"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 363 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 маусымда № 13778 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а.29.05.2020 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11408 болып тіркелген, "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға да:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезінде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

      жылжымайтын мүлiкке және өзге де мемлекеттік тіркеу объектiлеріне құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтініш көрсетілетін қызметті берушіге келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

      жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жеделдетiлген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу бойынша – өтiнiш Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен кезден бастап келесi жұмыс күнi (егер Мемлекеттік корпорацияда өтiнiш сағат 18-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда көрсетілетін қызметті беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады);

      мемлекеттiк органдар және өзге де уәкiлеттi адамдар салатын ауыртпалықтарды (ауыртпалықтардың тоқтатылуын), сондай-ақ заңдық талаптарды тiркеу бойынша – көрсетілетін қызмет алушының өтiнiші келіп түскен кезден бастап дереу (орындалған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға берiледi);

      салынған және күрделілігі бірінші санатқа жататын объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі негізінде (ал мемлекеттік нормативтермен белгіленген жағдайларда қабылдау комиссиясының актісі) жалпы көлемі 1000 шаршы метрден асатын жылжымайтын мүлікке туындаған құқықтарды алғашқы тіркеу кезінде екінші жұмыс күні беріледі.

      Жылжымайтын мүлік объектісінің күрделілігі санаттары техникалық паспортта көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету бір айдан аспайтын мерзімге мынадай жағдайларда:

      1) сотқа берілген талап және өзге де арыздар (шағымдар) негізінде соттың қаулысы (ұйғарымы) бойынша;

      2) заңның бұзылуын жойғанға дейін прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес;

      3) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес;

      4) егер қажетті құжаттардың болмауы құжаттарды тіркеуге қабылдамауға негіз болып табылмаса, осы стандарттың 9-тармағында көзделген барлық құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының ұсынбауы;

      5) егер көрсетілген мән-жайлар құжаттарды тіркеуге қабылдамауға негіз болып табылмаса, түсініктемелер алу немесе мемлекеттік органдардан шығатын құжаттарда қажетті ақпараттың болмауына немесе осындай құжаттарда қайшылықтардың болуына байланысты олардан қажетті ақпарат сұратып алу үшін;

      6) құқық белгілеуші құжаттар негізінде белгіленетін тіркеу объектісі мен өтініште көрсетілген тіркеу объектісі сәйкес келмеген кезде олардың арасындағы қайшылықтарды жою үшін тоқтатылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру туралы шешімді құжаттар қабылданған кезден бастап, бірақ мемлекеттік қызмет көрсетілетін мерзімінің өтуінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті беруші қабылдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тоқтатыла тұрған кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға, Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ), порталдағы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне және мәміле қатысушыларының электрондық мекенжайларына (болған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны кейіннен беру үшін тоқтата тұру себептері мен мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жолдайды.

      Нотариус куәландырған мәмілелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті нотариустар БНАЖ-бен өзара іс-қимыл жасау арқылы және құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне құқық белгілеуші құжаттың электрондық көшірмесін жолдау арқылы көрсетеді.

      Электрондық тіркеу кезінде "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы алымды төлеу туралы растама болмаған кезде, электрондық сұрау салу алынған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде "жылжымайтын мүлік тіркелімінің" мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі – ЖМТ МД) автоматты түрде тоқтатыла тұрады.

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушыға күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут.

      Көрсетілетін қызметті алушының нотариусқа жүгінген кезінен бастап, электрондық тіркеу ЖМТ МД-ның ақпараттық жүйесіне мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеу немесе алымды төлеуден босату туралы растау келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілерінің, жылжымайтын мүлікке және өзге де тіркеу объектілеріне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрі немесе олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздерінің заңнама талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген өтініш берушінің жүгінуі;

      3) егер қажетті құжаттар мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру кезінде ұсынылмаса, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбауы;

      4) нысаны мен мазмұны бойынша заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттардың тіркеуге ұсынылуы;

      5) құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді болдырмайтын ауыртпалықтардың болуы;

      6) заңды күшіне енген сот актісінің болуы;

      7) тіркеуді тоқтата тұру мерзімі ішінде тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлардың жойылмауы;

      8) бұрын туындалған құқық, егер осындай құқыққа қатысты ауртпалықты ауыстыру, өзгерту, тоқтату немесе белгілеу болмаса, ол туындаған кезде қолданыстағы болған заңнамаға сәйкес келмеуі;

      9) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды және құқықтар ауыртпалығын тіркеуге өтініш білдірушінің жүгінуі болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған кезде, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      "Жылжымайтын мүлiкке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:

      1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:

      мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi):

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн рұқсат берiлетiн ең ұзақ күту уақыты – 20 минут;

      3) қызмет көрсету үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 минут.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (В.Қ. Калимова) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына оның жіберілуін;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және

      коммуникациялар министрі

      Д. Абаев

      _________________________

      2016 жылғы 3 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрінің м.а.

      М. Құсайынов

      __________________________

      2016 жылғы 2 маусым



О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 246 "Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам регистрации прав на недвижимое имущество и регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 мая 2016 года № 363. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 июня 2016 года № 13778. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 29 мая 2020 года № 67.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции РК от 29.05.2020 № 67 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 246 "Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам регистрации прав на недвижимое имущество и регистрации залога движимого имущества, не подлежащего обязательной государственной регистрации" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11408, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" от 9 июля 2015 года) следующие изменения:

      в Стандарте государственной услуги "Государственная регистрация прав (обременений) на недвижимое имущество":

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      " 4. Сроки оказания государственной услуги:

      1) с момента сдачи пакета документов услугополучателем при обращении в Государственную корпорацию:

      по государственной регистрации возникновения, изменения или прекращения прав (обременений прав) на недвижимое имущество и иных объектов государственной регистрации – в течение трех рабочих дней с момента поступления заявления услугодателю, (день приема документов не входит в срок оказания государственной услуги);

      по государственной регистрации прав на недвижимое имущество в ускоренном порядке – на следующий рабочий день с момента поступления заявления в Государственную корпорацию (если в Государственной корпорации заявление принято после 18 часов или в субботу, то исчисление срока для услугодателя начинается на следующий рабочий день);

      по регистрации обременений (прекращений обременений), налагаемых государственными органами и иными уполномоченными лицами, а также юридических притязаний с момента поступления заявления услугополучателя – исполняется немедленно (исполненные документы выдаются услугополучателю не позднее одного рабочего дня с момента поступления заявления услугодателю);

      при регистрации впервые, возникающего права на объекты недвижимого имущества общей площадью более 1000 квадратных метров на основании акта государственной приемочной комиссии (а в установленных государственными нормативами случаях акт приемочной комиссии) о приемке построенного объекта в эксплуатацию и относящиеся к первой категории сложности, выдается на второй рабочий день.

      Категории сложности объекта недвижимого имущества отражается в техническом паспорте.

      Оказание государственной услуги приостанавливается не более чем на один месяц в следующих случаях:

      1) по постановлению (определению) суда на основании исковых и иных заявлений (жалоб), поданных в суд;

      2) в соответствии с актами прокурорского надзора до устранения нарушения закона;

      3) в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 августа 2009 года "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных незаконным путем, и финансированию терроризма";

      4) непредставления услугополучателем всех документов, предусмотренных пунктом 9 настоящего стандарта государственной услуги, если отсутствие необходимых документов не явилось основанием для отказа в приеме документов на регистрацию;

      5) для получения разъяснений или истребования от государственных органов необходимой информации в связи с ее отсутствием в документах, исходящих от таких органов, или наличием противоречий в таких документах, если указанные обстоятельства не явились основаниями для отказа в приеме документов на регистрацию;

      6) при несоответствии объекта регистрации, устанавливаемого на основании правоустанавливающих документов, и объекта регистрации, указанного в заявлении, для устранения противоречия между ними.

      Решение о приостановлении оказания государственной услуги принимается услугодателем с момента приема документов, но не позднее истечения срока оказания государственной услуги.

      При приостановлении оказания государственной услуги услугодатель направляет в Государственную корпорацию, в единую нотариальную информационную систему (далее – ЕНИС), на портал в личный кабинет услугополучателя и электронные адреса участников сделки (при наличии) письменное уведомление с указанием причин и сроков приостановления для последующей выдачи уведомления услугополучателю (уполномоченному представителю услугополучателя).

      По сделкам, удостоверенным нотариусом государственная услуга оказывается нотариусами путем взаимодействия ЕНИС и направления электронной копии правоустанавливающего документа в информационную систему правового кадастра (далее – электронная регистрация).

      При электронной регистрации при отсутствия подтверждения об оплате сбора через платежный шлюз "электронного правительства" (далее – ПШЭП) в течение трех рабочих дней с момента получения электронного запроса, в государственной базе данных "регистра недвижимости" (далее – ГБД РН) оказание государственной услуги автоматически приостанавливается.

      2) максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов услугополучателем услугодателю – 20 минут;

      3) максимально допустимое время обслуживания услугополучателя – 20 минут.

      С момента обращения услугополучателя к нотариусу, электронная регистрация оказывается в течение одного рабочего дня с момента поступления в информационную систему ГБД РН подтверждения об оплате сбора или освобождении от оплаты сбора за государственную регистрацию.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Основаниями для отказа в оказании государственной услуги являются:

      1) несоответствия субъектов и объектов правоотношений, вида права или обременения права на недвижимое имущество и иных объектов регистрации или оснований их возникновения, изменения или прекращения требованиям законодательства;

      2) обращение заявителя включеного в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма, в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      3) предоставления услугополучателем неполного пакета документов, необходимых для государственной регистрации в соответствии с пунктом 9 настоящего стандарта государственной услуги, если необходимые документы не были представлены при приостановлении государственной регистрации;

      4) представления на регистрацию документов, по форме и содержанию не соответствующих требованиям законодательства;

      5) наличия обременений, которые исключают государственную регистрацию права или иного объекта государственной регистрации;

      6) наличие судебного акта, вступившего в законную силу;

      7) если в течение сроков приостановления регистрации не были устранены обстоятельства, явившиеся основаниями для приостановления;

      8) несоответствия ранее возникшего права законодательству, действовавшему в момент его возникновения, если объектом регистрации являются переход, изменение, прекращение или установление обременения в отношении такого права;

      9) обращение заявителя за регистрацией прав и обременений прав на недвижимое имущество, принадлежащее государственной исламской специальной финансовой компании.

      При представлении услугополучателем неполного пакета документов согласно перечню, предусмотренному пунктом 9 настоящего стандарта государственной услуги, работник Государственной корпорации отказывает в приеме заявления и выдает расписку об отказе в приеме документов по форме согласно приложению 4 к настоящему стандарту государственной услуги.";

      в Стандарте государственной услуги "Выдача дубликата правоустанавливающего документа на недвижимое имущество":

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Сроки оказания государственной услуги:

      1) с момента сдачи пакета документов услугополучателем при обращении в Государственную корпорацию:

      государственная услуга оказывается в течение трех рабочих дней с момента поступления заявления услугодателю, (день приема документов не входит в срок оказания государственной услуги);

      2) максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов – 20 минут;

      3) максимально допустимое время обслуживания – 20 минут.".

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан (Калимова В.К.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) в течение пяти рабочих дней со дня получения настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечение десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр юстиции


Республики Казахстан

Б. Имашев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр информации

      и коммуникаций Республики Казахстан

      ____________________ Д. Абаев

      3 июня 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"

      И.о. Министра национальной

      экономики Республики Казахстан

      ____________________М. Кусаинов

      2 июня 2016 года