БҰЙЫРАМЫН:
1. "Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 642 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5534 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 жылғы № 5 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. Қоса беріліп отырған Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары бекітілсін.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Осы Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 6-тармақшасына сәйкес әзірленген және Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдаудың тәртібін айқындайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
концессионер – концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) мемлекеттік мекемелерді және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа) болатын квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, заңды тұлға;
концессия – концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет;
концессия объектінің құрылған сәті – концессия объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күн;
концессия объектiсi – концессия шарты бойынша құрылатын (реконструкцияланатын) және пайдаланылатын, тізбеге енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында (аясында) республикалық меншiк объектiлерiн басқару, меншiктi жекешелендiру және оның мемлекеттiк мониторингi саласында өз құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы – мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Концессионер мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісін құрған (салған) сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде немесе концессия шартында көзделген мерзімде тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына – республикалық меншiкке жататын концессия объектiлерiне қатысты немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына – коммуналдық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты мемлекеттік меншікке концессия объектісін қабылдау туралы өтініш жасайды және құжаттарды осы Қағидалардың қосымшасында келтірілген концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау үшін концессионер мемлекеттік органға ұсынатын құжаттардың тізбесіне сәйкес ұсынады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген шешім қабылданғаннан кейін концессионер мен мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісі бекітіліп берілетін мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ мемлекеттік меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісін қабылдап алу-беру актісін ресімдейді.";
Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
___________ Ж. Қасымбек
2016 жылғы 5 қазан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 6 қазан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 511 бұйрығына қосымша |
|
Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларына қосымша |
Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдауды жүзеге
асыру үшін концессионер ұсынатын құжаттардың тізбесі
р/с № | Құжаттың атауы |
1. | Концессия шарты |
2. | Концессия объектіні пайдалануға қабылдау актісі |
3. | Концессионердің құрылтай құжаттарының, концессионердің әділет және салық органдарында мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттардың көшірмелері |
4. | Мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісінің құнын растайтын құжат |