«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Отбасы және балалар саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 107-890 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 107-1337 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 938 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 103 (3308) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 103 (3326) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев