БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10176 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға:
15-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) «Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi» деген кестеде қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызмет көрсететін мемлекеттік органның қызметіне толық тәуелді болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен көрсетілетін қызметтер көлемінің санмен өлшенетін сипаттамасы көрсетіледі.
Бюджеттік бағдарламада кіші бағдарламалар болған жағдайда, бұл кесте әрбір кіші бағдарлама бойынша толтырылады.
Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi:
есептік деректер бойынша есепті қаржы жылы, ағымдағы қаржы жылы бойынша және жылдар бойынша бөлінісінде жоспарлы кезеңге көрсетіледі;
объективті түрде мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін көрсетеді және бюджеттік бағдарлама басшысының жетекшілік ететін саласына сәйкес келеді;
бюджеттік бағдарламада көзделген бюджет қаражаты есебінен жоспарлы кезеңнің белгілі бір қаржы жылында қол жеткізу болжанатын мемлекеттік орган қызметінің барлық нәтижелерін қамтиды;
бюджеттік бағдарламаның мақсатымен өзара байланысады;
абсолюттік шамалармен көрсетіледі. Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiн салыстырмалы немесе пайыздық шамалармен, ақшалай көрсеткіште көрсетуге жол берілмейді.
Бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шегінде өзара және бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) арасында тікелей және түпкілікті нәтижелердің өзара қайталануына жол берілмейді.
Бөлінетін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелері бөлінетін бюджеттік бағдарламалар есебінен қаражат алатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламасында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлетін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, сондай-ақ шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар үшін тікелей нәтижелер көрсеткіштері көрсетілмейді.
Жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштері жергілікті бюджеттік инвестициялар бөлінісінде көрсетіледі.
Бюджет қаражаты есебінен бірлесіп қаржыландыруды көздейтін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша тікелей нәтижелер қарыз шарттының, гранттар туралы келісімдердің талаптарына сәйкес айқындалады;»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Бюджеттік бағдарламаның жобалары осы Қағидалардың 18-22-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік органдармен мынадай тәртіппен келісілді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде бір мезгілде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға адресаты «Мемлекеттік органдарға (тізім бойынша)» деп көрсетіле отырып және көрсетілген тиісті мемлекеттік органдар тізімін қоса, мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қол қойған бір ілеспе хатпен келісуге ұсынылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін бес күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік органның басшысы немесе оның орынбасары қол қойған ілеспе хатпен тиісті жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға келісуге ұсынылады.
Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың жобалары бір мезгілде мемлекеттік органның басшысы немесе оның орынбасары қол қойған ілеспе хатпен жоғары тұрған бюджеттің нысаналы трансфертерді аударатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне келісуге ұсынылады.
Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуге алған кезде мемлекеттік органдар оларды басқа мемлекеттік органдармен келісуді талап етпейді.
Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуден бас тартқан жағдайда бас тарту себебі түсіндіріледі.
Бюджеттік бағдарламалардың жобалары келісуге жіберілген мемлекеттік органдар алған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын дайындайды немесе олардың жоқ екіндігі туралы хабарлайды.
Мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалардың жобалары туралы ескертулерінде кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар қамтылуы тиіс, сондай-ақ тікелей оның құзыреті мәселелеріне қатысты, негізделген және толық болуы тиіс.
Ескертулер болса, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі пысықтайды.
Келісуші мемлекеттік органдардың ескертулерімен келіспеген жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осындай әрбір ескерту келіспеушілігін жазбаша негіздей отырып, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын бұрыштама қол қоюға жібереді.
Келісуші мемлекеттік органдарға «ескертулері бар» бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуге жол берілмейді.
Келісуші мемлекеттік орган тұжырымдамалық сипаттағы ескертулердің болуына байланысты бюджеттік бағдарламалардың жобаларын келісуден бас тартқан жағдайда, мұндай мемлекеттік органдарға осындай ескертулерді жоюдың өзара оңтайлы шешімдерін көрсете отырып, дәлелді жауап беріледі.
Бұл ретте, мемлекеттік органдарға бюджеттік бағдарламалардың жобаларын олар берген ескертулерді жоюдың өзара оңтайлы шешімдерін көрсетпей келісуден бас тартуға жол берілмейді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының қосымшаларымен бірге бюджеттік бағдарламаларды бекіту жөніндегі бұйрығының барлық парақтарына осы бұйрықты келісуге жіберген мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы не оны ауыстыратын тұлға қол қояды.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын түпкілікті келісу ағымдағы қаржы жылының
30 желтоқсанынан кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысының не олар уәкілеттік берген лауазымды тұлғалардың бұрыштама қол қоюымен рәсімделеді.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын түпкілікті келісу ағымдағы қаржы жылының
30 желтоқсанынан кешіктірмей тиісті бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы органның басшысы не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның бұрыштама қол қоюымен рәсімделеді.
Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жобаларын нысаналы трансферттерді бөлетін жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен түпкілікті келісу ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей осы нысаналы трансферттерді бөлу жөніндегі жоғары тұрған бюджеттің бағдарламасының басшысының бұрыштама қол қоюымен рәсімделеді.
Бұрыштама қол қою мемлекеттік орган басшысының не ол уәкілеттік берген лауазымды тұлғаның лауазымының, бұрыштама қол қоюшының жеке қолы, қолын таратып жазуды, күні мен елтаңбалық мөрін қамтиды.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік не бюджеттік жоспарлау жөнінде жергілікті атқарушы органның бюджеттік бағдарламаларын келісу грифі бюджеттік бағдарламаларды бекіту туралы бұйрықтың соңғы бетінің төменгі сол жақ бұрышында орналастырылады және «КЕЛІСІЛДІ» деген сөзден тұрады.
Нысаналы трансферттерді бөлетін, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісімен жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды келісу грифі тиісті жергілікті бюжеттік бағдарламаның бірінші бетіндегі «Келісілді» деген жолда орналастырылады.
Мемлекеттік органдармен түпкілікті келісілген бюджеттік бағдарламаның мәтініне түзетулер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Бюджет кодексінің 32-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларға кемінде тоқсанына бiр рет, тоқсанның екінші айының 25-күніне дейін өзгерістер енгізуге жол беріледі.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 25 сәуір