспен қабылдауға болады, қаулының түпнұсқасы поштамен қабылданады. Егер бұлтартпау шаралары ретінде күзетпен ұстау мерзімінің өтуі бойынша күдіктіні немесе айыпталушыны босату туралы не бұлтартпау шаралары ретінде күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім келіп түспесе, тергеу изоляторының бастығы оны өзінің қаулысымен босатады, оның көшірмесін 24 сағат ішінде қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға және қадағалау жөніндегі прокурорға жібереді.
188. Күдіктімен айыпталушыны нақты босатуға дейін күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тергеу судьяның қаулысы келіп түскен жағдайда, тергеу изоляторының бастығы өзінің қаулысының күшін жояды, ол туралы прокурорға хабарлайды.
189. Қамаудан босатылған күдіктіге немесе айыпталушыға жеке құжаттары, заттары, жеке есепшотында сақтаулы ақшалары, сондай-ақ оның күзетпен ұстау мерзімі және босату негіздері көрсетілген анықтама беріледі.
190. Қамаудан босатылған күдіктінің немесе айыпталушының жеке есепшотында тұрғылықты жеріне теміржол, автомобиль немесе су көлігімен жетуіне, жол үстіндегі азығына, жыл мерзіміне сай киім мен аяқ киіміне қажетті ақша сомасы болмаса, ол тергеу изоляторы бастығының атына өзін қажетті заттармен қамтамасыз етуін сұрап, өтініш жазады. Мекеме бастығы Үкіметтің № 1255 қаулысына сәйкес қамаудан босатылған адамға көмек көрсету туралы шешім қабылдайды.»;
192-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«192. Адамды ӨЖ немесе ӨБББА соттау туралы сот үкiм шығарғаннан кейiн, ол адам Осы Қағидаға 19-қосымшаға сәйкес тергеу изоляторының арнайы жабдықталған камерасында ұсталуға жатады және Осы Қағидаға 20-қосымшаға сәйкес киiм киедi. Сақтауға тыйым салынған басқа киiм мен бұйымдар алынып, қоймаға тапсырылады. ӨБББА сотталған жазасын өтеу үшiн төтенше қауіпсіз мекемеге кеткен соң, аталған заттар тiзiлімдеме бойынша сол мекемеге берiледi, ӨЖ сотталғандардың заттары олардың туыстарына берiледi, олар болмаған жағдайда «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына сәйкес мемлекет кiрiсiне тапсырылады.»;
197-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«197. Осы Қағидаға 21-қосымшаға сәйкес ӨЖ немесе ӨБББА сотталғандар өздерiнiң жеке шоттарынан бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде ай сайын азық-түлiк пен бiрiншi қажеттілік бұйымдарын сатып алуға арналған қаражат жұмсауға, ӨЖ немесе ӨБББА сотталғандарға өздерiмен бiрге және камераларда ұстауға рұқсат етiлген бұйымдардың, заттардың және азық-түлiктiң тiзбесiнде (бұдан әрi - Тiзбе) көзделген азық-түлiк пен бiрiншi қажеттілік бұйымдарын өздерiмен бiрге және камераларда сақтауға, Осы Қағидаға 22-қосымшаға сәйкес Тiзбеде көзделген азық-түлiк пен бiрiншi қажеттілік бұйымдарын мекеменiң дүкенiнен сатып алуға, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 141-бабына сәйкес сауқаттар алуға құқылы.»;
198-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚР ҚАК 141-бабына сәйкес ӨЖ және ӨБББА сотталғандарға жақын туыстарымен немесе өзге де адамдармен кездесу ұсынылады. Үкім заңды күшіне енгізілгенге дейін тергеу изоляторының бастығы осы іс бойынша төрағалық ететін немесе үкімді шығарушы сот төрағасының тек жазбаша рұқсаты бойынша кездесу ұсынады.».
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күнінен бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін оның көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына (Б.Б. Бисенқұлов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов