Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11236 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды кәсіби және психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды жүргізу, іріктеу комиссиясының құрылуы мен қызметінің Қағидаларында:
39-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Прокуратура туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі – әдеп кодексі) бойынша дұрыс жауаптардың саны әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша 70% кем болмауы тиіс.»;
көрсетілген қағидалардың 7-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтық құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Ж. Асанов
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
______________ С. Жасұзақов
2016 жылғы 6 қазан
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 28 қыркүйекте
№ 150 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
прокуратурасының органдарына,
ведомстволарына және мекемелеріне
келісімшарт бойынша әскери
қызметке кіру үшін азаматтар ішінен
кандидаттарды кәсіби және
психологиялық іріктеу бойынша
іс-шараларды жүргізу, іріктеу
комиссиясының құрылуы мен
қызметінің Қағидаларына 7-қосымша
Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке
кіретін кандидаттарды компьютерлік тестілеуден өткізу
бағдарламасы
Әскери лауазымдар |
Бағдарлама |
Тапсырмалар саны |
офицерлік құрам |
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Прокуратура туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (7 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (10 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (3 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (5 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы»(5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» (5 сұрақ), «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіптік Жарғысын (10 сұрақ), әдеп кодексін (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтарды қамтиды |
120 сұрақ |
қатардағы және сержанттық құрам |
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (10 сұрақ), «Мемлекеттік құпиялар туралы» (5 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (10 сұрақ), «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіп Жарғысын (10 сұрақ), әдеп кодексін (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтарды қамтиды |
90 сұрақ |