Валюталық реттеудің және валюталық бақылаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 269 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 23 желтоқсанда № 14564 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.04.2019 № 49 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9801 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларының 40-тармағы үшінші бөлігінің қолданылуы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) тоқтатыла тұрсын.

      2. "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 264 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13580 тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы қаулы осы қаулының 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының он бірінші абзацын және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының елуінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Баймағамбетов А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      _____________________ Д.Абаев

      2016 жылғы 6 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________________ Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 7 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 8 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      _____________________ Е. Ыдырысов

      2016 жылғы 13 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________________ Қ. Бишенбаев

      2016 жылғы 15 желтоқсан



О некоторых вопросах валютного регулирования и валютного контроля

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 ноября 2016 года № 269. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 декабря 2016 года № 14564. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 4 апреля 2019 года № 49 (вводится в действие с 01.07.2019)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 04.04.2019 № 49 (вводится в действие с 01.07.2019).

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" и от 13 июня 2005 года "О валютном регулировании и валютном контроле" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Приостановить действие части третьей пункта 40 Правил организации обменных операций с наличной иностранной валютой в Республике Казахстан, утвержденных постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 144 "Об утверждении Правил организации обменных операций с наличной иностранной валютой в Республике Казахстан" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9801), с 1 января 2017 года до 31 декабря 2017 года (включительно).

      2. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 264 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 апреля 2012 года № 154 "Об утверждении Правил осуществления валютных операций в Республике Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13580, опубликованное 16 мая 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      пункт 6 изложен в новой редакции на казахском языке, текст на русском языке не изменяется.

      3. Департаменту платежного баланса и валютного регулирования (Баймагамбетов А.М.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан":

      на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      для включения в Государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в течение десяти календарных дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Управлению по защите прав потребителей финансовых услуг и внешних коммуникаций (Терентьев А.Л.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодические печатные издания в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Смолякова О.А.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель
Национального Банка
Д. Акишев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министр информации и
коммуникаций Республики Казахстан
6 декабря 2016 года

      "СОГЛАСОВАНО"
Министр по инвестициям и
развитию Республики Казахстан
7 декабря 2016 года

      "СОГЛАСОВАНО"
Министр финансов
Республики Казахстан
8 декабря 2016 года

      "СОГЛАСОВАНО"
Министр иностранных дел
Республики Казахстан
13 декабря 2016 года

      "СОГЛАСОВАНО"
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
15 декабря 2016 года