"Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін – есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі өнімдерін – акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 1 тамыздағы № 418 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 31 тамызда № 14180 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.09.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі өнімдерін акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10611 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 144 "Об утверждении Правил маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением виноматериала, пива и пивного напитка, учетно-контрольными марками и табачных изделий акцизными марками, а также форма, содержание и элементы защиты акцизных и учетно-контрольных марок"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 августа 2016 года № 418. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 августа 2016 года № 14180. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 143 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 08.02.2018 № 143 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Настоящий приказ вводится в действие с 01.09.2016.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 144 "Об утверждении Правил маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением виноматериала, пива и пивного напитка, учетно-контрольными марками и табачных изделий акцизными марками, а также форма, содержание и элементы защиты акцизных и учетно-контрольных марок" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10611, опубликован в информационно-правовой системе "Әділет" 13 мая 2015 года) следующее изменение:

      подпункт 3) пункта 1 исключить.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Ергожин Д.Е.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие с 1 сентября 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Министр финансов


Республики Казахстан

Б. Султанов