"Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 539 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 тамызда № 14173 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 330 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.05.2018 № 330 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2024 дейін қолданыста болады) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11200 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде 46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. ҚР ҚМК пленарлық отырысының хаттамасы отырыс өткен күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде әзірленеді. Хаттамада Сараптамаға ұсынылған есептің материалдары туралы мәліметтер, сараптама барысында анықталған ескертулер, ҚР ҚМК шешімі және олардың ұсыныстары қамтылады.

      ҚР ҚМК пленарлық отырысының қорытындысы бойынша хаттамада мынадай индекстердің бірінде шешім көрсетіледі:

      барлау жөніндегі жұмыстары аяқталмаған жер қойнауының учаскелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған аралық есептердің қорытындылары бойынша:

      "П" индексі, алдын-ала бағаланған пайдалы қазбалар қорының көлемі назарға алынды дегенді білдіреді;

      бағалау жұмыстарын жүргізу нәтижесі бойынша жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған қорытынды есеп бойынша:

      "У" индексі, пайдалы қазбалар қоры бекітілгенін және Мемлекеттік теңгерімге қоюға тиіс екенін білдіреді.

      ҚР ҚМК пленарлық отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап "У" индексі бар тиімді (шығарып алынатын) қорлар бойынша коммерциялық табу расталған деп есептеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Нұрабаев Б.К.) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 6 ай ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың тиісті өтініштері бойынша "Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ереженің 46-тармағына сәйкес қорларды есептеу жөніндегі бұрын қабылданған шешiмдерді индекстерді беру бөлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен қайта рәсімдеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ____________ Қ. Бозымбаев

      2016 жылғы 1 тамыз



О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 апреля 2015 года № 472 "Об утверждении положений о Государственной комиссии по запасам полезных ископаемых Республики Казахстан и межрегиональных комиссиях по запасам полезных ископаемых"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 5 июля 2016 года № 539. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 августа 2016 года № 14173. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 15 мая 2018 года № 330 (вводится в действие с 29.06.2018 и действует до 01.01.2024)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 15.05.2018 № 330 (вводится в действие с 29.06.2018 и действует до 01.01.2024).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 апреля 2015 года № 472 "Об утверждении положений о Государственной комиссии по запасам полезных ископаемых Республики Казахстан и межрегиональных комиссиях по запасам полезных ископаемых" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11200, опубликованный 18 июня 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      в Положении о Государственной комиссии по запасам полезных ископаемых Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      пункт 46 изложить в следующей редакции:

      "46. Протокол пленарного заседания ГКЗ РК составляется в течение четырнадцати рабочих дней со дня проведения заседания. В протоколе содержатся сведения о представленных на Экспертизу материалов отчета, выявленные в ходе экспертизы замечания, решение ГКЗ РК и его рекомендации.

      По итогам пленарного заседания ГКЗ РК в протоколах отражаются решения с одним из следующих индексов:

      по промежуточным отчетам, представленным недропользователями, по участкам недр, работы по разведке по которым не завершены:

      индекс "П", означающий, что объемы предварительно оцененных запасов полезных ископаемых приняты к сведению;

      по итоговым отчетам, представленным недропользователями, по результатам проведенных оценочных работ:

      индекс "У", означающий, что запасы полезных ископаемых утверждены и подлежат постановке на Государственный баланс.

      С даты подписания Протокола пленарного заседания ГКЗ РК с индексом "У" по рентабельным (извлекаемым) запасам коммерческое обнаружение считается подтвержденным.".

      2. Комитету геологии и недропользования Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Нурабаев Б.К.) в течение 6 месяцев со дня введения в действие настоящего приказа по соответствующему обращению недропользователей обеспечить в установленном законодательством порядке переоформление ранее принятых решений по подсчету запасов в части присвоения индекса в соответствии с пунктом 46 Положения о Государственной комиссии по запасам полезных ископаемых Республики Казахстан и межрегиональных комиссиях по запасам полезных ископаемых, утвержденного приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 21 апреля 2015 года № 472 "Об утверждении положений о Государственной комиссии по запасам полезных ископаемых Республики Казахстан и межрегиональных комиссиях по запасам полезных ископаемых".

      3. Комитету геологии и недропользования Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Нурабаев Б.К.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию

      Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

Ж. Касымбек

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр энергетики

      Республики Казахстан

      ______________ К. Бозумбаев

      01 августа 2016 года