"Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 316 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 тамызда № 14116 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 193 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 10.06.2021 № 193 (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7711 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 тамыздағы "Егемен Қазақстан" газетінде № 527-532 (27605) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) өз әрекетін квоталар бірліктеріне және ішкі азайту бірліктеріне қолданады және келесіні қамтитын парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін анықтайды:

      1) Меншік және сауда объектісі ретіндегі квоталар бірліктері мен шығарындыларды ішкі азайту бірліктері;

      2) Квоталар бірліктерімен және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерімен мәмілелер бойынша сауда жасау мен есептеулерді ұйымдастыру;

      3) Квоталардың бастапқы сатылуын ұйымдастыру;

      4) Шығарындылардың ішкі азайту бірліктерін бастапқы беру;

      5) Квоталарды тікелей сату (сатып алу) арқылы іске асыру.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      "1) аукционға тапсырыс беруші – осы Қағидаларға сәйкес квоталар бірліктерін сату бойынша аукцион өткізуге бастамашылық ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым);

      2) жоба инвесторы – парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту жобасын қаржыландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) жоғарылатуға арналған аукцион – қатысушылар квоталар бірліктерін сатып алуға өтінішті бастапқы бағамен бірдей немесе жоғары баға қоя алатын аукцион;

      4) квоталар бірліктерінің қайталама айналымы – бұдан бұрын үлестірілген квоталар бірліктерін саудалау;

      5) квоталарды алғашқы сату – стандартты аукцион тәртібінде сату арқылы жүзеге асырылатын квоталарды бөлу;

      6) лот – сатылатын немесе шарт бойынша жеткізілетін және аукционнан саудаға салынатын квоталар бірліктері немесе шығарындыларды ішкі азайту бірліктері;

      7) операцияларды халықаралық тіркеу журналы – операциялардың дұрыстығын тексеру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы хатшылығымен белгіленген және басқарылатын көміртегі бірліктерінің ұлттық тізілімдерінде көміртегі бірліктерімен жүргізілген операцияларды тіркеудің халықаралық жүйесі;

      8) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі сандық міндеттемелері бар халықаралық шарт – Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасы немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының күші жойылғаннан кейінгі кезеңге парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша оған қатысатын елдердің сандық міндеттемелерін ұзартатын немесе белгілейтін халықаралық шарт;

      9) сауда режимі – тауар биржасының сауда жүйесінде өтінімді жариялау және келісім жасау шарттарының жинтығы;

      10) стандартты аукцион режимі – сатып алушы/сатушы – аукцион бастамашысы үшін ең тиімді баға бойынша төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында биржалық мәмілелер жасалатын сауда режимі;

      11) тауар биржасының электрондық сауда жүйесi – электрондық биржалық сауда-саттықты өткізуге қажетті және биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылымы, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешені;

      12) төмендетуге арналған аукцион – қатысушылар квоталар бірліктерін сатып алуға өтінішті бастапқы бағамен бірдей немесе төмен баға қоя алатын аукцион;

      13) халықаралық көміртегі бірліктері – белгіленген мөлшер бірліктері, шығарындыларды азайту бірліктері, шығарындыларды азайтудың сертификатталған бірліктері, сіңіру бірліктері және басқа да олардан туынды көміртегі бірліктері;

      14) шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін бастапқы беру – шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту немесе олардың сіңірулерін арттыру жобасын қаржыландыратын инвесторға беру;

      15) ішкі азайту шығарындылары бірліктерінің қайталама айналымы – тауар биржасында парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту жобасының инвесторына (инвесторларына) бергеннен кейін орындалатын ішкі азайту шығарындыларының бірліктерімен сауда жасау.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Квоталар бірліктерінің қолданыстағы және айналымдағы мерзімі тиісті Ұлттық жоспардың бұдан алдыңғы жылдардағы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есебі негізінде жыл сайынғы өтелген квота бірліктерінен басқа, олар сәйкесінше орналастырылған Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінің соңғы есептік жылы бойынша есептілікті ұсыну күні аяқталғаннан кейін тоқсан жұмыс күнімен шектеледі. Квоталар бірліктерінің қолданылу мерзімі, тиісті Ұлттық жоспардың бұдан алдыңғы жылдардағы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есебі негізінде жыл сайынғы өтелген квота бірліктерінен басқа, айналым шектелген күннен кейінгі он үш жұмыс күнімен шектеледі.";

      13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Квоталар бірліктерімен және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерімен сауда жасау электрондық сауда жүйесі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      Квоталар бірліктерінің қайталама айналымы және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің қайталама айналымы Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тиісті лицензиясы бар ұйымдастырылған тауар алаңдарында (биржаларында) жүргізіледі.

      14. Квоталар бірліктерінің және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің саудасы тауар биржалары туралы заңнамаға сәйкес тауар биржаларында ұйымдастырылады.

      Квоталардың бастапқы саудасы жағдайында сату стандартты аукцион (бұдан әрі - аукцион) режимінде, ал квота бірліктерінің қайталама айналымы жағдайында – қосарланған қарсы аукцион режимінде тауар биржалары туралы заңнамаға сәйкес тауар биржаларында ұйымдастырылады.

      Квота бірліктерін және ішкі азайту бірліктерін сату және сатып алуды Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-7-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.";

      15. Квоталарды бастапқы сатуға, квота бірліктерінің және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің қайталама айналымындағы саудаға қызмет көрсету және туынды қаржы құралдары бойынша клиринг пен есептерді қамтамасыз ету үшін тауар биржасы Қазақстан Республикасының Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторымен өзара іс-қимыл және клиринг пен есеп-қисап процесіндегі электронды құжат айналымын жүзеге асыру регламенті туралы шарт жасасады.".

      17-тармақ алып тасталынсын;

      19 және 20-тармақтар алып тасталынсын;

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Квоталардың бастапқы сатылуы ведомстволық бағынысты ұйымымен Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-5-бабына сәйкес ұйымдастырылады.

      22. Квоталар бірліктерін бастапқы сату квоталар бірліктері бойынша жүргізіледі. Егер квоталарды сату Ұлттық жоспармен тиісті мерзімге қарастырылмаса, Ұлттық жоспарға енгізілген реттелетін қондырғылардың операторлары арасында квоталарды бөлу ақысыз негізде жүзеге асырылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Ведомстволық бағынысты ұйым тауар биржаларында квоталарды сату бойынша аукциондарды ұйымдастыру мен өткізу қажеттілігін бағалайды.";

      25-тармақ алып тасталынсын;

      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Бірінші аукционнан сатуға жататын квоталар көлемі Ұлттық жоспардың квота көлемі резервінің квоталарды сату қосалқы шотынан аукцион шарттарында отыз пайыздан асыра алмайды.

      28. Квоталарды сату бойынша аукциондарды өткізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржа саудасының үлгі қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 тіркелген) (бұдан әрі – Үлгі ережесі) сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы бастамашылық етеді.

      32-тармақ алып тасталынсын;

      37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтар алып тасталынсын;

      44-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-3. Жоқ болған жағдайда, тауар биржасында квота бірліктерінің қайталама айналымында оларға биржалық баға белгілеу саудасын жүргізу күні квота бірлігі үшін баға халықаралық тәуелсіз ақпарат жеткізушісінің квота бірліктеріне бағаны биржалық баға белгілеу есебімен анықталады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Жоба операторы шығарындылардың ішкі азайту бірліктерін Қазақстан Республикасы Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторына беруге өтінішті тек тиісті жобаны іске асыру туралы есепті валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген орган верификациялағаннан кейін және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткеннен кейін ғана береді.";

      мынадай мазмұндағы 6-бөліммен толықтырылсын:

"6-тарау. Квоталарды тікелей сату (сатып алу) арқылы сату

      52. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-7-бабының 3-тармағына сәйкес қондырғы операторы квоталарды мәміле жасалған күнгі квотаның биржалық белгіленім деңгейінен төмен емес бағамен сатып алу-сату шарты бойынша тікелей сату (сатып алу) арқылы өткізеді.

      53. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-7-бабының 3-тармағына сәйкес, қондырғы операторлары (сатушы және сатып алушы) квоталарды тікелей сату-сатып алуды жүргізудің қорытындысы бойынша мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Квоталарды тікелей сату-сатып алуды жүргізу қорытындылары бойынша мәліметтер қондырғы операторлары (сатушы мен сатып алушы), сатылған/сатып алынған квота бірліктерінің көлемі, бағасы туралы ақпараттан тұрады.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган квоталарды тікелей сату-сатып алу қорытындылары бойынша мәліметтер алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторына Қазақстан Республикасы Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде бес жұмыс күні ішінде тиісті трансакциялардың өткізілуі туралы хабарлайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы "__" __________



О внесении изменений и дополнений в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 11 мая 2012 года № 151-ө "Об утверждении Правил торговли квотами на выбросы парниковых газов и углеродными единицами"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 12 июля 2016 года № 316. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 августа 2016 года № 14116. Утратил силу приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 10 июня 2021 года № 193.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 10.06.2021 № 193 (вводится в действие с 01.07.2021).
      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2018.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 11 мая 2012 года № 151-ө "Об утверждении Правил торговли квотами на выбросы парниковых газов и углеродными единицами" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7711, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 18 августа 2012 года № 276-278 (27095-27097)) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах торговли квотами на выбросы парниковых газов и углеродными единицами, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила торговли квотами на выбросы парниковых газов и углеродными единицами (далее - Правила) распространяют свое действие на единицы квот и единицы внутреннего сокращения и определяют порядок торговли квотами на выбросы парниковых газов и углеродными единицами, который включает в себя:

      1) Единицы квот и единицы внутреннего сокращения выбросов как объект собственности и торговли;

      2) Организацию торгов и расчетов по сделкам с единицами квот и единицами внутреннего сокращения выбросов;

      3) Организацию первичной продажи квот;

      4) Первичную передачу единиц внутреннего сокращения выбросов;

      5) Реализацию квот путем прямой продажи (покупки).";

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) заказчик аукциона – подведомственная организация по регулированию выбросов парниковых газов уполномоченного органа в области охраны окружающей среды (далее – подведомственная организация), инициирующая аукцион по продаже единиц квот в соответствии с настоящими Правилами;

      2) инвестор проекта – юридическое лицо, за счет средств которого осуществляется финансирование проекта внутреннего сокращения выбросов парниковых газов;

      3) аукцион на повышение – аукцион, при котором участники могут выставлять заявки на покупку единиц квот только по цене равной или выше стартовой цены;

      4) вторичный оборот единиц квот – торговля ранее распределенными единицами квот;

      5) первичная продажа квот – распределение единиц квот, осуществляемое посредством их продажи в режиме стандартного аукциона;

      6) лот – партия единиц квот или единиц внутреннего сокращения выбросов, продаваемая или поставляемая по договору и выставляемая на продажу с аукциона;

      7) международный регистрационный журнал операций – международная система регистрации произведенных операций с углеродными единицами в национальных реестрах углеродных единиц, управляемая Секретариатом Рамочной конвенции Организации Объединенных Наций об изменении климата, и осуществляемая с целью проверки подлинности операций;

      8) международный договор с количественными обязательствами по сокращению выбросов парниковых газов – Киотский протокол к Рамочной конвенции Организации Объединенных Нации об изменению климата, либо международный договор, продлевающий или устанавливающий количественные обязательства участвующих в нем государств по сокращению выбросов парниковых газов на период после прекращения действия Киотского протокола к Рамочной конвенции Организации Объединенных Нации об изменении климата;

      9) режим торговли – совокупность условий объявления заявок и заключения сделок в торговой системе товарной биржи;

      10) режим стандартного аукциона – режим торговли, при котором биржевые сделки заключаются в ходе аукциона на понижение или повышение по наилучшей цене для покупателя/продавца – инициатора аукциона;

      11) электронная торговая система товарной биржи – комплекс вычислительных средств, программного обеспечения, баз данных, телекоммуникационных средств и другого оборудования товарной биржи, необходимый для проведения электронных биржевых торгов и обеспечивающий автоматизацию процесса заключения биржевых сделок, а также сбора, хранения, обработки и раскрытия информации;

      12) аукцион на понижение – аукцион, при котором участники могут выставлять заявки на покупку единиц квот только по цене равной или ниже стартовой цены;

      13) международные углеродные единицы – единицы установленного количества, единицы сокращения выбросов, единицы сертифицированного сокращения выбросов, единицы поглощения и другие производные от них углеродные единицы;

      14) первичная передача единиц внутреннего сокращения выбросов – передача единиц внутреннего сокращения выбросов инвестору, финансирующему проект внутреннего сокращения выбросов парниковых газов либо увеличения их поглощения;

      15) вторичный оборот единиц внутреннего сокращения выбросов – торговля единицами внутреннего сокращения выбросов, осуществляемая после их передачи инвестору (инвесторам) проекта внутреннего сокращения выбросов парниковых газов на товарной бирже.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Срок обращения единиц квот ограничивается девяноста рабочими днями после даты окончания предоставления отчетности по последнему отчетному году соответствующего Национального плана, в соответствии с которым они размещены, кроме ежегодно погашенных единиц квот на основе отчета об инвентаризации выбросов парниковых газов за предшествующие годы соответствующего Национального плана. Срок действия единиц квот ограничивается тринадцатью рабочими днями после даты ограничения обращение единиц квот";

      пункты 13, 14 и 15 изложить в следующей редакции:

      "13. Торговля единицами квот и единицами внутреннего сокращения выбросов может осуществляться через электронную торговую систему.

      Вторичный оборот единиц квот и вторичный оборот единиц внутреннего сокращения выбросов производится на организованных товарных площадках (биржах), имеющих соответствующую лицензию в соответствии с законодательством Республики Казахстан о товарных биржах.

      14. Торговля единицами квот и единицами внутреннего сокращения выбросов организуется на товарных биржах в соответствии с законодательством о товарных биржах.

      В случае первичной продажи квот торговля осуществляется в режиме стандартного аукциона (далее – аукцион), а в случае вторичного оборота единиц квот – в режиме двойного встречного аукциона.

      Продажу и покупку единиц квот и единиц внутреннего сокращения осуществляют физические и юридические лица, указанные в пункте 2 статьи 94-7 Экологического кодекса Республики Казахстан.

      15. Для обслуживания торгов в первичной продаже квот, во вторичном обороте единиц квот и единиц внутреннего сокращения выбросов, и обеспечения клиринга и расчетов по производным финансовым инструментам товарные биржи заключают договор с оператором Государственного реестра углеродных единиц Республики Казахстан о регламенте взаимодействия и осуществления электронного документооборота в процессе клиринга и расчетов.";

      пункт 17 исключить;

      пункты 19 и 20 исключить;

      пункты 21 и 22 изложить в следующей редакции:

      "21. Первичная продажа единиц квот организуется подведомственной организацией согласно пункту 5 статьи 94-5 Экологического кодекса Республики Казахстан.

      22. Первичная продажа единиц квот осуществляется по единицам квот. Распределение квот среди операторов установок, включенных в Национальный план, осуществляется на бесплатной основе, если продажа квот не предусмотрена Национальным планом на соответствующий период.";

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. Подведомственная организация оценивает потребности в организации и проведении аукционов по продаже квот на товарных биржах.";

      пункт 25 исключить;

      пункты 27 и 28 изложить в следующей редакции:

      "27. Объем квот, подлежащих продаже с первого аукциона, не может превышать тридцати процентов от субсчета продажи квот на условиях аукциона резерва объема квот Национального плана.

      28. Проведение аукционов по продаже квот инициируется подведомственной организацией в соответствии с Типовыми правилами биржевой торговли, утвержденными приказом и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 280 (Зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10993) (далее – Типовые правила).";

      пункт 32 исключить;

      пункты 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 и 44 исключить;

      пункт 44-3 изложить в следующей редакции:

      "44-3. В случае отсутствия на день проведения торгов биржевой котировки цен на единицу квот во вторичном обороте на товарной бирже, цена за единицу квот определяется с учетом биржевой котировки цен на единицы квот международного независимого поставщика информации.";

      пункт 48 изложить в следующей редакции:

      "48. Оператор проекта подает заявление на передачу единиц внутреннего сокращения выбросов оператору Государственного реестра углеродных единиц после проведения верификации отчета о реализации соответствующего проекта аккредитованным органом по валидации и верификации и его утверждения уполномоченным органом в области охраны окружающей среды.";

      дополнить главой 6 следующего содержания:

"Глава 6. Реализация квот путем прямой продажи (покупки)

      52. Оператор установки реализует квоты путем прямой продажи (покупки) по договору купли-продажи по цене не ниже уровня биржевой котировки квоты на день совершения сделки, в соответствии с пунктом 3 статьи 94-7 Экологического кодекса Республики Казахстан.

      53. В течение пяти рабочих дней со дня совершения сделки операторы установок (продавец и покупатель) представляют в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды сведения по итогам проведения прямой продажи-покупки, в соответствии с пунктом 3 статьи 94-7 Экологического кодекса Республики Казахстан.

      Сведения по итогам проведения прямой продажи-покупки квот содержат информацию об операторах установок (продавца и покупателя), объеме проданных/купленных единиц квот, цене.

      Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды в течение пяти рабочих дней со дня получения сведений по итогам проведения прямой продажи-покупки квот уведомляет оператора Государственного реестра углеродных единиц о проведении в течение трех рабочих дней соответствующих трансакций в Государственном реестре углеродных единиц Республики Казахстан.".

      2. Департаменту по изменению климата Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан" в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного приказа;

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2018 года и подлежит официальному опубликованию.

Министр энергетики


Республики Казахстан

К. Бозумбаев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      _____________ К. Бишимбаев

      "__" __________ 2016 год