"Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 тамызда № 14107 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларда:

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және оның қолтаңбасы мен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мөрмен (мөртабанмен) расталады.

      Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруы тиіс, онда жүргізілген залалсыздандыру, импорттаушы елдің осы карантиндік өнімді жеткізу жөніндегі басқа қосымша карантиндік талаптарының орындалғаны туралы мәліметтер бар болуы тиіс.

      Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.

      Фитосанитариялық сертификатты беруден дәлелді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) өтінім иесінің фитосанитариялық сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) өтінім иесінің және (немесе) фитосанитариялық сертификатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның фитосанитариялық сертификат беру үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ фитосанитариялық сараптаудың, зерттеудің немесе тексеріп қараудың теріс қорытындысы;

      4) өтінім иесіне қатысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің), сондай-ақ өтінім иесінің фитосанитариялық сертификатты алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылу туралы соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы;

      5) межелі орны бойынша мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды тұлғасына карантинге жатқызылған өнімді бірнеше рет (2 немесе одан да көп) хабарламауы немесе ұсынбауы.";

      11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет- порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары-


Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _______________ Д. Абаев

      2016 жылғы 30 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 29 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 14 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _______________ Қ. Бозымбаев

      2016 жылғы 11 шілде



  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
-Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 маусымдағы
№ 285 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
аумағын карантиндік
объектілерден
және бөтен текті түрлерден
қорғау жөніндегі қағидаларға
11-қосымша

      Нысан

Өсімдіктер карантині бойынша бақылау жүргізу туралы акті

      Мен, _____________________________________ өсімдіктер карантині

      жөніндегі мемлекеттік инспектор "Өсімдіктер карантині туралы" 1999

      жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының, 2015 жылғы 29

      қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің және

      Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және

      бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидалардың негізінде

      карантиндік іс-шаралардың орындалуына тексеру жүргіздім

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты,

      _____________________________________________________________________

      әкесінің аты (бар болған жағдайда)).

      1. Тексеру барысында анықталды (қандай мерзімде және қандай

      құжаттар бойынша тексерілгенін және не анықталғанын көрсету

      қажет)_______________________________________________________________

      2. Тексеру нәтижесі бойынша қорытынды және өсімдіктер карантині

      жөніндегі мемлекеттік инспектордың нұсқамасы (орындалуы міндетті іс-шараны, мерзімін, орындауға жауапты адамдарды көрсету қажет)

      _____________________________________________________________________

      Акт 2 данада жасалды - оның біріншісі заңды немесе жеке тұлға

      өкіліне беріледі, екіншісі өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік

      инспектордың тапсырмасын және нұсқамасын орындауды тексергеннен кейін

      карантиндік инспектордың ісінде қалады, орындалмаған жағдайда

      хаттама толтырылады.

      Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор __________

      Актінің бірінші данасын алдым

      Иесі (өкілі) __________________________________________________

      Күні __________________________________________________________

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор
нұсқамасының орындалуын тексеру нәтижесі

      Тексеру жүргізілді, ________________________ иесінің (өкілінің)

      қатысуымен __________________________________________________________

       (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Тексеруде анықталды (тапсырмалардың орындалуы (орындалмауы): ________

      _____________________________________________________________________

      Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор __________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Иесі (өкілі) ________________________________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 15-08/590 "Об утверждении Правил по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов"

Приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 285. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 августа 2016 года № 14107.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 15-08/590 "Об утверждении Правил по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12032, опубликованный 30 октября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Фитосанитарный сертификат выдается и заверяется личной подписью государственного инспектора по карантину растений, исследовавшего подкарантинную продукцию и печатью (штампом) по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Фитосанитарный сертификат выдается на каждую партию подкарантинной продукции и должен удостоверять ее карантинное состояние, иметь сведения о проведенном обеззараживании, выполнении других дополнительных карантинных требований страны-импортера по поставке данной продукции.

      Фитосанитарный сертификат или мотивированный отказ в его выдаче оформляется в срок не более пяти рабочих дней с даты подачи заявки на его получение.

      Основаниями для мотивированного отказа в выдаче фитосанитарного сертификата являются:

      1) установление недостоверности документов, представленных заявителем для получения фитосанитарного сертификата, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие заявителя и (или) представленных материалов, подкарантиннной продукции, данных и сведений, необходимых для выдачи фитосанитарного сертификата, требованиям, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан;

      3) отрицательный ответ уполномоченного государственного органа на запрос о согласовании, который требуется для выдачи фитосанитарного сертификата, а также отрицательное заключение фитосанитарной экспертизы, исследования либо досмотра;

      4) в отношении заявителя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, а также если имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого заявитель лишен специального права, связанного с получением фитосанитарного сертификата;

      5) неоднократное (2 раза и более) неуведомление или непредъявление подкарантинной продукции должностному лицу уполномоченного органа государства места назначения.";

      приложение 11 изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту пищевой безопасности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему "Әділет", а также в течение пяти рабочих дней в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Заместитель Премьер-Министра -


Министр сельского хозяйства


Республики Казахстан

А. Мырзахметов

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр информации и коммуникаций

      Республики Казахстан

      __________ Д.Абаев

      30 июня 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      __________ Б. Султанов

      29 июня 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ________________ К. Бишимбаев

      14 июля 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр энергетики

      Республики Казахстан

      ______________ К. Бозумбаев

      11 июля 2016 года



  Приложение
к приказу Заместителя
Премьер-Министра Республики
Казахстан – Министра сельского
хозяйства Республики Казахстан
от 27 июня 2016 года № 285
Приложение 11
к Правилам по охране
территории Республики Казахстан
от карантинных объектов
и чужеродных видов

      Форма

Акт о проведении контроля по карантину растений

      Мной, _______________________________________ государственным

      инспектором по карантину растений на основании Закона Республики

      Казахстан от 11 февраля 1999 года "О карантине растений",

      Предпринимательского кодекса Республики Казахстан от 29 октября 2015

      года и Правил по охране территории Республики Казахстан от

      карантинных объектов и чужеродных видов проведена проверка выполнения

      карантинных мероприятий

      _____________________________________________________________________

      (наименование юридического лица или фамилия, имя, отчество (при его

      _____________________________________________________________________

      наличии) физического лица).

      1. При проверке установлено (указать за какой период и по каким

      документам проверено и что установлено)

      ____________________________________________________________________

      2. Заключение по результатам проверки и предписания

      государственного инспектора по карантину растений (указать

      мероприятия, обязательные к выполнению, сроки, лиц, ответственных за

      выполнение)

      _____________________________________________________________________

      Акт составлен в 2-х экземплярах - из них первый вручается

      представителю физического или юридического лица, второй после

      проверки выполнения задания и предписания государственного инспектора

      по карантину растений остается в деле карантинного инспектора, при

      неисполнении составляется протокол.

      Государственный инспектор

      по карантину растений _________________________________________

      Первый экземпляр акта получил

      Владелец (представитель) ______________________________________

      Дата _________________________

      Результат проверки

      выполнения предписаний государственного инспектора

      по карантину растений

      Проверка проведена, _______________________в присутствии

      владельца (представителя) ___________________________________________

       (должность, фамилия, имя, отчество (при его наличии))

      проверкой установлено (выполнение (не выполнение) заданий): _________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Государственный инспектор

      по карантину растений ________________________________________

       (фамилия, имя, отчество (при его наличии))

      Владелец (представитель) ______________________________________

       (фамилия, имя, отчество (при его наличии))