Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарының жүріп өту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 26 шілдеде № 13983 болып тілкелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 468 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.07.2017 № 468 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарының жүріп өту қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың

      2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      Б. Сұлтанов ____________________

      2016 жылғы 18 наурыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      Қ. Бишімбаев ___________________

      2016 жылғы 23 маусым



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 90 бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауларды
жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүрiп өту
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүрiп өту тәртiбiн айқындайтын осы қағидалар (бұдан әрi – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 23-17) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.

      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүрiп өту тәртiбiн айқындайды:

      1) автобустар және шағын автобустар (жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған автомобиль көлiгі құралы);

      2) жүк автомобильдерi (рұқсат етiлген жалпы салмағы тiркеменi қоса алғанда, 6 тоннадан астам немесе рұқсат етiлген пайдалы жүктеме тiркеменi қоса алғанда, 3,5 тоннадан астам);

      3) мамандандырылған автомобильдер (жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн тасымалдауға арналған);

      4) арнайы автомобильдер (әр түрлi, басым көпшiлiгi көлiктiк емес жұмыстарды орындауға арналған).

2. Отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағынан шығу тәртiбi

      3. Отандық автокөлiк құралдары рұқсат құжаттары бланкiлерiмен алмасу жүргiзiлген шет мемлекеттерге шыққан жағдайда, тасымалдаушы бұрын берiлген өтiнiмдер негiзiнде Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) кодексiнде (бұдан әрі – Салық кодекс) белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алым сомасы төленгеннен кейiн автомобиль көлігі саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) беретiн тиiстi шетелдiк рұқсат құжаттарын ала алады.

      4. Әрбiр автокөлiк құралына жеке рұқсат беру құжаты берiледi.

      5. Пайдаланылған шетелдiк рұқсат беру құжаттары оларды бұрын берген органға қайтарылуға жатады.

      6. Тасымалдаушының оған берiлген шетелдiк рұқсат беру құжаттары басқа тасымалдаушыға беруiне жол берiлмейдi.

      7. Егер шетелдiк рұқсат құжаттарының бөлiнген саны тасымалдаушылардың өтiнiм берген жалпы санынан аз болған жағдайда, тасымалдаушылардың арасында шетелдiк рұқсат беру құжаттар бланкiлерiн бөлу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 тіркелген) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына (бұдан әрі - Рұқсат беру жүйесін қолдану қағидалары) сәйкес жүргізіледі.

      8. Отандық тасымалдаушыларға мәлiмденгеннен тыс шетелдiк рұқсат беру құжаттарын беру басқа отандық тасымалдаушылар өздерi мәлiмдеген шетелдiк рұқсат беру құжаттарының осы түрiнен бас тартқан жағдайда жүргізілуі мүмкiн.

      9. Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды тұрақты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсатын (отандық тасымалдаушылардың жолаушылар мен багажды тұрақты халықаралық тасымалдауына жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды тұрақты орындаған кезде күнтізбелік бір жыл қолданылу мерзімімен "А" түрінің шетелдік рұқсатын) беру Рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiруiн (шығуын), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтуі тәртібі

      10. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кiру (шығу), халықаралық қатынастағы жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi рұқсат беру құжаты - жүруге берiлген рұқсат негiзiнде жүргiзiледi.

      11. Үшiншi елдiң аумағындағы шығу пунктiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы бару пунктiне дейiн немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы шығу пунктiнен үшiншi елдiң аумағындағы бару пунктiне дейiн жолаушыларды және (немесе) жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруына рұқсат беру құжаты - шетелдiк тасымалдаушылардың үшiншi елден Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшiншi елге тасымалдауды орындауға берiлген рұқсат негiзiнде жол берiледi.

      12. Шет мемлекеттiң тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуге рұқсаттар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Рұқсат құжаттарының бланкiлерi қатаң есептегi бланкiлер болып табылады.

      Рұқсат құжаттарының бланкiлерiн дайындау, есепке алу және пайдалану Рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес жүргiзiледi.

      14. Рұқсат құжаттарын алу тасымалдаушыларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралдары мен жүктерге кедендiк құжаттарды кейiннен ресiмдеу мiндетiнен босатпайды.

      15. Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң арасындағы жүктердi, жолаушыларды және багажды халықаралық автомобиль тасымалдары халықаралық автомобильдiк өткiзу пункттерi арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

      16. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін қажетті рұқсат және басқа да құжаттар (халықаралық көліктік жүкқұжат (CMR), шот-фактура (инвойс), коносамент, Халықаралық жолдық тасымалдау кітапшасы, фитосанитариялық сертификат және басқа да құжаттар) Рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес ресімделуге және автокөлік құралдарының жүргізушілерінде болуға және уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдарының талабы бойынша көрсетілуге тиіс.

      17. Жолаушылар мен жүктердi шетелдiк автокөлiк құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екi пункттiң арасында тасымалдауға жол берiлмейдi.

      18. Мемлекеттерiмен рұқсат беру құжаттарының бланкiлерiн тепе-тең айырбастау жүргiзiлмеген шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүрiп өтуi Салық кодексiнде белгiленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүріп өтуі үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкілетті орган беретін транзитпен жүріп өтуге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

      19. Өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгісінсіз Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүретін шетелдік автокөлік құралының жүріп өтуі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше келісілмесе, Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган беретін транзитпен жүріп өтуге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

      20. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк рейстен керi бағытта бара жатқан шетелдiк жүк автокөлiк құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай жүк тиеуге Қазақстан Республикасының аумағымен жүрiп өтуге арналған қосымша рұқсат болған кезде ғана рұқсат етiледi.

      21. Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар өз мемлекетiнiң тiркеу және айырым белгiлерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануы тиiс.

      Бұл ретте тiркемелер немесе жартылай тiркемелерде басқа мемлекеттiң тiркеу және айырым белгiлерi болуы мүмкiн.

4. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы отандық және
шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуі тәртiбi

      22. Уәкілетті орган белгiлеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруге арналған автокөлiк құралдарының жол беретiн параметрлерiнен көлемi, салмағы және (немесе) осьтiк жүктемелерi бойынша артық, жүгi бар немесе жүксiз, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi рұқсат құжаттың – ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне арнайы рұқсаттың (бұдан әрi – арнайы рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлері "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген).

      23. Арнайы рұқсатты қозғалыс маршруты белгіленгеннен және Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган немесе мемлекеттік кіріс органдары береді.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларына сәйкес арнайы рұқсатты уәкілетті органның не мемлекеттік кіріс органдарының басшысымен толтырады және мөрмен куәландырады.

      24. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша 1, 6 және 7-класты қауiптi жүктi тасымалдауға рұқсат беру құжаты – Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктi тасымалдауға арналған арнайы рұқсат негiзiнде, арнайы бейімделген автомобильмен немесе осы мақсаттар үшін арнайы қайта жабдықталған басқа да автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил проезда автотранспортных средств при осуществлении перевозок по территории Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 90. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 июля 2016 года № 13983. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 июля 2017 года № 468 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 14.07.2017 № 468 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 23-17) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проезда автотранспортных средств при осуществлении перевозок по территории Республики Казахстан.

      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Асавбаев А.А.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно–правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение десяти календарных дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

Ж. Касымбек

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      ____________ Б. Султанов

      18 марта 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ____________ К. Бишимбаев

      23 июня 2016 года



  Утверждены
приказом исполняющего обязанности Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 28 января 2016 года № 90

Правила
проезда автотранспортных средств при осуществлении перевозок
по территории Республики Казахстан
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проезда автотранспортных средств при осуществлении перевозок по территории Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 23-17) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте" (далее – Закон).

      2. Настоящие Правила определяют порядок проезда автотранспортных средств при осуществлении перевозок по территории Республики Казахстан:

      1) автобусов и микроавтобусов (автомобильных транспортных средств, предназначенных для перевозки пассажиров и багажа, имеющих более восьми мест для сидения, исключая место водителя);

      2) грузовых автомобилей (допустимый общий вес которых, включая прицеп, более 6 тонн, или допустимая полезная нагрузка, включая прицеп более 3,5 тонн);

      3) специализированных автомобилей (осуществляющих перевозки определенных видов грузов);

      4) специальных автомобилей (выполняющих различные, преимущественно нетранспортные работы).

2. Порядок выезда с территории Республики Казахстан
отечественных автотранспортных средств

      3. В случаях выезда отечественных автотранспортных средств в иностранные государства, с которыми произведен обмен бланками разрешительных документов, перевозчик на основании ранее представленных заявок может получить соответствующие иностранные разрешительные документы, выдаваемые уполномоченным органом в области автомобильного транспорта (далее – уполномоченный орган), после уплаты суммы сбора за проезд автотранспортных средств по территории Республики Казахстан по ставкам, установленным Кодексом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее – Налоговый кодекс).

      4. На каждое автотранспортное средство выдается отдельный разрешительный документ.

      5. Использованные иностранные разрешительные документы подлежат возврату ранее выдавшему их органу.

      6. Передача перевозчиком выданных ему иностранных разрешительных документов другому перевозчику не допускается.

      7. В случае, если количество выделенных иностранных разрешительных документов меньше общего количества поданных перевозчиками заявок, распределение бланков иностранных разрешительных документов между перевозчиками производится в соответствии с Правилами применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении (далее – Правила применения разрешительной системы), утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 353 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11704).

      8. Выдача отечественным перевозчикам сверх заявленных иностранных разрешительных документов может быть произведена в случае отказа других отечественных перевозчиков от заявленных ими иностранных разрешительных документов данного вида.

      9. Выдача разрешения на въезд (выезд) на территорию (с территории) иностранного государства перевозчикам Республики Казахстан, осуществляющим регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в международном сообщении (иностранного разрешения вида "А" со сроком действия один календарный год при выполнении регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа), осуществляется в соответствии с Правилами применения разрешительной системы.

3. Порядок въезда (выезда) на территорию (с территории)
Республики Казахстан, транзит по территории Республики
Казахстан иностранных автотранспортных средств

      10. Въезд (выезд) на территорию (с территории) Республики Казахстан, транзит по территории Республики Казахстан иностранных автотранспортных средств, осуществляющих перевозку пассажиров и грузов в международном сообщении, производятся на основании разрешительного документа – разрешения на поездку.

      11. Проезд иностранных автотранспортных средств по территории Республики Казахстан, осуществляющих перевозку пассажиров и (или) грузов от пункта отправления, находящегося на территории третьего государства, до пункта назначения на территории Республики Казахстан или от пункта отправления на территории Республики Казахстан до пункта назначения на территории третьего государства допускается на основании разрешительного документа – разрешения на выполнение перевозок иностранными перевозчиками из третьих стран на территорию Республики Казахстан или с территории Республики Казахстан в третьи страны.

      12. Выдача разрешений на проезд по территории Республики Казахстан перевозчикам иностранного государства осуществляется в соответствии с международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан.

      13. Бланки разрешительных документов являются бланками строгой отчетности.

      Изготовление, учет и использование бланков разрешительных документов производится в соответствии с Правилами применения разрешительной системы.

      14. Получение разрешительных документов не освобождает перевозчиков от обязательности последующего оформления таможенных документов на перемещаемые через Государственную границу Республики Казахстан, совпадающую с таможенной границей Евразийского экономического союза, транспортные средства и грузы.

      15. Международные автомобильные перевозки грузов, пассажиров и багажа между Республикой Казахстан и иностранными государствами должны осуществляться через международные автомобильные пункты пропуска.

      16. Разрешительные и другие документы (международная транспортная накладная (СМR), счет-фактура (инвойс), коносамент, книжка Международной дорожной перевозки, фитосанитарный сертификат и другие документы), которые в соответствии с законодательством Республики Казахстан и международными договорами Республики Казахстан необходимы для осуществления международных автомобильных перевозок, должны быть оформлены в соответствии с Правилами применения разрешительной системы и находиться у водителей автотранспортных средств и предъявляться по требованию должностных лиц уполномоченных государственных органов.

      17. Не допускается перевозка пассажиров и грузов иностранными автотранспортными средствами между двумя пунктами, расположенными на территории Республики Казахстан.

      18. Транзитный проезд иностранных автотранспортных средств по территории Республики Казахстан, с государствами которых не произведен паритетный обмен бланками разрешительных документов, осуществляется на основе разрешения на транзитный проезд, выдаваемого уполномоченным органом после уплаты суммы сбора за проезд автотранспортных средств по территории Республики Казахстан по ставкам, установленным Налоговым кодексом.

      19. Проезд иностранного автотранспортного средства, следующего транзитом по территории Республики Казахстан без регистрационного и отличительного знака своего государства, осуществляется на основе разрешения на транзитный проезд, выдаваемого уполномоченным органом, если иное не оговорено международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан, после уплаты суммы сбора за проезд автотранспортных средств по территории Республики Казахстан по ставкам, установленным Налоговым кодексом.

      20. Попутная загрузка на территории Республики Казахстан иностранного грузового автотранспортного средства, следующего в обратном направлении из транзитного рейса по территории Республики Казахстан, разрешается только при наличии дополнительного разрешения на проезд по территории Республики Казахстан.

      21. Перевозчики, осуществляющие международные автомобильные перевозки используют автотранспортные средства, имеющие регистрационные и отличительные знаки своего государства.

      При этом прицепы или полуприцепы могут иметь регистрационные и отличительные знаки другого государства.

4. Порядок проезда отечественных и иностранных крупногабаритных
и (или) тяжеловесных автотранспортных средств по территории
Республики Казахстан

      22. Проезд отечественных и иностранных крупногабаритных и (или) тяжеловесных автотранспортных средств по территории Республики Казахстан с грузом или без груза, имеющих превышение по габаритам, массе и (или) осевым нагрузкам над установленными уполномоченным органом допустимыми параметрами автотранспортных средств, предназначенных для передвижения по автомобильным дорогам Республики Казахстан, осуществляется на основании разрешительного документа – специального разрешения на проезд тяжеловесных и (или) крупногабаритных автотранспортных средств (далее – специальное разрешение). Допустимые параметры автотранспортных средств, предназначенных для передвижения по автомобильным дорогам Республики Казахстан утверждены приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 342 "Об утверждении допустимых параметров автотранспортных средств, предназначенных для передвижения по автомобильным дорогам Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11009).

      23. Специальное разрешение выдается уполномоченным органом или органами государственных доходов после установления маршрута движения и уплаты суммы сбора за проезд автотранспортных средств по территории Республики Казахстан по ставкам, установленным Налоговым кодексом.

      При этом специальное разрешение заполняется и заверяется печатью руководителя уполномоченного органа либо органов государственных доходов в соответствии с Правилами организации и осуществления перевозок крупногабаритных и тяжеловесных грузов на территории Республики Казахстан, утвержденными приказом министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 206 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11395).

      24. Перевозка опасного груза классов 1, 6 и 7 по территории Республики Казахстан осуществляется специализированным автомобилем или другими автотранспортными средствами, специально переоборудованными для этих целей, на основании разрешительного документа – специального разрешения на перевозку опасного груза по территории Республики Казахстан.