Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.02.2017 № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кәсіптік оқытуға жіберу бойынша;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу бойынша;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жастар практикасына жіберу бойынша;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қоғамдық жұмыстарға жіберу бойынша;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Азаматтардың және оралмандардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу бойынша;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Кәсіптік оқытуға арналған мемлекеттік гранттар беру бойынша;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қысқарған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарттардың үлгілік нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік | |
даму министрі | Т. Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 544 бұйрығына 1-қосымша |
Нысан
Кәсіптік оқытуға жіберу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету
туралы әлеуметтік келісімшарт
_____________________ 20__ жылғы "___"_____________
(жасалған орны)
Бұдан әрі "Халықты жұмыспен қамту орталығы" деп аталатын
__________________________ атынан ___________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) (ХЖО директорының
лауазымы, тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
бір тараптан және бұдан әрі "Оқушы" деп аталатын
_____________________________________________________________________
(Оқушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын
куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)
екінші тараптан және бұдан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын
__________________ негізінде қызмет ететін __________________________
(ереже, жарғы және т.б.) (ұйымның атауы, кәсіпорын)
атынан ______________________________________ үшінші тараптан және
(уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
бұдан әрі "Оқытуды өткізетін ұйым" деп аталатын
________________________________________ негізінде қызмет ететін
(ереже, жарғы және т.б.)
______________________________ атынан _______________________________
(білім беру ұйымның атауы) (уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
төртінші тараптан төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты
(бұдан әрі – Келісімшарт) жасады:
1. Келісімшарттың мәні
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы Оқушыны кәсіптік оқытуға, ал Оқушы халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Келісімшартта, кәсіптік оқыту шартында және оқытуды өткізетін ұйымның ішкі тәртібімен айқындалған тәртіппен және шарттарда кәсіптік оқытудың өзіне белгіленген түрінен өтуге міндеттенеді. Келісімшарт шеңберінде Оқушыға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары:
_____________________________________________________________________
______________________________________________________ ұсынылады.
(Оқушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілсін)
2. Келісімшарт тараптары Халықты жұмыспен қамту орталығы, Оқушы, ал Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы ___ шілдедегі № ___ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ___ болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген жағдайларда Оқушыны жұмысқа орналастыруға кепілдік беретін Жұмыс беруші және Оқытуды өткізетін ұйым (бұдан әрі – тараптар) болады.
3. Келісімшарт Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының 20 __ жылғы "__" ___________ № ___ бұйрығының негізінде жасалды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) Оқушыны ___________________________ Оқытуды өткізетін ұйымға
(Оқытуды өткізетін ұйымның атауын көрсетілсін
_____________________________________________________________________
(Оқушы алатын мамандық (кәсіп) немесе біліктілігін арттыру
көрсетілсін)
алу үшін (біліктілігін арттыру үшін) ______________ мерзімімен өтетін
(оқу кезеңі)
кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға (қажеттісінің астын сызу) жібереді;
2) Оқушыға Қағидаларда айқындалған тәртіпте, жағдайларда және шарттарда оқуға материалдық көмек көрсетеді;
3) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардың сұратуы бойынша уақтылы және толық көлемде ұсынады;
4) оқытуды өткізетін ұйымға Оқушыны кәсіптік оқыту жөніндегі қызметтердің ақысын уақтылы және толық көлемде төлейді;
5) тараптарға кәсіптік оқыту және жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде консультация береді;
6) кәсіптік қызметті бағалау бойынша біліктілік емтихандарына қатысады;
7) Жұмыс берушінің, Оқытуды өткізетін ұйым мен Оқушының Келісімшартта айқындалған міндеттерді орындау мониторингін жүзеге асырады;
8) Келісімшарт тараптарынан тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;
9) тараптардан Келісімшарттың, кәсіптік оқытуға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;
10) Оқытуды өткізетін ұйымның кәсіптік оқыту жөнінде нақты көрсеткен қызметтерінің көлеміне барабар ақы төлеу бойынша қайта есептеу жүргізеді, сондай-ақ Келісімшарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда Оқушыдан осы қызметтер көлемінің құнын және кәсіптік оқытуға арналған материалдық көмектің төленген сомаларын бюджетке өтеуді талап етеді.
5. Оқушы:
1) кәсіптік оқытудан өтеді;
2) оқытатын ұйымның ішкі тәртіп талаптарын сақтайды;
3) дәлелді себепсіз сабақтан қалмайды;
4) Келісімшарт тараптарының сұратуы бойынша, тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде ұсынады;
5) Оқушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде өзіне жүктелетін міндеттемелерді адал атқарады;
6) басқа тұрақты жұмысқа орналасу, әскери қызметке шақырылу, сот шешімі бойынша бас бостандығынан айрылу, қайтыс болу, жүкті болу, сондай-ақ оқу бағдарламасын толық көлемде игеруге мүмкіндік бермейтін ұзақ емделуді қажет ететін ауру мен науқастану жағдайларын қоспағанда, Оқушы қорытынды аттестаттауды және біліктілік емтихандарын қайта тапсыра алмаған немесе жұмыс беруші мәлімдеген жұмыс орнына орналасудан бас тартқан жағдайда, материалдық көмекке және стипендияға төленген сомаларды қоса алғанда, оқуға жұмсалған іс жүзіндегі шығыстарды бюджетке қайтарады;
7) кәсіптік оқытудан өтуге кедергі келтіретін жағдайлардың туындағаны туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей тараптарды хабардар етеді;
8) кәсіптік оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша консультациялар алады;
9) кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының тізбесінен білім беру ұйымдарын не оқу орталықтарын, білім беру қызметіне құқығы бар жұмыс берушілердің оқу орталықтарын таңдайды;
10) оқытуға арналған материалдық көмекті Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіпте алады;
11) Келісімшарт тараптарынан Келісімшарттың, кәсіптік оқыту шартының уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді.
6. Оқытуды өткізетін ұйым:
1) Оқушыны _________________________ мамандығы (кәсібі) бойынша
_____________________________________________________________________
(даярлау, қайта даярлау немесе біліктілік арттыру)
нысанындағы кәсіптік оқытуға қабылдайды;
2) өндірістік практикадан өту шарттарын және орнын айқындайды;
3) Оқушының әлеуметтік шартта айқындалған міндеттерін орындау мониторингін жүзеге асырады;
4) есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай Халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқудан шығарылған оқушылар туралы ақпаратты және оқушылардың сабаққа келуін есепке алу табелінің көшірмесін ұсынады;
5) Оқушыны түсу емтихандарын тапсырмастан қабылдайды;
6) Халықты жұмыспен қамту орталығымен және жұмыс берушімен келісу бойынша оқушыларды мынадай:
сабаққа дәлелсіз себептермен қатарынан үш оқу күнінен артық қатыспаса;
үлгерімі нашар немесе аралық аттестаттау қанағаттанарлықсыз болса;
Оқытуды өткізетін ұйымның ішкі тәртібін бұзса оқудан шығарады;
7) Оқушының қорытынды аттестаттау және біліктілік емтихандарын өткізеді.
7. Жұмыс беруші:
1) Оқушыны _________________________ мамандығы (кәсібі) бойынша
________________________________________ нысанындағы кәсіптік оқытуды
(даярлау, қайта даярлау немесе біліктілік арттыру)
сәтті бітіргенен кейін алған мамандығы (кәсібі) бойынша
_________________________ жұмыс жасау мерзімімен жұмысқа қабылдайды;
(оқуды аяқтағанан кейін жұмыс жасау кезеңі)
2) өндірістік практикадан өту орнын
_____________________________________________________________________
(Өндірістік практикадан өту орны)
қамтамасыз етеді (қажет болған жағдайда);
3) өндірістік практикадан өту уақытында тәлімгер бекітеді (қажет болған кезде);
4) кәсіптік оқытудан өту уақытына еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға (ішінара жұмыспен қамтылған) әлеуметтік демалыс береді;
5) кәсіптік оқытудан өту уақытында еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың (ішінара жұмыспен қамтылған) жұмыс орындарын сақтайды;
6) өз өтінімі бойынша кәсіптік оқытуға жіберілген оқушыны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда, материалдық көмекке және стипендия төлеуге жұмсалған сомаларды қоса алғанда оқытуға іс жүзінде жұмсалған шығыстарды қайтарады.
Шығыстар жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған; жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістердің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі азайған, сондай-ақ өрт, жер сілкіну, су тасқыны, әскери әрекеттер, мүлікке тыйым салу сияқты төтенше жағдаларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) қайтарылмайды;
7) Оқытуды өткізетін ұйым мен Оқушының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерін орындау мониторингін жүргізеді;
8) өз өтінімі бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған адамдарды жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы (жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда, себептерін көрсете отырып) халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етеді;
9) кәсіптік оқытуға үміткерлерді іріктейді;
10) кәсіптік даярлықты бағалау жөніндегі біліктілік емтихандарына қатысады.
8. Кәсіптік оқу мерзімі: 20__ жылғы "___" ___ бастап 20__ жылғы "___" _____ дейін.
9. Оқу құны __________________________________________ құрайды.
10. Оқытуды өткізетін ұйым оқушыны шығарған кезде кәсіптік оқыту бойынша іс жүзінде ұсынылған қызметтердің көлеміне ақы төленеді.
11. Оқушы кәсіптік оқытуды мерзімінен бұрын тоқтатқан не жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған; жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларда әлеуметтік келісімшарт бұзылады.
12. Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқытуға жіберген адамдар өздігінен, дәлелсіз себептермен оқуын тоқтатса, халықты жұмыспен қамту орталығында қайта тіркелген күннен бастап үш жыл өткен соң оқуға қайта жіберіледі.
13. Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқыту жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыруды республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен және шегінде және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.
3. Форс-мажорлық жағдайлар
14. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкіну, су тасқыны және әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
15. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.
16. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.
17. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.
4. Басқа да жағдайлар
18. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
19. Осы Келісімшарт оған Халықты жұмыспен қамту орталығы, Оқушы, Жұмыс беруші және Оқытуды өткізетін ұйым қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__"______ дейін қолданылады.
5. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
Халықты жұмыспен қамту орталығы Оқушы
_________________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы) _________________________________ (заңды мекенжайы) _________________________________ (телефон, факс) _________________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________ (қолы) М.О. | ______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________ (мекенжайы) ______________________________ (телефон, факс) _______________________________ (қолы) |
Жұмыс беруші Оқытуды өткізетін ұйым
_________________________________ (уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________ (лауазымы) _________________________________ (заңды мекенжайы) _________________________________ (қолы) М.О. (бар болса) | ______________________________ (уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________________ (лауазымы) ______________________________ (заңды мекенжайы) _______________________________ (қолы) М.О. (бар болса) |
Жұмыс беруші мен Оқытуды өткізетін ұйым құрылтай құжаттарының көшірмелерін, банк деректемелерін қоса береді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 544 бұйрығына 2-қосымша |
Нысан
Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу бойынша мемлекеттік қолдау
көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт
_____________________ 20__ жылғы "___"_____________
(жасалған орны)
Бұдан әрі "Халықты жұмыспен қамту орталығы" деп аталатын
___________________________ атынан __________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) (лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
бір тараптан және бұдан әрі "Жұмыссыз" деп аталатын
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын
құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)
екінші тараптан және бұдан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын
________________________ негізінде қызмет ететін ____________________
(ереже, жарғы және т.б.) (ұйымның атауы, кәсіпорын)
атынан ____________________________________ үшінші тараптан төмендегі
(уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Келісімшарт) жасады:
1. Келісімшарттың мәні
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына, ал Жұмыссыз Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құрған әлеуметтік жұмыс орнына Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында, Келісімшартта, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру шартында айқындалған тәртіппен және шарттарда өтуге міндеттенеді. Келісімшарт шеңберінде Жұмыссызға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары: _____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________ ұсынылады.
(Жұмыссызға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілсін)
2. Келісімшарт тараптары Халықты жұмыспен қамту орталығы, Жұмыссыз, ал Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы ___ шілдедегі № ___ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ___ болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген жағдайларда әлеуметтік жұмыс орындарын құратын Жұмыс беруші (бұдан әрі – тараптар) болады.
3. Келісімшарт Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының 20 __ жылғы "__" ___________ № ___ бұйрығының негізінде жасалды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) Жұмыссызды _______________________ бойынша _________________
(мамандығы (кәсібі) көрсетілсін) (жұмысқа орналасу кезеңі)
мерзімге әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін
___________________________________________________________ жібереді;
(әлеуметтік жұмыс орнын құратын жұмыс берушінің атауы)
2) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардың сұратуы бойынша уақтылы және толық көлемде ұсынады;
3) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуге Жұмыс берушілер шығындарының бөлігіне өтемақыны уақтылы және толық көлемде жүргізеді;
4) тараптарға әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация береді;
5) жыл ішінде қажеттілікке қарай Жұмыс берушіден әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды;
6) Жұмыс берушілердің бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына, жұмысқа орналастырылған азаматтардың міндетті зейнетақы аударымдары болуына мониторинг жүргізеді;
7) Жұмыс берушімен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасады;
8) Жұмыс берушінің әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерін орындау мониторингін жүзеге асырады;
9) Жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылғаны және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетеді;
10) Келісімшарт тараптарынан Келісімшарттың, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;
11) Келісімшарт тараптарынан тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады.
5. Жұмыссыз:
1) әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасады;
2) Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасының талаптарын сақтайды;
3) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардың сұратуы бойынша уақтылы және толық көлемде ұсынады;
4) әлеуметтік жұмыс орнынан өтуге кедергі келтіретін жағдайлардың туындағаны туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей тараптарды хабардар етеді;
5) өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде өзіне жүктелетін міндеттемелерді адал атқарады;
6) әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультациялар алады;
7) Жұмыс берушімен жеке еңбек шартын жасасады;
8) тараптардан Келісімшарттың, жұмыссыздары жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді.
6. Жұмыс беруші:
1) ____________________________________________________________
(әлеуметтік жұмыс орнынан өту орны)
әлеуметтік жұмыс орынын өту орнын қамтамасыз етеді;
2) жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы Халықты жұмыспен қамту орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етеді;
3) азаматтармен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасасады;
4) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға төленетін жұмыс берушiнiң табыс түрiндегі әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізеді;
5) қажет болған жағдайда әлеуметтік жұмыс орнына қатысушыларға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізеді;
6) Халықты жұмыспен қамту орталығының сұратуы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға міндетті зейнетақы аударымдарын растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынады;
7) әрбір әлеуметтік жұмыс орнына қатысушымен қауіпсіздік техникасы бойынша жеке нұсқама өткізеді;
8) қажет болған жағдайда әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларды арнаулы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етеді;
9) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етеді;
10) әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың еңбек міндеттерін атқаруы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтейді;
11) Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар жалақысының субсидияланған бөлігіне ақы төлеуге іс жүзіндегі шығыстарды өтейді.
Шығыстар жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған; жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістердің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі азайған, сондай-ақ өрт, жер сілкіну, су тасқыны, әскери әрекеттер, мүлікке тыйым салу сияқты төтенше жағдаларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) қайтарылмайды;
12) еңбек кітапшасына әлеуметтік жұмыс орындарынан өту кезеңін енгізеді;
13) бос жұмыс орны пайда болған кезде және Келісімшарт тараптарының келісуімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады;
14) бұл ретте жұмыс беруші тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйықтың көшірмесін Халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген мерзімдерде жолдайды.
7. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу мерзімі: 20__ жылғы "___" ___ бастап 20__ жылғы "___" _____ дейін.
8. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған, Жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарындағы еңбек қызметін мерзімінен бұрын тоқтатқан не жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған; жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларда әлеуметтік келісімшарт бұзылады.
9. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы еңбек қызметін дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығына қайтадан тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатыса алады.
10. Халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтарға еңбекақы төлеуге жұмыс берушінің шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру арқылы республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен және шегінде жүзеге асырады.
11. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды Жұмыс берушімен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арнап жасалған шарттың және жұмыссыздармен жасалған әлеуметтік келісімшарттың негізінде бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес және осы мақсаттарға көзделген сомалар шегінде халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.
3. Форс-мажорлық жағдайлар
12. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкіну, су тасқыны және әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
13. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.
14. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.
15. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.
4. Басқа да жағдайлар
16. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
17. Осы Келісімшарт оған Халықты жұмыспен қамту орталығы, Жұмыссыз және Жұмыс беруші қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__"______ дейін қолданылады.
5. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
Халықты жұмыспен қамту орталығы Жұмыссыз
_________________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы) _________________________________ (заңды мекенжайы) _________________________________ (телефон, факс) _________________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________ (қолы) М.О. | ______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________ (мекенжайы) ______________________________ (телефон, факс) _______________________________ (қолы) |
Жұмыс беруші
_________________________________ (уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________ (лауазымы) _________________________________ (заңды мекенжайы) _________________________________ (қолы) М.О. (бар болса) |
Жұмыс беруші құрылтай құжаттарының көшірмелерін, банк деректемелерін қоса береді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 544 бұйрығына 3-қосымша |
Нысан
Жастар практикасына жіберу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету
туралы әлеуметтік келісімшарт
_____________________ 20__ жылғы "___"_____________
(жасалған орны)
Бұдан әрі "Халықты жұмыспен қамту орталығы" деп аталатын
___________________________ атынан __________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) (ХЖО директорының
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
_____________________________________________________________________
бір тараптан және бұдан әрі "Жұмыссыз" деп аталатын
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын
құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)
екінші тараптан және бұдан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын
_________________________ негізінде қызмет ететін ___________________
(ереже, жарғы және т.б.) (ұйымның атауы, кәсіпорын)
атынан ______________________________________________________________
(уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)
үшінші тараптан төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Келісімшарт) жасады:
1. Келісімшарттың мәні
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына, ал Жұмыссыз Жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құрған жастар практикасына халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Келісімшартта, жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру шартында айқындалған тәртіппен және шарттарда өтуге міндеттенеді. Келісімшарт шеңберінде жұмыссызға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________ ұсынылады.
(Жұмыссызға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілсін)
2. Келісімшарт тараптары Халықты жұмыспен қамту орталығы, Жұмыссыз, ал Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы ___ шілдедегі № ___ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ___ болып тіркелген) бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген жағдайларда жастар практикасын ұйымдастыратын Жұмыс беруші (бұдан әрі – тараптар) болады.
3. Келісімшарт Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының 20 __ жылғы "__" ___________ № ___ бұйрығының негізінде жасалды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) Жұмыссызды алған ___________________________________________
(мамандығы (кәсібі) көрсетілсін)
мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында
__________________ мерзімге жастар практикасына жұмысқа орналасу үшін
(жұмысқа орналасу кезеңі)
___________________________________________________________ жібереді;
(жастар практикасын ұйымдастыратын жұмыс берушінің атауы)
2) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардың сұратуы бойынша уақтылы және толық көлемде ұсынады;
3) жастар практикасына қатысушылар туралы мәліметтерге сәйкес жастар практикасына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуді уақытылы және толық көлемде жүргізеді;
4) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жастар практикасына қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін жастар практикасына қатысушыларға төленетін жұмыс берушiнiң табыс түрiндегі шығыстарынан әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізеді;
5) тараптарға жастар практикасын құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация береді;
6) жыл ішінде қажеттілікке қарай Жұмыс берушіден жастар практикасын ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды;
7) Жұмыс берушілердің бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізеді;
8) Жұмыс берушімен жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасады;
9) Жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа орналастырылғаны және жастар практикасына қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетеді;
10) Жұмыс берушінің әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерін орындау мониторингін жүзеге асырады;
11) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратады және алады;
12) тараптардан Келісімшарттың, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді.
5. Жұмыссыз:
1) алған кәсібі (мамандығы) бойынша жастар практикасына жұмысқа орналасады;
2) Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасының талаптарын сақтайды;
3) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардың сұратуы бойынша уақтылы және толық көлемде ұсынады;
4) жастар практикасынан өтуге кедергі келтіретін жағдайлардың туындағаны туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей тараптарды хабардар етеді;
5) өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде өзіне жүктелетін міндеттемелерді адал атқарады;
6) жастар практикасын құру және қаржыландыру мәселелері бойынша консультациялар алады;
7) жеке еңбек шартын жасасады;
8) тараптардан Келісімшарттың, жұмыссыздары жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;
8. Жұмыс беруші:
1) ____________________________________________________________
(жастар практикасының өту орны)
жастар практикасынан өту орнын қамтамасыз етеді;
2) жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы Халықты жұмыспен қамту орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етеді;
3) азаматтармен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасасады;
4) жастар практикасынан өту кезеңін еңбек кітапшасына енгізуге және жасалған еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін жастар практикасына қатысушыға оның талабы бойынша оның жастар практикасынан өтуі туралы пікір (ұсыным хат) ұсынады;
5) жастар практикасына қатысушыға кәсіби білімін және жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі жұмыскерлер арасынан тәлімгер бекітеді;
6) қажет болған жағдайда жастар практикасына қатысушыларға өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы төлемін жүргізеді;
7) әрбір жастар практикасына қатысушымен қауіпсіздік техникасы бойынша жеке нұсқама өткізеді;
8) қажет болған жағдайда жастар практикасына қатысушыларды арнаулы киіммен, құрал-саймандармен, инвентарьмен қамтамасыз етеді;
9) Еңбек кодексіне сәйкес тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етеді;
10) жастар практикасына қатысушылардың еңбек міндеттерін орындауы кезінде денсаулығына зиян келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес зиянды өтейді;
11) Жұмыс беруші жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, жастар практикасына қатысушылардың жалақысын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарды өтейді.
Шығыстар жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған; жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістердің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі азайған, сондай-ақ өрт, жер сілкіну, су тасқыны, әскери әрекеттер, мүлікке тыйым салу сияқты төтенше жағдаларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) қайтарылмайды;
12) бос жұмыс орны пайда болған кезде және Келісімшарт тараптарының келісуімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады;
13) бұл ретте Жұмыс беруші тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген мерзімдерде жолдайды.
7. Жастар практикасына жұмысқа орналасу мерзімі: 20__ жылғы "___" ___________ бастап 20__ жылғы "___" _______________ дейін.
8. Жұмыс беруші жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған, жұмыссыз жастар практикасындағы еңбек қызметін мерзімінен бұрын тоқтатқан не жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған; жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістердің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі азайған жағдайларда әлеуметтік келісімшарт бұзылады.
9. Осы Келісімшарттың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген жағдайларда еңбек қызметін тоқтатқан адамдарға қалған өтелмеген мерзімін басқа жұмыс берушілерде жалғастыру мүмкіндігі беріледі.
10. Халықты жұмыспен қамту орталығы жастар практикасын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыруды республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражаты есебінен және шегінде және жергілікті бюджет қаражатынан, сондай-ақ жастар практикасына жұмысқа орналасқан алған кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектеріне еңбекақы төлеуге Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.
11. Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру 6 айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
3. Форс-мажорлық жағдайлар
12. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкіну, су тасқыны және әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
13. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.
14. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.
15. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.
4. Басқа да жағдайлар
16. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
17. Осы Келісімшарт оған Халықты жұмыспен қамту орталығы, Жұмыссыз және Жұмыс беруші қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__"______ дейін қолданылады.
5. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
Халықты жұмыспен қамту орталығы Жұмыссыз
_________________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы) _________________________________ (заңды мекенжайы) _________________________________ (телефон, факс) _________________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________ (қолы) М.О. | ______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________ (мекенжайы) ______________________________ (телефон, факс) _______________________________ (қолы) |
Жұмыс беруші
_________________________________ (уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________________ (лауазымы) _________________________________ (заңды мекенжайы) _________________________________ (қолы) М.О. (бар болса) |
Жұмыс беруші құрылтай құжаттарының көшірмелерін, банк деректемелерін қоса береді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 544 бұйрығына 4-қосымша |
Нысан
Қоғамдық жұмысқа жіберу бойынша мемлекеттік қолдау
көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт
_____________________ 20__ жылғы "___"_____________
(жасалған орны)
Бұдан әрі "Халықты жұмыспен қамту орталығы" деп аталатын
_________________________ атынан ____________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) (ХЖО директорының
лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
бір тараптан және бұдан әрі "Адам" деп аталатын
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке басын куәландыратын
құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)
екінші тараптан төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Келісімшарт) жасады:
1. Келісімшарттың мәні
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы адамды қоғамдық жұмысқа жұмысқа орналастыруға, ал Адам жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құрған қоғамдық жұмысқа Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында, Келісімшартта, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру шартында айқындалған тәртіппен және шарттарда өтуге міндеттенеді. Келісімшарт шеңберінде жұмыссызға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары:
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________ ұсынылады.
(адамға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілсін)
2. Келісімшарт тараптары Халықты жұмыспен қамту орталығы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы ___ шілдедегі № ___ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ___ болып тіркелген) бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Адам (бұдан әрі – тараптар) болады.
3. Келісімшарт Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының 20 __ жылғы "__" ___________ № ___ бұйрығының негізінде жасалды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) Адамды _______________________ бойынша _____________________
(мамандығы (кәсібі) көрсетілсін) (жұмысқа орналасу кезеңі)
мерзімге қоғамдық жұмысқа орналасу үшін
________________________________________________ жұмысқа жібереді;
(қоғамдық жұмысты ұйымдастыратын жұмыс берушінің атауы)
2) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардың сұратуы бойынша уақтылы және толық көлемде ұсынады;
3) жұмыс берушілер ұсынған мәліметтерге сәйкес қоғамдық жұмысқа қатысатын адамдарға еңбекақы төлеуді уақтылы және толық көлемде жүргізеді;
4) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық жұмыстарға қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізеді;
5) тараптарға қоғамдық жұмыстарды құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультация береді;
6) жыл ішінде қажеттілікке қарай Жұмыс берушіден қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға қосымша өтінімдер қабылдайды;
7) Жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарт жасасады;
8) Жұмыссыздың қоғамдық жұмысқа жұмысқа орналастырылғаны және қоғамдық жұмысқа қатысуды аяқтағаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) тұрақты жұмысқа орналастырылғаны туралы мәліметтерді жұмысқа орналастырудың жеке картасында көрсетеді;
9) Жұмыс берушінің әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерін орындау мониторингін жүзеге асырады;
10) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратады және алады;
11) Тараптардан Келісімшарттың, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді.
5. Адам:
1) қоғамдық жұмысқа жұмысқа орналасады;
2) Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасының талаптарын сақтайды;
3) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардың сұратуы бойынша уақтылы және толық көлемде ұсынады;
4) қоғамдық жұмыстан өтуге кедергі келтіретін жағдайлардың туындағаны туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей тараптарды хабардар етеді;
5) өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде өзіне жүктелетін міндеттемелерді адал атқарады;
6) қоғамдық жұмыстарды құру және қаржыландыру мәселелері жөнінде консультациялар алады;
7) жеке еңбек шартын жасасады;
8) тараптардан Келісімшарттың, жұмыссыздары жұмысқа орналастыру үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және қаржыландыруға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді.
6. Қоғамдық жұмысқа жұмысқа орналасу мерзімі: 20____ жылғы "___" ____________ бастап 20___ жылғы "_______" ______________ дейін.
7. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсіз себептермен өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздар, олардың есебінен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығында қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберілуі мүмкін.
8. Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыруды жергілікті бюджет қаражаты есебінен және шегінде және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты есебінен қаржыландырылады.
9. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
10. Орындалатын жұмыстың күрделілігіне қарай Жұмыс беруші қажет болған жағдайда нақты орындалған жұмыс үшін өзінің жеке қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілейді.
11. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшiн жұмыссыздарға есептелген жалақыға 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салынады.
12. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушi жүргiзедi.
3. Форс-мажорлық жағдайлар
13. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкіну, су тасқыны және әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
14. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.
15. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.
16. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.
4. Басқа да жағдайлар
17. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
18. Осы Келісімшарт оған Халықты жұмыспен қамту орталығы және қоғамдық жұмысқа жұмысқа орналасқан Адам қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__"______ дейін қолданылады.
5. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
Халықты жұмыспен қамту орталығы Адам
_________________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы) _________________________________ (заңды мекенжайы) _________________________________ (телефон, факс) _________________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________ (қолы) М.О. | ______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________ (мекенжайы) ______________________________ (телефон, факс) _______________________________ (қолы) |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 544 бұйрығына 5-қосымша |
Нысан
Кәсіпкерлік бастамашыллыққа жәрдемдесу бойынша мемлекеттік
қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт
_____________________ 20__ жылғы "___"_____________
(жасалған орны)
Бұдан әрі "Халықты жұмыспен қамту орталығы" деп аталатын
___________________________ атынан __________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) (лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
бір тараптан және бұдан әрі "Бағдарламаға қатысушы" деп аталатын
____________________________________________________________________
(Бағдарламаға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке
басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)
екінші тараптан төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан
әрі – Келісімшарт) жасады:
1. Келісімшарттың мәні
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы мен Бағдарламаға қатысушының арасында Бағдарламаға қатысушыны өнімді жұмыспен қамтуға және оның табыс деңгейін арттыруға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік қолдау көрсету туралы Келісімшарт жасалды.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы мынадай мемлекеттік қолдау шараларын:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________ ұсынады.
(мемлекеттік қолдау шараларының нақты тізбесі, олардың көлемі мен
оларды беру мерзімдері)
3. Келісімшарт ________________________________________________
(адамды Бағдарламаға қатысушылар құрамына қабылдау туралы шешім
қабылдаған органның атауы)
20 ___ жылғы "____" _____________ № ____ шешімінің негізінде жасалды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) Бағдарламаға қатысушыға микрокредит алудың, материалдық көмек ала отырып кәсіпкерлік негіздерін оқудың, қосымша сервистік қызметтер алудың ықтимал нұсқалары туралы консультациялар береді;
2) Бағдарламаға қатысушыға:
_____________________________________________________________________
______________________________ кәсіпкерлік негіздерін оқытудан өтуді;
(ұйымның атауы, мекенжайы, оқу мерзімі)
_____________________________________________________________________
________________________________________________ микрокредит алу үшін
(микрокредит алудың мақсаты не бизнес-ұсыныстың атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(микроқаржы (микрокредит) ұйымының не қаржы агенттігі мәртебесі бар
өңірлік уәкілетті ұйымның атауы, мекенжайы, басшысының Т.А.Ә.(бар
болса)
микроқаржы (микрокредит) ұйымына не қаржы агенттігі мәртебесі бар өңірлік уәкілетті ұйымға өтініш беруді ұсынады;
3) Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредитің мақсатты пайдаланылуын растайтын (жабдық, ірі қара мал, ұсақ қара мал сатып алғаны туралы, құрылыс салғаны туралы, жөндеу, қосымша жұмыс орнын құрғаны туралы және т.б. ақпарат) сонымен қатар салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелу туралы ақпаратты, деректерді сұратады.
5. Бағдарламаға қатысушы:
1) Келісімшарт қолданылатын кезеңдегі отбасының құрамы туралы, өзінің табысы мен отбасы мүшелерінің табысы туралы дәйекті ақпаратты, Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредиттің мақсатты жұмсалғанын растайтын деректерді ұсынады, бизнесін кеңейткен кезде қосымша жаңа тұрақты жұмыс орнын құрады;
2) кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредит алған жағдайда, салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеуден өтеді;
3) мынадай міндеттемелерді:
___________________________________________________ дейінгі мерзімде;
___________________________________________________ дейінгі мерзімде;
_________________________________________ дейінгі мерзімде орындайды.
4) өзіне қабылдаған міндеттемелерінің орындалуы мен Бағдарлама шеңберінде берілген микрокредиттің мақсатты жұмсалғаны туралы есепті ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынады;
5) осы келісімшарттың талаптарын орындауға кедергілер пайда болған жағдайда көрсетілген жағдайлар туындаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығын хабардар етеді.
6) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, микрокредит беру, инженерлік-коммуникакациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі ұсынылған іс-шараларды талқылайды;
7) Кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидаларында және осы Келісімшарттың ___, ____, _____ - тармақтарында көзделген қаражатты алады;
8) микрокредитті мерзімінен бұрын өтеген жағдайда жеке ісін кеңейтуге микрокредит алу үшін қажет болған кезде қайтадан өтініш білдіреді және бес миллион теңгеге дейін микрокредит алады.
3. Басқа да жағдайлар
6. Осы Келісімшарттың _________________ тармағымен (тармақтарымен) көзделген мемлекеттік қолдау шаралары Бағдарламаға қатысушыға _________________________________________________________
(шешім қабылдаған органның атауы)
20 ___ жылғы "___"________ шешіміне сәйкес беріледі.
Мемлекеттік қолдау көрсету Келісімшарттың шарттары сақталған кезде жүзеге асырылады және _________________ дейін жүргізіледі.
7. Келісімшарттың шарттары орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда Жұмыспен қамту орталығы:
1) Келісімшарттың ____, ___, ____ - тармақтарында көзделген мемлекеттік қолдауды, сондай-ақ, Қатысушыға атаулы әлеуметтік көмек төлемін (ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалған жағдайда), Келісімшарт шарттарының, бөлінген ақша қаражатының нысаналы жұмсалуының орындалмау немесе тиісінше орындалмау себептерін растайтын құжаттары ұсынылғанға дейін тоқтата тұруға;
2) Комиссия шешімінің негізінде Келісімшарт бұзылатын күнге дейін 10 күн бұрын Қатысушыны бұл жөнінде жазбаша хабардар ете отырып біржақты тәртіппен бұзуға;
3) Бағдарлама шеңберіндегі атаулы әлеуметтік көмек пен мемлекеттік қолдау көрсетуден бас тартуға құқылы.
4. Келісімшарттың қолданылу мерзімі
8. Келісімшарттың қолданылу мерзімі 20_____ жылдың "____" ___________ 20___ жылдың "____"_________ дейін айқындалады.
5. Келісімшарттың шарттарын орындамағаны үшін Тараптардың
жауапкершілігі
9. Келісімшарттың шарттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы ___ шілдедегі № ___ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ___ болып тіркелген) бекітілген кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес жауапкершілікте болады.
6. Форс-мажорлық жағдайлар
10. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкіну, су тасқыны және әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
11. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.
12. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.
13. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.
7. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушы
_________________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы) _________________________________ (заңды мекенжайы) _________________________________ (телефон, факс) _________________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________ (қолы) М.О. | ______________________________ (Бағдарламаға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________ (мекенжайы) ______________________________ (телефон, факс) _______________________________ (қолы) |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 544 бұйрығына 6-қосымша |
Нысан
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс
аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы
әлеуметтік келісімшарт
_____________________ 20__ жылғы "___"_____________
(жасалған орны)
Бұдан әрі "Халықты жұмыспен қамту орталығы" деп аталатын
___________________________ атынан __________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) (лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
бір тараптан және бұдан әрі "Бағдарламаға қатысушы" деп аталатын
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын
құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)
екінші тараптан және бұдан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын
_________________________ негізінде қызмет ететін ___________________
(ереже, жарғы және т.б.) (ұйымның атауы, кәсіпорын)
атынан ____________________________________ үшінші тараптан төмендегі
(уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Келісімшарт) жасады:
1. Келісімшарттың мәні
1. Келісімшарт жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдем көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жасалды.
2. Келісімшарт тараптары Халықты жұмыспен қамту орталығы және Бағдарламаға қатысушы, ал Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы ___ шілдедегі № ___ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ___ болып тіркелген) бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген жағдайларда Жұмыс беруші (бұдан әрі – тараптар) болады.
Келісімшарт шеңберінде Бағдарламаға қатысушыға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары: ________________________________________
__________________________________________________________ ұсынылады.
(Бағдарламаға қатысушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары
көрсетілсін)
3. Келісімшарт Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының 20 __ жылғы "__" ___________ № ___ бұйрығының негізінде жасалды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) Бағдарламаға қатысушыдан қоныс аударуға субсидия тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) бөлу үшін өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдайды;
2) тұрғын үй комиссиясының Бағдарламаға қатысушыға тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру туралы шешімін қабылдайды;
3) Бағдарламаға қатысушымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалға алу шартын жасайды;
4) қоныс аударуға субсидия тағайындау туралы шешім қабылдайды және субсидияны Бағдарламаға қатысушының жеке шотына аударуды жүзеге асырады;
5) Бағдарламаға қатысушының тұрғын үйге, қызметтік тұрғын үйге (еңбекші жастарға арналған жатақханалардағы бөлмеге) қоныстануын қамтамасыз етеді;
6) Бағдарламаға қатысушыны жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жәрдем көрсетеді;
7) Бағдарламаға қатысушының тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі және оны бақылауды жүзеге асырады;
8) Бағдарламаға қатысушы мен жұмыс берушінің келісімшартты орындау мониторингін жүзеге асырады;
9) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратады және алады;
10) Бағдарламаға қатысушының қоныс аудару тәртібіне, мерзіміне қатысты ақпаратты кету орнындағы Халықты жұмыспен қамту орталығынан сұратады;
11) Бағдарламаға қатысушы мен жұмыс берушіден Келісімшарт талаптарының уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;
12) Қағидаларда айтылған жағдайларда Бағдарламаға қатысушы отбасының кәмелеттік жасқа толған басқа мүшелерімен тұрғын үйді жалға алу шартын қайта жасайды;
13) Келісімшарт талаптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмені) жалға алу шартын бұзады;
14) жұмысқа орналастырудың жеке картасында Бағдарламаға қатысушының қоныс аударғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді көрсетеді.
5. Бағдарламаға қатысушы:
1) қоныс аударуға жолдама алғаннан кейін белгіленген мерзімде нысаналы елді мекенге келеді;
2) Халықты жұмыспен қамту орталығына қоныс аударуға субсидия тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) бөлу үшін өтініш пен қажетті құжаттар топтамасын ұсынады;
3) Халықты жұмыспен қамту орталығымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалға алу шартын жасайды және оған белгіленген мерзімде қоныстанады;
4) жұмыс беруші ұсынған тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасады не кейіннен жұмысқа орналасу үшін кәсіптік оқытудан өтеді;
5) коммуналдық және жалға алу ақысын уақтылы төлейді;
6) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардың сұратуы бойынша уақытылы және толық көлемде ұсынады;
7) өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жүктелген міндеттемелерді адал атқарады;
8) қоныс аударудың тәртібі, мерзімі және қабылдау шарттары туралы, оның ішінде тұрғын үймен, қызметтік тұрғын үймен (еңбекші жастарға арналған жатақханалардағы бөлмемен) қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына орналасу мәселелері жөніндегі ақпаратты кету орнындағы Халықты жұмыспен қамту орталығынан алады;
9) Келісімшартта көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алады;
10) келген жерінен алты ай ішінде кеткен жағдайда (отбасымен) көшуге алған субсидиялардың сомаларын бюджетке қайтарады;
11) тараптардан Келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді.
6. Жұмыс беруші:
1) қоныс аударған Бағдарламаға қатысушыны
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, жұмысқа орналасу орны, лауазымы)
жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді;
2) жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы Халықты жұмыспен қамту орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етеді;
3) жұмыссыздармен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасайды;
4) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бағдарламаға қатысушылар алған табыстарынан жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін Бағдарламаға қатысушыларға төленетін жұмыс берушiнiң табыс түрiндегі төлейтiн шығыстарынан әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізеді;
5) Халықты жұмыспен қамту орталығының сұратуы бойынша Бағдарламаға қатысушыға міндетті зейнетақы аударымдары аударылғанын растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынады;
6) қажет болған жағдайда Бағдарламаға қатысушыны кейіннен жұмысқа орналастыру үшін кәсіптік оқытуға жібереді.
7. Жұмыс берушілер Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыру жөніндегі міндеттемені орындамаған жағдайда мемлекеттің оқытуға және (немесе) көшуді субсидиялауға жұмсаған шығыстарын өтейді.
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген және оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушылар бес жыл ішінде өз еркімен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірден тыс өңірге өз бетінше көшкен жағдайда (не оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқанда) Бағдарламаға қатысушылардың құрамынан шығарылады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған мемлекет шығыстарының сомасын ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен республикалық бюджетке қайтарады.
9. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджтеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен және шегінде және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ тұрғын үй құрылысын қоса қаржыландыратын жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Форс-мажорлық жағдайлар
10. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкіну, су тасқыны және әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
11. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.
12. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.
13. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.
4. Басқа да жағдайлар
14. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
15. Осы Келісімшарт оған Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы және Жұмыс беруші қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__"______ дейін қолданылады.
5. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушы
___________________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы) ___________________________________ (заңды мекенжайы) ___________________________________ (телефон, факс) ___________________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________ (қолы) М.О. | ______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________ (мекенжайы) ______________________________ (телефон, факс) ______________________________ (қолы) |
Жұмыс беруші
___________________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________ (лауазымы) ___________________________________ (заңды мекенжайы) ___________________________________ (қолы) М.О. (бар болса) |
Жұмыс беруші құрылтай құжаттарының көшірмелерін, банк деректемелерін қоса береді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 544 бұйрығына 7-қосымша |
Нысан
Кәсіптік оқытуға арналған мемлекеттік гранттар беру бойынша
мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт
_____________________ 20__ жылғы "___"_____________
(жасалған орны)
Бұдан әрі "Халықты жұмыспен қамту орталығы" деп аталатын
_____________________________ атынан ________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) (ХЖО директорының тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
бір тараптан және бұдан әрі "Оқушы" деп аталатын
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке басын
куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)
екінші тараптан және бұдан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын
__________________ негізінде қызмет ететін __________________________
(ереже, жарғы және т.б.) (ұйымның атауы, кәсіпорын)
атынан _________________________________________ үшінші тараптан және
(уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
бұдан әрі "Оқытуды өткізетін ұйым" деп аталатын
_____________________________________________ негізінде қызмет ететін
(ереже, жарғы және т.б.)
____________________________ атынан _________________________________
(білім беру ұйымның атауы) (уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
төртінші тараптан төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты
(бұдан әрі – Келісімшарт) жасады:
1. Келісімшарттың мәні
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы оқушыны мемлекеттік гранттар ұсына отырып кәсіптік оқытуға жіберуге, ал Оқушы халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында, кәсіптік оқытуға арналған келісімшартта және оқытуды өткізетін ұйымның ішкі тәртібінде айқындалған тәртіппен және шарттарда кәсіптік оқытудың өзіне белгіленген түрінен өтуге міндеттенеді. Келісімшарт шеңберінде Оқушыға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары: ________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________ ұсынылады.
(Оқушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілсін)
2. Келісімшарт тараптары Халықты жұмыспен қамту орталығы, Оқушы, ал Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы ___ шілдедегі № ___ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ___ болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген жағдайларда Оқушының жұмыс орнының сақталуына кепілдік беретін жұмыс беруші және Оқытуды өткізетін ұйым (бұдан әрі – тараптар) болады.
3. Келісімшарт Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының 20 __ жылғы "__" ___________ № ___ бұйрығының негізінде жасалды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) Оқушыны ____________________________________________ бойынша
(оқу түрі)____________________________________________ оқытуды өткізетін ұйымға
(Оқытуды өткізетін ұйымның атауы көрсетілсін)
_____________________________________________________________________
(Оқушы алатын мамандық (кәсіп) немесе біліктілігін арттыру
көрсетілсін)
алу үшін (біліктілігін арттыру үшін) ______________ мерзімімен өтетін
(оқу кезеңі)
кәсіптік оқытуға жібереді;
2) Оқушыға Қағидаларда айқындалған тәртіпте, жағдайларда және шарттарда оқуға материалдық көмек көрсетеді;
3) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті, ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардың сұратуы бойынша уақтылы және толық көлемде ұсынады;
4) оқытуды өткізетін ұйымға Оқушыны кәсіптік оқыту жөніндегі қызметтердің ақысын оқу құнының 80 %-ы мөлшерінде уақтылы және толық көлемде төлейді;
5) Келісімшарт тараптарына мемлекеттік гранттар беру мәселелері бойынша консультация береді;
6) Жұмыс берушінің, Оқытуды өткізетін ұйым мен Оқушының Келісімшартта айқындалған міндеттерді орындау мониторингін жүзеге асырады;
7) Келісімшарт тараптарынан тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;
8) тараптардан Келісімшарттың, кәсіптік оқытуға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;
9) Оқытуды өткізетін ұйымның кәсіптік оқыту жөнінде нақты көрсеткен қызметтерінің көлеміне барабар ақы төлеу бойынша қайта есептеу жүргізеді, сондай-ақ Келісімшарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда Оқушыдан осы қызметтер көлемінің құнын және кәсіптік оқытуға арналған материалдық көмектің төленген сомаларын бюджетке өтеуді талап етеді.
5. Оқушы:
1) кәсіптік оқытудан өтеді;
2) оқытатын ұйымның ішкі тәртіп талаптарын сақтайды;
3) дәлелді себепсіз сабақтан қалмайды;
4) Келісімшарт тараптарының сұратуы бойынша, тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде ұсынады;
5) қорытынды атестаттауды және біліктілік емтиханын тапсырмаған жағдайда төленген материалдық көмек пен стипендия сомаларын қоса алғанда, оқытуға іс жүзінде жұмсалған шығыстарды бюджетке қайтарады;
6) кәсіптік оқытудан өтуге кедергі келтіретін жағдайлардың туындағаны туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей тараптарды хабардар етеді;
7) Оқушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде өзіне жүктелетін міндеттемелерді адал атқарады;
8) кәсіптік оқыту мәселелері жөнінде консультация алады;
9) оқытуға материалдық көмекті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіпте алады;
10) Келісімшарт тараптарынан Келісімшарттың, кәсіптік оқытуға арналған шарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді.
6. Оқытуды өткізетін ұйым:
1) Оқушыны _________________________ мамандығы (кәсібі) бойынша
_____________________________________________________________________
(даярлау, қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру)
нысанындағы кәсіптік оқытуға қабылдайды;
2) өндірістік практикадан өту шарттарын және орнын айқындайды (қажеттілігіне қарай);
3) Оқушының әлеуметтік шартта айқындалған міндеттерін орындау мониторингін жүзеге асырады;
4) есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай Халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқудан шығарылған оқушылар туралы ақпаратты және оқушылардың сабаққа келуін есепке алу табелінің көшірмесін ұсынады;
5) Оқушыны түсу емтихандарын тапсырмастан қабылдайды;
6) Халықты жұмыспен қамту орталығымен және жұмыс берушімен келісу бойынша оқушыны мынадай жағдайларда:
сабаққа дәлелсіз себептермен қатарынан үш оқу күнінен артық қатыспаса;
үлгерімі нашар немесе аралық аттестаттау қанағаттанарлықсыз болса;
Оқытуды өткізетін ұйымның ішкі тәртібін бұзса оқудан шығарады;
7) Оқушының қорытынды аттестаттау және біліктілік емтиханын өткізеді.
7. Жұмыс беруші:
1) кәсіптік оқытудан өту уақытында еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге (ішінара жұмыспен қамтылғандарға) әлеуметтік демалыс береді;
2) кәсіптік оқытудан өту уақытында еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндердің (ішінара жұмыспен қамтылғандардың) жұмыс орындарын сақтайды;
3) Оқытуды өткізетін ұйымға Оқушыны кәсіптік оқыту жөніндегі қызметтердің ақысын оқу құнының 20 % мөлшерінде уақтылы және толық көлемде төлейді;
4) Оқытуды өткізетін ұйым мен оқушының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерін орындау мониторингін жүзеге асырады;
5) мемлекеттік гранттар беру бойынша қажетті ақпаратты алады;
6) кәсіптік оқыту барысында оқушылар алған білім мен дағдыларды бағалау жөніндегі қорытынды аттестаттауға және біліктілік емтиханына қатысады.
8. Кәсіптік оқыту мерзімі 20__ жылғы "___" ___ бастап 20__ жылғы "___" _____ аралығында ___ айды құрайды.
9. Оқу құны _______ құрайды, оның ішінде ________ теңге (бюджет қаражаты есебінен 80 %); __________ теңге (жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 80 %).
10. Оқытуды өткізетін ұйым оқушыны шығарған кезде кәсіптік оқыту бойынша іс жүзінде ұсынылған қызметтердің көлеміне ақы төленеді.
11. Оқушы кәсіптік оқытуды мерзімінен бұрын тоқтатқан не жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған; жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістердің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі азайған жағдайларда әлеуметтік келісімшарт бұзылады.
12. Гранттар оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандыққа және біліктілік деңгейіне қарай оқу процесіне жұмсалатын шығыстарға байланысты білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар белгілеген қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарының құнынан Бағдарламаға қатысушыға стипендия мен материалдық көмек төлеуге жұмсалатын шығыстарды есепке ала отырып жұмыс берушінің бір адамға кететін шығынынан 80 %, бірақ 100 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде беріледі.
13. Гранттар нысанындағы мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыруды республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражатының есебінен және шегінде Халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.
14. Мемлекеттік гранттар беру жұмыскерлердің қысқа мерзімді курстардан өту фактісі туралы растайтын құжаттарды жұмыс берушілер ұсынған кезде Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылады.
3. Форс-мажорлық жағдайлар
15. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкіну, су тасқыны және әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
16. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.
17. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.
18. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.
4. Басқа да жағдайлар
19. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
20. Осы Келісімшарт оған Халықты жұмыспен қамту орталығы, Оқушы, Жұмыс беруші және Оқытуды өткізетін ұйым қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__"______ дейін қолданылады.
5. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
Халықты жұмыспен қамту орталығы Оқушы
___________________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы) ___________________________________ (заңды мекенжайы) ___________________________________ (телефон, факс) ___________________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________ (қолы) М.О. | ______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________ (мекенжайы) ______________________________ (телефон, факс) ______________________________ (қолы) |
Жұмыспен беруші Оқытуды өткізетін ұйым
___________________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________ (лауазымы) ___________________________________ (заңды мекенжайы) ___________________________________ (қолы) М.О. (бар болса) | ______________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________ (лауазымы) ______________________________ (заңды мекенжайы) ______________________________ (қолы) М.О. (бар болса) |
Жұмыс беруші мен Оқытуды өткізетін ұйым құрылтай құжаттарының көшірмелерін, банк деректемелерін қоса береді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 544 бұйрығына 8-қосымша |
Нысан
Қысқарған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан
табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау бойынша
мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт
__________________ 20__ жылғы "___"____________
(жасалған орны)
Бұдан әрі "Халықты жұмыспен қамту орталығы" деп аталатын
___________________________ атынан __________________________________
(Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы) (ХЖО директорының
лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
________________________________________________________ бір тараптан
және бұдан әрі "Бағдарламаға қатысушы" деп аталатын
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын
құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)
екінші тараптан және бұдан әрі "Жұмыс беруші" деп аталатын
____________________ негізінде қызмет ететін ________________________
(ереже, жарғы және т.б.) (ұйымның атауы, кәсіпорын)
атынан ____________________________________ үшінші тараптан төмендегі
(уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Келісімшарт) жасады:
1. Келісімшарттың мәні
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы қысқарған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау көрсетуге міндеттенеді.
Қысқарған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау _________________________________ мамандығы (кәсібі) бойынша
_____________________________________________________________________
(жұмыс берушінің толық атауы, мекенжайы, БСН (ЖСН), байланысушы
адамдар және телефондар)
___________ (теңге) орташа жалақы мөлшерінде еңбек қатынастарын сақтаған кезде жүргізіледі.
Уақытша субсидиялау сомасы алты ай ішінде айына _________ теңгені, субсидиялаудың барлық мерзімінде __________ теңгені құрайды.
2. Келісімшарт тараптары Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы, ал Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы ___ шілдедегі № ___ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ___ болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген жағдайларда қолданыстағы жұмыс орнын сақтауға кепілдік беретін Жұмыс беруші (бұдан әрі – тараптар) болады.
3. Келісімшарт Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының 20 __ жылғы "__" ___________ № ___ бұйрығының негізінде жасалды.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) қысқарған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау мәселелері бойынша жұмыс берушілерге консультация береді;
2) кәсіпорындардан уақытша субсидиялауға өтінімдер жинауды жүзеге асырады;
3) уақытша субсидияланатын қызметкерлердің тізімдерін қалыптастырады;
4) субсидияланатын қызметкерлер қатарынан Бағдарламаға қатысушыны уақытша субсидияланатын жұмыс орнына жібереді;
5) ай сайын Жұмыс беруші ұсынған жұмыс уақыты табелінің негізінде еңбек шартында белгіленген мөлшерге қарай іс жүзінде жұмыс істелген уақыт үшін қызметкердің жеке шотына субсидия сомасын аударуды жүргізеді;
6) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардың сұратуы бойынша уақтылы және толық көлемде ұсынады;
7) Жұмыс беруші мен Бағдарламаға қатысушының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерін орындау мониторингін жүзеге асырады;
8) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардан сұратады және алады;
9) Келісімшарт тараптарынан Келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;
10) іс жүзінде жұмыс істелген уақыт көлеміне барабар ақы төлеу бойынша қайта есептеу жүргізеді;
11) Жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкермен еңбек шарты мерзімінен бұрын (6 айға дейін) бұзылған кезде, жұмыс берушіден қызметкерді уақытша субсидиялауға жұмсалған мемлекет шығынының барлық сомасын бюджетке қайтаруды талап етеді.
5. Бағдарламаға қатысушы:
1) еңбек шартына сәйкес жұмысты жалғастырады;
2) тараптар міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардың сұратуы бойынша уақтылы және толық көлемде ұсынады;
3) осы Келісімшартты орындауға және уақытша субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге кедергі келтіретін жағдайлар туындағаны туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей тараптарды хабардар етеді;
4) Бағдарламаға қатысушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде өзіне жүктелетін міндеттемелерді адал атқарады;
5) уақытша субсидиялау мәселелері жөнінде қажетті консультация алады;
6) Келісімшарт тараптарынан Келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді.
6. Жұмыс беруші:
1) әлеуметтік келісімшарт қолданылатын мерзім ішінде жұмыс орнын сақтайды және Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға жол бермейді;
2) Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскермен еңбек шартын мерзімінен бұрын (6 айға дейін) бұзылған кезде мемлекет уақытша субсидиялауға жұмсаған шығыстардың нақты сомасын бюджетке қайтарады;
Шығыстар жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған; жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістердің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі азайған, сондай-ақ өрт, жер сілкіну, су тасқыны, әскери әрекеттер, мүлікке тыйым салу сияқты төтенше жағдаларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) қайтарылмайды;
3) ай сайын бухгалтерлік есеп қызметі куәландырған белгіленген нысандағы уақытша субсидияланатын жұмыскерлердің жұмыс уақытының табелін ұсынады;
4) уақытша субсидиялау мәселелері жөнінде қажетті консультация алады;
5) тараптардан Келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді.
7. Жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістердің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі азайған жағдайда әлеуметтік келісімшарт бұзылады.
8. Уақытша субсидиялау жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыруды Халықты жұмыспен қамту орталығы республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер қаражатының есебінен және шегінде және жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырады.
3. Форс-мажорлық жағдайлар
9. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкіну, су тасқыны және әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
10. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етеді.
11. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Тараптарды мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.
12. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.
4. Басқа да жағдайлар
13. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
14. Осы Келісімшарт оған Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы және Жұмыс беруші қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__" ______ дейін қолданылады.
5. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушы
___________________________________ (Халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы) ___________________________________ (заңды мекенжайы) ___________________________________ (телефон, факс) ___________________________________ (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________ (қолы) М.О. | ______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________ (мекенжайы) ______________________________ (телефон, факс) ______________________________ (қолы) |
Жұмыс беруші
___________________________________ (уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________ (лауазымы) ___________________________________ (заңды мекенжайы) ___________________________________ (қолы) М.О. (бар болса) |
Жұмыс беруші құрылтай құжаттарының көшірмелерін, банк деректемелерін қоса береді.