Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу туралы" Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № а-8/276 қаулысы мен Атбасар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 6С 4/5 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысы Атбасар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Тельман ауылдық округінің Қаражар және Сәдібек ауылдары Тельман ауылдық округі Поповка ауылының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік деректерден шығарылсын;
2) Шұңқыркөл ауылдық округінің Шұңқыркөл ауылы есептік деректерден шығарылып қысқартылсын.
2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С.Кулагин |
Сессия төрағасы, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Д.Нұрмолдин |