2017 жылға арналған Қазақстан Республикасының аумағына шикі құрақ қантын бажсыз әкелуге арналған квота көлемін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 498 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 14689 болып тіркелді.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2) тармақшасына және "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. 2017 жылы 405 000 тонна көлеміндегі дәмдік-хош иістік немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантын (бұдан әрі – шикі қант) (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кедендік баждар төлемей ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қазақша және орысша тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ___________ А. Мырзахметов

      2016 жылғы 22 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 30 желтоқсан

Об утверждении объема квоты на беспошлинный ввоз тростникового сахара-сырца на территорию Республики Казахстан на 2017 год

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 декабря 2016 года № 498. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 января 2016 года № 14689.

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности" и пунктом 5 решения Комиссии таможенного союза от 27 ноября 2009 года № 130 "О едином таможенно-тарифном регулировании таможенного союза Республики Беларусь, Республики Казахстан и Российской Федерации" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Установить, что ввоз тростникового сахара-сырца без вкусо-ароматических или красящих добавок (коды ТН ВЭД ЕАЭС 1701 13, 1701 14) (далее – сахар-сырец) в объеме 405 000 тонн в 2017 году осуществляется без уплаты таможенных пошлин в таможенной процедуре выпуска для внутреннего потребления на территорию Республики Казахстан.

      2. Департаменту развития внешнеторговой деятельности Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканский центр правовой информации для внесения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


национальной экономики


Республики Казахстан

К. Бишимбаев

      "СОГЛАСОВАН"

      Заместитель Премьер-Министра

      Республики Казахстан -

      Министр сельского хозяйства

      Республики Казахстан

      ___________ А. Мырзахметов

      22 декабря 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      ___________ Б. Султанов

      30 декабря 2016 года