Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге тыйым салуды енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 2 тамыздағы № 588 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 тамызда № 14127 болып тіркелді

      «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 46 және 47-баптарына, сондай-ақ осы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, оның ішінде тотығуға төзімді болатты (ЕЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0, 7204 21 900 0) және өзгелерін (ЕЭО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0) қоспағанда, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын (ЕЭО СЭҚ ТН коды 7204) әкетуге тыйым салу енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов):
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;
      2) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарласын;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі белгіленген тәртіпте:
      осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін, мерзімдік баспа басылымдарында жариялағанға дейін, Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салу туралы хабардар етсін;
      Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Еуразиялық экономикалық одағына мүше басқа мемлекеттердің осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараларды қолдануы туралы ұсынысты енгізсін.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі          Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ______________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 27 шілде

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі
      _______________ Е. Ыдырысов
      2016 жылғы «___» __________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрінің
      міндетін атқарушы
      _______________ М. Тілеуберді
      2016 жылғы 25 шілде

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы 26 шілде

О введении запрета на вывоз с территории Республики Казахстан отходов и лома черных металлов

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 2 августа 2016 года № 588. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 августа 2016 года № 14127

      В соответствии со статьей 18 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности", статьями 46 и 47 Договора о Евразийском экономическом союзе, а также раздела 10 Приложения 7 к данному Договору, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Ввести запрет сроком на шесть месяцев на вывоз с территории Республики Казахстан отходов и лома черных металлов (код ТН ВЭД ЕАЭС 7204), за исключением отходов и лома легированной стали, в том числе коррозионностойкой стали (коды ТН ВЭД ЕАЭС 7204 21 100 0, 7204 21 900 0) и прочей (код ТН ВЭД ЕАЭС 7204 29 000 0).

      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Ержанов А. К.) уведомить:

      1) Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан об обеспечении контроля по исполнению пункта 1 настоящего приказа в установленном законодательством Республики Казахстан порядке;

      2) Акционерное общество "Национальная компания "Қазақстан темір жолы" (по согласованию) о применении мер по реализации пункта 1 настоящего приказа в установленном законодательством Республики Казахстан порядке;

      3) Министерство национальной экономики Республики Казахстан о необходимости в установленном порядке:

      после государственной регистрации настоящего приказа до его опубликования в периодических печатных изданиях информировать Евразийскую экономическую комиссию о введении указанного в пункте 1 настоящего приказа запрета;

      внести на рассмотрение Евразийской экономической комиссии предложение о применении мер, указанных в пункте 1 настоящего приказа, другими государствами-членами Евразийского экономического союза.

      3. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Ержанов А. К.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

Ж. Касымбек

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      ______________ Б. Султанов

      27 июля 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр иностранных дел

      Республики Казахстан

      ______________ Е. Идрисов

      "___" __________ 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Исполняющий обязянности

      Министра иностранных дел

      Республики Казахстан

      ______________ М. Тлеубердин

      25 июля 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ______________ К. Бишимбаев

      26 июля 2016 года