Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.08.2021 № 441 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" деген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақтың 7-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талап етілмеген құжаттарды уәкілетті органға жіберу тізілімімен көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтау үшін береді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
көрсетілген стандартқа 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" деген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақтың 7-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талап етілмеген құжаттарды уәкілетті органға жіберу тізілімімен көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтау үшін береді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.";
10-тармақтың 2-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";
көрсетілген стандартқа 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" деген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;";
көрсетілген стандартқа 1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады";
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | Қ. Бишімбаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникация министрі
____________ Д. Абаев
2016 жылғы 8 маусым
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 242 бұйрығына 1-қосымша |
|
"Тұрғын үй көмегiн тағайындау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша |
Нысан
____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі –
Т.А.Ә.)
____________________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы
15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік
корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының
№ __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге
"Тұрғын үй көмегін тағайындау" құжаттарды қабылдаудан Сіздің
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес
құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп
кеткен құжаттарды ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап
айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп
кеткен құжаттарды:
1) _______________________________________;
2) _______________________________________;
3) _______________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________________
Телефоны ______________________________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 __ жылғы "__" _________
Нысан
___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі
– Т.А.Ә.)
___________________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы
15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік
корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының
№ __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке
тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге
мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті
атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы"
құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын
және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынбауыңызға
байланысты бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп
кеткен құжаттарды:
1) _______________________________________;
2) _______________________________________;
3) _______________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Т.А.Ә. (мемлекеттік корпорациясы қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _____________________
Телефоны ____________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 __ жылғы "_" ________
Нысан
___________Астана және Алматы
қалаларының, аудандардың және
облыстық маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы органының
атауы
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
азамат(ша)_________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, бар болса)
Өтініш
Маған, Сізден мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік
мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты
пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің
немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған
тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беруді сұраймын.
Менде және менімен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді
мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін
тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.
Қосымша: ________________________
_____________________________
(күні, қолы)