Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге арналған импорттық квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларының 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тарихи сатып алушылар арасында астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге 2016 жылға арналған импорттық квота көлемдерін бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленғен тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А. Мамытбеков
2016 жылғы 29 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 25 сәуірдегі
№ 185 бұйрығымен
бекітілген
Тарихи сатып алушылар арасында астық жинау комбайндары
мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге 2016 жылға
арналған импорттық квота көлемдерін бөлу туралы
Р/с |
СЭҚ қатысушысы |
ЖСН/БСН |
Әкелінген тауар саны, дана |
Есептік кезеңде жалпы әкелу көлеміндегі СЭҚ қатысушысының тауар әкелу үлесі, %-бен |
Өтінім берілген тауар саны, |
Есептелген импорттық квота көлемі, |
|||
Барлығы |
Оның ішінде: |
||||||||
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
|||||||
1 |
«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы |
991240000043 |
279 |
57 |
106 |
116 |
100 |
70 |
70 |
БАРЛЫҒЫ |
279 |
57 |
106 |
116 |
100 |
70 |
70 |