Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 414 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 тамызда № 14079 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 599 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 31.10.2018 № 599 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (М.С. Әбдікәрім) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралык ынтымақтастық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы № 414 бұйрығымен
бекітілген

Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін
балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі
көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз
берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-1-тармағына сәйкес әзірленді және Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жосықсыз берушілердің, тауарлардың тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;

      2) өнім беруші – тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның контрагенті ретiнде әрекет ететiн, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі тұрғынжайды тапсырыс берушілер сатып алған жағдайда, мұндай жеке тұлға өнiм берушi болуы мүмкiн;

      3) тапсырыс берушілер (конкурсты ұйымдастырушы) – ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар.

2-тарау. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің
тізбесін қалыптастыру тәртібі

      3. Заң күшіне енген сот шешімі негізінде конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жосықсыз берушілердің, тауарлардың тізбесін қалыптастырады.

      4. Тізбе осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырылады және:

      1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12788 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларына сәйкес біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген;

      2) оны конкурс жеңімпазы деп таныған жағдайда шарт жасасудан жалтарған;

      3) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды олармен жасалған жеткізу шарты немесе шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы (бұдан әрі – өнім беруші) мәліметтерді қамтиды.

      5. Конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 2), 3)-тармақшаларында қарастырылған жағдайларда мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді беруші тарапынан бұзушылық фактілерін білген күнінен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей өнім берушіні жосықсыз беруші деп тану үшін сотқа жүгінеді.

      6. Конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) жосықсыз өнім беруші деп тану туралы күшіне енген сот шешімін алған күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде оны Тізбеге қосады және интернет-ресурсқа орналастыру үшін балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жібереді.

      7. Уәкілетті орган Тізбені алған күннен бастап оны бір жұмыс күн ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.

      8. Өнім беруші, оны жосықсыз әлеуетті өнім беруші деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап 24 (жиырма төрт) ай мерзімге Тізбеге енгізіледі.

      9. Конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін өнім берушіні Тізбеден шығарады.

      10. Жосықсыз өнім беруші деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы күшіне енген сот актісі болған жағдайда, жосықсыз өнім беруші туралы мәліметтері бар Тізбедегі жазбаны конкурсты ұйымдастырушы тиісті сот актісін алған күнінен бастап бір жұмыс күн ішінде алып тастайды.

      11. Тізбе өзгерген кезде конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші) үш жұмыс күн ішінде ақпаратты уәкілетті органға жібереді.

  Мектепке дейінгі, орта білім беру
ұйымдарында, жетім балалар мен ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарында оқитын және
тәрбиеленетін балаларды
тамақтандыруды ұйымдастыру
жөніндегі көрсетілетін қызметтерді,
тауарларды жосықсыз берушілердің
тізбесін қалыптастыру қағидаларына
қосымша

Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар
мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін
балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі
көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың тізбесі

Жосықсыз әлеуетті өнім беруші (өнім беруші) туралы ақпарат

Өткізілген конкурс туралы мәліметтер

Әлеуетті өнім берушіні жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тізбесіне қосу негіздемесі, сот шешімінің күшіне енген күні

Әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) атауы

Әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) орналасқан жері

жеке сәйкестендiру нөмiрі/ бизнес-сәйкестендiру нөмiрi

конкурс қорытындысын жүргізу күні

Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің атауы


Об утверждении Правил формирования перечня недобросовестных поставщиков услуг, товаров по организации питания обучающихся и воспитывающихся в организациях дошкольного, среднего образования, организациях образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 июня 2016 года № 414. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 августа 2016 года № 14079. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 октября 2018 года № 599 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 31.10.2018 № 599 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4-1 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования перечня недобросовестных поставщиков услуг, товаров по организации питания обучающихся и воспитывающихся в организациях дошкольного, среднего образования, организациях образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.

      2. Комитету по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан (Абдыкарим М.С.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление копий настоящего приказа для официального опубликования в информационно-правовой системе "Әділет" и периодических печатных изданиях на электронном носителе с приложением бумажного экземпляра, заверенного гербовой печатью;

      3) в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного настоящего приказа направление его копии в печатном и электронном виде, заверенной печатью Министерства образования и науки Республики Казахстан и удостоверенной электронной цифровой подписью лица, уполномоченного подписывать настоящий приказ, для внесения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставление в Департамент юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Суханбердиеву Э.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

Министр образования и науки


Республики Казахстан

Е. Сагадиев


  Утверждены приказом
Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 30 июня 2016 года № 414

Правила
формирования перечня недобросовестных поставщиков услуг,
товаров по организации питания обучающихся и воспитывающихся в
организациях дошкольного, среднего образования, организациях
образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения
родителей
Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования перечня недобросовестных поставщиков услуг, товаров по организации питания обучающихся и воспитывающихся в организациях дошкольного, среднего образования, организациях образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4-1 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", и определяют порядок формирования перечня недобросовестных поставщиков услуг, товаров по организации питания обучающихся и воспитывающихся в организациях дошкольного, среднего образования, организациях образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей (далее – Перечень).

      2. В Правилах используются следующие основные понятия:

      1) Уполномоченный орган в области защиты прав детей – Комитет по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан;

      2) поставщик – физическое лицо, осуществляющее предпринимательскую деятельность, юридическое лицо (за исключением государственных учреждений, если иное не установлено законами Республики Казахстан), временное объединение юридических лиц (консорциум), выступающие в качестве контрагента заказчика в заключенном с ним договоре о государственных закупках. Физическое лицо, не являющееся субъектом предпринимательской деятельности, может являться поставщиком в случае приобретения заказчиками жилища, принадлежащего на праве частной собственности такому физическому лицу;

      3) заказчики (организаторы конкурса) – государственные органы, государственные учреждения, а также государственные предприятия, юридические лица, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилиированные с ними юридические лица, за исключением национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных управляющих компаний, национальных компаний и аффилиированных с ними юридических лиц, Национального Банка Республики Казахстан, его ведомств, организаций, входящих в структуру Национального Банка Республики Казахстан, и юридических лиц, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат Национальному Банку Республики Казахстан или находятся в его доверительном управлении, и аффилиированных с ними юридических лиц.

Глава 2. Порядок формирования перечня
недобросовестных поставщиков

      3. Перечень недобросовестных поставщиков услуг, товаров по организации питания обучающихся и воспитывающихся в организациях дошкольного, среднего образования, организациях образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей формируется организатором конкурса (заказчик) на основании решений судов, вступивших в законную силу.

      4. Перечень формируется на казахском и русском языках в электронной форме согласно приложению к настоящим Правилам и содержит сведения о поставщиках (далее - поставщик):

      1) предоставивших недостоверную информацию по квалификационным требованиям согласно Правил организации питания обучающихся в организациях среднего образования и приобретения товаров, связанных с обеспечением питания детей, воспитывающихся и обучающихся в дошкольных организациях образования, организациях образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 717, зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан года № 12788;

      2) уклонившихся от заключения договора в случае признания его победителем конкурса;

      3) не исполнивших или ненадлежащим образом исполнивших свои обязательства по заключенному с ними договору об оказании услуг или поставки товаров, связанных с обеспечением питания детей, обучающихся и воспитывающихся в организациях дошкольного, среднего образования, организациях образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.

      5. Организатор конкурса (заказчик) в случаях, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) пункта 4 настоящих Правил не позднее тридцати календарных дней со дня его извещения о факте нарушения поставщиком услуг, товаров по организации питания обучающихся и воспитывающихся в организациях дошкольного, среднего образования, организациях образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, обращается с иском в суд о признании такого поставщика недобросовестным поставщиком.

      6. Организатор конкурса (заказчик) в течение трех рабочих дней со дня получения вступившего в силу решения суда о признании недобросовестным поставщиком, включает в Перечень и направляет в уполномоченный орган в области защиты прав детей (далее – уполномоченный орган) для размещения на интернет-ресурсе уполномоченного органа.

      7. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня получения Перечня размещает его на интернет-ресурсе уполномоченного органа.

      8. Поставщик включается в Перечень на срок 24 (двадцать четыре) месяца со дня вступления в законную силу решения суда о признании его недобросовестным поставщиком.

      9. Поставщик исключается из Перечня организатором конкурса (заказчик) по истечении срока, установленного пунктом 8 настоящих Правил.

      10. В случае наличия вступившего в законную силу судебного акта об отмене решения о признании недобросовестным поставщиком, запись в Перечне, содержащая сведения о недобросовестном поставщике исключается в течение одного рабочего дня со дня получения организатором конкурса (заказчик) соответствующего судебного акта.

      11. При изменении Перечня организатор конкурса (заказчик) в течение трех рабочих дней предоставляет информацию в уполномоченный орган.

  Приложение
к Правилам формирования
перечня недобросовестных поставщиков
услуг, товаров по организации питания
обучающихся и воспитывающихся в
организациях дошкольного, среднего
образования, организациях образования
для детей-сирот и детей, оставшихся
без попечения родителей

Перечень
недобросовестных поставщиков услуг, товаров по организации
питания обучающихся и воспитывающихся в организациях
дошкольного, среднего образования, организациях образования для
детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

Информация о недобросовестном потенциальном поставщике (поставщике)

Сведения о проведенных конкурсах

Основание включения поставщика в перечень недобросовестных поставщиков, дата вступления в силу решения суда

наименование поставщика

место нахождение поставщика

индивидуальный идентификационный номер / бизнес-идентификационный номер

дата подведения итогов конкурса

наименование приобретенных услуг, товаров, связанных с обеспечением питания детей, воспитывающихся и обучающихся в организациях дошкольного, среднего образования, организациях образования для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей