Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 312 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 тамызда № 14103 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 575 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.08.2022 № 575 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 296-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Республикасы нормативтік құқықтық актiлерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

Қ. Бозымбаев


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 11 маусымдағы
№ 312 бұйрығымен
бекітілген

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 296-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар радиоактивті және медициналық қалдықтармен жұмыс істеу және құрамында жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтар саласындағы есеп жүргізуге қолданылмайды.

2-тарау. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу тәртібі

      3. Қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын тұлғалар және қауіпті қалдықтарды өндірушілер өндіріс және тұтыну қалдықтарын қалдықтардың түрі, саны және қасиеттері бойынша есебін жүргізеді.

      4. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу журналында (бұдан әрі – журнал) жүзеге асырылады.

      5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу массасындағы нақты өлшеунегізінде жүргізіледі. Қалдықтар санының барлық мәні қалдықтардың массасы бойынша тоннамен ескеріледі және үтірден кейін үш белгіге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді (килограммға дейінгі дәлдікпен).

      6. Пайдаланудан шығарылған құрамында сынабы бар люминесцентті шамдар бұйымның массасы бойынша көрсетіледі.

      7. Журналдың әрбір толтырылатын жолдың бағанында қалдық санының мәні немесе ол болмаған жағдайда нөл көрсетіледі.

      8. Қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын тұлғалар және қауіпті қалдықтарды өндірушілер қызмет процесінде құралған, жиналған, тасымалданған, кәдеге жаратылған немесе орналастырылған қалдықтарды есепке алудың толықтығын, үздіксіздігін және шынайылығын қамтамасыз етеді.

  Өндіріс және тұтыну қалдықтарын
есепке алу қағидаларына қосымша

      нысан

Өндіріс өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу журналы

      Қалдықтың түрі ____________________________________________

      Қауіпті құрамы: ___________________________________________

      (бар болса)

Күні

Түзілген қалдықтар саны (тонна)

Тасымалданатын қалдықтар саны (басқа тұлғалардан түскен) (тонна)

Кәсіпорынның ішінде кәдеге жаратылған, қайта өңделген немесе орналастырылған қалдықтардың саны, мөшелері

Басқаларға берілген қалдықтардың саны

Кәдеге жаратылған немесе қайта өңделген қалдықтар саны (тонна)

Уақытша сақтау орындарына орналастырылған қалдықтар саны (олар болған кезде), (тонна)

Көмілген қалдықтар саны (тонна)

Кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеуге берілген қалдықтар саны (тонна)

Көмуге берілген қалдықтар саны (тонна)

Ұйым атауы, қалдықтарды беру туралы шарттың күні, нөмірі және қолданылу мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9











Об утверждении Правил учета отходов производства и потребления

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 11 июля 2016 года № 312. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 августа 2016 года № 14103. Утратил силу приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 16 августа 2022 года № 575.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 16.08.2022 № 575 (вводится в действие после истечения десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 296 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила учета отходов производства и потребления.

      2. Департаменту управления отходами Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного приказа;

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр энергетики



Республики Казахстан


К. Бозумбаев




  Утверждены
  приказом Министра энергетики
  Республики Казахстан
  от 11 июля 2016 года № 312

Правила учета отходов производства и потребления
Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила учета отходов производства и потребления

      (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 296 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года

      (далее – Кодекс) и определяют порядок учета отходов производства и потребления.

      2. Настоящие Правила не распространяются на ведение учета в области обращения с радиоактивными и медицинскими отходами, а также отходов, содержащих стойкие органические загрязнители.

Глава 2. Порядок учета отходов производства и потребления

      3. Лица, осуществляющие обращение с отходами, и производители опасных отходов ведут учет отходов производства и потребления по их видам, количеству и свойствам.

      4. Учет отходов производства и потребления осуществляется в журнале учета отходов производства и потребления (далее – журнал) по форме, согласно приложению к настоящим Правилам.

      5. Учет отходов производства и потребления ведется на основании фактических измерений в массе. Все значения количества отходов учитываются по массе отходов в тоннах и округляются с точностью до трех знаков после запятой (с точностью до килограмма).

      6. Вышедшие из употребления люминесцентные лампы, содержащие ртуть, отражаются по массе изделия.

      7. В каждой заполняемой строке журнала в столбцах указываются значения количества отходов или, при их отсутствии – ноль.

      8. Лица, осуществляющие обращение с отходами, и производители опасных отходов обеспечивают полноту, непрерывность и достоверность учета образовавшихся, собранных, перевезенных, утилизированных или размещенных отходов в процессе деятельности.


  Приложение
  к Правилам учета отходов
  производства и потребления


форма

Журнал учета отходов производства и потребления

      Вид отхода _____________________________________________________

      Опасные свойства: ______________________________________________

      (при наличии)

Дата


Количество образованных отходов, (тонн)


Количество перевезенных отходов (полученных от других лиц) (тонн)


Количество утилизированных, переработанных или размещенных отходов, внутри предприятия


Количество переданных другим лицам отходов


Количество утилизированных или переработанных отходов, (тонн)


Количество размещенных в местах временного хранения отходов (при их наличии), (тонн)


Количество захороненных отходов, (тонн)


Количество переданных на утилизацию или переработку отходов, (тонн)


Количество отходов, переданных на захоронение, (тонн)


Наименование организации, дата, номер и срок действия договора по передаче отходов


1


2


3


4


5


6


7


8


9