Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау кимиссиясының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 42/139 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 тамызда № 14073 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидалары (1-қосымша);

      2) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қызметтік куәлігінің сипаттамасы (2-қосымша) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген қаулы алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін қаулы көшірмесінің баспа және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.

Төраға

Қ. Тұрғанкұлов

Хатшы



  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2016 жылғы 8 шілдедегі № 42/139
қаулысына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметтік
куәлігін беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі – Ортсайлауком) аппаратының қызметкерлеріне қызметтік куәлікті беру тәртібін айқындайды.

      2. Ортсайлауком аппараты қызметкерінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі - қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

      3. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.

2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      4. Қызметтік куәлік:

      1) Ортсайлауком Төрағасының қолымен – Ортсайлауком аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына;

      2) аппарат басшысының қолымен – Ортсайлауком аппаратының қызметкерлеріне олар лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, бұған дейін берілген куәлік бүлінген, жоғалған, қолданыс мерзімі өткен кезде беріледі.

      Қызметкерлер алынған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымшаға сай нысан бойынша Ортсайлаукомның қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналына (бұдан әрі – Есепке алу журналы) қол қояды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 18.03.2017 № 7/155 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      5. Есепке алу журналы кадр жұмысы жөніндегі маманда сейфте сақталады.

      6. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған Ортсайлауком аппаратының қызметкеріне куәлікті тапсырған кезде оны пайдалану және сақтау бойынша түсіндіру жүргізіледі.

      Қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті кадр жұмысы жөніндегі маман кері қайтарып алады.

      7. Жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша кадр жұмысы жөніндегі маман қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      8. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды Ортсайлауком аппаратының кадр қызметі жүзеге асырады.

      9. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу кадр қызметіне жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

      10. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа адамдарға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша кадр қызметі белгіленген тәртіппен қызметтік тергеу жүргізу қажеттігін қарастырады.

      11. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тергеу жүргізілгеннен кейін кадр қызметі береді.

      12. Қызметкер кінәсінен жоғалған немесе бүлінген қызметтік куәлікті қызметкер жеке қаражаты есебінен қалпына келтіреді.

      13. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті кадр қызметіне тапсырады.

      Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

      14. Қызметкерлер жұмыстан босатылған, лауазымы ауысқан не бұған дейін берілген куәлік бүлінген кезде тапсырылған қызметтік куәліктер еркін нысанда жою туралы тиісті акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
қызметтік куәлігін беру
қағидаларына қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметтік
куәлігін беруді есепке алу журналы

Р/б №

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты

(бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстырғаны және тапсырғаны (ауысқаны, мерзімінің аяқталғаны, жұмыстан босатылғаны, жоғалтқаны) туралы белгі

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескертпе





























      Ескертпе: Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналы нөмірленіп, кадр қызметінің қолымен және мөрімен расталады.

  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2016 жылғы 8 шілдедегі № 42/139
қаулысына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қызметтік
куәлігінің сипаттамасы

      1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комсииясы аппаратының қызметкерінің қызметтік куәлігінің мұқабасы мөлшері 190 мм х 65 мм (ашып көрсетілген түрінде), көк түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан жасалады.

      2. Қызметтік куәліктің сыртқы жағында ортасынан алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі басылады, одан төмен "КУӘЛІК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген типографиялық қаріппен екі жол жазба жазылады.

      3. Куәліктің ішкі сол және оң жақ бөлігі белгіленген үлгідегі тангир торының аясында күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған. Екі жақтын жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ" деген жазу басылады.

      4. Сол жағында: көлемі 3х4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), төмен қарай қызметтік куәліктің нөмірі, аты, әкесінің аты (болса), тегі, атқаратын лауазымы, құрылымдық бөлімшенің атауы көрсетіледі. Мәтін мемлекеттік тілде басылады, тиісінше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының немесе аппарат басшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 18.03.2017 № 7/155 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      5. Оң жағында: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның жанында қызметтік куәліктің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін орыс тілінде басылады, Одан төмен куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі (екі жыл мерзімге беріледі).

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан и его описания

Постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 8 июля 2016 года № 42/139. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 августа 2016 года № 14073.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить:

      1) Правила выдачи служебного удостоверения Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан (приложение 1);

      2) описание служебного удостоверения Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан (приложение 2).

      2. Юридическому отделу аппарата Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии постановления в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно–правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного постановления для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на секретаря Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан Мельдешова Б.С.

Председатель

К. Турганкулов

Секретарь

Б. Мельдешов


  Приложение 1
к постановлению
Центральной избирательной комиссии
Республики Казахстан
от 8 июля 2016 года № 42/139

Правила выдачи служебного удостоверения
Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан
Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан (далее – Правила) определяют порядок выдачи служебного удостоверения работникам аппарата Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан (далее – Центризбирком).

      2. Служебное удостоверение работника аппарата Центризбиркома (далее – служебное удостоверение) является документом, подтверждающим его государственную должность и должностные полномочия.

      3. Служебное удостоверение без соответствующего оформления, с просроченным сроком действия, помарками и подчистками считается недействительным.

Глава 2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      4. Служебное удостоверение выдается при назначении на должность, перемещении, порче, утере, по истечении срока действия ранее выданного удостоверения:

      1) за подписью Председателя Центризбиркома - руководителям структурных подразделений аппарата Центризбиркома;

      2) за подписью руководителя аппарата – работникам аппарата Центризбиркома.

      За полученное служебное удостоверение работники расписываются в журнале учета выдачи служебного удостоверения Центризбиркома (далее – Журнал учета) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными постановлением Председателя Центральной избирательной комиссии РК от 18.03.2017 № 7/155 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Журнал учета хранится в сейфе у специалиста по кадровой работе.

      6. При вручении служебного удостоверения работнику аппарата Центризбиркома, впервые принятому на государственную службу, проводится разъяснение по его пользованию и порядке его хранения.

      При замене служебного удостоверения, ранее выданное служебное удостоверение изымается специалистом по кадровой работе.

      7. Ежегодно, по состоянию на 1 января, специалистом по кадровой работе проводится сверка соответствия служебных удостоверений их учетным данным.

      8. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляет кадровая служба аппарата Центризбиркома.

      9. В случае утраты или порчи служебного удостоверения, его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме кадровую службу, подает объявление в средства массовой информации.

      10. По каждому факту утери, порчи служебного удостоверения, произошедшего в результате недобросовестного его хранения, а также передачи служебного удостоверения другим лицам, использования служебного удостоверения в личных внеслужебных целях, кадровой службой в установленном порядке рассматривается необходимость проведения служебного расследования.

      11. Утерянные служебные удостоверения через средства массовой информации объявляются недействительными. Новое служебное удостоверение взамен утерянного выдается кадровой службой, при необходимости - после проведения служебного расследования.

      12. Утраченное или испорченное служебное удостоверение по вине работника, работник восстанавливает за счет собственных средств.

      13. При увольнении работник сдает служебное удостоверение в кадровую службу.

      На обходном листе при сдаче удостоверения ставится роспись лица, ответственного за выдачу служебного удостоверения.

      14. Служебные удостоверения, сданные работниками при истечении срока действия, увольнении, перемещении либо порче, один раз в год подлежат уничтожению с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме.

  Приложение
к Правилам выдачи
служебного удостоверения
Центральной избирательной комиссии
Республики Казахстан

      Форма

Журнал учета выдачи
служебного удостоверения
Центральной избирательной комиссии
Республики Казахстан

№ п/п

Номер служебного удостоверения

Фамилия, имя, отчество (при наличии)

Занимаемая должность

Дата выдачи

Личная роспись о получении

Отметка о замене и сдаче служебного удостоверения (перемещение, истечение срока действия, увольнение, утеря)

Уничтожение служебного удостоверения (номер и дата акта)

Примечание





























      Примечание: Журнал учета выдачи служебного удостоверения

      Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан,

      пронумеровывается и заверяется подписью и печатью кадровой службы.

  Приложение 2
к постановлению
Центральной избирательной комиссии
Республики Казахстан
от 8 июля 2016 года № 42/139

Описание служебного удостоверения
Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан

      1. Обложка служебного удостоверения работника аппарата Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан (далее – служебное удостоверение) состоит из экокожи или кожзаменителя высокого качества синего цвета, размером 190 мм х 65 мм (в развернутом виде).

      2. На лицевой стороне служебного удостоверения по центру расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже в две строки типографским шрифтом печатается надпись "КУӘЛІК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ".

      3. Левая и правая внутренняя часть выполнена в голубом цвете с изображением парящего орла под солнцем на фоне тангирной сетки. В верхней части двух сторон печатается надпись "ЦЕНТРАЛЬНАЯ ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" на государственном и русском языках.

      4. На левой стороне: фотография (анфас, цветная) размером 3х4 см, по ниспадающей указывается номер служебного удостоверения, имя, отчество (при наличии), фамилия, занимаемая должность, наименование структурного подразделения. Текст печатается на государственном языке, заверяется соответственно подписью Председателя или руководителя аппарата Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан и гербовой печатью.

      Сноска. Пункт 4 в редакции постановления Председателя Центральной избирательной комиссии РК от 18.03.2017 № 7/155 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. На правой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан, рядом по ниспадающей указывается номер служебного удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность, наименование структурного подразделения. Текст печатается на русском языке. Ниже указывается срок действия удостоверения (выдается сроком на два года).