"Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 564 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 15 тамыздағы № 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 қыркүйекте № 14237 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 51) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 564 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11854 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы";
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Бірінші вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасы


      Ұлттық экономика министрінің


      міндетін атқарушы

М. Құсайынов



Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін
атқарушының
2016 жылғы 15 тамыздағы
№ 372 бұйрығына қосымша


Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 24 шілдедегі
№ 564 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесі

Тарау 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген және ұсынымдық сипатқа ие.
      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) құнын "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3) тармақшасына және "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлға осы Әдістемеге сәйкес айқындайды.
      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер мыналарды қамтиды:
      екі кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда жеке әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша жоба тұжырымдамасын немесе концессиялық ұсынысты әзірлеу;
      бір кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда жеке әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуге немесе түзетуге техникалық тапсырма әзірлеуді қоса алғанда, жоба тұжырымдамасын немесе концессиялық ұсынысты әзірлеу;
      бір кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда жеке әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша объектінің нақты алаңына қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманың (бұдан әрі – ЖСҚ) байланыстыру құнының есебімен, әзірленген ЖСҚ бар жобалар бойынша, сондай-ақ техникалық күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және ТЭН қажет етпейтін қайта қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жоба тұжырымдамасын немесе концессиялық ұсынысты әзірлеу;
      екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жеке әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның ТЭН-ге техникалық тапсырма әзірлеуді қоса алғанда, конкурстық құжаттаманы әзірлеу;
      жеке әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша бір кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда құрамына ТЭН қамтитын конкурстық құжаттаманы әзірлеу;
      бір кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда жеке әріптесті немесе концессионерді таңдау бойынша, объектінің нақты алаңына ЖСҚ байланыстыруды, әзірленген ЖСҚ бар жобалар бойынша және (немесе) техникалық күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және ТЭН қажет етпейтін қайта қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын ЖСҚ әзірлеуді қоса алғанда, конкурстық құжаттаманы әзірлеу;
      мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шартының жобасын әзірлеу;
      бекітілген конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) енгізу;
      Конкурстық және концессиялық өтінімдерді қарау және таңдау жөніндегі комиссияның конкурсқа қатысушысымен келіссөздер жүргізу процесінде консультациялық қызметтер көрсету, сондай-ақ, келіссөздерге қатысу;
      конкурстық өтінімді тәуелсіз бағалау.
 

Тарау 2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнының есептемесі

      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның ерекшеліктеріне байланысты нақты көрсетілетін қызметтің құнын есептеу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтің құнына түзету коэффициенттері осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес тиісті коэффициенттер сомасын 1 адам-сағат құнына және нормативтік еңбек шығындарына көбейту жолымен пайдаланылады:
      P = сх lх(k1+k2+…)+exp
      мұнда,
      P – қосылған құн салығын есепке алмағандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызмет құны;
      с – көрсетілетін қызмет өнім берушісінің 1 адам – сағат құны (қосылған құн салығын есепке алмай 6 358,57 теңге*);
      l – көрсетілетін қызметтің базалық нормативік еңбек шығындары (осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес);
      k – концессиялық ұсынысты және конкурстық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызмет құнына түзету коэффициенттері;
      exp – осы Әдістеменің 5-тармағына сәйкес жобаалды және жобалық құжаттаманы дайындауға жұмсалатын шығыстар (қажет болған жағдайда).
      Жергілікті жобалар бойынша адам – сағат құны заңды тұлғаны консультациялық сүйемелдеу көрсетуге айқындайтын тиісті құқықтық актімен бекітіледі.
      5. Бір кезеңдік конкурс бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу құнына жобаалды ТЭН және ЖСҚ жобалық құжаттама әзірлеу немесе түзету және т.б. шығыстар қосылады.
      Жобаалды және жобалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмыс құнының есептемесі, сондай-ақ үлгілік жоба болған жағдайда ЖСҚ байланыстыру шығыстары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобалардың ерекшеліктеріне сүйене отырып, көрсетілетін қызметтердің өнім берушісі күрделі құрылысты қамтитын жобалар үшін жобаалды және жобалық құжаттаманы әзірлеу бойынша қызметтерді қоса алғанда, үшінші тараптардың қызметін тартады.
      *республикалық жобалар үшін (жергілікті жобалар үшін жергілікті атқарушы органдармен анықталады)
 


Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын, оның
ішінде концессиялық
жобаларды консультациялық
қолдау жөніндегі
көрсетілетін қызметтердің
құнын айқындау әдістемесіне
1-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтің құнына түзету коэффициенттері

р/с №
 

Ерекшелік
 

Коэффициент мәні, k
 

1.
 

Құрылыстың болжамды құны:
 



4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) төмен
 

0,8 дейін
 


4 000 000 АЕК-тен жоғары
 

1,2
 

2.
 

Жобаның күрделілігіне және бірегейлілігіне байланысты салалық коэффициент:
құны 4 000 000 АЕК-тен төмен жобалар үшін;
құны 4 000 000 АЕК-тен жоғары аналогтары бар жобалар үшін;
құны 4 000 000 АЕК-тен жоғары аналогтары жоқ жобалар үшін.
 

1
 

2
 

3
 

3
 

Сараптама қорытындыларын алу қажет болған жағдайда
 

0,5
 

4
 

Концессиялық ұсыныс кезеңінде ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге техникалық тапсырманы әзірлеу кезінде
 

0,2
 

5
 

Конкурстық құжаттама кезеңінде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге техникалық тапсырманы әзірлеу кезінде
 

0,4
 

6
 

ТЭН әзірлеу қажет болған жағдайда
 

1
 

7
 

Бекітілген концессиялық ТЭН немесе ЖСҚ болған жағдайда
 

(-0,5)
 

8
 

Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде ТЭН түзету кезінде
 

0,6
 

9
 

Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде ЖСҚ түзету кезінде
 

0,5
 

10
 

ЖСҚ нақты алаңға байланыстыру кезінде
 

0,5
 

11
 

ЖСҚ байланыстыру құнын есептеу кезінде
 

0,5
 

12
 

Конкурстық өтінімдердің тәуелсіз бағалауын жүргізу кезінде конкурстық өтінімде ТЭН болған кезде
 

1
 

13
 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді көрсету мақсаттары үшін үшінші тараптардың консультациялық қызметтерін тарту кезінде*:
құны 4 000 000 АЕК-тен төмен аналогтары бар жобалар үшін;
құны 4 000 000 АЕК-тен жоғары аналогтары бар жобалар үшін;
құны 4 000 000 АЕК-тен жоғары аналогтары жоқ жобалар үшін.
 

1
 

2
 

3
 


            * бюджеттік бағдарламалар әкімшісі айқындайды
 


Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын, оның
ішінде концессиялық
жобаларды консультациялық
сүйемелдеу бойынша
көрсетілетін қызметтер құнын
айқындау әдістемесіне
2-қосымша

Көрсетілетін қызмет бірлігіне базалық нормативтік еңбек шығындары

р/с №
 

Қызмет түрлері
 

l , адам-сағат.
 

1.
 

Тұжырымдаманы немесе концессиялық ұсынысты әзірлеу
 

1500 дейін
 

2
 

Конкурстық құжаттаманы (концессия шартының жобасын әзірлей отырып) немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын әзірлеу
 

1500 дейін
 

3
 

Конкурстық құжаттаманы түзету
 

500 дейін
 

4
 

Комиссияның жеке әріптесті немесе концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізу процесінде консультациялық қызмет көрсетулері, сондай-ақ, келіссөздерге қатысу
 

500 дейін
 

5
 

Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жеке әріптесті немесе концессионерді таңдау жөніндегі екінші кезеңнің конкурстық өтінімдерін тәуелсіз бағалау
 

300 дейін
 


О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 июля 2015 года № 564 "Об утверждении методики определения стоимости услуг по консультативному сопровождению концессионных проектов"

Приказ и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 15 августа 2016 года № 372. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 сентября 2016 года № 14237

      В соответствии с подпунктом 51) пункта 16 Положения о Министерстве национальной экономики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 июля 2015 года № 564 "Об утверждении методики определения стоимости услуг по консультативному сопровождению концессионных проектов" (зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан под регистрационным номером № 11854, опубликованный 11 сентября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:
      заголовок приказа изложить в следующей редакции:
      "Об утверждении методики определения стоимости услуг по консультативному сопровождению проектов государственно-частного партнерства, в том числе концессионных проектов";
      Методику определения стоимости услуг по консультативному сопровождению концессионных проектов, утвержденную указанным приказом изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Департаменту бюджетных инвестиций и развития государственно-частного партнерства Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течении пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;
      4) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

Исполняющий обязанности
 


Министра национальной экономики
 


Республики Казахстан
 

М. Кусаинов
 



Приложение


к приказу исполняющего


обязанности Министра


национальной экономики


Республики Казахстан


от 15 августа 2016 года № 372



Утверждена


приказом исполняющего


обязанности Министра


национальной экономики


Республики Казахстан


от 24 июля 2015 года № 564

Методика определения стоимости услуг по консультативному сопровождению проектов государственно-частного партнерства, в том числе концессионных проектов
Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика определения стоимости услуг по консультативному сопровождению проектов государственно-частного партнерства, в том числе концессионных проектов (далее – Методика) разработана в целях обеспечения рационального использования бюджетных средств по бюджетным программам по консультативному сопровождению проектов государственно-частного партнерства, в том числе концессионных проектов и носит рекомендательный характер.
      2. Стоимость услуг по консультативному сопровождению проектов государственно-частного партнерства, в том числе концессионных проектов (далее – услуги) определяется юридическим лицом, определяемым Правительством Республики Казахстан в соответствии с подпунктом 3) статьи 19 Закона Республики Казахстан "О государственно-частном партнерстве" и подпунктом 6-1) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О концессиях" или местными исполнительными органами определяется согласно настоящей Методике.
      3. Услуги по консультативному сопровождению проектов государственно-частного партнерства, в том числе концессионных проектов включает:
      разработку концепции проекта или концессионного предложения в случае двухэтапного конкурса по выбору частного партнера или концессионера;
      разработку концепции проекта или концессионного предложения в случае одноэтапного конкурса по выбору частного партнера или концессионера, включая разработку технического задания на разработку или корректировку технико-экономического обоснования проекта государственно-частного партнерства, в том числе концессионного проекта (далее – ТЭО);
      разработку концепции проекта или концессионного предложения в случае одноэтапного конкурса по выбору частного партнера или концессионера с расчетом стоимости привязки имеющейся проектно-сметной документации (далее – ПСД) к конкретной площадке объекта, по проектам, имеющим разработанные ПСД, а также являющимся технически несложными, реализуемым на основании типовых проектов, типовых проектных решений и проектов повторного применения, не требующих ТЭО;
      разработку конкурсной документации в случае конкурса по выбору частного партнера или концессионера с использованием двухэтапных процедур, включая разработку технического задания на ТЭО проекта государственно-частного партнерства, в том числе концессионного проекта;
      разработку конкурсной документации в случае одноэтапного конкурса по выбору частного партнера или концессионера, включающей в свой состав ТЭО;
      разработку конкурсной документации в случае одноэтапного конкурса по выбору частного партнера или концессионера, включая привязку ПСД к конкретной площадке объекта, по проектам, имеющим разработанные ПСД и (или) разработку ПСД являющимся технически несложными, реализуемым на основании типовых проектов, типовых проектных решений и проектов повторного применения, не требующих ТЭО;
      разработку проекта договора государственно-частного партнерства, в том числе концессии;
      внесение изменений и дополнений в утвержденную конкурсную документацию (корректировка);
      оказание консультационных услуг в переговорном процессе Комиссии по рассмотрению и отбору конкурсных и концессионных заявок с участником конкурса по выбору частного партнера или концессионера, а также участие в переговорах;
      независимую оценку конкурсной заявки концессионных проектов.
 

Глава 2. Расчет стоимости услуг по консультативному сопровождению проектов государственно-частного партнерства, в том числе концессионных проектов

      4. В зависимости от специфики проекта государственно-частного партнерства, в том числе концессионного проекта для расчета стоимости конкретной услуги используются поправочные коэффициенты к стоимости услуг по консультативному сопровождению проектов государственно-частного партнерства, в том числе концессионных проектов согласно приложению 1 к настоящей Методике путем умножения суммы соответствующих коэффициентов на стоимость 1 человека-часа и нормативные трудозатраты:
      P = сx lx(k1+k2+…)+exp
      где,
      P – стоимость услуги по консультативному сопровождению проектов государственно-частного партнерства, в том числе концессионных проектов без учета налога на добавленную стоимость;
      с – стоимость 1 человеко-часа поставщика услуг (6358,57 тенге без учета налога на добавленную стоимость*);
      l – базовые нормативные трудозатраты на оказание услуги, согласно приложению 2 к настоящей Методике;
      k – поправочные коэффициенты к стоимости услуг по разработке концессионного предложения и конкурсной документации;
      exp – расходы на подготовку предпроектной и проектной документации (при необходимости) согласно пункту 5 настоящей Методики.
      Стоимость человеко-часа по местным проектам утверждается соответствующим правовым актом, определяющим юридическое лицо на оказание консультативного сопровождения.
      5. По одноэтапному конкурсу в стоимость разработки конкурсной документации включаются расходы на разработку или корректировку предпроектного ТЭО и проектной документации ПСД и другие.
      Расчет стоимости работы по подготовке предпроектной и проектной документации, а также расходов по привязке ПСД при наличии типового проекта, осуществляется в соответствии с государственными нормативами в области архитектуры, градостроительства и строительства.
      6. Исходя из специфики проектов государственно-частного партнерства, в том числе концессионных проектов, поставщиком услуг привлекаются услуги третьих сторон, включая услуги по разработке (корректировке) предпроектной и проектной документации для проектов, включающих капитальное строительство.
      *для республиканских проектов (для местных проектов определяется местными исполнительными органами)
 



Приложение 1


к Методике определения стоимости


услуг по консультативному


сопровождению проектов


государственно-частного


партнерства, в том числе


концессионных проектов

Поправочные коэффициенты
к стоимости услуг по консультативному сопровождению проектов государственно-частного партнерства, в том числе концессионных проектов


 

Специфика
 

Значение коэффициента, k
 


1.
 

Предполагаемая стоимость строительства:
 




менее 4 000 000 месячных расчетных показателей (далее – МРП)
 

до 0,8
 



свыше 4 000 000 МРП
 

1,2
 


2.
 

Отраслевой коэффициент в зависимости от сложности и уникальности проекта:
 




для проектов со стоимостью менее 4 000 000 МРП;
 

1
 



для проектов со стоимостью свыше 4 000 000 МРП, аналог которых имеется;
 

2
 



для проектов со стоимостью свыше 4 000 000 МРП, аналог которых не имеется.
 

3
 


3
 

При необходимости получения заключений экспертиз
 

0,5
 


4
 

При разработке технического задания на разработку или корректировку ТЭО на этапе концессионного предложения
 

0,2
 


5
 

При разработке технического задания на разработку ТЭО на этапе конкурсной документации
 

0,4
 


6
 

При необходимости разработки ТЭО
 

1
 


7
 

При наличии утвержденного концессионного ТЭО или ПСД
 

(-0,5)
 


8
 

При корректировке ТЭО на этапе разработки конкурсной документации
 

0,6
 


9
 

При корректировке ПСД на этапе разработки конкурсной документации
 

0,5
 


10
 

При привязке ПСД к конкретной площадке
 

0,5
 


11
 

При расчете стоимости привязки ПСД
 

0,5
 


12
 

При наличии ТЭО в конкурсной заявке при проведении независимой оценки конкурсных заявок
 

1
 


13
 

При привлечении консультационных услуг третьих сторон для целей предоставления услуги по консультативному сопровождению проектов государственно-частного партнерства, в том числе концессионных проектов*:
 




для проектов со стоимостью менее 4 000 000 МРП, аналог которых имеется;
 

1
 



для проектов со стоимостью свыше 4 000 000 МРП, аналог которых имеется;
 

2
 



для проектов со стоимостью свыше 4 000 000 МРП, аналог которых не имеется.
 

3
 


* определяется администратором бюджетных программ
 


Приложение 2


к Методике определения стоимости


услуг по консультативному


сопровождению проектов


государственно-частного


партнерства, в том числе


концессионных проектов

Базовые нормативные трудозатраты на единицу услуги


п/п
 

Вид услуги
 

l, человек-час
 

1.
 

Разработка концепции или концессионного предложения
 

до 1500
 

2
 

Разработка конкурсной документации (с разработкой проекта договора концессии) или договора государственно-частного партнерства
 

до 1500
 

3
 

Корректировка конкурсной документации
 

до 500
 

4
 

Консультационные услуги в переговорном процессе Комиссии с участником конкурса по выбору частного партнера или концессионера, а также участие в переговорах
 

до 500
 

5
 

Независимая оценка конкурсных заявок второго этапа по выбору частного партнера или концессионера с использованием двухэтапных процедур
 

до 300