Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
"Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаcындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 18-02/739 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12042 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Орманның жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілерді салу орындарын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті алушылардан қағаз жеткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтініштерді көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі жұмыскерінің тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығына қарауға беруі (30 минут);
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама қоюы (2 (екі) жұмыс күні ішінде). Құжатты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына (бұдан әрі – орындаушы) беруі;
көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес толықтығын және дұрыс ресімделуін тексереді;
ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда, тиісті шешім дайындау;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы (1 (бір) жұмыс күні ішінде).";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
көрсетілетін қызметті алушылардан портал арқылы не қағаз жеткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтініштерді көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі жұмыскерінің тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға беруі.
Өтініш қағаз жеткізгіште келіп түскен жағдайда, орындаушы барлық жолдарын толтырып және қағаз жеткізгіште ұсынылған қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса отырып, оны портал арқылы келіп түскен күні тіркеуді жүргізеді;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама қоюы (2 (екі) жұмыс күні ішінде). Құжатты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына (бұдан әрі – орындаушы) беруі;
көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес толықтығы мен дұрыс ресімделуін тексереді;
ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда, тиісті шешім дайындау;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы (1 (бір) жұмыс күні ішінде).";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті алушылардан қағаз жеткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтініштерді көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі жұмыскерінің тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығына қарауға беруі (30 минут);
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама қоюы (2 (екі) жұмыс күні ішінде). Құжатты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына (бұдан әрі – орындаушы) беруі;
көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 17 (он жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес толықтығын және дұрыс ресімделуін тексереді;
ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда, тиісті шешім дайындау;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы (1 (бір) жұмыс күні ішінде).";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
көрсетілетін қызметті алушылардан портал арқылы не қағаз жеткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтініштерді көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі жұмыскерінің тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға беруі.
Өтініш қағаз жеткізгіште келіп түскен жағдайда, орындаушы барлық жолдарын толтырып және қағаз жеткізгіште ұсынылған қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса отырып, оны портал арқылы келіп түскен күні тіркеуді жүргізеді;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама қоюы (2 (екі) жұмыс күні ішінде). Құжатты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына (бұдан әрі – орындаушы) беруі;
көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 17 (он жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес толықтығы мен дұрыс ресімделуін тексереді;
ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда, тиісті шешім дайындау;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы (1 (бір) жұмыс күні ішінде).".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің бір данасын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің орынбасары - | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мырзахметов |