Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 206 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 қазанда № 14304 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктік емес ұйымдар) корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банктік емес ұйымдардың осы банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы немесе банктік емес ұйым және оның контрагенттері арасында ашылған корреспонденттік шоттары арқылы ағымдағы айда жүзеге асырылатын корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшері банкаралық клиринг жүйесіндегі клирингтің нәтижелері бойынша дебеттік таза позицияның сомасы шегеріле отырып, банкаралық ақша аударымдары жүйесі және банкаралық клиринг жүйесі арқылы өткен айда жүзеге асырылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және банктік емес ұйымның жіберілетін қолма-қол ақшасыз төлемдерінің жалпы көлемінен бес пайыз аспайтын көлемде бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлем лимитінің және ақша аударымдарының мөлшері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі № 236 қаулысының (Нормативтік құқықтык актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2461 тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 2461 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлем лимитінің мөлшері туралы" 2003 жылғы 25 шілдедегі № 236 қаулысына өзгеріс пен толықтыруларды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 шілдедегі № 98 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3033 тіркелген, 2004 жылғы 3 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" газетінде № 224-225 (23860) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О.Пірматовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д.Ақышев


Об утверждении размера лимита платежей и переводов денег по корреспондентским счетам банков, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 206. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 октября 2016 года № 14304.

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.11.2020 № 139 (вводится в действие с 16.12.2020).

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан", от 26 июля 2016 года "О платежах и платежных системах", в целях установления размера лимита платежей и переводов денег по корреспондентским счетам банков, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, (далее – небанковские организации) Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.11.2020 № 139 (вводится в действие с 16.12.2020).

      1. Утвердить размер лимита платежей и переводов денег по корреспондентским счетам банков, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан и небанковских организаций, осуществляемых ими в текущем месяце через корреспондентские счета, открытые между данным банком, филиалом банка-нерезидента Республики Казахстан или небанковской организацией, и его контрагентами, в объеме, не превышающем пяти процентов от общего объема исходящих безналичных платежей банка, филиала банка-нерезидента Республики Казахстан и небанковской организации, осуществленных за предыдущий месяц через межбанковскую систему переводов денег и систему межбанковского клиринга, за вычетом суммы дебетовой чистой позиции по результатам клиринга в системе межбанковского клиринга.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 30.11.2020 № 139 (вводится в действие с 16.12.2020).

      2. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2003 года № 236 "О размере лимита платежей и переводов денег по корреспондентским счетам банков и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2461);

      2) постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 22 июля 2004 года № 98 "О внесении изменения и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 июля 2003 года № 236 "О размере лимита платежей по корреспондентским счетам банков второго уровня Республики Казахстан и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 2461" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3033, опубликованное 7 сентября 2004 года в газете "Казахстанская правда" № 201 (24511).

      3. Департаменту платежных систем (Ашыкбеков Е.Т.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан":

      на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      для включения в Государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в течение десяти календарных дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Управлению по защите прав потребителей финансовых услуг и внешних коммуникаций (Терентьев А.Л.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодические печатные издания в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Пирматова Г.О.

      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


Председатель


Национального Банка

Д. Акишев