"Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 253 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 шілдеде № 14007 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 280 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4825 болып тіркелген, 2007 жылы 22 тамызда "Заң газеті" газетінде № 128 (1331) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атау мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұсынылып отырған қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықта бекітілген Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша нұсқаулықта:

      атау мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 28-тармақшасының 17-бабына сәйкес және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жасалып отыр.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Нұсқаулық жобалау алдындағы, жобалау құжаттамасына сәйкес көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметті ұйымдастырудың барлық сатыларында оны әзірлеу және жүргізу туралы шешімдерді қабылдау кезінде ҚОӘБ өткізудің жалпы тәртібін айқындайды.

      ҚОӘБ келесі жобалық құжаттамалар үшін жасалады:

      1) Кәсіпорындарды, объектілерді, кешендерді салу саласы немесе даму бағдарламасын негіздеу сатысында;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген қала құрылысы мен құрылысты жобалау;

      3) Кәсіпорындарды, объектілерді, кешендерді салудың техникалық-экономикалық негіздемесі және есептері, оның жұмыс құжаттамасының жобалары (кеңейту, жаңарту, техникалық);

      4) технологияларды, техника мен жабдықтарды, оның ішінде Қазақстан Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі жобалық құжаттама.";

      6-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ІV санатқа өндірістік объектілерді санитарлық сыныптауға сәйкес қауіптіліктің 5 cыныбына жататын қызмет түрлері жатады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының барысында ҚОӘБ рәсімі нәтижелері мемлекеттік экологиялық сараптаманың қарауына жіберілетін жүйелі іс-қимылдар реті бойынша өткізіледі.";

      20-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Алдын ала ҚОӘБ шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жобалау алдындағы (инвестициялау алдындағы) құжаттамада, шаруашылық және өзге де қызметке кірісудің бастапқы кезеңінде жасалатын бағалау сипатындағы жобалау алдындағы құжаттамада, сондай-ақ жобалық құжаттаманы әзірлеудің алдындағы "Инвестицияларды негіздеу" негізгі жобалау алдындағы құжатта жасалады, ол төмендегілерді қамтиды:";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Бағалау сипатындағы жоспарлау алдындағы құжаттаманы мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынғанға дейін көзделіп отырған қызметтің тапсырыс берушісі ұсынылатын материалдарды жұртшылықпен бірге талқылауды өткізеді.

      25. Көзделіп отырған қызметтің тапсырыс берушісі үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы жобалау алдындағы құжаттамада қарастырылған Алдын ала ҚОӘБ жасау кезінде барынша ұтымды үлгімен таңдалған көзделіп отырған қызметтің нақты объектілері мен құрылыстарын жобалауды бастау (жіті жобалау) жөнінде шешім қабылдауға негіз болып табылады";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Жұмыс жобасына (жұмыс құжаттамасына) "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімін (бұдан әрі - Бөлім) әзірлеу ҚОӘБ рәсімінің үшінші кезеңі болып табылады.

      Бөлім ҚОӘБ жобалау сатысында қабылданған, көзделіп отырған қызметті іске асыру бойынша жекелеген техникалық шешімдер жұмыс жобасын (жұмыс құжаттамасын) (3-қосымша) дайындау кезінде айтарлықтай өзгерген жағдайда әзірленеді. Бұл жағдайда бөлімді әзірлеу ҚОӘБ екінші кезеңінде жасалған ҚОӘБ материалдарына қатысты түзетуші сипатта болады.";

      4-1 бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын;

      "4-1. Технологияларды, техника мен жабдықтарды қолдану жөніндегі жобалау құжаттама үшін қоршаған ортаға әсерін бағалау ерекшеліктері";

      42-1 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көлік құралдары мен жабдықтарды қоспағанда, технологияларды, техника мен жабдықтары қолдану жөніндегі жобалау құжаттамасына арналған ҚОӘБ осы нұсқаулыққа сәйкес тиісті жоба аясында өткізіледі.";

      42-2-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-2. Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетіндерді (әкелінетіндерді), өндірілетіндерді қоса алғанда, көлік құралдары мен жабдықты қоспағанда өздік (әзірленген және қолданылуға жоспарланған) технологияға, техникаға жобалау құжаттама үшін ҚОӘБ мынадай құжаттар негізінде жүргізіледі:";

      48-тармақ алып тасталсын;

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. ҚОӘБ өткізуі барысында шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының тапсырыскері:

      1) құжаттаманы дайындаудың барлық кезеңдерінде ҚОӘБ бойынша барлық қажетті экологиялық іздестірулер, зерттеулер және жұмыстардың (рәсімдердің) орындалуын ұйымдастырады;

      2) жұртшылыққа хабарлауды және оның ҚОӘБ жүзеге асыру барысында қатысуын қамтамасыз етеді;

      3) ҚОӘБ материалдарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      4) Көзделіп отырған (ұсынылып отырған) қызметтің түрін таңдау кезінде ҚОӘБ нәтижелерін ескереді;

      5) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына Қазақстан Республикасында бекітіген тәртіп пен рәсімдерге сәйкес ҚОӘБ материалдарын ұсынады;

      6) жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманың барлық өту кезеңдерінде (келісу, бекіту) құзырлы органдардың шарттарын, кепілдемелерін және ұсыныстарын орындайды;

      7) көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерлерін болдырмау (нормативті деңгейлерге дейін төмендету) жөніндегі шаралардың тиімділігіне жауап береді.";

      50-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Тапсырыс берушімен бірге мемлекеттік экологиялық сараптама рәсімін өту кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ҚОӘБ бойынша ұсынылатын материалдарды қарауға қатысады.";

      51-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жобалау адындағы және жобалау құжаттамасына ҚОӘБ материалдарын әзірлеу кезінде қоғамдық пікірді есепке алу жүзеге асырылады. Қоғамдық пікірді есепке алу жұртшылықтың ҚОӘБ материалдарын әзірлеу мен талқылауға қатысуы арқылы қамтамасыз етіледі және оны көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің тапсырыскері ұйымдастырады.";

      1,2,4,5-қосымшалардың мәтіні жоғарғы оң жақ бұрышта мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша;

      Қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша;

      Қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша;

      Қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша";

      3-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, Қазақстан Республикасы эталон бақылау нормативтік құқықтық актілер банкіне енгізу үшін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

Қ. Бозымбаев


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 253 бұйрығына
қосымша
  Қоршаған ортаға әсерді
бағалау жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша

Қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарын әзірлеу
сатыларының Қазақстан Республикасында шаруашылық және өзге де
қызметті негіздейтін жобалау алдындағы және жобалау құжаттаманы
орындаудың сатыларына сәйкес келуі

Қоршаған ортаға әсерін бағалау материалдарын әзірлеу сатылары

Жобалау сатылары

Қала құрылысын жобалау сатылары

1. Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау - Алдын ала ҚОӘБ (бірінші саты)

Инвестициялар негіздемесі, техника-экономикалық негіздеме, техника-экономикалық негіздемелер, бизнес-жоспарлары және басқа жобалау алдындағы құжаттар, кен орындарды игеру және технологиялық сұлбалардың жобалары

Қала құрылысын жоспарлаудың, облыстардың аумақтарын дамытудың кешенді сұлбалары және қала құрылысын жоспарлаудың, әкімшілік аудандардың аумақтарын дамытудың кешенді жобалары. Қаланың бас жоспарының тұжырымдамалары (ұзақ мерзімді даму қызметі болжамдары).

2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау - ҚОӘБ (екінші саты)

Жоба,

Тәжірибелік-өндірістік өндіру жобалары, кен орындарын орналастыру жобалары, техникалық жобалар

Ірі қалалардың бас жоспарлары. Ірі өнеркәсіпті аймақтардың және өнеркәсіптік аудандардың жоспарлау жобалары.

3. "Қоршаған ортаны қорғау" тарауы - (үшінші саты)

Жұмыс жобасы (жұмыс құжаттамасы)

50 мыңнан кем тұрғыны бар қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің бас жоспарлары. Кішігірім өнеркәсіп аймақтарын және өнеркәсіп аудандарын жоспарлаудың жобалары.


О внесении изменений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 28 июня 2007 года № 204-п "Об утверждении Инструкции по проведению оценки воздействия намечаемой хозяйственной и иной деятельности на окружающую среду при разработке предплановой, плановой предпроектной и проектной документации"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 17 июня 2016 года № 253. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 июля 2016 года № 14007. Утратил силу приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 июля 2021 года № 280.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 30.07.2021 № 280 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 28 июня 2007 года № 204-п "Об утверждении Инструкции по проведению оценки воздействия намечаемой хозяйственной и иной деятельности на окружающую среду при разработке предплановой, плановой предпроектной и проектной документации" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4825, опубликованный 22 августа 2007 года в газете "Юридическая газета" № 128 (1331)) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Инструкции по проведению оценки воздействия на окружающую среду";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по проведению оценки воздействия на окружающую среду.";

      в Инструкции по проведению оценки воздействия намечаемой хозяйственной и иной деятельности на окружающую среду при разработке предплановой, плановой предпроектной и проектной документации, утвержденной указанным приказом:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Инструкция по проведению оценки воздействия на окружающую среду";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Инструкция по проведению оценки воздействия на окружающую среду (далее - Инструкция) разработана в соответствии с подпунктом 28) статьи 17 Экологического Кодекса Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Настоящая Инструкция определяет общие положения проведения ОВОС при подготовке и принятии решений о ведении намечаемой хозяйственной и иной деятельности на всех стадиях ее организации, в соответствии с предпроектной, проектной документацией.

      ОВОС проводится для следующих видов документации:

      1) прединвестиционной стадии обоснования программ развития или отрасли строительства предприятий, объектов, комплексов;

      2) градостроительного и строительного проектирования, предусмотренных законодательством Республики Казахстан;

      3) технико-экономического обоснования и расчетов строительства, проектов рабочей документации (расширения, реконструкции, технического перевооружения) предприятий, объектов комплексов;

      4) проектной документации по применению технологий, техники и оборудования, в том числе перемещаемых (ввозимых) в Республику Казахстан.";

      часть пятую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "К IV категории относятся виды деятельности, относящиеся к 5 классу опасности согласно санитарной классификации производственных объектов.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. В процессе разработки предпроектной и проектной документации, обосновывающей хозяйственную и иную деятельность в Республике Казахстан, процедура ОВОС проводится в порядке последовательных стадий, результаты которых предоставляются на рассмотрение государственной экологической экспертизы.";

      часть первую пункта 20 изложить в следующей редакции:

      "20. ПредОВОС разрабатывается в предпроектной (прединвестиционной) документации, обосновывающей хозяйственную и иную деятельность, в предпроектной документации оценочного характера, разрабатываемой на начальном этапе инициирования хозяйственной и иной деятельности, а также в основном предпроектном документе "Обоснование инвестиций", предшествующем разработке проектной документации и включающем:";

      пункты 24 и 25 изложить в следующей редакции:

      "24. До представления предпроектной документации оценочного характера на государственную экологическую экспертизу заказчик намечаемой деятельности проводит обсуждение представляемых материалов с общественностью.

      25. Положительное заключение государственной экологической экспертизы для заказчика намечаемой деятельности, рассмотренной в предпроектной документации, является основанием для принятия решения по инициированию проектирования (детального проектирования) конкретных объектов и сооружений намечаемой деятельности по наиболее рациональному варианту, выбранному при разработке ПредОВОС.";

      пункт 27 изложить в следующей редакции:

      "27. Третьей стадией разработки процедуры ОВОС является разработка Раздела "Охраны окружающей среды" (далее - Раздел) на рабочий проект (рабочую документацию).

      Раздел разрабатывается в том случае, если отдельные технические решения по реализации намечаемой деятельности, принятые на стадии проектирования ОВОС, существенно изменяются при подготовке рабочего проекта (рабочей документации) (Приложение 3). В этом случае разработка раздела носит корректирующий характер по отношению к материалам ОВОС, выполненным на второй стадии ОВОС.";

      заголовок главы 4-1 изложить в следующей редакции:

      "4-1. Особенности проведения оценки воздействия на окружающую среду для проектной документации по применению технологий, техники и оборудования";

      часть первую пункта 42-1 изложить в следующей редакции:

      "42-1. ОВОС для проектной документации по применению технологий, техники, за исключением транспортных средств, и оборудования, проводится в рамках соответствующего проекта согласно настоящей Инструкции.";

      часть первую пункта 42-2 изложить в следующей редакции:

      "42-2. ОВОС для проектной документации на самостоятельные (разработанные и планируемые к применению) технологии, технику, за исключением транспортных средств, и оборудование, включая перемещаемые (ввозимые), произведенные на территории Республики Казахстан, проводится на основе следующих документов:";

      пункт 48 исключить;

      пункт 49 изложить в следующей редакции:

      "49. В процессе проведения всех стадий ОВОС заказчик предпроектной и проектной документации, обосновывающей хозяйственную и иную деятельность:

      1) организовывает выполнение всех необходимых экологических изысканий, исследований и работ (процедур) по ОВОС на всех этапах подготовки документации;

      2) обеспечивает информирование и участие заинтересованной общественности в процессе осуществления ОВОС;

      3) обеспечивает доступ заинтересованной общественности к материалам ОВОС;

      4) учитывает результаты ОВОС при выборе варианта намечаемой деятельности;

      5) представляет материалы ОВОС государственным органам контроля и надзора в соответствии с утвержденным в Республике Казахстан порядком и процедурами;

      6) выполняет условия, рекомендации и предложения компетентных органов на всех этапах прохождения (согласования, утверждения) предпроектной и проектной документации;

      7) отвечает за эффективность мер по предотвращению (снижению до нормативных уровней) негативных воздействий намечаемой деятельности на окружающую среду";

      подпункт 3) пункта 50 изложить в следующей редакции:

      "3) совместно с заказчиком участвует в рассмотрении представляемых материалов по ОВОС при прохождении процедуры государственной экологической экспертизы.";

      часть первую пункта 51 изложить в следующей редакции:

      "51. При разработке материалов ОВОС к предпроектной и проектной документации, обосновывающей хозяйственную и иную деятельность, осуществляется учет общественного мнения.";

      в правом верхнем углу приложений 1, 2, 4 и 5 текст изложить в следующей редакции:

      "Приложение 1 к Инструкции по проведению оценки воздействия на окружающую среду;

      Приложение 2 к Инструкции по проведению оценки воздействия на окружающую среду;

      Приложение 4 к Инструкции по проведению оценки воздействия на окружающую среду;

      Приложение 5 к Инструкции по проведению оценки воздействия на окружающую среду";

      приложение 3 изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету экологического регулирования, контроля и государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного приказа для внесения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр энергетики


Республики Казахстан

К. Бозумбаев


  Приложение
к приказу Министра энергетики
Республики Казахстан
от 17 июня 2016 года № 253
Приложение 3
к Инструкции по проведению оценки
воздействия на окружающую среду

Соответствие стадий разработки материалов оценки
воздействия на окружающую среду стадиям выполнения
предпроектной и проектной документации, обосновывающей
хозяйственную и иную деятельность в Республике Казахстан

Стадии разработки материалов оценки воздействия на окружающую среду

Стадии проектирования

Стадии градостроительного проектирования

1

2

3

1. Предварительная оценка воздействия на окружающую среду – ПредОВОС (первая стадия)

Обоснование инвестиций, технико-экономическое обоснование, технико-экономические расчеты, бизнес-план и другие предпроектные документы, проекты технологических схем и разработки месторождений

Комплексные схемы градостроительного планирования развития территорий областей и комплексные проекты градостроительного планирования развития территорий административных районов. Концепции долгосрочные прогнозы (развития) генерального плана города.

2. Оценка воздействия на окружающую среду – ОВОС (вторая стадия)

Проект, проекты опытно-промышленной добычи, проекты обустройства месторождений, технические проекты.

Генеральные планы крупных городов. Проекты планировки крупных промышленных зон и промышленных районов.

3. Раздел "Охрана окружающей среды" - РООС (третья стадия)

Рабочий проект (рабочая документация)

Генеральные планы городов с населением менее 50 тыс. человек, поселков и сельских населенных пунктов. Проекты планировки небольших промышленных зон и промышленных районов.