Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 455 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 шілдеде № 13902 болып тіркелді

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық–өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет–ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрі                                   Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика
      министрі
      ____________ Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы 31 мамыр

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму 
министрінің 2016 жылғы  
31 мамырдағы       
№ 455 бұйрығымен     
бекітілген        

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері
мен техникалық құралдар тізбесі

1. Жылу көргіш.
2. Ультрадыбыстық сұйықтық шығынын өлшеуіш.
3. Өлшеу диапазоны 0 бастап 550о С дейінгі контактісіз (инфрақызыл) термометр.
4. Жылу өлшеуіш немесе жылу ағындарының өлшеуіші.
5. Ток кармауыштар.
6. Анемометр.
7. Гигрометр.
8. Люксметр.
9. Лазерлі ұзындық өлшеуіш.
10. Қалыңдық өлшегіш (егер шығын өлшеуіште осы функция болмаса).
11. Электр энергиясының сапасын талдауыш.
12. Контактілі термометр.
13. Манометр.
14. Газ талдауыш.

Об утверждении перечня информационно-измерительных комплексов и технических средств, необходимых для осуществления деятельности в области энергосбережения и повышения энергоэффективности

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 мая 2016 года № 455. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 июля 2016 года № 13902

      В соответствии с подпунктом 6-1) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 13 января 2012 года «Об энергосбережении и повышении энергоэффективности» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемый перечень информационно-измерительных комплексов и технических средств, необходимых для осуществления деятельности в области энергосбережения и повышения энергоэффективности.
      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Ержанов А.К.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему «Әділет» в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати  одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр
      по инвестициям и развитию
      Республики Казахстан                       А. Исекешев

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр национальной экономики
      Республики Казахстан
      _______________ К. Бишимбаев
      31 мая 2016 года

Утвержден       
приказом Министра   
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан 
от 31 мая 2016 года № 455

Перечень
информационно-измерительных комплексов и технических средств,
необходимых для осуществления деятельности в области
энергосбережения и повышения энергоэффективности

      1. Тепловизор.
      2. Ультразвуковой расходомер жидкости.
      3. Бесконтактный (инфракрасный) термометр с диапазоном измерения от 0 до 550 0С.
      4. Тепломер или измеритель тепловых потоков.
      5. Токовые клещи.
      6. Анемометр.
      7. Гигрометр.
      8. Люксметр.
      9. Лазерный дальномер.
      10. Толщиномер (если нет этой функции в расходомере).
      11. Анализатор качества электрической энергии.
      12. Контактный термометр.
      13. Манометр.
      14. Газоанализатор.