«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде (№ 10539 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі тіркеуді жүргізу ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тілінде мәтіні өзгермейді:
«Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Осы Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелi түрде тiркеу жүргiзу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленіп, құқықтық кадастрды жылжымайтын мүлiкке бұрын туындаған құқықтар (құқықтық ауыртпалықтар) туралы мәлiметтермен толықтыру мақсатында құқықтарды жүйелi түрде тiркеу жүргiзудiң мерзiмi мен тәртiбiн айқындайды және есепке алу сипатында болады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«3. Осы Қағидалар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарына, мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық органдарына, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарына, тiркеушi органға (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) қолданылады.»;
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер және анықтамалар пайдаланылады:»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жылжымайтын мүлiкке бұрын туындаған құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) жүйелi түрде тiркеу құқық иеленушiлердiң өтiнiшi келiп түскен және (немесе) бұрын туындаған құқықтар (құқықтық ауыртпалықтар) туралы шынайы деректер басқа ақпараттық жүйелерден ауыстырылған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«8. Осы Қағидалардың 6-тармағында аталған мемлекеттік органдар ақпаратты тіркеуші органға жүйелі түрде тіркеу шеңберінде өтеусіз негізде ұсынады.»
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (В.Қ. Калимова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін оны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Б. Имашев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
____________Д. Абаев
2016 жылғы 28 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________Б. Сұлтанов
2016 жылғы 2 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 22 маусым