Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 657 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 20 желтоқсанда № 14538 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі

       "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

      2. Жетім баланы және (немесе) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы қабылдайтын ата-аналарға беруге байланысты ай сайынғы ақшалай төлем мөлшері он айлық есептік көрсеткішті құрайтыны белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (М.С.Әбдікәрім) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2016 жылғы 18 қараша
_______________ Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 15 қарашадағы
  № 657 бұйрығымен бекітілген

Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды,
ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды
қаржыландыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген және баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінетін ақшалай қаражатты төлеуді жүзеге асыру тәртiбiн.

      2. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындауды және төлеуді қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар (бұдан әрі – орган) жүргізеді.

      3. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім баланы (балаларды), ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу жетім баланы және (немесе) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген әрбір балаға (балаларға) жүргізіледі.

2-тарау. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды,
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды
қаржыландыру тәртiбi

      4. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру үшiн баланы қабылдайтын ата-аналардың біреуі тұрғылықты жерi бойынша органға:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау туралы өтiнiшті;

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 597 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14425 болып тіркелген) бекітілген Баланы қабылдайтын отбасы туралы ереженінің 11-тармағына сәйкес баланы қабылдайтын отбасына баланы беру туралы шарттың көшірмесін;

      3) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашу туралы шарттың көшірмесін ұсынады.

      5. Орган баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты тағайындау туралы өтінішті тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешімді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығарады. Шешім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы қабылдайтын ата-аналарға баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешімді тіркеу журналына енгізіледі.

      6. Баланы қабылдайтын ата-аналарға ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешімнің негізінде орган ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешім қабылданған айдан бастап баланы қабылдайтын ата-аналарға ақшалай қаражатты төлеуді жүргізеді.

      7. Баланы қабылдайтын отбасындағы балаларға бөлінетін ақшалай қаражат қамқорлыққа алынушы, оның туған айын қоса алғанда, он сегіз жасқа толғанға дейiн баланы қабылдайтын ата-аналарға тағайындалады және төленедi.

      8. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген балаларды күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты төлеу ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешім шыққан айдан бастап ай сайын ағымдағы айдың он бесінші күнінен кешіктірілмей алушының екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотына қаражатты қолма-қол ақшасыз аудару арқылы жүргізіледі.

      9. Баланы қабылдайтын ата-аналарға балаларды күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты төлеу "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 132-2 бабының 3-тармағына сәйкес шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда тоқтатылады.

      Ақшалай қаражатты төлеуді тоқтату шарттың мерзімінен бұрын бұзылуына негіз болған айдан кейiнгi айдан бастап органның шешiмi бойынша жүргiзiледi.

      10. Орган шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде баланы қабылдайтын ата-аналарды ақшалай қаражатты төлеудiң тоқтатылғаны туралы хабардар етеді (еркін нысанда).

      11. Органның кiнәсiнен баланы қабылдайтын ата-аналар уақытылы алмаған ақшалай қаражатты органға өтініш түскен күннен бастап барлық өткен кезең үшiн төленедi.

  Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім
балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Баланы күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау туралы өтініш

      _________________________________________________________________

                               (орган атауы)

      Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген балаларды күтіп-бағуға бөлінетін ақша
қаражатын тағайындауды сұраймын

      ______________________________________________________________
            (баланың тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

      Баланы қабылдайтын ата-ананың тегі _________________________

      Аты _________________ Әкесiнiң аты (бар болған жағдайда ___________

      Мекенжайы __________________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі _________________________

      Серия _______ нөмір ___________________________________ берілген

      Жеке сәйкестендіру нөмірі _______________________________________

      Ағымдағы шотының № ___________ банктің атауы __________________

      Жеке мәліметтерде өзгерістер болған жағдайда күнтізбелік 15 күн ішінде ол туралы
хабардар етуге міндеттенемін.

      Жалған мәлімет пен жасанды құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілді.

       "___" _____________ 20 ___жыл ___________________
                                     (өтініш берушінің қолы)

      Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген балаларды күтіп-бағуға бөлінетін ақша
қаражатын тағайындау туралы шешім _____________________

      20 ___жылғы "__" ______ .

      Құжаттар: 20 __ жылғы "___" ______ қабылданды

      ____________ __________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған
жағдайда),

      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
(қию сызығы)

      Жеке деректерде өзгеріс болған жағдайда күнтізбелік 15 күн ішінде ол туралы
хабардар етуге міндеттенемін.

      Жалған мәлімет пен жасанды құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілді

      Азамат _______________________өтініші қоса берілген ______ данадағы құжаттармен
бірге ________ 20___ жылғы "____"_________ қабылданды.

      _______________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы, қолы)

  Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім
балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген баланы күтіп-бағуға бөлінетін
ақшалай қаражатты тағайындау туралы шешім

      20 ___ жылғы "___" ___________ № ________

      ________________________________________________________________

       (орган атауы)

      Iстiң № ___________

      Азамат_________________________________________________________

       (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

      Өтiнiш берiлген күн______________________________________________

      Баланың туу туралы куәлiгi (туу туралы актiнің жазбасы)

      Берiлген күнi _______________________ №_____________________

      Баланың туу туралы куәлiгiн (баланың тууы туралы актiнің жазбасын) берген органның атауы

      __________________________________________________

      Баланың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Баланың туған күні ______________________________________________

      Баланы баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт

      ______________________________________________________________________

      жасалған күні 20__ ж. _________________

      Тағайындалған ақша қаражатының сомасы

      20__ ж. __________ бастап 20__ ж.________аралығында __________ айлық есептік көрсеткіш

       (жазумен)

      _____________себебі бойынша ақша қаражатының төленуі тоқтатылды

      М.О.

       (Орган басшысы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

  Баланы қабылдайтын ата-аналарға берiлген жетім
балаларды, ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидаларына
  3-қосымша
  нысан

Баланы қабылдайтын ата-аналарға баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай
қаражатты тағайындау туралы шешімдерді тіркеу журналы

Баланың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
 

Баланы қабылдайтын ата-ананың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Баланы қабылдайтын ата-аналарға баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы өтінішті беру күні
 

Баланы қабылдайтын ата-аналарға баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы шешімді қабылдау күні

Баланы қабылдайтын ата-аналарға баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау туралы шешімді берген күні
 

Алу туралы қолхат

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8










Об утверждении Правил финансирования содержания детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, переданных приемным родителям, и его размера

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 ноября 2016 года № 657. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 декабря 2016 года № 14538.

      В соответствии со статьей 132-5 Кодекса Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года "О браке (супружестве) и семье" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила финансирования содержания детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, переданных приемным родителям.

      2. Установить, что размер ежемесячной денежной выплаты в связи с передачей ребенка-сироты и (или) ребенка, оставшегося без попечения родителей, приемным родителям составляет десять месячных расчетных показателей.

      3. Комитету по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан (Абдыкарим М.С.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление копий настоящего приказа для официального опубликования в информационно-правовой системе "Әділет" и периодических печатных изданиях на электронном носителе с приложением бумажного экземпляра, заверенного гербовой печатью;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в печатном и электронном виде, заверенной печатью Министерства образования и науки Республики Казахстан и удостоверенной электронной цифровой подписью лица, уполномоченного подписывать настоящий приказ, для внесения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Асылову Б.А.

      5. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2017 года.

Министр образования и науки


Республики Казахстан

Е. Сагадиев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      18 ноября 2016 года


      ___________________ Б. Султанов


  Утверждены приказом
Министра образования и
науки Республики Казахстан
от 15 ноября 2016 года № 657

Правила финансирования содержания детей-сирот, детей,
оставшихся без попечения родителей, переданных приемным
родителям
Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила финансирования содержания детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, переданных приемным родителям, разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года "О браке (супружестве) и семье" и определяют порядок осуществления выплаты денежных средств, выделяемых на детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, переданных приемным родителям (далее - Правила).

      2. Назначение и выплата денежных средств на содержание ребенка-сироты (детей) и ребенка (детей), оставшегося без попечения родителей, переданных приемным родителям, производится органами, осуществляющими функции по опеке или попечительству (далее – орган).

      3. Назначение и выплата денежных средств на содержание ребенка-сироты (детей-сирот) и ребенка (детей), оставшегося без попечения родителей, переданных приемным родителям, производится на каждого ребенка (детей), переданного приемным родителям.

Глава 2. Порядок финансирования содержания детей-сирот, детей,
оставшихся без попечения родителей, переданных приемным
родителям

      4. Для финансирования содержания детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, переданных приемным родителям, один из приемных родителей предоставляет в орган по месту своего жительства:

      1) заявление о назначении денежных средств на содержание ребенка по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) копию договора о передаче ребенка в приемную семью в соответствии с пунктом 11 Положения о приемной семье, утвержденного приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 октября 2016 года № 597 (зарегистрирован Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14425);

      3) копию договора об открытии текущего счета в банке второго уровня.

      5. Орган в течение пяти рабочих дней со дня регистрации заявления о назначении денежных средств на содержание ребенка выносит решение о назначении денежных средств, выделяемых на содержание ребенка, переданного приемным родителям, по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам. Решение вносится в журнал регистрации решений о назначении денежных средств, выделяемых приемным родителям на содержание ребенка, по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      6. На основании решения о назначении денежных средств, выделяемых приемным родителям, орган производит оплату денежных средств приемным родителям с месяца принятия решения о назначении денежных средств.

      7. Денежные средства, выделяемые на детей, находящихся в приемной семье, назначаются и выплачиваются приемным родителям до достижения подопечным восемнадцатилетнего возраста, включая месяц его рождения.

      8. Выплата денежных средств, выделяемых на содержание детей, переданного приемным родителям, производится ежемесячно не позднее пятнадцатого числа текущего месяца с месяца вынесения решения о назначении денежных средств путем безналичного перевода средств получателю на текущий счет в банке второго уровня.

      9. Выплата денежных средств, выделяемых на содержание детей, приемным родителям прекращается в случае досрочного расторжения договора в соответствии с пунктом 3 статьи 132-2 Кодекса Республики Казахстан "О браке (супружестве) и семье".

      Прекращение выплат денежных средств производится по решению органа с месяца, следующего за месяцем, в котором возникли основания для досрочного расторжения договора.

      10. Орган в течение трех рабочих дней со дня принятия решения извещает (в произвольной форме) приемных родителей о прекращении выплаты денежных средств.

      11. Денежные средства, своевременно не полученные приемными родителями по вине органа, выплачиваются за весь прошедший период со дня обращения в орган.

  Приложение 1
к Правилам финансирования
содержания детей-сирот, детей,
оставшихся без попечения
родителей, переданных приемным
родителям

      форма

Заявление
о назначении денежных средств на содержание ребенка

      ____________________________________________________________________

      (наименование органа)

      Прошу назначить денежные средства, выделяемых на содержание ребенка,

      переданного приемным родителям

      ____________________________________________________________________

      (ФИО (при его наличии), дата рождения, ребенка)

      Фамилия ________ Имя ________ Отчество (при его наличии) ___________

      приемного родителя.

      Адрес ______________________________________________________________

      Вид документа, удостоверяющий личность _____________________________

      Серия _______ номер ______ кем выдано ______________________________

      Индивидуальный идентификационный номер _____________________________

      № текущего счета ___________ Наименование банка ____________________

      В случае возникновения изменений в личных данных обязуюсь в течение

      15 календарных дней сообщить о них.

      Предупрежден(а) об ответственности за предоставление недостоверных

      сведений и поддельных документов.

      "___" _________ 20 ___ года ____________(подпись заявителя)

      Решение о назначении денежных средств на содержание ребенка,

      переданного приемным родителям _____________________________________

      от "__" ______ 20 ___ года

      Документы приняты: "___" _________ 20 __ года ____________

      ____________________________________________________________________

      (подпись) (Ф.И.О. (при его наличии), должность лица, принявшего

      документы)

      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

      (линия отреза)

      В случае возникновения изменений в личных данных обязуюсь в течение

      15 календарных дней сообщить о них.

      Предупрежден(а) об ответственности за предоставление недостоверных

      сведений и поддельных документов.

      Заявление гражданина ___________________________ с прилагаемыми

      документами в количестве _____ штук принято "___" ________ 20 __

      года.

      _________ ___________________________________________________________

      (подпись) (Ф.И.О. (при его наличии), должность лица, принявшего

      документы)

  Приложение 2
к Правилам финансирования
содержания детей-сирот, детей,
оставшихся без попечения
родителей, переданных
приемным родителям

      форма

Решение
о назначении денежных средств, выделяемых на содержание
ребенка, переданного приемным родителям

      № ___ от "___" ____ 20___ года

      ____________________________________________________________________

      (наименование органа)

      № дела _____________

      Гражданин (ка) _____________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии))

      Дата обращения _____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Свидетельство о рождении ребенка (запись акта о рождении)

      № _____________ Дата выдачи ___________________________ наименование

      органа, выдавшего свидетельство о рождении ребенка (запись акта о

      рождении)

      ____________________________________________________________________

      Ф.И.О. (при его наличии) ребенка

      Дата рождения ребенка ______________________________________________

      Договор о передаче ребенка в приемную семью ________________________

      Дата заключения _______ 20 __ года.

      Назначенная сумма денежных средств с ____20 __ года по ___20 __ года

      в размере _______________________________ месячных расчетных

      показателей (прописью)

      Выплата денежных средств прекращена по причине:

      ____________________________________________________________________

      М.П.

      ________________________________________________________

      (подпись и Ф.И.О. (при его наличии) руководителя органа)

  Приложение 3
к Правилам финансирования
содержания детей-сирот, детей,
оставшихся без попечения
родителей, переданных
приемным родителям

      форма

Журнал
регистрации решений о назначении денежных средств,
выделяемых приемным родителям на содержание ребенка

Ф.И.О. (при его наличии) ребенка

Ф.И.О. (при его наличии) приемного родителя

Дата подачи заявления о назначении денежных средств, выделяемых приемным родителям на содержание ребенка

Дата принятия решения о назначении денежных средств, выделяемых приемным родителям на содержание ребенка

Дата выдачи решения о назначении денежных средств, выделяемых приемным родителям на содержание ребенка

Расписка в получении

примечание

1

2

3

4

5

6

7

8