РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 255-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына және 276-15-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Импорты қосылған құн салығынан босатылатын моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасаған салық төлеуші пайдаланатын автокомпоненттер тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________Б. Сұлтанов
2016 жылғы 25 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Е. Досаев
2016 жылғы 29 сәуір
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 22 сәуірдегі
№ 396
бұйрығымен бекітілген
Импорты қосылған құн салығынан босатылған моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасаған салық төлеуші пайдаланатын автокомпоненттер
тізбесі
№ |
Атауы |
ЕАЭО СЭҚ ТН коды * |
1 |
2 |
3 |
1. |
Орташа дистилляттар; мотор майы, компрессорлық майлау майлары, турбиналық майлау майлары; гидравликалық мақсаттарға арналған сұйықтықтар; ашық түсті майлар, вазелиндік майлар; тісті шестеренкаларға арналған майлар және редукторларға арналған майлар; өзге де жағармай майлары мен өзге де майлар |
2710 19 290 0 |
2. |
Нитриттер |
2834 10 000 0 |
3. |
Фторидтер мен йодидтер |
2903 39 900 0 |
4. |
Моно-, ди- немесе трихлорсірке қышқылдары, олардың тұздары мен күрделі эфирлері |
2915 40 000 0 |
5. |
Изоцианаттар |
2929 10 000 |
6. |
8701-8705 тауарлық позициялардағы моторлы көлік құралдарының, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған акрилдік немесе винилдік полимерлер негізіндегі бояулар мен лактар (эмальдар мен политурларды қоса алғанда); 8701-8705 тауарлық позициялардағы моторлы көлік құралдарының, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған ерітінділер; 8701-8705 тауарлық позициялардағы моторлы көлік құралдарының, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған синтетикалық полимерлер негізіндегі бояулар мен лактар (эмальдар мен политурларды қоса алғанда) |
3208 20 900 1 |
7. |
8701-8705 тауарлық позициялардағы моторлы көлік құралдарының, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған акрилдік немесе винилдік полимерлер негізіндегі бояулар мен лактар (эмальдар мен политурларды қоса алғанда) |
3209 10 000 1 |
8. |
Жуғыш және тазартқыш құралдар |
3402 90 900 0 |
9. |
Металды беттерге арналған өзге жылтыратпалар |
3405 90 109 0 |
10. |
Күрделі органикалық еріткіштер мен сұйылтқыштар, бояулар мен лактарды кетіруге арналған дайын құрамдар |
3814 00 |
11. |
Битуминоздық жыныстардан алынған құрамында салмағы 70%-дан аспайтын мұнай немесе мұнай өнімдері болатын немесе болмайтын гидравликалық тежегіштік сұйықтықтар және гидравликалық берілістерге арналған өзге дайын сұйықтықтар |
3819 00 000 0 |
12. |
Антифриздер және мұздауға қарсы дайын сұйықтықтар |
3820 00 000 0 |
13. |
Бастапқы нысандардағы өзге акрилдік полимерлер |
3906 90 900 9 |
14. |
Винилхлоридтің полимерлерінен жасалған пластмассадан жасалған көденең қимасының мөлшері 1 мм-ден асатын, беті өңделген немесе өңделмеген, бірақ өзгеше өңдеуге түспеген дара жіп, шыбықтар, өзектер және бір қалыпқа келтірілген профильдер |
3916 20 000 0 |
15. |
Пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер және түтікшелер, олардың фитингтері (мысалы, қосылыстар, бағандар, ернемектер) |
3917 |
16. |
Пластмассадан жасалған өздігінен жабысатын, бумалардағы немесе бумаларға оралмаған тақтайлар, табақтар, пленка, таспа, белдіктер және өзге де жазық нысандар |
3919 |
17. |
Пластмассадан жасалған тақтайлар, табақтар, пленка және белдіктер немесе таспалар |
3921 |
18. |
Пластмассадан жасалған тауарларды тасымалдауға немесе орауға арналған бұйымдар; пластмассадан жасалған тығындар, қақпақтар, қалпақшалар және тығындауға арналған өзге де бұйымдар |
3923 |
19. |
Бекіткіш құралдар және жиhаз, көлік құралдары үшін фурнитура және ұқсас бұйымдар; пластмассадан жасалған өзге бұйымдар және 3901-3914 тауар позицияларының материалдарынан жасалған бұйымдар |
3926 30 000 3926 90 |
20. |
Пластиналар, табақтар мен белдіктер немесе таспалар |
4008 11 000 0 |
21. |
Қатты резеңкеден басқа, фитингілері жоқ немесе бар (мысалы, қосылыстармен, келте құбырлармен, ернемектермен) вулканизацияланған резеңкеден жасалған құбырлар, түтіктер және құбыршектер |
4009 |
22. |
Вулканизацияланған резеңкеден алынған конвейерлік таспалар немесе жетекші белдіктер, немесе бельтинг |
4010 |
23. |
Жеңіл автомобильдерге арналған жаңа пневматикалық резеңке шиналар мен қақпақшалар (жүк-жолаушы автомобиль-фургондары мен спорттық автомобильдерді қоса алғанда); автобустарға және жүк тасымалдайтын моторлық көлік құралдарына арналған жаңа пневматикалық резеңке шиналар мен қақпақшалар |
4011 10 000 0 |
24. |
Жеңіл автомобильдерге (жүк-жолаушы автомобиль-фургондарын және спорттық автомобильдерді қоса алғанда), автобустарға немесе жүк тасымалдайтын моторлы көлік құралдарына арналған резеңкелі камералар |
4013 10 000 |
25. |
Еденге арналған жабындар және кілемшелер; 8701-8705 тауарлық позициялардағы моторлы көлік құралдарының, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған төсемдер, шайбылар және өзге де тығыздағыштар; өзге вулканизацияланған резіңкеден жасалған бұйымдар |
4016 91 000 0 |
26. |
Қалдықтар мен сынықтарды қоса алғанда барлық нысандардағы қатты резеңке (мысалы, эбонит); қатты резеңкеден жасалған бұйымдар, өзгелері |
4017 00 000 9 |
27. |
Машиналарды немесе механикалық құрылғыларды немесе техникалық мақсаттар үшін пайдаланылатын табиғи былғары немесе қиысты былғарыдан жасалған өзге де бұйымдар, өзгелері |
4205 00 190 0 |
28. |
Өрілген немесе өрілмеген, немесе өрмедегі немесе өрмесіз және сіңірілген немесе сіңірілмеген, жабылған немесе жабылмаған, резеңкеден немесе пластмассадан жасалған, қапталған немесе қапталмасы жоқ жетек арқандар, жіптер, арқандар және тростар |
5607 |
29. |
Өзге, дайын немесе дайын емес кілемдер және тоқыма едендік жабдықтар |
5705 00 |
30. |
Синтетикалық жіптерден жасалған брезенттер, төбелік қалқалар, тенттер |
6306 12 000 0 |
31. |
Киім үлгілерін қоса алғанда, өзге дайын бұйымдар, өзгелері |
6307 90 990 0 |
32. |
Отқа төзімді өзге қыш бұйымдар |
6903 90 |
33. |
8701-8705 тауар позицияларындағы моторлық көлік құралдарын, олардың топтары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған нығыздалған қауіпсіз шыны; 8701-8705 тауар позицияларындағы моторлы көлік құралдарын, олардың топтары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған көп қабатты қауіпсіз шыны |
7007 11 100 1 |
34. |
8701-8705 тауар позицияларындағы моторлық көлік құралдарын, олардың топтары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған артқы жақты шолу айналары |
7009 10 000 1 |
35. |
Жіксіз, қара металдардан жасалған түтіктер, түтікшелер және қуыс профильдер (шойынды құймадан басқа) |
7304 |
36. |
Қара металдан жасалған өзге құбырлар, түтіктер және қуыс профильдер (мысалы, тігісі ашық немесе дәнекерленген, шегеленген немесе ұқсас әдіс арқылы жалғасқан) |
7306 |
37. |
Қара металдан жасалған құбырларға немесе түтіктер арналған 8701-8705 тауар позицияларындағы моторлық көлік құралдарын, олардың топтары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған өзге фитингтер |
7307 99 900 1 |
38. |
Қара металдан жасалған, сыйымдылығы 300 л. қаптамасы немесе жылу оқшаулауы бар немесе жоқ, бірақ механикалық немесе жылу техникалық жабдықсыз цистерналар, бөшкелер, барабандар, канистрлер, жәшіктер және кез келген заттарға арналған (сығылған немесе сұйытылған газдан басқа) ұқсас сыйымдылықтар |
7310 |
39. |
Қара металдан жасалған сығылған немесе сұйытылған газдар үшін сыйымдылықтар |
7311 00 |
40. |
Қара металдан жасалған, электр оқшаулаусыз бұралған сым, тростар, арқандар, тоқылған баулар, ілмектер және ұқсас бұйымдар |
7312 |
41. |
Роликті өзге тізбектер |
7315 11 900 0 |
42. |
Қара металдан жасалған бұрандалар, бұрандамалар, сомындар, бұралатын ілмектер, тойтармалар, сыналар, сіргелер, тығырықтар (серіппені қоса алғанда) және ұқсас бұйымдар |
7318 |
43. |
Қара металдан жасалған серіппе, рессорлар және оларға арналған табақтар |
7320 |
44. |
Өзге ауа жылытқыштар және ыстық ауаны таратушылар |
7322 90 000 9 |
45. |
Қара металдан жасалған сымды бұйымдар, қара металдан жасалған өзге бұйымдар |
7326 20 7326 90 |
46. |
Мыс құбырлар және түтіктер |
7411 |
47. |
Электр оқшаулаусыз мыстан жасалған бұралған сым, тростар, тоқылған баулар және ұқсас бұйымдар |
7413 00 000 |
48. |
Шайбалар (серіппелі шайбаларды қоса алғанда) |
7415 21 000 0 |
49. |
Мыстан жасалған өзге бұйымдар |
7419 99 |
50. |
Алюминий құбырлар және түтіктер |
7608 |
51. |
Шегелер, түймешегелер, қапсырмалар, (8305 тауар позициясына енгізілгендерден басқа), бұрамалар, бұрандалар, сомындар, енбелі ілмектер, тойтармалар, сыналар, шпинттер, шайбалар және ұқсас бұйымдар; алюминийден жасалған өзге де бұйымдар |
7616 10 000 0 |
52. |
Бұрағыштар; өзге де қол аспаптары; осы тауарлық позициялардың екі немесе одан астам қосалқы позиция бұйымдарының жиынтықтарын қоса алғанда, өзге де қол құрал-саймандары |
8205 40 000 0 |
53. |
8202-8205 тауар позицияларының екі немесе одан астам жиынтықталған құрал-саймандар |
8206 00 000 0 |
54. |
Моторлы көлік құралдарына орнатуға арналған құлыптар; 8701-8705 тауарлық позициялардағы моторлы көлік құралдарын, олардың тораптар мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған құлыптардың бөліктері; жеке жеткізілетін кілттер |
8301 20 000 |
55. |
Моторлы көлік құралдарына арналған өзге де бекіту арматурасы, фурнитура және ұқсас бөлшектер, өзгелері; 8701-8705 тауарлық позицияларындағы моторлы көлік құралдарын, олардың тораптар мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған есіктерді жабуға арналған автоматты қондырғылар |
8302 30 000 |
56. |
Қымбат бағалы емес металдардан жасалған көрсеткіштер, атаулар, мекенжайлар жазылған табличкалар және ұқсас табличкалар, нөмірлер, әріптер және өзге де нышандар |
8310 00 000 0 |
57. |
Айналмалы немесе қайталап түсетін қозғалысты поршеньді ұшқындап от алатын ішкі жану қозғалтқыштары |
8407 |
58. |
Қысымнан жалын шығаратын поршеньді іштен жану қозғалтқыштары (дизельдер немесе жартылай дизельдер) |
8408 |
59. |
Тек қана және негізінен 8407 немесе 8408 тауар позициясының қозғалтқыштарына арналған бөліктер |
8409 |
60. |
Өзге де қозғалтқыштар мен күш қондырғылары |
8412 |
61. |
Шығыс өлшегіштері бар немесе оларсыз сұйықты сорғылар; сұйықты көтергіштер |
8413 |
62. |
Ауа немесе вакуумды сорғылар, ауа немесе газ компрессорлары мен желдеткіштер; желдеткіш немесе рециркуляциялық сору қалпақтары немесе желдеткішті сүзгілі немесе сүзгісіз шкафтар |
8414 |
63. |
Моторлы көлік құралдарындағы адамдар үшін пайдаланылатын ауа баптауға арналған қондырғылар; 8701-8705 тауарлық позициялардағы моторлы көлік құралдарын, олардың тораптар мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған ауа баптау қондырғыларының бөліктері |
8415 20 |
64. |
Тұрмыстық тоңазытқыштарда пайдаланылатындардан басқа, бу шығарғыштар мен конденсаторлар, өзгелері |
8418 99 100 9 |
65. |
Сұйықтарды немесе газдарды сүзуге немесе тазалауға арналған жабдықтар мен қондырғылар |
8421 |
66. |
Сұйықтарды немесе ұнтақтарды лақтыруға, шашыратуға немесе тозаңдатуға арналған механикалық құрылғылар (қолмен басқару тетігі бар немесе онысыз); толтырылған немесе толтырылмаған өрт сөндіргіштер; пульверизаторлар және соған ұқсас құрылғылар; бу немесе құм себелейтін және осыларға ұқсас лақтыру құрылғылары |
8424 |
67. |
Өзге де гидравликалық домкраттар мен көтергіштер; көлік құралын көтеруге арналған өзге де көтергіштер |
8425 42 000 0 |
68. |
Сақтандырғыш немесе жеңілдету клапандары өзгелері; өзге де арматура |
8481 40 900 9 |
69. |
Түйіршікті ішпектер; жиынтықтағы сепараторлы және шығыршықты ішкі конус сақиналарын қоса алғанда, шығыршықты конус ішпектер; инелі шығыршықты ішпектер; цилиндр шығыршықтары бар өзге де ішпектер; түйіршікті-шығыршықты қиыстырылғандарды қоса алғанда, өзге де ішпектер |
8482 10 |
70. |
Трансмиссиялық біліктер (жұдырық және иінділерді қоса алғанда) және қосиіндер; түйіршікті немесе шығыршықты ішпектер орнатылмаған ішпектердің корпустары; біліктеу үшін сырғитын ішпектер; тісті дөңгелектерден, тізбекті жұдырықшалардан және берілістердің басқа да жеке жеткізілетін элементтерден басқа тісті берілістер, гидротрансформаторларды қоса алғанда, беріліс қораптары мен басқа да жылдамдық өзгерткіштер; шкивтердің блоктарын қоса алғанда, тегершіктер мен шкивтер; жалғастырғыштар мен біліктерді біріктіруге арналған муфталар мен құрылғылар (әмбебап булықтарды қоса алғанда); тісті дөңгелектер, тізбектегі жұлдызшалар және жеке жеткізілетін басқа да беріліс элементтері, бөліктері |
8483 10 |
71. |
Басқа материалмен қосылған немесе металдың екі немесе одан да көп қабаттарынан тұратын табақтық металдан жасалған төсемдар мен осыған ұқсас жалғағыш элементтер; механикалық нығыздағыштар; өзге төсемдер мен осыған ұқсас жалғағыш элементтер |
8484 10 000 |
72. |
Электр қозғалтқыштар және генераторлар (электрогенератолық қондырғылардан басқа) |
8501 |
73. |
Конденсатормен біріктілген немесе біріктірілмеген индуктивтілік орауыштар мен дроссельдер; статикалық өзгерткіштер |
8504 10 200 0 |
74. |
Поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу үшін пайдаланылатын электр қорғасын аккумуляторлары; электр литий-ионды аккумуляторлар |
8507 10 |
75. |
Тұтату оттықтары; таратқыштар; тұтату орауыштары; стартерлер және стартер-генераторлар; өзге де генераторлар; электр жабдық бөліктері |
8511 10 000 |
76. |
Өзге де жарықтандыру немесе көзбен көріп дабыл беру аспаптары; дыбыс дабыл аспаптары; шыны тазартқыш, мұздануға қарсы және булануға қарсы заттар; 8701-8705 тауарлық позициялардағы моторлы көлік құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған жарықтандыру, көзбен көріп немесе басқа да дабыл беру құралдарының, шыны тазартқыш, мұздануға қарсы және булануға қарсы заттардың бөліктері |
8512 20 000 |
77. |
Жылытқыш электр кедергілері; оқшауланған қаңқасы бар өзге орнатылғандар; жинақтауыш электрмен су жылытқыштар және батырмалы электр жылытқыштардың, кеңістікті жылытатын электр жабдықтарының бөліктері |
8516 80 |
78. |
Портативті аппараттарға немесе моторлы көлік құралдарына орнатылатын аппаратарға арналған телескоптық және істікшелі антенналар бөліктері; дауысты, бейнені немесе басқа да деректерді беруге немесе қабылдауға арналған аппаратуралардың бөліктері |
8517 70 150 0 |
79. |
Корпусына орнатылған жалқы дауыс зорайтқыштар; өзге бір корпусқа орнатылған немесе орнатылмаған дауыс зорайтқыштар жинақталымдар |
8518 21 000 0 |
80. |
Теледидар камералары, цифрлық камералар және жазғыш бейнекамералар |
8525 80 |
81. |
8701-8705 тауарлық позициялардағы моторлы көлік құралдарын, олардың тораптар мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған қашықтықтан басқару радиоаппаратурасы |
8526 92 000 1 |
82. |
Дыбыс жазғыш немесе дыбыс шығару аппаратурасымен біріктірілген моторлы көлік құралдарында пайдаланылатын, сыртқы қорек көзінсіз жұмыс істей алмайтын кең ауқымды хабар таратқыш радиоқабылдағыштар; моторлы көлік құралдарында пайдаланылатын, сыртқы қорек көзінсіз жұмыс істей алмайтын кең ауқымды хабар таратқыш радиоқабылдағыштар, өзгелері |
8527 21 |
83. |
Өзге де мониторлар |
8528 59 |
84. |
Антенналар және барлық түрдегі антенналық шығылдырғыштар; осы бұйымдармен бірге падаланылатын бөліктер, өзгелері |
8529 10 |
85. |
Сұйық кристалдарда немесе жарық диодтарындағы құрылғыларды өзіне қамтитын индикаторлы панельдер; өзге де қондырғылар |
8531 20 |
86. |
Айнымалы сыйымдылық немесе нақыштаушы конденсаторлар |
8532 30 000 0 |
87. |
72,5 киловольттен аз кернеуге арналған автоматты ажыратқыштар |
8535 21 000 0 |
88. |
Жатық сақтағыштар; автоматты ажыратқыштар; өзге де электр тізбектерін қорғауға арналған құрылғылар; 60 вольттен аспайтын кернеуге арналған реле; өзге релелер; өзге ауыстырып-қосқыштар; қыздырғыш шамдарға арналған патрондар; шамдарға арналған патрондар, ашалар мен розеткілер, өзгелер; өзге де қондырғылар |
8536 10 |
89. |
1000 вольттен аспайтын кернеуге арналған пульттер, панельдер, консолдар, үстелдер, тарату қалқандары мен өзге де тұғыршалар |
8537 10 990 0 |
90. |
Вольфрам жібі бар галогенді қыздыру шамдары; өзге де қыздыру шамдары; термокатоды бар люминесцентті шамдар |
8539 21 |
91. |
Антенналық күшейткіштер |
8543 70 300 |
92. |
Моторлы көлік құралдарында пайдаланылатын тұтату шамдарына арналған жиынтығы мен өзге сымдар жиынтығы; 80 вольттен аспайтын кернеуге арналған электр өткізгіштері; өзге де 1000 вольттен асатын кернеуге арналған электр өткізгіштері |
8544 30 000 |
93. |
Пластмассадан жасалған электр оқшаулағыштар |
8546 90 100 0 |
94. |
Пластмассадан жасалған оқшаулағыш арматура |
8547 20 000 |
95. |
8701-8705 тауар позициясының моторлы көлік құралдарына арналған шанақтар (кабиналарды қоса алғанда) |
8707 |
96. |
Бамперлер және олардың бөліктері; қауіпсіздік белдіктері; шанақтардың (кабиналарды қоса алғанда) бөліктері және өзге де керек-жарақтары; тежегіштер, сервокүшейткіші бар тежегіштер, олардың бөліктері; беріліс қораптары мен олардың бөліктері; дифференциалы бар жиналған жетекші көпірлер немесе трансмиссияның басқа элементтерінен бөлек және жетекші емес көпірлер, олардың бөліктері аспа жүйелері және олардың бөліктері (амортизаторларды қоса алғанда); радиаторлар және олардың бөліктері; сөндіргіштер және түтін шығаратын түтіктер, олардың бөліктері; жинақтаған ілінісу және оның бөліктері; рөл доңғалақтары, рөл бағаналары және рөл тетіктерінің картерлері, олардың бөліктері; үрлеме жүйелі пневматикалық қауіпсіздік жастықшалар, олардың бөліктері; 8701-8705 тауарлық позициясындағы моторлы көлік құралдарының бөліктері және өзге де керек-жарақтары |
8708 10 |
97. |
Сызықтық мөлшерлерді өлшеуге арналған құралдардың керек-жарақтары және бөліктері |
9017 90 000 |
98. |
Жазатын қондырғылары бар немесе жазатын қондырғылары жоқ, сұйыққа батырған кезде жұмыс істейтін ареометрлер мен ұқсас аспаптар, термометрлер, пирометрлер, барометрлер, гигрометрлер және психрометрлер, және осы аспаптардың кез келген комбинациялары |
9025 |
99. |
Сұйықтар немесе газдардың шығынын, деңгейін, қысымын немесе басқа да өзгермелі сипаттамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар немесе аппаратурлар (мысалы, шығынды өлшегіштер, деңгейді көрсеткіштер, монометрлер, жылу өлшегіштер) |
9026 |
100. |
Газ немесе түтін талдағыштар; микроатомдар немесе газ немесе түтін талдағыштардың бөлшектері мен керек-жарақтары |
9027 10 |
101. |
Айнымалы есептейтін есептеуіштер, өнімнің мөлшерін есептейтін есептеуіштер, таксометрлер, өткен аралықты мильмен өлшейтін есептеуіштер, қадам өлшеуіштер және ұқсас аспаптар; 9014 немесе 9015 тауар позициясының аспаптары мен құралдарынан басқа спидометрлер мен тахометрлер; стробоскоптар |
9029 |
102. |
Электр шамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған электронды аспаптар мен аппаратуралар |
9030 89 300 0 |
103. |
Өлшейтін немесе бақылайтын аспаптар |
9031 |
104. |
Автоматты реттеуге немесе басқаруға арналған аспаптар мен құрылғылар |
9032 |
105. |
Аспапты тақталарда орнатылатын сағаттар, және жерде жүретін көлік құралдарына арналған ұқсас сағаттар |
9104 00 000 |
106. |
Моторлы көлік құралдарында пайдаланылатын үлгідегі орындықтар; көлік құралдарының орындықтарына орнатылатын немесе бекітілетін қапуіпсіздік орындықтары (креслолар); көлік құралдарының орындықтарына орнатылатын немесе бекітілетін пластмасса тірегі бар балалар қауіпсіздік орындықтары (креслолар), 8701-8705 тауар позицияларындағы моторлы көлік құралдарын, олардың тораптар мен агрегаттарын өнеркәсіптік құрастыруға арналған орындықтардың бөліктері |
9401 20 000 |
107. |
Тетіктің, аспаптардың немесе көлік құралдарының бөліктері болып табылатын өзге де щеткалар |
9603 50 000 |
* Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы.
Тауарлар номенклатурасы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының кодтарына сәйкес кодпен және өнім атауымен анықталады.