Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 31 тамызда № 14192 болып тіркелді.

      "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрінің
  2016 жылғы 28 шілдедегі
  № 340 бұйрығымен
  бекітілген

Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысаны

      ________________ қаласы                         20___ жылғы "___"_________

      Бұдан әрі "Кепіл ұстаушы" деп аталатын, ___________________________ атынан ____________ негізінде әрекет ететін ___________________________, бірінші тараптан және бұдан әрі "Кепіл беруші" деп аталатын, _____________________________ атынан ____________ негізінде әрекет ететін ______________________________ екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының негізінде, _______________ мекенжайы бойынша орналасқан _____ көппәтерлі тұрғын үй құрылысын және жасалатын тұрғын үй құрылысына (бұдан әрі – Жоба) үлестік қатысу туралы шарттардың негізінде үлескерлерге Жобадағы үлестерін іске асыруды қамтамасыз ететін Кепіл беруші Уәкілетті компанияның жалғыз қатысушысы болып табылатынын назарға ала отырып, Кепіл ұстаушы үлескерлер мүдделерін қорғауды, сондай-ақ Құрылыс салушының, Уәкілетті компанияның, басқа да үшінші тұлғалардың кредиторлары талаптарынан Жобаның қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ете отырып, тұрғын үй құрылысына кепілдік беру туралы шарт бойынша (бұдан әрі – Кепілдік беру шарты) Жоба құрылысының аяқталуына кепілдік беретінін ескере отырып, Тараптар осы Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

      Осы Шартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар

      Кепіл нысаны – "_____" Уәкілетті компанияның жарғылық капиталындағы Кепіл берушіге 100 (жүз) пайыз мөлшерде тиесілі дауыс беретін акциялар (жарғылық капиталдағы үлестер), акциялардың ұлттық сәйкестендіру нөмірі __________ (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі берген __________ жылғы "___" __________ № ___ акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік).

      Уәкілетті компания: "___________" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі /акционерлік қоғамы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ____________, ____жылы "___"_________ берілген № _____ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;

      Заңды мекенжайы:

      Іс жүзіндегі мекенжайы:

      Дауыс беретін акциялардың (Уәкілетті компанияның жарғылық капиталдағы үлестерінің) саны: _________(________) дана;

      Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы үлестерінің) нарықтық құны: ________________ (сомасы жазумен) теңге;

      Ауыртпалық туралы мәліметтер: _______________________

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Шарттың мәні

      1. Осы Шарттың нысанасы Кепіл шарты бойынша Кепіл ұстаушы алдында Кепіл берушінің және Уәкілетті компанияның міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында Кепіл берушіге меншік құқығында тиесілі Кепіл нысанасын Кепіл ұстаушыға кепілге беру болып табылады.

      2. Кепіл берушінің Кепіл нысанасына құқығы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде түпнұсқасы Кепіл ұстаушыда болатын мынадай құжаттармен:

      1) "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы берген осы Шартты жасасу күнгі жағдайы бойынша "___"__________ жылғы №___ қатысушылар/Уәкілетті компанияның акционерлері тізілімінен үзінді көшірмесімен;

      2) Жалғыз қатысушының "___"__________жылғы №___ шешімімен бекітілген "___________" АҚ/ЖШС Уәкілетті компанияның жарғысымен;

      3) Қазақстан Республикасының әдiлет органдары/ "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы (акциялар үшін) берген "___"__________ жылғы №___ Кепіл нысанына ауыртпалықтардың жоқтығы туралы анықтамамен расталады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.10.2020 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Кепіл нысанасының кепіл құны ___________ ( ) теңгені құрайды.

      4. Тараптар келісетін кепіл құны "___"__________жылғы Кепіл мүлкіне баға беру туралы "_____________" (ҚР Әділетмині "___"__________жылы берген мемлекеттік лицензия ЗТ- _______(____________ Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) есебінде айқындалған нарықтық бағаның негізінде белгіленген.

      5. Кепіл нысаны билік ету құқығынсыз Кепіл берушінің пайдалануында және иелігінде қалады.

      6. Осымен Кепіл беруші Тараптар жасаған қосымша келісімде өзге көзделмесе, Кепіл нысанасы заңды түрде де және іс жүзінде де ауырпалығы жоқ және осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбайтынына кепілдік береді.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      7. Кепіл беруші:

      1) Кепіл нысанасына құқықты тоқтатуға немесе оның нарықтық құнын төмендетуге әкеп соқтыратын іс-қимыл жасамауға;

      2) Кепіл нысанасын үшінші тұлғалар тарапынан қол сұғушылықтан қорғау үшін қажетті шаралар қабылдауға;

      3) Кепіл ұстаушыға кепілге берілген мүлікпен болған өзгерістер туралы, Кепіл нысанасына үшінші тұлғалардың қол сұғушылығы туралы, Кепіл нысанасының жойылу немесе зақымдану қаупі туралы мәліметтерді 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде хабарлауға;

      4) Кепіл ұстаушыға Кепіл нысанының нарықтық бағасына, атап айтқанда:

      жарғылық капиталы мөлшерінің 10 % асатын сомаға қаржылық-шаруашылық қызметке қатысты Уәкілетті компанияның органдарының шешімдеріне (жалғыз қатысушының/акционердің, қадағалау органының (Директорлар кеңесінің), атқарушы органның шешімдері);

      есеп беру кезеңі ішінде Уәкілетті компанияның жасаған мәмілелері туралы, оның ішінде ірі мәмілелер, жасалуында мүдделілік бар мәмілелер туралы ақпаратқа;

      қаржылық жағдайының нашарлауы, Уәкілетті компанияның дәрменсіздігі белгілерінің пайда болуы туралы мәліметтергеықпал етуі мүмкін Уәкілетті компаниялардың қызметі туралы мәліметтерді қамтитын ай сайынғы есепті есеп беру күнінен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей есепті айдың соңғы жұмыс күнгі жағдай бойынша ұсынуға.";

      5) Кепіл ұстаушыға есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей есепті тоқсанның соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша Уәкілетті компанияның қаржылық есептілігін ұсынады;

      6) Уәкілетті компанияның жалғыз қатысушысының/жалғыз акционерінің айрықша құзыретіне кіретін шешімдерді қабылдауына, Уәкілетті компанияның ірі мәмілелер (құны, мәміле жасау күніне Уәкілетті компания активтерінің жалпы сомасының жиырма бес пайызына тең немесе одан асатын мәмілелер) және Жобаға қатысты мәмілелерді қоспағанда, мүдделілік бар мәмілелер жасауына Кепіл ұстаушыдан алдын ала келісім алуға;

      7) тіркеу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Кепіл ұстаушыға тиісті растау құжатын ұсына отырып, 20___ жылдың "___" _________ дейінгі мерзімде осы Шартты Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркеуге;

      8) Кепіл ұстаушының талабы бойынша Кепіл нысанасының кепіл құны мөлшерінің азаю, жоғалту, жойылу немесе зақымдану қаупі туындаған және/немесе фактісі орын алған жағдайда, сондай-ақ Уәкілетті компанияның жарғылық капиталы мөлшерінен 25 % (жиырма бес пайыздан) асатын сомаға мүліктік сипаттағы үшінші тұлғалардың талаптары бойынша заңды күшіне енген соттардың шешімдері бойынша атқарушылық іс жүргізу шеңберінде Кепіл ұстаушының құқықтарын шектейтін Кепіл нысанасына тыйым немесе өзге ауыртпалық салынған жағдайда, Кепіл ұстаушы белгілеген мерзімде Кепіл нысанасын ауыртпалығы жоқ, өтімді және тең бағалы, Кепіл ұстаушының талаптарын қанағаттандыратын өзге мүлікке ауыстыруға және/немесе толықтыруға. Кепіл нысанасын ауыстыру және/немесе толықтыру мақсатында Кепіл беруші Кепіл ұстаушы мұндай ауыстыру және/немесе толықтыру туралы талапты ұсынған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылатын толық ақпаратты және мүлікке құқық орнатушы/құқығын куәландырушы құжаттарды ұсынуға;

      9) осы Шартты жасау, ресімдеу және тіркеу бойынша шығыстарды көтеруге міндеттенеді;

      10) егер Уәкілетті компания қосымша эмиссияны жүзеге асырған/жарғылық капиталдың мөлшерін ұлғайтқан жағдайда, Тараптар кепілге берілетін акциялар санын/қатысу үлесінің номиналды бағасын ұлғайту үшін мұндай оқиға туындаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Шартқа қосымша келісім жасайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 13.07.2018 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Кепіл беруші Кепіл нысанасын мақсатына сәйкес пайдалануға құқылы. Кепіл нысанасын пайдаланудан түсетін кірістер Кепіл берушінің меншігінде және еркін билік етуіне қалады.

      9. Кепіл ұстаушы:

      1) Кепіл берушінің осы Шартта, Кепілдік беру туралы шартта көзделген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдай өз бетімен соттан тыс немесе сот арқылы Кепіл нысанының құнынан өз талаптарын қанағаттандыруға;

      2) осы Шарт бойынша Кепіл нысанасы болып табылатын мүлік туралы талап арыз қаралатын істе үшінші тұлға ретінде қатысуға құқылы.

      10. Кепіл ұстаушы:

      1) осы Шарттың 1.2-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын Кепіл беруші барлық міндеттемелерін толық орындағанға дейін оған олар сақтауға қандай күйде берілсе, сол күйде сақтауға;

      2) Кепіл беруші және Уәкілетті компания Кепілдік беру шарты бойынша Кепіл ұстаушының алдында міндеттемелерін толық орындағаннан кейін екі күн ішінде осы Шарттың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын қайтарып бере отырып, Кепіл нысанасынан ауыртпалықтарды алып тастауға міндеттенеді.

3. Кепіл нысанасынан ақы өндіріп алуға жүгіну

      11. Кепіл ұстаушы Кепілдік беру туралы шарт талаптарында айқындалған міндеттемелерді Кепіл ұстаушы және (немесе) Уәкілетті компания көрсетілген міндеттемелерді орындау мерзімі басталғаннан кейін орындамаған жағдайда Кепіл нысанасынан ақы өндіріп алуға құқылы.

      12. Кепіл нысанасынан ақы өндіріп алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Кепіл ұстаушы өз қалауы бойынша сот тәртібінде Кепіл нысанасынан ақы өндіріп алуға немесе мәжбүрлі соттан тыс тәртіпте Кепіл нысанасын сатуға құқылы. Бұл ретте, Тараптар Кепіл нысанасының соттан тыс тәртіпте мәжбүрлі сатылуын Кепіл ұстаушының қалауы бойынша жүзеге асырылатынымен және Кепіл ұстаушы сотқа Кепіл нысанасынан ақы өндіріп алу туралы талап арызбен жүгіну үшін соттан тыс тәртіпте сатуды жүзеге асыру міндетті талап болып табылмайтынымен келіседі.

      13. Кепіл шығындарды және/немесе ипотекамен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамау, орындау мерзімін кешіктіру немесе басқадай тиісті түрде орындамау салдарынан тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) ретінде өтеуді, сондай-ақ салынған мүліктен ақы өндіріп алуды және сатуды қоса алғанда, Кепілдік беру туралы шарт бойынша Кепіл ұстаушының талаптарын салынған мүлік есебінен оларды қанағаттандыру сәтіне қандай көлемде болса, сол көлемде қамтамасыз етеді.

      14. Тараптар Кепіл нысанының бастапқы бағасы Кепіл ұстаушының қалауы бойынша соттан тыс сауда жүргізу кезінде Кепіл нысанасының кепіл құнына тең сомманы құрауы мүмкін екендігі туралы келісті. Бұл ретте, Кепіл нысанасын сату бойынша соттан тыс сауда өткізу әдісі Кепіл ұстаушының қалауы бойынша анықталады.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      15. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін Тараптар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Шарттың қолданылу мерзімі

      16. Осы Шарт Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен оны мемлекеттік тіркеген сәттен бастап жасалған және күшіне енген болып саналады және Кепілдік беру туралы шарт бойынша Кепіл беруші міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.

      17. Осы Шартты өзгерту және бұзу заңнамада белгіленген тәртіппен Тараптардың өзара келісімі бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті қосымша келісім/Шартты бұзу туралы келісім жасасу жолымен жүргізледі.

6. Қорытынды ережелер

      18. Осы Шартты орындау барысында туындайтын барлық дауларды Тараптар өзара қолайлы шешім шығару мақсатында алдын ала тәртіппен қарайды. Уағдаластыққа қол жеткізілмеген кезде дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотта шешілетін болады.

      19. Кепіл нысанын сатуға байланысты барлық хабарламаларды, мәліметтерді Кепіл ұстаушы Кепіл берушіге жолдайды.

      20. Мекенжайдың, банк деректемелерінің өзгеруі бойынша ақпаратты Кепіл беруші Кепіл ұстаушыға мекенжай өзгерген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      21. Шарт бойынша Тараптар бір біріне жіберетін кез келген хабарлама немесе мәлімдеме жазбаша нысанда және уәкілетті тұлғаның қол қоюымен жасалуы тиіс. Мұндай хабарлама немесе мәлімдеме осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша факс байланысымен, курьер арқылы жеткізілген, тапсырысты пошта арқылы мекенжайға жіберілген болса, ол тиісті түрде жіберілген болып есептеледі.

      22. Осы шарт үш данада – әр Тарап үшін бір данадан жасалды, бір данасы ____________ сақталады.

7. Тараптардың мекенжайы мен банк деректемелері:

      Кепіл ұстаушы: _______________________________________________

      Кепіл беруші: _________________________________________________

Тараптардың қолдары:
Кепіл ұстаушы: Кепіл беруші:

      _________________________ _________________________

      _____________/__________/ ____________/___________/

      (қолы) (А.Т.Ә.) (болған жағдайда) (қолы) (А.Т.Ә.) (болған жағдайда)

      Мөр орны (болған жағдайда) Мөр орны (болған жағдайда)

Об утверждении типовой формы договора залога голосующих акций (долей участия в уставном капитале) уполномоченной компании

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 340. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 августа 2016 года № 14192.

      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 10.10.2016.

      В соответствии с подпунктом 6) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 7 апреля 2016 года "О долевом участии в жилищном строительстве" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую типовую форму договора залога голосующих акций (долей участия в уставном капитале) уполномоченной компании.

      2. Комитету по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение десяти календарных дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 10 октября 2016 года и подлежит официальному опубликованию.


      Министр
      национальной экономики
      Республики Казахстан К. Бишимбаев


  Утвержден
приказом Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 28 июля 2016 года № 340

Типовая форма договора залога голосующих акций (долей участия в уставном
капитале) уполномоченной компании

      город_______________ "___" ______ 20_ года

      _____________________________, именуемое в дальнейшем "Залогодержатель", в лице ___________________________________________________, действующего(-ей) на основании _____________________________, с одной стороны, и ___________________, именуемое в дальнейшем "Залогодатель", в лице ___________________, действующего(-ей) на основании _________________________, с другой стороны, в дальнейшем совместно именуемые "Стороны", на основании Закона Республики Казахстан от 7 апреля 2016 года "О долевом участии в жилищном строительстве", принимая во внимание, что Залогодатель, является единственным участником Уполномоченной компании, обеспечивающей строительство многоквартирного жилого дома ________ (далее – Проект), находящегося по адресу _______________ и реализацию долей в Проекте дольщикам на основании заключаемых договоров о долевом участии в жилищном строительстве,

      учитывая, что Залогодержатель предоставляет гарантию завершения строительства Проекта по договору о предоставлении гарантии (далее – Договор гарантии), обеспечивая защиту интересов дольщиков, а также неприкосновенность Проекта от притязаний кредиторов Застройщика, Уполномоченной компании, иных третьих лиц,

      Стороны заключили настоящий Договор залога голосующих акций (долей участия в уставном капитале) уполномоченной компании (далее – Договор):

      Термины и определения, используемые в настоящем договоре

      Предмет залога – голосующие акции (доли в уставном капитале), принадлежащая(-ие) Залогодателю в уставном капитале Уполномоченной компании "_____" в размере 100 (сто) процентов, национальный идентификационный номер акций ____________ (свидетельство о государственной регистрации выпуска акций №_______ от ____________, выданное Национальный банком Республики Казахстан).

      Уполномоченная компания: Товарищество с ограниченной ответственностью/Акционерное общество "___________", бизнес идентификационный номер (далее – БИН) ____________, справка о государственной регистрации юридического лица № ___________, выданная ___________________ от _________ года;

      Юридический адрес:

      Фактический адрес:

      Количество голосующих акций (долей в уставном капитале Уполномоченной компании): _________________ (_________) штук;

      Рыночная стоимость голосующих акций (долей в уставном капитале) Уполномоченной компании: __________________ (сумма прописью) тенге;

      Сведения об обременении: _______________________.

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 538 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Предмет договора

      1. Предметом настоящего Договора является передача в залог Залогодержателю, принадлежащего Залогодателю на праве собственности Предмета залога с целью обеспечения исполнения обязательств Залогодателя и Уполномоченной компании перед Залогодержателем по Договору гарантии.

      2. Права Залогодателя на Предмет залога подтверждаются следующими нижеуказанными документами, оригиналы которых в период действия настоящего Договора будут находиться у Залогодержателя:

      1) выпиской из реестра участников/акционеров Уполномоченной компании № ___ от ____ по состоянию на дату заключения настоящего Договора, выданную акционерным обществом "Центральный депозитарий ценных бумаг";

      2) уставом Уполномоченной компании Акционерное общество/Товарищество с ограниченной ответственностью "________", утвержденным решением единственного участника № ___ от ___________ года;

      3) справкой об отсутствии обременений на Предмет залога № ___ от _____________ года, выданной __________ органами юстиции Республики Казахстан/акционерным обществом "Центральный депозитарий ценных бумаг" (для акций).

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 16.10.2020 № 538 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Залоговая стоимость Предмета залога составляет _____________ (___________) тенге.

      4. Залоговая стоимость, с которой Стороны согласны, установлена на основании рыночной стоимости, определенной в Отчетах "_____________" (государственная лицензия ЮЛ- _______ (____________ Товарищество с ограниченной ответственностью) от _______ Министерства юстиции Республики Казахстан об оценке залогового имущества от ____________.

      5. Предмет залога остается в пользовании и владении Залогодателя, без права распоряжения.

      6. Настоящим Залогодатель гарантирует, что Предмет залога юридически и фактически не обременен и не будет обременен правами третьих лиц в течение всего срока действия настоящего Договора, если иное не будет определено дополнительным соглашением, заключенным Сторонами.

2. Права и обязанности сторон

      7. Залогодатель обязуется:

      1) не совершать действий, влекущих прекращение прав на Предмет залога или уменьшение его рыночной стоимости;

      2) принимать меры, необходимые для защиты Предмета залога от посягательств со стороны третьих лиц;

      3) в течение 1 (одного) рабочего дня сообщать Залогодержателю сведения об изменениях, произошедших с заложенным имуществом, о посягательствах третьих лиц на Предмет залога, о возникновении угрозы утраты или повреждения Предмета залога;

      4) в срок не позднее пяти рабочих дней от отчетной даты предоставлять Залогодержателю ежемесячный отчет по состоянию на последний рабочий день отчетного месяца, содержащий сведения о деятельности Уполномоченной компании, которые могут повлиять на рыночную стоимость Предмета залога, а именно:

      решения органов Уполномоченной компании (решения единственного участника/акционера, надзорного органа (Совета директоров), исполнительного органа, касающиеся финансово-хозяйственной деятельности на сумму, превышающую 10 % от размера уставного капитала;

      информацию о заключенных сделках Уполномоченной компании в течение отчетного периода, в том числе о крупных сделках, сделках, в заключении которых имеется заинтересованность;

      сведения об ухудшении финансового состояния, появлении признаков несостоятельности Уполномоченной компании;

      5) представлять Залогодержателю финансовую отчетность Уполномоченной компании по состоянию на последний рабочий день отчетного квартала в срок не позднее 25-го числа месяца, следующего за отчетным кварталом;

      6) получать предварительное согласие Залогодержателя на принятие решений, входящих в исключительную компетенцию единственного участника/единственного акционера Уполномоченной компании, заключение Уполномоченной компанией крупных сделок (сделки, стоимость которых равна или превышает двадцать пять процентов от общей стоимости активов Уполномоченной компании на дату заключения сделки) и сделок, в которых имеется заинтересованность, за исключением сделок, относящихся к Проекту;

      7) в срок до "___" ______ 20__ года зарегистрировать настоящий Договор в органах юстиции Республики Казахстан с предоставлением Залогодержателю соответствующего подтверждающего документа не позднее трех рабочих дней со дня регистрации;

      8) по требованию Залогодержателя в случае возникновения угрозы и/или наступления факта уменьшения размера залоговой стоимости, утраты, гибели или повреждения Предмета залога, а также в случае наложения ареста или иного обременения на Предмет залога в рамках исполнительного производства по решениям судов, вступившим в законную силу по искам третьих лиц имущественного характера на сумму, превышающую 25 % (двадцать пять процентов) от размера уставного капитала Уполномоченной компании, ущемляющего права Залогодержателя заменить и/или дополнить Предмет залога в срок, указанный Залогодержателем, иным не обремененным ликвидным и равноценным имуществом, удовлетворяющим требованиям Залогодержателя. В целях замены и/или дополнения Предмета залога Залогодатель обязан в течение 7 (семи) рабочих дней с момента предъявления Залогодержателем требования о такой замене и/или дополнении предоставить полную информацию и правоустанавливающие/правоудостоверяющие документы на предлагаемое имущество;

      9) нести расходы по заключению, оформлению и регистрации настоящего Договора;

      10) в случае, если Уполномоченная компания осуществит дополнительную эмиссию/увеличит размер уставного капитала, Стороны заключат дополнительное соглашение к Договору для увеличения количества акций/номинальной стоимости доли участия, передаваемых в залог, в срок не позднее 3 (трех) рабочих дней с момента наступления такого события.

      8) нести расходы по заключению, оформлению и регистрации настоящего Договора;

      9) в случае, если Уполномоченная компания осуществит дополнительную эмиссию/увеличит размер уставного капитала, Стороны заключат дополнительное соглашение к Договору для увеличения количества акций/номинальной стоимости доли участия, передаваемых в залог, в срок не позднее 3 (трех) рабочих дней с момента наступления такого события.

      Сноска. Пункт 7 в редакции приказа и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 13.07.2018 № 509 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Залогодатель вправе пользоваться Предметом залога в соответствии с его назначением. Доходы от использования Предмета залога остаются в собственности и свободном распоряжении Залогодателя.

      9. Залогодержатель вправе:

      1) удовлетворить свои требования из стоимости Предмета залога путем самостоятельной внесудебной или судебной его реализации в случае неисполнения или ненадлежащего исполнения Залогодателем своих обязательств, предусмотренных настоящим Договором, Договором гарантии, а также в случаях предусмотренных законодательством Республики Казахстан;

      2) выступать в качестве третьего лица в деле, в котором рассматривается иск об имуществе, являющемся Предметом залога по настоящему Договору.

      10. Залогодержатель обязуется:

      1) сохранить оригиналы документов, указанные в пункте 2 настоящего Договора, в том же виде, в каком они были переданы ему на хранение, до полного выполнения Залогодателем всех обязательств;

      2) в течение двух дней после полного исполнения Залогодателем и Уполномоченной компанией обязательств перед Залогодержателем по Договору гарантии снять обременение с Предмета залога с возвратом оригиналов документов, указанных в пункте 2 настоящего Договора.

3. Обращение взыскания на предмет залога

      11. Залогодержатель вправе обратить взыскание на Предмет залога в случае неисполнения Залогодателем и (или) Уполномоченной компанией обязательств, определенных условиями Договора о предоставлении гарантии, после наступления срока исполнения указанных обязательств.

      12. Обращение взыскания на Предмет залога производится в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан.

      Залогодержатель вправе по своему усмотрению обратить взыскание на Предмет залога в судебном порядке либо реализовать Предмет залога в принудительном внесудебном порядке. При этом Стороны соглашаются с тем, что принудительная внесудебная реализация Предмета залога осуществляется по желанию Залогодержателя и для предъявления Залогодержателем в суд иска об обращении взыскания на Предмет залога проведение внесудебной реализации не является обязательным условием.

      13. Залог обеспечивает требования Залогодержателя по Договору гарантии, в том объеме, в каком они существуют к моменту их удовлетворения за счет заложенного имущества, включая возмещение убытков и/или в качестве неустойки (штрафа, пени) вследствие неисполнения, просрочки исполнения или иного ненадлежащего исполнения обеспеченного ипотекой обязательства, а также возмещение расходов по взысканию и реализации заложенного имущества.

      14. Стороны договорились, что стартовая цена Предмета залога при проведении внесудебных торгов по усмотрению Залогодержателя может составлять сумму, равную залоговой стоимости Предмета залога. При этом метод проведения внесудебных торгов по реализации Предмета залога определяется по усмотрению Залогодержателя.

4. Ответственность сторон

      15. За неисполнение или ненадлежащее исполнение обязательств по Договору Стороны несут ответственность в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

5. Срок действия договора

      16. Настоящий Договор считается заключенным и вступает в силу с момента его государственной регистрации в установленном законодательством Республики Казахстан порядке и действует до полного исполнения обязательств Залогодателя по Договору гарантии.

      17. Изменение и расторжение настоящего Договора производится по взаимному соглашению Сторон в установленном законодательством порядке путем заключения соответственно дополнительного соглашения/соглашения о расторжении Договора, зарегистрированного в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

6. Заключительные положения

      18. Все споры, возникающие в процессе исполнения настоящего Договора, будут в предварительном порядке рассматриваться Сторонами в целях выработки взаимоприемлемого решения. При недостижении договоренности спор будет разрешаться в суде в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      19. Все уведомления, сообщения, связанные с реализацией Предмета залога, направляются Залогодержателем Залогодателю.

      20. Информация по изменению адреса, банковского реквизита представляется Залогодателем Залогодержателю в течение 3 (трех) рабочих дней с момента изменения адреса.

      21. Любое уведомление или сообщение, направляемое Сторонами друг другу по Договору, совершается в письменной форме и за подписью уполномоченного лица. Такое уведомление или сообщение считается направленным надлежащим образом, если оно передано по факсимильной связи, доставлено с курьером, заказной почтой по адресу, указанному в настоящем Договоре.

      22. Настоящий Договор составлен в трех экземплярах – по одному экземпляру для каждой из Сторон, один экземпляр хранится в ____________.

7. Адреса и банковские реквизиты сторон:

      Залогодержатель:

      __________________________________________________________________

      Залогодатель:

      __________________________________________________________________

Подписи Сторон:


Залогодержатель: Залогодатель:

_________________________

_____________/__________/

(подпись) (Ф.И.О.) (при наличии)

Место печати (при наличии)

_____________________________________/___________/(подпись)(Ф.И.О.) (при наличии)Место печати (при наличии)