Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2024 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10083 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 тамыздағы № 145 (28623) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған, 2015 жылғы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Энергетика министрінің | |
міндетін атқарушы | М. Мырзағалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi
______________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 6 шілде
Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке-дара тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы (бұдан әрі – ЖЭК қондырғысы) – жаңартылатын энергия көздері пайдаланыла отырып, электр және жылу энергиясын өндіруге арналған технологиялық және қосалқы жабдық;
2) жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек (бұдан әрі – атаулы көмек) – жеке-дара тұтынушылардың Қазақстанда өндірілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін мемлекеттің өтеуі;
3) Қазақстанда өндірілетін жаңартылатын энергия көздері – қазақстандық өндірушілер өндіретін және:
Қазақстан Республикасында толық өндірілгендер ретінде Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын;
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарына сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті қайта өңдеуге ұшырағандар ретінде айқындалатын жаңартылатын энергия көздері;
4) құрылымдық бөлімше – энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін ауданның жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі;
5) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) электр және (немесе) жылу энергиясын жеке-дара тұтынушы (бұдан әрі – жеке-дара тұтынушы) – электрлендірілмеген елді мекендерде және (немесе) орталықтандырылған электрмен жабдықтау экономикалық жағынан орынсыз қоныстарда автономды режимде жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынатын жеке немесе заңды тұлға.
3. Мемлекет жеке-дара тұтынушыларға осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен жиынтық қуаты бес киловаттан аспайтын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының елу пайызы мөлшерінде атаулы көмек береді. Атаулы көмек жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы пайдалануға берілгеннен кейін төленеді.
4. Атаулы көмек беру үшін тиісті аудан әкiмiнiң (бұдан әрі – ауданның ЖАО) шешiмiмен комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрылады. Комиссия құрамына комиссия төрағасы, энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін облыстың немесе ауданның өкілі, аумағында ЖЭК қондырғылары орналасқан ауылдық округ немесе ауыл әкімінің өкілі, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi кіреді.
Құрылымдық бөлімше комиссияның жұмыс органы болып табылады.
2-тарау. Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру тәртiбi
5. Атаулы көмек алу үшін жеке-дара тұтынушылар ЖЭК қондырғысы пайдалануға берілгеннен кейін он төрт күнтізбелік күннен кешіктірмей құрылымдық бөлімшеге мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы көмек алуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмелерi;
2-1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі;
3) сенімхат (жеке-дара тұтынушының құжаттарын басқа жеке тұлға ұсынған жағдайда) көшiрмесі;
4) жеке-дара тұтынушының өтініште көрсетілген Қазақстанда өндірілетін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларының жеткізушісімен шарттың көшірмесі;
5) еркін нысанда құрастырылатын өтініште көрсетілген ЖЭК қондырғыларын пайдалануға қабылдау туралы актi;
6) нөмірін көрсете отырып, екiншi деңгейдегі банктерде немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымда жеке шотының бар екені туралы екі данада анықтама.
Ескертпе: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиал, өкілдік) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.
6. Құрылымдық бөлімше:
1) үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi және комиссияның қарауына енгiзедi.
2) ЖЭК қондырғыларының қондырғыларды пайдалануға қабылдау актілерінде көрсетілген қондырғылар параметрлеріне сәйкес келуін көзбен шолып тексеру мақсатында жеті жұмыс күнi iшiнде комиссия мүшелерiнiң елді мекендерге және (немесе) қоныстарға баруын ұйымдастырады.
7. Комиссия тексеріп қарау қорытындылары бойынша үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық қуаты 5 кВт аспайтын ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарау актiсiн (бұдан әрi – тексеріп қарау актiсi) жасайды.
Тексеріп қарау актiсі жеке-дара тұтынушыға және комиссияға бір данадан екі данада жасалады.
8. Комиссия тексеріп қарау актiсiнiң және жеке-дара тұтынушы ұсынған құжаттар негiзiнде үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЭК қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру туралы қорытындыны (бұдан әрі – қорытынды) жасайды және оны құрылымдық бөлімшеге ұсынады.
9. Комиссияның қорытындысына ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарауды және жеке-дара тұтынушыға тиесілі атаулы көмектің сомасын есептеуді жүргізген комиссия мүшелері қол қояды, аудан әкімі бекітеді, сондай-ақ ауданның ЖАО мөрімен куәландырады.
Комиссияның қорытындысы үш данада жасалады:
1-ші, 2-ші даналар – ауданның ЖАО үшін;
3-ші дана – жеке-дара тұтынушы үшін.
10. Егер Комиссияның қорытындылары бойынша жеке-дара тұтынушыларға берілетін төлемдер сомасы бөлінген бюджеттік қаражаттың көлемiнен асып түсетін жағдайда, комиссияның қарауына бұрын түскен жеке-дара тұтынушылардың өтiнiмдерi басым тәртіппен қанағаттандырылады.
11. Құрылымдық бөлімше комиссия қорытындыларының негізінде үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы көмек алатын жеке-дара тұтынушылардың тізімін қалыптастырады және аудан әкiмiне бекiтуге ұсынады.
12. Ауданның ЖАО-сы жеке-дара тұтынушыға атаулы көмек беруді алушының таңдауы бойынша екiншi деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының деректемелерi көрсетілген өтiнiшiнің негiзiнде екiншi деңгейдегi банктер немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйым арқылы он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
13. ЖЭК қондырғыларын сатып алуға бөлінген атаулы көмек туралы ақпарат тиісті жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей, ауданның ЖАО интернет-ресурстарында жылына бір рет орналастырылады.
Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Атаулы көмек алуға өтінім
"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009
жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің
____________________________________________________________________
(өтінім берушінің ТАӘ және (немесе) заңды тұлғаның атауы, өтінім
берушінің ЖСН және (немесе) БСН, өтінім берушінің жеке басын
куәландыратын құжаттың деректері)
Қазақстанда өндірілетін төменде көрсетілген,_________________________
________________________________________________________ мекенжайында
(мекенжайды көрсету)
орналасқан жиынтық қуаты 5 кВт-қа дейін жаңартылатын энергия көздерін
пайдалану қондырғыларын (бұдан әрі – ЖЭК қондырғысы) сатып алуыма
байланысты, маған атаулы көмек беруіңізді сұраймын:
Р/с№ | Қазақстанда өндірілетін ЖЭК қондырғысының атауы | ЖЭК қондырғысының қуаты, кВт | ЖЭК қондырғысының құны, теңге | Өтелетін болжамды сома, теңге | ЖЭК қондыр ғысының пайдалану мерзімі (жыл) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жиыны: |
Барлық берілген құжаттар мен ақпараттың шынайылығына кепілдік
беремін.
Атаулы көмек сомасын мынадай деректемелер бойынша жүргізуді
сұраймын:
Жеке-дара тұтынушының ЖСН немесе БСН: _________________________
_____________________________________________________________________
Банктік шоттың немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының №:
_____________________________________________________________________
Банктің немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымның атауы:
____________________________________________________________________;
Банктің немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымның жеке коды:
____________________________________________________________________
Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
(қоса берілетін құжаттардың тізімі)
ТАӘ Қолы Күні
Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Жеке-дара тұтынушыны электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін
жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын тексеріп
қарау актісі
20__жылғы "___"___________ №_______
__________________________________________________ мекенжайы бойынша
(елді мекеннің және (немесе) қоныстың атауы)
Біз, төменде қол қоюшылар, комиссия төрағасы:
____________________________________________________________________
(лауазымы, ТАӘ)
комиссия мүшелері:
____________________________________________________________________
(лауазымы, ТАӘ)
____________________________________________________________________
(лауазымы, ТАӘ)
____________________________________________________________________
(лауазымы, ТАӘ)
бір тараптан және жеке-дара тұтынушы _________________________ екінші
(ТАӘ және (немесе) заңды тұлғаның атауы)
тараптан мынадай жаңартылатын энергия көздерін пайдалану
қондырғыларына (бұдан әрі – ЖЭК қондырғысы) көзбен шолып тексеру
жүргізілгені туралы осы актіні жасадық:
Қазақстанда өндірілетін ЖЭК қондырғыларын жеткізушінің атауы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
ЖЭК қазақстандық өндірушінің атауы ___________________________
ЖЭК қондырғысының атауы ______________________________________
ЖЭК қондырғысының сәйкестендіру нөмірі ______ қуаты ______ кВт.
Көзбен шолып тексеру барысында жоғарыда көрсетілген ЖЭК
қондырғыларының шын мәнінде орнатылғаны, пайдалануға берілгені және
жұмыс істейтіні белгіленді.
Комиссия төрағасы:
____________________________________________________________________
(лауазымы, ТАӘ)
комиссия мүшелері:
____________________________________________________________________
(лауазымы, ТАӘ)
____________________________________________________________________
(лауазымы, ТАӘ)
Жеке-дара тұтынушы:
____________________________________________________________________
(ТАӘ, қолы, мөрі)
Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
"Бекітемін"
_________________________
(облыстың атауы)
_________ ауданының әкiмi
_________________________
(ТАӘ, мөрі)
Жеке-дара тұтынушыға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану
қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру туралы
қорытынды
№ _______ ________
күні
_____________________________________________________________________
(жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларының (бұдан әрі –
ЖЭК қондырғылары) орналасқан жері, оның ішінде елді мекеннің және
____________________________________________________________________
(немесе) қоныстың атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(кім құрған, ауданның ЖАО атауы, күні, комиссия құрамы туралы
___________________________________________________________ құрылған,
шешімнің нөмірі)
құрамында төраға: ___________________________________________________
(ТАӘ, атқаратын лауазымы және жұмыс орны)
және комиссия мүшелері:
_________________________________________________________________ бар
(ТАӘ, атқаратын лауазымы және жұмыс орны)
комиссия қаралған құжаттардың нәтижелері бойынша: ___________________
(құжаттар тізбесі келтіріледі)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
және ЖЭК қондырғысын тексеріп қарау нәтижелері бойынша жасалған
комиссия актісінің негізінде ________________________________________
(қарап тексеру жүргізілген күн мен
____________________________________________________________________
қондырғыны тексеріп қарау актісінен алынған қорытынды келтіріледі)
мынадай қорытынды қабылдады:
____________________________________________________________________
(атаулы көмекті төлеудің ұсыным берілетін сомасын көрсете отырып,
____________________________________________________________________
комиссия қабылдаған қорытындының негіздемесі келтіріледі)
Қорытындыға қосымша:
1) қаралған құжаттардың тізбесі
2) ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарау актісі
3) атаулы көмек төлемі сомасының есебі
____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы:
___________________________ ______________________
(қолы) (ТАӘ)
комиссия мүшелері:
___________________________ ______________________
(қолы) (ТАӘ)
___________________________ ______________________
(қолы) (ТАӘ)
Жеке-дара тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
"Бекітемін"
__________________________
(облыстың атауы)
__________ ауданының әкiмi
__________________________
(ТАӘ, мөрі)
Атаулы көмек алатын жеке-дара тұтынушылардың тізімі
(жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары
құнының 50 %-ын өтеу үшін)
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларының атауы (бұдан әрі – ЖЭК қондырғыcы) | ЖЭК қондырғыcы орналасқан елді мекеннің және/ немесе қоныстың атауы | Жеке-дара тұтынушының ТАӘ және (немесе) заңды тұлғаның атауы | ЖЭК қондырғысының қуаты, кВт | ЖЭК қондырғысының құны, теңге | Бюджеттік қаражаттың тиесілі сомасы, теңге | 20__ж "___"_____ төленуге тиіс, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жиыны: |
Төленетін сома __________ (цифрлармен) _____________ (жазбаша) теңге.
__________________ ауданының құрылымдық бөлімшесінің
басшысы ____________________
(ТАӘ, қолы)
Бас бухгалтер _______________________
(ТАӘ, қолы)