2016 жылғы 4-тоқсанға арналған кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 811 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 қыркүйекте № 14275 болып тіркелді

      "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы бойынша 2016 жылғы 4-тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақша және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді;
      6) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
 

      Қазақстан Республикасының


      Денсаулық сақтау және


      әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова


Об определении размера черты бедности на 4 квартал 2016 года

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 19 сентября 2016 года № 811. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 сентября 2016 года № 14275

      В соответствии с пунктом 1-1 статьи 2 Закона Республики Казахстан от 17 июля 2001 года "О государственной адресной социальной помощи" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Определить черту бедности на 4 квартал 2016 года по Республике Казахстан в размере 40 процентов от прожиточного минимума, рассчитанного за истекший квартал Министерством национальной экономики Республики Казахстан.
      2. Департаменту социальной помощи Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течении десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление в одном экземпляре его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";
      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;
      5) доведение настоящего приказа до сведения областных, городов Астана и Алматы управлений координации занятости и социальных программ;
      6) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Жакупову С.К.
      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 октября 2016 года и подлежит официальному опубликованию.
 

      Министр здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан

Т. Дуйсенова